Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
412.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
289.28 Кб
Скачать

III. Тарау. Сезіктінің құқықтары және оларды қамтамасыз ету

3.1. Сезіктінің құқықтары

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына үлкен эсер ететін қылмыстық іс жүргізу принциптерінің бірі - ол сезіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу жүйесінде бұл принцип ерекше орында тұрады. Сезіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципі қылмыстық іс жүргізу принциптерімен тығыз байланысты болады және оның бірқатар злементтері басқа принціптерінің құрамдас бөлігіне кіреді. Мысалы, дайыңдылық, сот ісін тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүргізу, жариялылық, кінәсіздік презумпциясы және т.б. Аталған принциптердің сезіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принціпімен бірге қызмет жасау арқылы ғана сот төрелігін дұрыс жүргізе аламыз.

Қылмыстық іс бойынша істі жүргізу барысында сезіктінің құқықтарын мынадай нысандарда бөліп қарауымызға болады. Біріншіден сезіктінің жалпы құқықтары, екіншіден сезіктінің арнайы құқықтары. Жалпы құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген және озге де іс жүргізу заңдарында бекітілген құқықтарының жиынтығынан құралады. Ал арнайы құқықтары - өкілетті қылмыстық ізге түсу органдарының шығарған қаулысы негізінде «Уақытша күзетте ұстау жәнетергеу изоляторына орналастырғаннан кейін пайда болатын құқықтарының жиынтығынан құралады осындай негіздерді басшылыққа ала отырып, алдысен сезіктінің жалпы құқықтарына тоқталамыз. Бұл жалпы құқық сезіктінің тергеу барысында және сот процессінде озіндік тәртіптерде қолданылады».

Сонымен қатар, қылмыстық істер жүргізу заңында тікелей бекітілудің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүргізіледі. Сезіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципінің негізі Конституцияда қаланған, оған сәйкес әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы, ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қоғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

Дегенмен, сезіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципінің өзіндік маңызы және оны қылмыстық іс жүргізудің басқа принциптерінен ерекшелендіріп тұратын нақты белгілері бар. Олардың ішіндегі ең бастысы, ол сезіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принціпі қылмыстық іс жүргізудің маңызды бір функциясын сипаттайды, яғни қорғау функциясы. Қылмыстық іс жүргізудегі қорғау функциясы алдымен айыпты жоққа шығару мен оны жеңілдетуге бағытталады. Егер айыптауфункциясы тұлғаның кінәлілігін көрсететін дәлелдерге негізделсе,ондақорғау функциясы айыпты жоққа шығаруға немесе оны жеңілдетугебағытталған материялдарға негізделеді. Сондықтан, біз былай айтааламыз,айыптаушы мен қорғаушының қызметтері бір мақсатты орындауға бағытталады - ол қылмыстық іс бойынша шындықты, ақиқатты анықтау болып табылады.

Сонымен бірге, қорғаудың бірқатар элементтері айыптау функциясын да да болады. Айыптау функциясы бір жақты не тек айыптау материалдарына ғана негізделіп отырса, онда бұл функция дұрыс қалыптаспайды әрі нөтижесіз болады. Сондықтан, айыптау функциясы тек айыптау дәлелдеріне сүйеніп қоймай, сондай-ақ қорғау тарабы ұсынған барлық тұжырымдарын да ескере отырса ғана айыптау берік болады. Бұл жағынан айыптау мен қорғау — бір-бірімен өзара байланысты құқықтық институт. Бұларсыз бірде-бір қылмыстық іс қаралмайды, сондықтан бұл екеуі қатаң түрде өз орнын табуы тиіс1.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 26 -бабының 1-бөлігіне сөйкес сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығы бар. Олар бұл құқығын Қылмыстық іс жүргізу Кодексінде белгіленген тәртіппен жеке өзі де, қорғаушының, заңды өкілінің көмегімен де жүзеге асыра алады. Яғни, сезіктінің құқықтарымен мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерінің ішінде, қорғаушының көмегін алу құқығы ерекше орында тұратындығын көреміз. Алайда біз жүргізген сауалнамалардың қорытындысына жүгінсек, іс жүзінде сезіктінің қорғану құқығы әлі жеткілікті қорғалмай отыр. Мәселен, сезіктілердің 35 пайызына ұстау кезінде қорғаушы алу құқығы түсіндірілмеген.

Қорғау құқығын дұрыс бағаламау бізді ойландыратын қүбылыс. Бұл келеңсіз жағдайды жою үшін сезіктіге айпталушыға қорғаушы алу құқығын ұсынып қоймай, керісінше оны тиімді қолданудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз етіп отырылуы қажет2.

Осыны ескере отырып, біз былай айта аламыз, қорғаушының қызметі - сезіктіге заң көмектерін көрсету, оларды ақтайтын не олардын, жауапкершілігін жеңілдететін дәлелдер ұсыну әрі заңда рұқсат етілген эдістер мен құралдарды пайдалана отырып, олардың тағдырларын жеңілдетуге барлық шаралар жасау. Яғни, қорғаушының қызметі көріп отырсақ, сот төрелігіне қайшы келмейді. Демек, қорғаушының қылмыстық іс жүргізудегі алатын орны туралы, адвокат азаматтарға заң комегін көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ Конституцияның негізін қорғауды жүзеге асырады, яғни азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады деп айтуымызға толық негіз бар.

Сонымен бірге, бұл принципті қатаң сақтау арқылы қылмыстық іс жүргізуде заң бүзушылыққа жол бермеуге, кінәсіз тұлғаны жазықсыз соттатпауға қол жеткізуге болады.

Біздіңше, сезіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ететін принціпі, ең алдымен қылмыс жасаған тұлғаға қатысты әділ жаза тағайындалуына қызмет жасайды. Кінәсіз тұлғаны соттау, тек өрескел заң бүзушылық қана емес. Сондай-ақ ол әшкереленбеген қылмыскер жазасыз қалып отырғандығын да білдіреді. Сондықтан, мемлекет барлық қылмыстардың ашылғанына және барлық кінәлі тұлғалар әшкерленіп, әділ жаза алуына және бірден - бір кінәсіз тұлға қылмыстық жауапқа тартылмауына әрқашанда мүдделі болады. Сезіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принціпі арқылы біз қылмыстық істің мән - жайларын жан - жақты, толық және объективті зерттей аламыз.

Қазақстан қылмыстық іс жүргізу заңдылығы әрқашанда сезіктінің корғануға құқығын дамытып, жетілдіріп келеді. Мысалы, 1864 жылғы Қылмыстық іс жүргізу бойынша қорғаушы алдын ала тергеуге қатыспаған болса, 1959 жылы ҚазССР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі бойынша қорғаушы бірінші рет алдын ала тергеуге қатыса алды. Бірақ, қорғаушы алдын ала тергеудің тек соңында ғана қатысып отырды.

Ал, 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу ІКодексіне сәйкес қорғаушы қылмыстық іс жүргізудің кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабының 3-бөлігіне сәйкес ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін алуға құқылы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі бұл ережені толықтырады, енді сезікті ретінде ұсталынған немесе оған айып тағылған кезден бастап қорғаушының көмегін алуға құқылы.

Сезіктінің қорғану құқығының қылмыстық іс жүргізу принципі өзге де құқық көздерінің ережелерімен күшейтілген. Президенттің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығының 5 - бабына сәйкес барлық соттарда және сот ісін жүргізудің кез келген кезеңінде көсіптік заң көмегін алу және қорғану құқығына кепілдік береді. Мүның өзі қорғану құқығы қылмыс жасады деп күдік келтірген кезден немесе адам айыпталушы ретінде тартылған сәттен бастап пайда болатынын және өз күшін іс сотта шешілгенге дейін сақтайтынын білдіреді. Алайда, бұл кімнің, яки өзге шешімнің шығарылуы айыптаудан қорғану құқығының жүзеге асырылуына жол берілмейтінін білдірмейді. Адамның жазасын өтеуі сот тәртібімен дәлелденген айыптаумен өзара байланысты қаралуға тиіс. Айыптау үкімінің күшіне енуі айыпталушының айыптаудан қорғану құқығын сақтайды. Қорғану құқығы мына жағдайларда тамамдалды деп саналады.

Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 37, 38-баптарында көзделген негіздемелер бойынша (сот қылмыстық жауаптылықтан босататын айыптау үкімін шығаратыннан басқа жағдайларда) қылмыстық істі қысқарту;

Соттың ақтау үкімін шығаруы;

Сот берілген қылмыстық жазаны адамның өтеуі.

Сезіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз етудің ең елеулі кепілі-қылмыстық процесте жүзеге асырушы органдардың айыптаудан қорғану құқығының тұтастығына қол сұғатын кез келген әрекеттеріне сот тәртібімен шағымдану туралы заң ережесі.

Заңда Қылмыстық іс жургізу Кодексінің 68 - бабының 7 - бөлігі реттейтін айыпталушының құқығы жеткілікті түрде ауқымды берілген. Сезіктінің төмендегідей:

- озін неге байланысты күдікті деп санайтындығын білуге құқығы бар.

Бұл қылмыстық ізге түсу органы күдік тудыруының мәнін түсіндіруге міндетті екендігін білдіреді (осындай түсіндіруден кейін іс-әрекет жататын Қылмыстық кодекстің бабын, тармағын айту өзінің кінәсіздігіне дәлелдер келтіру үшін сезіктінің заңда көзделген шараларды қабылдауына мүмкіндік береді);

  • өзіне қарсы күдік бойынша түсініктер мен жауаптар беруге, түсініктер мен жауаптар беруден бас тартуға құқығы бар.

Қылмыстық ізге түсудің бастапқы кезеңдерінде сезіктілердің өздері қажет деп тапқан түсініктерді беруі арқылы қалыптасқан күдікке байланысты ықтимал қателіктерді жеделдетіп жоюға жағдайы бар;

дәлелдер келтіруге құқығы бар. Бұл дәлелдер сезіктілердің мүдделерін қамтамасыз етуге және берілген құқықтардың сақталуына қызмет етеді. Адамның сезікті ретінде болуы кезеңінде қылмыстық ізге түсу органының сезікті келтірілген дәлелдерді сотқа дейінгі қызмет барысында жиналған деректер жиынтығымен салыстырып тексеруге және бағалауға мүмкіндігі бар;

қалу - тілектерін және қарсылық білдіруін мәлімдеуге құқығы бар.

Кез келген қалау — тілек қаралуға тиіс. Қалау — тілекті қанағаттындырудан бас тарту дәлелді болуға тиіс. Бас тарту үшін дәлелдің болмауы сезіктінің қалау - тілегін қанағаттандыруды талап етеді. Бұл орайда сезікті қалау — тілек арқылы өзі үшін заң белгілеген құқықты ғана еиес, сонымен бірге өз мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді де талап етеді. Негіздер болған жағдайда қарсылық білдіруді мөлімдеу құқығы қылмыстық ізге түсу органдары тарапынан істің нәтижесіне заңсыз мүдделікті жоққа шығаруға жөрдемдеседі;

- ана тілінде немесе өзі білетін тілде жауаптар беруге құқығы бар. Бұл құқықты жүзеге асыру сезіктінің қылмыстық істегі өзінің іс жүргізушілік жағдайын дұрыс түсінуіне, өзін қорғауды сауатты түрде жүзеге асыруға, өзін ұстаудың анағүрлым қолайлы жолын таңдауына, күдіктің мәнін барабар қабылдауына жәрдемдеседі; аудармашының көмегңн тегін пайдалануға құқығы бар;

- өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу жұмысының хаттамаларын ескертулер жасауға құқығы бар.

Мұндай құқық тергеу жұмысын хаттамалау кезінде қателіктер мен іүрмалаушылыққа жол берілген жағдайларда сезіктінің дер кезеңінде юлықтырулар мен өзгерістер енгізуіне, хаттамада жүргізілген «азбалардың дұрыстығына көз жеткізуіне мүмкіндік береді;

өзінің қалау - тілегі немесе қорғаушының не заңды өкілінің қалау - тілегі бойынша жүргізілетін тергеу іс - әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға құқығы бар. Сезіктінің оқиға болған орынды қарау, прцестің өзге де қатысушыларынан жауап алу сияқты тергеу істеріне, басқа да іс-әрекеттерге қатысуы ықтимал қателерді уақытылы жоюға мүмкіндік береді;

соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс - әрекеті мен шешіміне шағымдар келтіруге құқығы бар;

өз өтініші бойынша қорғаушының қатысуы кезінде жауап беруіне құқығы бар.

Қорыта айтқанда, біздіңше сезіктінің қорғану құқығы мынадай үш құрамдас бөліктерден тұрады:

заңда тыйым салынбаған өдістер мен құралдарды қолдана отырып сезікті өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін кез келген дәлелдемелерді ұсынуға құқылы;

сезікті өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қорғаушының көмегін алуға құқылы;

анықтау органдары, тергеуші, прокурор мен сот сезіктіге олардың құқықтарын түсіндіруге және олардың құқықтарын түсіндіруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкіндігін қамтмасыз етуге, сонымен бірге олардың жеке мүліктік құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға міндетті.

Азаматты қылмыс жасады деп күдік тудырған кезеңде белгілі мсілеттілігі бар қылмыстық ізге түсу органдары арнайы құжаттар арқылы рәсімдеп, Қазақстан Республикасының заңы «Сезіктіні немесе айыптанушыны қылмыс жасады деп күдік тудыру бойынша уақытша күзетте ұстау тәртібі мен шарттары туралы заңда көрсетілген тәртіптерді басшылыққа ала отырып уақытша күзетте ұстау орындарына орналастыру». Осыған байланысты сезікті немесе айыпталушының күзетте уақытша ұстау барысында өзіндік құқықтары мен міндеттері туындайды.

кар осы заңның 16, 17, 18 - баптарында айқындалған. Сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында болған кезеңде:

1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, күзетте ұсталу режимі, тәртіптік талаптар, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;

күзетте ұстау орындарында жеке басының қауіпсіздігіне;

күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысына және күзетте ұстау орындарындағы қызметті бақылайтын адамдарға аталған адамдардан оның аумағындағы болған уақыттарда өтініш жасауға;

қорғаушысымен жолығысуларға;

туыстарымен жолығысуларға;

құқыққа қарсы мақсатта пайдаланылуы мүмкін немесе мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де қүпия болып табылатын мөліметтері бар құжаттар мен жазбаларды қоспағанда, қылмыстық іске қатысты не өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне байланысты құжаттар мен жазбаларды өзінде сақтауға;

7) өздерінің күзетте қсталуының заңдылығы мен негізділігі және өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бүзылуы туралы мәселелер бойынша ұсыныстармен, арыздармен, соның ішінде сотқа жүгінуге;

8) хат жазысуға және жазу құралдарын пайдалануға;

9) тегін тамақ алуға, материалдық — түрмыстық және медициналық санитариялық жағынан қамтамасыз етілуге;

10) Қазақстан Республикасының Қылмыстық із жүргізу кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерін іс жүргізуге және өзге де іс - өрекеттерге тартуға тыйым салынатын түнгі уақытта сегіз сағат уыйқтауға;

11) күн сайын үзақтығы бір сағаттан кем емес серуендеуге;

12)өзінің жеке төсек - орын заттарын, сондай-ақ тізбесі мен саны ішкі тәртіп ережелерінде белгіленетін басқа да заттар мен нәрселерді пайдалануға;

13)күзетте ұстау орындарындағы кітапханадан алынған не күзетте ұстау орындарының өкімшілігі арқылы сауда желісінен сатып алынған әдебиетті және мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай-ақ стол үсті ойындарын пайдалануға;

14) Ішкі тәртіп ережелері және басқа сезіктілер мен айыпталушылар құқықтары сақталуы шартымен сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында діни жоралар жасауға, өзінде діни әдебиет, ғибадат заттарын ұстауға;

15) өзінің білімін көтерумен шүғылдануға және арнайы әдебиетті пайдалануға;

16) сәлемдемелер мен сәлем - сауқаттар алуға;

17) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің тарапынан сыпайы арақатынасқа;

18) азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға;

19) заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Тергеу изоляторында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылардың сондай-ақ:

ақша аударымдарын алуға және жөнелтуге;

некеге отыруға және оны бүзуға, егер олар заңдарға қайшы келмеген жағдайда, өзге де отбасылық - құқықтық қатынастарға қатысуға;

3) тергеу орындарындағы дүкеннен не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алуға;

4) газеттер мен журналдарға жазылуға оларды алуға;

5) әкімшіліктен қажет болған жағдайда күзетте ұстау орындарында киіп жүруге рұқсат етілген маусымдық киім - кешек алуға құқығы бар. Күзетте ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларға тиісті жағдайлар болған кезде еңбек етуге мүмкіндік беріледі.

Сезіктілер мен айыпталушыларға қамауға алынған кезден бастап қорғаушымен оңаша және қүпия жолығысуға мүмкіндік беріледі. Жолығысулардың саны мен үзақтығына шек қойылмайды. Мынадай жағдайларда:

адвокатура қатыстылығын растайтын құжатын және заң консультациясының осы іске адвокаттың қатысу құқығына берілген ордерін немесе маңызы бойынша онымен теңестірілген құжатты көрсетуі бойынша — қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен;

қорғаушы болып тағайындалған туралы қоғамдық бірлестіктің немесе оның басшы органының тиісті шешімін көрсетуі бойынша - қорғаушылар бірлестіктердің өкілдерімен;

3) соттың қаулысын, тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын, сондай — ақ қзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша қорғаушылар ретінде іске қатысушы өзге де адамдармен жолығуға рұқсат беріледі.

Сезіктілер мен айыпталушыларға қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысуға айына өрқайсысының үзақтығы үш сағатқа дейін екі реттен аспайтын, ал кәмелетке толмағандарға үш реттен аспайтын берілуі мүмкін.

Туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысу күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің юақылауымен жүзеге асырылады. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға жөрдемдесуі мүмкін тыйым салынған нәрселеоді, заттар мен тамақ өнімдерін не мәліметтерді сезікті мен айыпталушыға беруге әрекет жасалған жағдайда жолығысу мезгілінен бұрын тоқтатылады.

Егер заңдарға қайшы келмейтін болса, Қказақстан республикасы Бас прокуратурасының шешімі бойынша өзі өкілі болып табылатын мемлекеттік сезікті немесе айыпталушы шетелдік адамына шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері ресми өкілдерінің жолығысуына құқығы бар.

Жұқпалы ауруы бар (ВИЧ/ЖҚТБ (СПИД) және туберкулез) науқастарға жолығысулар саны мен үзақтығы медициналық қызметкермен (дәрігермен) алдын - ала әңгімелесіп, ауруды жүқтыру мүмкіндігі туралы жазбаша хабарлағаннан кейін белгілеген тәртіппен беріледі.

Сезіктінің немесе айыпталушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген не басқа сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басына қарсы шлмыс жасалу қаупі туындағағ кезде күзетте ұстау орындарының кызметкерлері осындай қауіп төнген сезіктінің немесе айыпталушының кеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде дереу шаралар қолдануға міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]