Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК энергия тасығыштарды тарату және өндіру жүйелері .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
17.61 Mб
Скачать

3.6 Технологиялық сумен қамтамасыз етудің ағынсыз жүйесі

Ағынсыз жүйені ұйымдастыру үшін үрленетін су аталмыш өндіріс жүйесінде пайдаланылуы қажет. Су химиялық су тазарту көмегімен тазалануы немесе жойылуы қажет. Ағынсыз жүйелер кәсіпорынның жергілікті айналымдық жүйесімен суды пайдаланудың жалпы схемасына біріктірілген негізінде ұйымдастырылады.

Технологиялық сумен қамтамасыз етудің ағынсыз жүйесінің принципиалдік сұлбасы 24- суретте көрсетілген.

Сурет 24. Технологиялық сумен қамтамасыз етудің ағынсыз жүйесінің

принципиалдік сұлбасы.

  1. Сумен қамтамасыз ету көзі;

  2. Су алу құрылғысы;

  3. Бірінші көтергіштегі сорғылық станциясы;

  4. Тазарту құрылғысы;

  5. Кәсіпорынға баратын су құбырының желісі;

  6. Екінші көтергіштегі сорғылық станциясы;

  7. «таза циклдың» жергілікті айналымдық жүйелері;

  8. «лас циклдың» айналымдық жүйелері;

  9. пайдаланылған судың қайтымсыз жүйелері (коксты сөндіру);

  10. отпен зарарсыздандыру;

  11. химиялық сумен тазарту.

Осы сүлбе бойынша су каскадты түрде пайдаланылады. Яғни, алдымен «таза циклды» айналымдық жүйелерін бөледі, онда су ластанбайды (салқындататын цикл), әрі қарай үрленетін су «лас циклдардың» қосымша суы болып табылады.

3.7 Айналымдық сумен жабдықтау жүйесінің салқындатқыш құрылғылары

Салқындатқыш құрылғылардың тағайындалуы – ол қыздырылған айналымдық суды салқындату болып табылады, ол құрылымның элементтерін салқындату кезінде қыздырылады. Салқындатқыш құрылғылардың келесі түрлері бар: тоғандар-салқындатқыштар, шашыратқыш бассейндер, мұнаралық және желдеткіш градирнялар, құрғақ градирнялар. Жоғарыда келтірілгендерден құрғақтың айырмашылығы, мұнда судың салқындауы арасын бөліп тұратын қабырға арқылы жүзеге асырылады. Салқындатқыш құрылғылардың жұмыс істеу принципі жылуалмасу есебінен айналымдық суды салқындатуға негізделген. Суды қоршаған ортаның ылғалдылығына байланысты қажетті температураға дейін салқындатуға болады, тіпті қоршаған ортаның температурасынан да төмен температураға дейін де салқындатуға болады.

Салқындатқыш құрылғыларының әрбір түрін қарастырайық.

3.8 Су қойма – салқындатқыштар

Жасанды су қоймасы – салқындатқыштар өзенде тоғанды орнату арқылы жасалады, қайнар көздің белгілі бір мерзімде беретін суы тікелей сумен қамтамасыз ету көзі ретінде пайдалануға жеткіліксіз. Су қоймасының–салқындатқыштың тереңдігі судың жазғы деңгейінде 3,5 м-ден кем емес деп алынады, яғни су қоймасының айналымдық аймағының ауданының 80%-на тең болуы қажет. Су қоймаларындағы судың салқындауы айналымдағы судың булануы есебінен, сондай-ақ қыздырылған судың ауамен конвективтік жылуалмасуы есебінен және жылытылған судың табиғи қайнар көздерден су қоймасына келіп түсетін суық сумен араласуы арқылы жүреді.

Жылу мөлшері мен су қоймасына булану және конвекция арқылы берілетін судың арасындағы қатынас жылдың мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Қыста конвективтік жылуалмасу, жазда буландырғыш салқындату жүреді.

Су қоймасында – салқындатқыштарда судың жоғалуының орынын толтыру өзендер мен жылғалардан су қоймасына үздіксіз келіп түсу арқылы, не болмаса көктемгі су тасқыны кезінде су қорының жиналуы арқылы жүргізіледі.

Сурет 25. Электр станциясын су қоймасымен – салқындатқышпен қамтамасыз етудің принципиалдік сұлбасы.

  1. Турбина конденсаторы;

  2. Қабылдағыш құдықтар;

  3. Төгетін құдықтар;

  4. Қосып-айыратын құдық;

  5. Өздігімен ағатын төгетін арналар;

  6. Қабылдағыш өздігімен ағатын арналар;

  7. Су алу құрылғысы;

  8. Қайта ағызу арнасы;

  9. Айналымдық сорғылары;

  10. Ағыншаны бағыттайтын дамба (бөгет).

Су қоймасының салқындатылуы кезінде суды конденсатормен жабдықтау сұлбасы негізінде тікелей жүйеге ұқсас болып келеді (25-сурет). Сорғылар су қоймасының жағасында немесе тікелей турбина цехында орналасуы мүмкін.

Тоған–салқындатқыштарда сол бір су айналымда жүргендіктен, суды сорғының алдында механикалық тазартумен бірге, оны арнайы өңдеуден өткізу қажет, әсіресе көктем-жаз кездерінде конденсаторлы құбырларда микроағзалардың қаптап өсіп кетпеуінің алдын алу керек.

Су қоймасы – салқындатқыштардың жұмысының қажетті шарты болып, басқа да салқындатқыш құрылғылары сияқты конденсатормен қабылданған судың және салқындатқыштағы қоршаған ортаға шығарылған судың жылуы арасындағы тепе-теңдік болып табылады.

Тоған–салқындатқыштардың басты кемшіліктері – салуға жұмсалатын қаржы салымының үлкен болуы және булану арқылы судың көп жоғалуы.