- •Мазмұны
- •I. Тарау. Сезіктінің ұғымы және сезікті ретінде ұстаудың негіздері
- •1.2. Сезіктіні ұстаудың негіздері
- •II. Тарау. Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
- •2.1. Сезікті ретінде ұстаудың рәсімделуі
- •2.2. Сезіктіні жеке тінту тәртібі
- •2.3 Сезіктінің уақытша ұсталатын жері
- •III. Тарау. Сезіктінің құқықтары және оларды қамтамасыз ету
- •3.1. Сезіктінің құқықтары
- •3.2. Сезіктінің құқықтарын қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалаудың орны
- •Қорытынды
- •Қолданылған нормативтік құқықтық актілер тізімі
3.2. Сезіктінің құқықтарын қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалаудың орны
«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығында адамның айыптаудан қорғану құқығына Прокуратураның қос функциясын; щдылықты қадағалау және қылмыстық ізге түсу қызметін басшылыққа ала отырып түсіндірілген. Атап айтқанда, прокурор: заңның бүзылуына юл берген органға немесе лауазымды адамға, яки жол берілген заң бүзылуын жоюға өкілетте органға немесе лауазымды адамға заңның бұзылуын жою туралы жазбаша нүсқау жіберуге; заңдылық бүзылудың себептерін жою, сондай-ақ жеке басына тиіспеушілік құқығы бар адамдарды сол құқықтан айыру мәселелері бойынша ұсыныс жасауға; іеке адамдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды соттан сұрауға; соттың (судьяның) шешіміне, үкіміне немесе өзге қаулысына, заңға сәйкес келмейтін немесе негізсіз шешім, үкім немесе қаулы ретінде, жоғарыдағы сотқа наразылық білдіруге; анықтау мен тергеу барысында процеске қатысушылар құқықтарынң бүзылуына жол берген адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе қоюға; айыптау қорытындысынан айыптаудың жекелеген пункттерін алып тастауға, жеңілдеу қылмыс туралы заңды қолдануға хақылы.
Прокурордың нағыз құқықтары Қылмыстық іс жургізу Кодексінде дамытылған, атап айтқанда, 317-бапта егер сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғану құқығын бүзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады деп белгіленген. Сонымен бірге, прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан (толық немесе ішінара) бас тартуға міндетті.
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындарында щдардың орындалуын қадағалауды Қазақстан Республикасыеың Бас Прокурорлары мен оған бағынысты прокурор жүзеге асырады.
Сезіктіні уақытша күзетте ұстау барысында және қылмыс жасады деп күдік тудырып ұсталған сәттен бастап прокурорға міндетті түрде хабарлануы тиіс. Прокурорлардың басты өкілеттіліктерінің бірі .азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып ганылғандықтан осындай құқықтардың заңға сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Қылмыстық іс жүргізу заңында тікелей бекітілгендей адамды ұстау үшін міндетті түрде прокурордың санкциясымен жүргізіледі. Осындай құқықты жүргізе отырып, прокурор Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы жарлығымен және өзге нормативтік құқықтық актілдерде бекітілген прокурорлық қадағалауды жүзеге асырады. Бұл қадағалау заңға сәйкес мынадай негіздерде жүргізіледі.
Прокуратураның талап етуі бойынша тиісті органдар, лауазымды адамдар:
1. Қажетті материалдар, мәліметтерді өтеусіз Қазақстан Республикасында белгіленген коммерциялық, банктік және заңда іс қорғалатын өзге қүпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып бөлінуге тексеріс мәселелері бойынша азаматтарды шақыруға, айғақтар алуға;
2. Тексеріске қатысу, қорытынды беру үшін мамандар бөлуге міндетті.
Прокурордың оз қүзыреті шегінде берген тапсырмасы анықтама, тергеу орындалуы үшін міндетті. Прокурордың қүзіреті шегінде тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органның, меншік нысандарына қарамастан, үйымдардың үй — жағдайларына кідіріссіз кіруге, олардың оасшыларында, лауазымды адамдар да кідіріссіз қабылдануға, сот істерімен танысуға, соттан талап етіп алдыруға құқылы. Заңдардың қолданылуын тексеру 1 ай мерзімінің ішінде жүргізіледі.
Тексерісті тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурорлардың делісімімен оның мерзімі ұзартылады.
Прокуратура органдары заңдарда белгіленегн тәртіптерін заңды бүзушылық туралы арыздарды карай отырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуын жою, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шараларын қолданады.
Азаматтардың, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін, құқықтары мен міндеттерін орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту шараларын қолданады. Прокурорлардың іс - әрекеттері мен актілеріне жоғары түрған прокурорларға немесе сотқа шағым беруіне болады. Жоғары түрған прокурор азаматтардың және заңды тұлғалардың шағымы бойынша оз бастамасы бойынша томен түрған прокурор актілерінің күшін жоя алады, оларды қайтарып ала алады.
Прокурорлық қадағалау жүргізудің нысандары мынадай тәртіпке белінген:
І.Алдын ала тергеу, анықтама және жедел іздестіру қызметтерінде прокурорлық қадағалау;
Сотта қылмыстық істерді қарауда заңдылықты қадағалау;
Үкімнің орындалуына прокурорлық қадағалау;
Кәмелетке толмағандардың істеріне прокурорлық қадағалау;
5. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қорғаудағы прокурорлық қадағалау.
Прокурорлық қадағалауды - тексеріс жүргізу арқылы жүзеге асырады. Прокурор өз өкілеттілігі шеңберінде сезіктіні ұсталған сәттен бастап, Конституциялық құқықтары мен бостандықтарының заңға сөйкес жүргізілуін қадағалайды. Міне осындай қадағалау нөтижесінде прокурор мынадай шешімдердің бірін қабылдай алады:
наразылық енгізеді;
заң бүзушылықты болдырмау туралы үйғарымдар беріледі;
қылмыстық істі қозғау, тергеу істерін жүргізу, ікімшіліктерді қылмыс бойынша болдырмау туралы іс жүргізу, прокурорлардың талабын мәжбүрлеп орындау. Материалдық залалдың өтелу шараларын қолданады.
азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік құқықтары мен заңды мүдделері бүзылғанда заң бойынша заңсыз актінің күшін тоқтата тұрады;
мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарды енгізген тыйым салу - шектеу сипаттағы шараларының күшін жояды, алып тастайды;
6. мемлекеттік, жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен олардың заң негізінде қорғалатын мүдделерін сақтауды соттан өтінеді.
Мәселен, қылмысты істеге органдары сезіктіні ұстаған кезеңде немесе уақытша күзетте ұстағанда заңда көрсетілген құқықтарды заңсыз негізді бүза отырып, яғни тиісті уақытта қорғаушымен қамтамасыз ету құқығы бүзылса немесе айып тағудың негізі дұрыс түсіндірілместен қаулы іпығарылған болса прокурор бұл қаулының заңдылығын тексере отырып, заңсыз қаулының күшін жояды немесе мүлдем бұл шараны алып тастайды.
