- •Курстық жұмыс Тәуелсіздік тұсындағы ш.Мұртаза шығармашылығының негізгі тақырыбы
- •Намыстың наркескені, шындықтың шырақшысы – Шераға.
- •1.1 Шерхан Мұртазаның редакторлық, басшылық қызметі
- •Тәуелсіздік тұсындағы шерхан мұртаза шығармашылығы
- •2.1 Ай мен Айша романының негізгі тақырыбы.
- •2.2 Еліне айтып Елбасына тыңдатқан қайраткер.
- •Қорытынды
1.1 Шерхан Мұртазаның редакторлық, басшылық қызметі
Шерхан Мұртаза 1956-1963 жылдары «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі – кәдімгі журналист ретінде өз қабілеті мен қарымын танытқан ол 1963-1970 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1971-1972 жылдар «Жалын» альманағында (қазіргі журнал), 1973-1975 жылдары «Жұлдыз» журналында, 1975-1980 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, 1980-1989 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, 1989-1992 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бас редактор, 1992-1994 жылдары «Қазақстан» телерадио компаниясының төрағасы қызметін атқарды.
Шерхан Мұртаза 1963 (4 маусым) – 1970 (6 қазан) жылдары «Лениншіл жастың» (қазіргі «Жас Алаш» газеті) 28-ші бас редакторы болды. Ол бас редакторлық еткен біраз жылдар ішінде «Лениншіл жас» газеті жарияланымдарының пәрменділігі, айдарлары мен тақырыптарының тапқырлығы ерекше деңгейде көрініс тапқандығын байқар едік.
«Жалын» альманағының алғашқы бас редакторы жазушы Өтебай Қанахиннен кейін 1971 жылғы № 1 -ші нөмірінен бастап Ш. Мұртаза бас редактор ретінде қол қоя бастады. «Жалын» альманағының әрі «Жазушы» баспасының жастар мен балалар әдебиеті жөніндегі Бас редакциясының бас редакторы ретінде Шерхан Мұртаза ең алдымен, әдебиет сынына кең өріс ашты. Баспасөз бар жерде әдеби сын да бар. «Жалын» альманағы кемшіліктерді батыл айтып, әдебиет тағдырына байланысты туған сын мақалаларды батыл жариялады. Редактор Ш. Мұртаза әдеби-көркем сынның өсіп-өркендеуіне өзгеше қуатты ықпал жасайтын күштің бірі – мерзімді баспасөз екендігін аңғарып, альманахтағы «Тураби трибунасы», «Әдеби сын» атты тұрақты айдарлардағы жарияланымдарға баса көңіл бөлді.
Қаламгердің әдебиет сүйер қауымға ықыласты назар аударып, ауқымын да, деңгейін де мейлінше көркейте білген тұсы – әдеби басылым «Жұлдыз» журналының (№ 1 1973 – № 5 1975) бас редакторлығы кезеңі еді. Шерхан Мұртаза бас редакторлық еткен жылдары «Жұлдыз» журналында «Публицистика және очерк» айдарында көркем публицистикаға, очерк жанрына кеңінен орын беріліп, онда республика өміріндегі елеулі өзгерістер мен табыстарының тынысын, еңбеккерлердің қажырлы күресін, еңбек үлесін, шаруашылықтар мен еңбек ұжымдарының экономикалық және әлеуметтік сыр-сипатын ашып көрсетуді басты мақсат етті.
Тәуелсіздік тұсындағы шерхан мұртаза шығармашылығы
«Дүниеге тәуелсіздік көзімен қарайтын әдебиет керек» - деген еді Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасы дербес ел атанып, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүре бастаған сәттен халқымыздың ұлттық сана-сезімі, отаншылдық рухы дүр сілкінді. Халқымыздың өзін-өзі тануы жаңаша көзқарастармен толығып, байи түсті. Қазіргі қазақ прозасында халық тарихының аса бір елеулі кезеңдері, дара тұлғалары уақыт шындығының мол деректерін негізге алып жазылды.. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік деңгейін көтеруге Ш. Мұртаза зор үлес қосты. Ш. Мұртазаның шағын жанрды ұмыт қалдырмай, оған өзіндік үлес қосып жүргендігін «Алапар мен Динго», «Бұршақ», «Тәуекел той» сықылды әңгімелері растайды. «Тәуекел той» әңгімесінің атының өзі айтып тұрғанындай, шығармаға қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау болған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғандығы сонша той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге айналдыра бастады. Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы бүгінгі күннің шындығы.
Ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық соғыстарға, отарлық езгіге, қолдан ұйымдастырылған ашаршылықтарға, босқыншылықтарға, саяси қуғын-сүргіндерге, тағы басқа озбырлықтарға ұшыраса да осы күнге дейін ұлттық бірегей қасиеттерін сақтап, тілін, ділін бұзбағаны халқымыздың тарихи, әдеби шығармаларында көркем шындықпен бейнеленуі аса зәру мәселе екендігі айқын сезіліп келді.
Осы мәселеге қатысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай білетін төзімділігіне қайран қаламын. Мәңгіліктің қатыгез басқыны біржолата шайып әкететіндей талай қилы кезең тұсында қиналса да аман қалыпты. Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды». [ 1]
Қазақ халқының басынан өткен тарихи шындығы XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы қазақ романдарында жазыла бастады. Тарихи оқиғалар, ондағы жекелеген тұлғаларды, тұтастай алғанда, халық тағдырын қарама-қайшылықты сипатымен қамту жүзеге асырылды. Аталмыш тақырыптар әдебиеттану ғылымында өзектілігімен ерекшеленеді. Роман жанрындағы күрделі шығармалардың халық тағдырын, тарихи кезеңдер шындығын бейнелеуінен уақыт тынысы, жеке адамдардың, отбасылардың, әлеуметтік ортаның даралықтары мен өзара байланыстары да айқындалады. Қазіргі қазақ романдары-қазақ сөз өнері мұраларының бұрынғы және кейінгі көркемдік дәстүрінің жалғасы. Романдарда ұлттық тарихтың ақтаңдақ беттері қамтылуы, күрделі тағдырлы тарихи тұлғалар мен оқиғаларды әдеби үдерісті талдаудың жаңашыл әдіснамалық әдіс-тәсілдермен қарастыру-үнемі дамудағы ұлттық сөз өнері мұраларын терең тануға, бағалауға жетелейді.
XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті қалыптаса бастады. Өзіне дейінгі көркемдік, шеберлік үрдісті озық дамыта отырып, жалғастырды. Қазақ ақын-жазушылары халықтың тарихындағы бұрынғы-соңғы қамтылмаған ақтаңдақ беттерді толтыруға кірісті. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби тек (эпос, лирика, драма) жанрлары әлем әдебиетінің классикалық деңгейіндегі туындылар болып саналады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Елімізге бойын ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет», – деп атап көрсеткені белгілі.
Тәуелсіздік – ғасырлар бойы аңсап келген ата-бабамыздың мұң-шері болып қазақ әдебиетінде таңбаланып қалса, ендігі кезекте сол арман болған уақытты ақын-жазушылар мақтанышпен жырлап жатса, ол мазмұн жас ұрпақтың рухани дүниесінде дер кезінде өз орнын алуы керек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Сонымен біз тәуелсіз мемлекет құрдық. Өз тарихымызда тұңғыш рет осындай қалыпта, осындай аумақта құрдық. Біздің уақытымыздың бұлжымас фактісі, міне, осы!» [1], – деген сөздері ғалам кеңістігінде уақыт бейнесінде таңбаланып қалған тарихи сөздер
Өз Отанын, туған жерін, елін, барлық қуанышы мен қасіретін таңбалаған Шерхан Мұртазаның ерен еңбектері назар аударуға лайықты .
«Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды. Шерхан Мұртаза “Құрмет белгісі”, “Отан” (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы» [ 2]
