- •Мазмұны
- •I. Тарау. Сезіктінің ұғымы және сезікті ретінде ұстаудың негіздері
- •1.2. Сезіктіні ұстаудың негіздері
- •II. Тарау. Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
- •2.1. Сезікті ретінде ұстаудың рәсімделуі
- •2.2. Сезіктіні жеке тінту тәртібі
- •2.3 Сезіктінің уақытша ұсталатын жері
- •III. Тарау. Сезіктінің құқықтары және оларды қамтамасыз ету
- •3.1. Сезіктінің құқықтары
- •3.2. Сезіктінің құқықтарын қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалаудың орны
- •Қорытынды
- •Қолданылған нормативтік құқықтық актілер тізімі
2.3 Сезіктінің уақытша ұсталатын жері
Қылмыс жасады деген сезік бойынша уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген сезікпен ұсталған әскери қызметшілер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрінде өтеп жүрген адамдар тиісінше абақтыларда және Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын қылмыстық - атқару жүйесінің мекемелерінде де ұсталуы мүмкін1. Қылмыс жасады деген күдікпен, сезікпен ұсталғандар анықтау органының бастығы ұйғарған арнайы бейімделген үй - жайларда ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртібі мен шарттары заңдармен белгіленеді.
Анықтаушы, тергеуші он екі сағаттың ішінде оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуіне, ал олар болмаған жағдайларда - басқа туыстарына немесе жақын адамдарына сезіктінің ұсталғандығы және оның қай жерде екендігі туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкіндігін сезіктінің немесе айыпталушының өзіне беруге міндетті.
Егер ұсталған адам басқа мемлекеттің азаматы болып табылса, онда аталған мерзімде ол мемлекеттің елшілігіне, консулдағы немесе өзге де өкілдігіне хабардар етілуге тиіс.
Істің ерекше сипаты талап ететін айрықша жағдайлар кезінде тергеудің бастапқы кезеңінің құпиясын сақтауды тиісінше қамтамасыз ету мақсатында прокурордың, оның орынбасарының санкциясымен көрсетілген адамдарға хабарлау, сезікті кәмелетке толмаған болып табылған жағдайларды қоспағанда ұстау кезінен бастап жетпіс екі сағат бойы жүргізілмеуі мүмкін.
Қылмыс жасады деп күдік тудырған сезіктіні қылмыстық істер жүргізу заңында бекітілген тәртіптер мен негіздерде тиісті ұстау жөніндегі рәсімделу жүргізілгеннен кейін осы сезіктіні тиісті уақытша ұстау мекемелеріне жіберу кезеңі жүргізіледі. Бұл процесті тергеуші немесе анықтау бөлімінің қызметкері қылмыс жасады деп сезік келтірілген тұлғаны ұстау туралы шешім шығарғаннан кейін, ол қамауға алынғандарды ұстау орнына орналастырылады. Сезіктіні қамауға алынған тұлғаларды ұстау орнына орналастыру тергеуші бөлмесінде (кабинетінде) немесе өзге де Ішкі Істер Органдарының қызметтік бөлімдерінде немесе тікелей қамауға алынғандарды ұстау орындарында жүзеге асырылатын іс шаралар жиынтығынан тұрады.
Сәйкесінше, бірінші кезеңде заңда көрсетілген тәртіптер бойынша мынадай әрекеттер:
ұстау хаттамасын толтыру;
қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету;
ұстау туралы прокурорға хабарлау;
сезіктінің туған туыстарына оның қамауға алынған орны жайында хабарлау жүргізіледі.
Аталған әрекеттерді жүргізген соң, сәйкесінше қылмыстық істі жүргізуші тергеуші, анықтаушы немесе олардың тапсырмасы бойынша Ішкі Істер Органдарының кезекшісі сезіктінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Әдетте, бұл жұмыс Ішкі істер Органдары бойынша кезекшіге тапсырылады. Кезекші өз қарауындағы күралдар мен күштерді қолдана отырып тапсырманы орындайды.
Сезікті қамауда ұстау орнына жеткізілгеннен кейін заңда көрсетілген тэртіптерді негізінде әрекеттердің екінші бөлігі жүзеге асырылады, оларға:
- ұсталған тұлғаны Уақытша Ұстау Изоляторына қабылдау;
сезіктіні жеке тінту және заттарын қарау;
- сезіктіні суретке түсіру, дактилоскопиялық әрекеттерді жүргізу;
сезіктіні санитарлық тазалықтан өткізу;
- сезіктіден сұрау жүргізу; сезіктілерді камераға орналастыру. Аталған қызмет элементтерін талдауға көшпес бұрын қамауға алынғандарды ұстау орнына сипаттама берейік.
Ең бастысы келесі жағдайды ескеру керек. Жоғарыда аталған бірінші әрекеттер жиынтығы орындалған соң, сезіктіні Уақытша Ұстау Изоляторына жібермес бұрын тергеуші немесе анықтау органының қызметкері заңда көрсетілген талаптармен сөйкес сезіктіден жауап алу туралы норманың орындалу тәртібін қадағалау, анықтауы тиіс.
Егер сезікті қамауға алынған болса, онда сұрау алу дереу жүргізіледі, сезіктіден қамауға алынған сәтінен жетпіс екі сағаттан кешіктірмей сұрау алынуы тиіс. Сәйкесінше, егер сезіктіден дереу жауап алу туралы шешім қабылданса, ол әрекетті сезіктіні Уақытша Ұстау Изоляторына жіберілгенге дейін жүргізген дұрыс. Болмаса, тергеуші өзі Уақытша Ұстау Шзоляторына барып жауап алуды жүргізуге немесе сезіктіні айдаумен тергеу бөліміне алып келу іс шараларын жүргізуге мәжбүр болады.
Әр түрлі жағдайларда тұлғаны ұстаса: мысалға, тергеуші таң ата магазинде тергеу жүргізіп жатқанда, түнде қылмыскердің магазинге кіріп, конфет коробкалары мен консервалар және ішімдіктер үрлағаны белгілі болады. Тергеуші жаңа түскен қардағы іздің артымен жүріп тұрады, із оны ұрлықшының үйіне әкеледі. Ұрлықшы қашпақшы болып біраз қарсылықтар көрсетеді, бірақ куәгерлердің, көршілердің көмегінің арқасында қылмыскер ұсталынады. Үйдің ішінен үрланған заттар табылады, тұлғаның бұл іске қатысы бар екеніне күмән болмаған соң, тергеуші тұлғаның қылмыс жасағандығы туралы хаттама толтырып, оны уақытша ұстау изоляторына жеткізеді. Сезіктіні қылмыс жасады деп күдіктену негізінде де тергеуші хаттама жасауы керек. Осы хаттама тұлғаның қамауда болғандығын, тұлғаның қылмыс жасағандығы жөнінде сезік келтіргендігін айқындайтын, дәлелдейтін құжат болып саналады. Тергеуші қаулысымен тұлғаны толтырып ұсталғаны жайында жеткізсе оралымды кезекші оған ұстау хаттамасын, сосын уақытша ұстау изоляторына баруын көрсетеді.
Әрине, осы уақыттан бастап сезікті қорғаушының көмегін қолдануға құқығы бар. Бұл құқық оған бөлек құжатпен түсіндіріледі. Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп берілгеннен кейін жеке хаттама толтырылады. Хаттаманың бұл үлгісінде сезіктінің арызы көрсетіледі, онда қорғаушының көмегі керек екені, күні, сағаты және минуты көрсетіледі.
Сезіктінің қалауы бойынша қорғаушысын шақыртады, заңды өкілімен, және басқа да адамдардың келуін қамтамасыз етеді. Сезіктінің қалауы, сұрауы бойынша бұл адамдарды тергеуші шақыртады. Егер сезіктінің қорғаушысы ұсталғаннан бастап жиырма төрт сағаттың ішінде келмесе, онда тергеу жүргізіп отырған тергеуші сезіктіге басқа қорғаушыны шақыртуға рұқсат бере алады немесе өзі заң кеңесі (консультация) арқылы ібасқа қорғаушымен қамтамасыз етеді.
Қылмыстық істерді жасөспірімдер, сақаулар, саңыраулар және басқа да тұлғалар өзінің физикалық және психикалық күшімен өзін өзі қорғауға шамасы жетпейтіндерге және тіл білмейтін тұлғаларға байланысты қылмыстық істер бойынша қылмыстық іс жүргізу құқығындағы заңдарда бекітілген негіздер бойынша оларға міндетті түрде қорғаушысы тағайындалуы тиіс1. Бұл жағдайларда сезіктінің қалауы бойынша шақыртылған қорғаушы немесе заңды окілі келе алмаған жағдайда, онда істі жүргізіп жатқан тергеуші өзі қорғаушымен қамтмасыз етеді.
Қорғаушы қылмыстық істер жүргізу заңдарында көрсетілген тәртіптерде оз қорғауындағы тұлғаға жеке дара сұрақтар қойып істің мән-жайымен толық хабардар болуға құқылы. Сонымен қатар осы іс бойынша толтырылған хаттамаға озінің бастамашылығы бойынша келіспейтін мән-жағдайларды көрсетуге, заңсыз негіздерін айқындауға құқылы. Қорғаушы істі жүргізіп отырған тергеушіге істің мән-жайы бойынша өз бастамашылығымен сұрақтар қойып нақтылауға құқылы. Осындай қорғаушының әрекеттері хаттамаға көрсетіліп қол қойылады.
Жоғарыда көрсетілген негіздер мен тәртіптерді жүзеге асыру барысында тағы бір ескеретін мөн - жағдай осы сезіктінің қылмыстық іс бойынша күмәнді екендігін немесе күмөнді емес екендігін дәлелдейтін мән-жағдайларды жан — жақты айқындап алуымыз қажет. Бұндай әрекетті қылмыстық істер бойынша жұмыс жүргізіп отырған тергеуші немесе анықтаушы қылмыстық істер жүргізу заңын басшылыққа ала отырып мынадай әрекеттерді жүргізеді. Ол әрекет қылмыстық істер жүргізу заңында тікелей бекітілген сезік бойынша ұсталған адамды босату мәселесін қарастырудан басталады. Бұл жердегі қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталған адамды босатудың негіздері төмендегідей. Қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталған адам, егер:
қылмыс жасады деген сезік расталмаса;
ұсталған адамға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болмаса;
ұстау заңда көрсетілген талаптарын бүзу арқылы жүргізілсе, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.
Ұсталу кезінен бастап жетпіс екі сағаттың ішінде сезіктіге қатысты оелгіленген тәртіппен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатуға жатады.
Егер ұсталған кезден бастап жетпіс екі сағаттың ішінде ұсталушыны устау орнының бастығына анықтаушының, тергеушініңұсталған адамға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы прокурор
санкцияландырған қаулысы келіп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушыны өзінің қаулысымен бірден босатады және прокурорға
іхабарлайды.
Ұсталған адамды ұстау орны өкімшілігінің жоғарыда керсетілген талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгіленгендей жауапты болады.
Ұсталған адамды босату кезінде соңғысына оны кім ұстағандығы, устаудың негізі, орны және уақыты, босатудың негізі мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі.
Жоғарыда керсетілген барлық негіздерді, тәртіптерді басшылыққа ала отырып қылмыстық істі қозғап тергеуші немесе анықтаушы тергеу әрекеттерін жүргізуді бастайды. Сонымен қатар, ең алдымен сезіктінің құқықтары мен бостандықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз ету мәселесін жүргізеді.
