- •Курстық жұмыс Тәуелсіздік тұсындағы ш.Мұртаза шығармашылығының негізгі тақырыбы
- •Намыстың наркескені, шындықтың шырақшысы – Шераға.
- •1.1 Шерхан Мұртазаның редакторлық, басшылық қызметі
- •Тәуелсіздік тұсындағы шерхан мұртаза шығармашылығы
- •2.1 Ай мен Айша романының негізгі тақырыбы.
- •2.2 Еліне айтып Елбасына тыңдатқан қайраткер.
- •Қорытынды
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Курстық жұмыс Тәуелсіздік тұсындағы ш.Мұртаза шығармашылығының негізгі тақырыбы
Қабылдаған: Пәленше Төленшиев
Орындаған: Бейсенбаева Жәудір
Шымкент 2016 жыл
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ
1 Намыстың наркескені, шындықтың шырақшысы – Шераға.
1.1 Шерхан Мұртазаның редакторлық, басшылық қызметі
2 ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰСЫНДАҒЫ ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
2.1 Ай мен Айша романының негізгі тақырыбы
2.2 Еліне айтып Елбасына тыңдатқан қайраткер.
2.3 Шерхан Мұртаза очерктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Намыстың наркескені, шындықтың шырақшысы – Шераға.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған, Шерхан Мұртаза жайлы қанша айтсақ та көптік етпейді.
Қазақ журналистикасы тарихында соны із салып, талай өрімдей жастың бағын ашқан, туған әдебиетімізде де өзінің қайталанбас талантымен ерекшеленетін, сөз зергері Шерағаның еңбегі бізге өнеге. Шерхан Мұртаза 1932 жылдың 28 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылында туған. Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері. 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1955 — 56 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 1984 жылы ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, 1992 жылы Қазақстанның халық жазушысы атағын алған. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғары Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын,Мұстай Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. «Әзиза» пьесасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің грантын жеңіп алды. Ал тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), тағы басқа повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Әлтай нанға тоймаушы еді... деп басталатын әңгімесін мектеп қабырғасында оқыдық. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кітабы. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кітабы , 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған – ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесін жан бере суреттейді.
Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқызарлығын жазушы Ғабит Мұсірепов ашына жеткізеді.
Шерхан Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол сахналық қойылым барысында кейінкерлердің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жан дүниесін көрсетеді.
Жазушының әр жылдары бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990-2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда» (К. Смайыловпен бірге) (1998), «Бір кем дүние» (2008) кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары КСРО халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы. «Құрмет белгісі», «Отан (1999) ордендерімен, медальдармен марапатталған. ПЕН-клуб сыйлығының иегері (2003).
Шерхан Мұртаза - Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Республикаға еңбегі сіңген қайраткер. Тәуелсіздік алған тұста Қазақстан Республикасы Парламенттің депутаты да болған. «Қызыл Жебе» атты бес кітаптан тұратын роман-эпопеясының авторы. Публицистика ,эсселері баспасөзде үздіксіз жарияланған.
