Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК энергия тасығыштарды тарату және өндіру жүйелері .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
17.61 Mб
Скачать

I. Отынмен қамтамасыз ету.

Мысал ретінде қатты отынмен және газбен қамтамасыз етуді қарастырамыз. Отынмен қамтамасыз ету жөнінде студенттер «Энергетика мен жылу технологиясындағы энергияның қайнар көздері», «Қазандық агрегаттарының құрылымы, жұмыс істеу принципі және жылулық есебі» курстарынан таныса алады.

Газбен қамтамасыз ету

Жоспар:

    1. Газбен қамтамасыз етуде пайдаланылатын жанғыш газдар және газдарды өңдеу

    2. Газды үлкен ара-қашықтарға тасымалдау

    3. Қысымы бойынша және тағайындалуы бойынша құбырлардың жіктелуі

    4. Цех аралық газ құбырларының элементтері

    5. Газбен қамтамасыз ету жүйесінің қолданылуы, қауіпсіздік техникасы

    6. Бақылау сұрақтары

    7. Қолданылатын әдебиеттер тізімі

1.1 Газбен қамтамасыз етуде пайдаланылатын жанғыш газдар және газдарды өңдеу

Газтәрізді отын – бұл қандай-да бір қоспа үлесі бар жанғыш және жанбайтын газдардың қосындысы. Газдар табиғи және жасанды; ылғал және құрғақ болып бөлінеді. Сондай-ақ тасымалдау кезінде ылғал газдар кептіріледі. Табиғи газдардың иісі болмайды, сондықтан оны одоризациялайды, яғни оған иіс береді.

Табиғи газ бұл көмірсутектің қосындысы, оның құрамында сутегі, оттегі, көмірқышқылы болмайды. Оны 3 топқа бөлуге болады: таза газдың шығатын жерінің газы, жол-жөнекей, бағыттас газ, конденсатты кен орнының газы – құрғақ газ бен осы газ конденсатының буларының қоспасы.

Жасанды газдар: доменді, коксты, газ генераторларынан алынатын газдар. Қатты отыннан газды құрғақ айдау әдісімен алады. Газды тасымалдау кезіндегі негізгі қиындықтар: мұз; кристалл-гидраттардың түзілуі; оттегінің, судың, күкіртті сутектің болуы коррозияға әкеледі.

Газдарды кептіру үшін қатырады немесе абсорбциондық (сіңіру) тәсілді қолданады.

1.2 Газды үлкен ара-қашықтарға тасымалдау

Ол магистральді газ құбырларымен жүзеге асырылады. Құрамына: газ құбырының өзі, басты құрылғылар, газды жіберетін сығымдағыш станциялар, газды таратушы станциялар, бақылаушы-реттеуші орындар кіретін техникалық құраушы кешен болып табылады.

Сүлбенің элементтерінің міндеттері: ПГРС – қысымды төмендетуге арналған, ол үшін қысым реттеуіштері орнатылады. КС – қысымды көтеруге арналған, яғни ГРС пен КРП-да газды азайту жүреді де қысым тұтынушыларға қажетті қысымға дейін төмендетіледі. ГРС КРП-ға қарағанда аса қуатты болып табылады. Қаланы газбен жабдықтау ГРС арқылы жүзеге асырылады.

НП – (населенный пункт) елді мекен; ОГ – (очистка газа) газды тазалау; КС – (компрессорная станция) компрессорлық (сығымдағыш) станция; ГРС – (газораспределительная станция) газды таратушы станция; ГРП – (газораспределительный пункт) газды тарататын орын; ПО – (промышленный объект) өнеркәсіптік нысан; КРП – (контрольно-регуляторный пункт) бақылаушы-реттеуші орын; ГП – (газгольдерный пункт) газ сақталатын орын; ПГРС – (промысловая газораспределительная станция) кәсіпшілік газды тарататын станция.

Сурет 2. Магистральді газ құбырының принципиалдық сұлбасы.