Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК энергия тасығыштарды тарату және өндіру жүйелері .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
17.61 Mб
Скачать

Iіi. Сумен жабдықтау жүйелері

Жоспар:

3.1 Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі

3.2 Техникалық суды тұтынушылардың сипаттамасы

3.3 Техникалық сумен жабдықтау өндірісі жүйелерінің құрамы

3.4 Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесі

3.5 Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінің үрлеу есебі

3.6 Технологиялық сумен қамтамасыз етудің ағынсыз жүйесі

3.7 Айналымдық сумен жабдықтау жүйесінің салқындатқыш құрылғылары

3.8 Су қойма – салқындатқыштар

3.9 Градирнялар

3.10 Техникалық сумен қамтамсыз ету жүйесінің тазарту құрылғылары

3.11 Cумен қамтамасыз ету жүйесінің сорғылық станциялары

3.12 Бақылау сұрақтары

3.13 Қолданылатын әдебиеттер тізімі

3.1 Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі

Кәсіпорынды сумен жабдықтау үш түрге бөлінеді:

  • Техникалық сумен жабдықтау жүйесі;

  • Ішетін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі;

  • Өрт сөндіру жүйесі.

Техникалық сумен жабдықтауды өндіру жүйесі тағайындалуы бойынша былай бөлінеді:

  • Салқындататын;

  • Тасымалдайтын;

  • Жуатын.

Жылуэнергетикасында көбінесе салқындататын жүйелер мен қандай-да бір затты тасымалдауға (мысалы, қазандық қондырғысынан күлді күл салатын қоқысқа тасымалдау) арналған жүйелер көп тараған. Салқындататын жүйелер әртүрлі аппараттарды, құрылым элементтерін, әр қилы қондырғылардың жұмыстық денелерін (будың конденсациялануы) салқындатуға арналған.

Түрлері бойынша сумен жабдықтау сүлбелері: тікелей сумен жабдықтау жүйелеріне, қайтымды сумен жабдықтау жүйелеріне, қайта пайдалану жүйелеріне, ақпайтын жүйелерге бөлінеді.

Тікелей сумен жабдықтау жүйелерінде, су бір рет қана пайдаланылады және пайдаланылғаннан кейін көзге апарылады; қайтымды сумен жабдықтау жүйелерінде су бірнеше мәрте пайдаланылады; қайта пайдалану жүйелерінде су салқындату үшін немесе басқа да мақсаттарға пайдаланылады және осыдан кейін барып шығарылады.

3.2 Техникалық суды тұтынушылардың сипаттамасы

Техникалық суды тұтынушыларға мыналар жатады: өндіруші кәсіпорын, жылуэнергетика, қара металлургия, машина жасау, химиялық және мқнай өндіруші кәсіпорындар.

Жылуэнергетикада техникалық су турбина конденсаторларындағы буды салқындату үшін қажет, циклдағы су буының жоғалуын өтеу үшін, шлакты жою үшін, және т.б. Қара металлургия техникалық суды пештерді суытуда шойын мен болатты өндіру кезінде, шлакты ұсатқан кезде, газды тазарту кезінде және т.б. пайдаланады. Өндіруші кәсіпорындарда су тасымалдау кезінде, кен байыту кезінде, шаңды басу кезінде, аралас жұмыстарды гидромеханизациялау кезінде қолданады.

3.3 Техникалық сумен жабдықтау өндірісі жүйелерінің құрамы

Техникалық сумен жабдықтау өндірісінің жүйесі нысанды сумен қамтамасыз ету үшін қажет. Ол мынаны қамтамасыз етеді:

    1. Табиғат көзінен суды алу;

    2. Тұтынушылардың талаптарына сәйкес берілген деңгейге дейін судың сапасын жеткізу;

    3. Суды тасымалдау;

    4. Тұтынушыларға қайтара берудің алдында суды тазарту және салқындату.

Жүйе мынадан тұрады:

  • Су алу құрылғысынан;

  • Сорғылық станциялардан;

  • Суды тазарту мен өңдеуге арналған құрылғылардан;

  • Құбыр желісінен;

  • Реттеуші сыйымдылықтардан (суарынды мұнаралардан);

  • Тазарту құрылғыларынан;

  • Салқындатқыш құрылғыларынан.

Су алу құрылғысы су көзінің (өзен, көл, арықтарда) жанында орналасады. Оған қойылатын басты талаптар: судың кез келген тербелісінде су алынуы қажет. Оның қасында сорғы станциясы орналасады. Суды тазартуға арналған құрылғы механикалық қоспаларды жою үшін қажет: құмды, балдырларды және т.с.с. Реттеуші сыйымдылықтар сорғының жұмысына қарамастан судың шығынын тұрақты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Салқындатқыш құрылғылар суды екінші қайтара пайдалану мақсатында салқындату үшін қолданылады. Оларға салқындатқыш арықтар, шашыратқыш бассейндер, градирнялар жатады.

Техникалық сумен жабдықтау өндірісінің жүйесін жобалау кезінде ең бастысы судың шығыны болып табылады.

Технологиялық сумен жабдықтау жүйесі – тікелей сумен жабдықтау жүйесі.

Сурет 20. Тікелей сумен жабдықтау сұлбасы.

  1. Сумен қамтамасыз ету көзі;

  2. Су алу құрылғысы;

  3. Бірінші көтергіштегі сорғылық станциясы;

  4. Тазарту құрылғысы;

  5. Кәсіпорынға баратын су құбырының желісі;

  6. Екінші көтергіштегі сорғылық станциясы;

  7. Реттеуші сыйымдылық;

8,9,10,11 – суды тұтынушы;

12- пайдаланылған суды бастапқы көзіне шығару.

Осы сүлбенің артықшылығы: қарапайымдылығы; кемшілігі: көзден көп суды тұтыну, пайдаланылған суды көп шығару, экологиялық ластанудың көп болуы.

Технологиялық сумен жабдықтаудың қайта пайдалану жүйесі.

Егер техникалық суды тұтынушылар арасынан көп шығынды суды пайдаланатын тұтынушы болса, мысалы 8 тұтынушы, шығарылатын су мөлшері мен басқа да параметрлері бойынша басқа барлық тұтынушыларды қанағаттандыратын болса, онда қайталап пайдаланатын технологиялық сумен жабдықтау жүйесі қолданылады. Яғни пайдаланылған су 8 тұтынушыдан кейін 9,10,11, тұтынушыларға бағытталады және содан кейін барып 1 көзге шығарылады. Негізінде бұл жүйе тікелей жүйе, өйткені 1 рет қана пайдаланылады. Бірақ бұл жағдайда тікелей жүйедегіге қарағанда көзден аз мөлшердегі су алынады, яғни 8 тұтынушыға қажетті мөлшердегі. Тек бір шартты сақтау қажет, 9,10,11 тұтынушылараз мөлшердегі суды пайдаланады, немесе 8 тұтынушыға қажетті мөлшердегі суға тең.

Бұл жүйенің артықшылығы тікелей жүйемен салыстырғанда пайдаланылған судың мөлшерін екі есеге азайтады.

Технологиялық сумен жабдықтаудың қайта пайдалану жүйесінің сұлбасын қарастырайық (сурет 21).

Сурет 21. Технологиялық сумен жабдықтаудың қайта пайдалану жүйесінің сұлбасы

  1. Сумен қамтамасыз ету көзі;

  2. Су алу құрылғысы;

  3. Бірінші көтергіштегі сорғылық станциясы;

  4. Тазарту құрылғысы;

  5. Кәсіпорынға баратын су құбырының желісі;

  6. Екінші көтергіштегі сорғылық станциясы;

  7. Реттеуші сыйымдылық;

8,9,10,11 – суды тұтынушылар;

12- пайдаланылған суды бастапқы көзіне шығару.

Қайта пайдалану жүйесінде барлық элементтердің қуатын, бекіткіш темір арқауға үнем жасай отырып, екі есеге азайтуға болады. Кемшілігіне тікелей жүйеде қалатыны жатады, және осылайша табиғи су көзіне техникалық суды шығарумен ластану болады.