- •Мазмұны
- •I. Тарау. Сезіктінің ұғымы және сезікті ретінде ұстаудың негіздері
- •1.2. Сезіктіні ұстаудың негіздері
- •II. Тарау. Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
- •2.1. Сезікті ретінде ұстаудың рәсімделуі
- •2.2. Сезіктіні жеке тінту тәртібі
- •2.3 Сезіктінің уақытша ұсталатын жері
- •III. Тарау. Сезіктінің құқықтары және оларды қамтамасыз ету
- •3.1. Сезіктінің құқықтары
- •3.2. Сезіктінің құқықтарын қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалаудың орны
- •Қорытынды
- •Қолданылған нормативтік құқықтық актілер тізімі
2.2. Сезіктіні жеке тінту тәртібі
Ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамда қару бар деп ұйғаруға негіз болған не ол өзінің қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайларда немесе өзге де қажетті жағдайларда көзделген ережелерді сақтай отырып, ұсталған адамға дереу жеке тінту жүргізуге құқылы3.
Тінту іс үшін маңызы
бар заттарды немесе құжаттарды табу
және алу мақсатында жүргізіледі. Тінту
жүргізуге аталған заттардың немесе
кұжаттардың
белгілі бір үй — жайда немесе өзге
орында, не нақты адамда болуы мүмкін
деп болжауға жеткізілікті деректердің
болуы негіз болып табылады. Тінту
іздестіріліп жатқан адамдарды немесе
мәйіттерді табу үшін де жүргізілуі
мүмкін.
Тінту тергеуші дәлелді қаулы бойынша жүргізеді. Тінту жүргізу туралы, сондай-ақ мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға прокурор немесе оның орынбасары санкция беруге тиіс.
Айрықша жағдайларда, іздестіріліп жатқан және алып қоюға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бұлінуі немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін болғанда тінту прокурордың санкциясынсыз, бірақ жүргізілген тінту туралы кейін жиырма төрт сағат ішінде оған хабарлау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Аталған хабарламаны алғаннан кейін прокурор жүргізілген тінтудің заңдылығын тексереді және оның заңды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады. Жүргізілген тінтудің заңсыз екені туралы шешім қабылданған жағдайда бұл әрекет іс бойынша дәлел ретінде жіберілмейді.
Тінту куәгерлердің қатысуымен, ал қажет болған жағдайда маманның және аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Тінту жүргізу басталар алдында тергеуші сезіктіге оларды жүргізу туралы қаулыны көрсетуге міндетті. Тінтуге кіріскенде тергеуші іс үшін маңызды болуы мүмкін, алынуға жататын заттар мен құжаттарды ерікті түрде беруді ұсынады. Егер олар ерікті түрде берілсе және алынуға жататын заттар мен құжаттардың жасырылғанына күмандануға негіздер болмаса, тергеуші одан әрі іздеу жүргізбеуге құқылы. Егер жабық үй -жайлар мен қоймалардың иесі оларды ерікті түрде ашудан бас тартса, тінту жүргізген кезде олар ашылуы мүмкін. Бұл ретте есік құлыптарын және басқа заттарды қажетсіз білдіруге жол берілмеуге тиіс. Тергеуші сол үй-жайда тұрып жатқан адамның немесе баска адамдардың жеке өмірінің тінту кезінде аныкталған мән - жайлардың жария етілмеуіне шаралар қолдануға міндетті. Тергеуші тінту жүргізіліп жатқан үй-жайды немесе орында тұрған адамдарға және осы үй-жайға немесе орынға келген адамдарға тінту аяқталғанға дейін ол жерден кетуге, сондай-ақ бір-бірімен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы. Тінту жүргізілген кезде тергеуші іске қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды олардың іске қатыстылығына қарамастан алынуға тиіс.
Алынатын заттар мен құжаттар куәгерлерге және қатысып отырған басқа да адамдарға көрсетіледі, буып - түйіледі және тінту жүргізілген жерде мөрмен бекітіледі және куәгерлер мен бұған қатысып отырған басқа адамдардың қол қоюымен куәләндырылады.
Ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамда қару бар деп ұйғаруға негіз болған не ол езінің қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден қүтылуға тырысқан жағдайларда немесе өзге де қажетті жағдайларда ұсталған адамға дереу жеке тінту жүргізуге құқылы.
Тергеуші тінтілетін адамның денесінен, оның киімімен және бойындағы заттардан заттар мен құжаттарды табу мақсатында жеке адамды тінтуге құқылы. Жеке адамды тінтуді тінту жүргізілетін адаммен жынысы бір адам және сол жыныстығы куәгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргізеді.
Жеке тінту арнайы қаулы шығармай және прокурордың санкциясынсыз, мынадай жағдайларда, егер:
үй-жайдағы немесе тінту жүргізіліп жатқан өзге орындағы адам іс үшін маңызы болуы мүмкін құжаттарды немесе заттарды өз бойында жасырып отыр деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса;
ол адам ұсталса немесе күзетпен қамауға алынса жүргізіледі.
Бұл жағдайда жеке адамды тінту куәгерлер жоқ болса да жүргізіледі.
Тінту жүргізетін адам хаттама жасайды. Хаттамада заттар немесе құжаттар қай жерде және қандай жағдайда табылғаны, олардың ерікті түрде берілгені немесе мәжбүрлеп алынғаны көрсетілуге тиіс. Барлық алынған заттар хаттамады саны, мөлшері, салмағы, өзіндік белгілері және мүмкіндігінше бағасы дәл көрсетіле отырып жазылуға тиіс. Егер тінту жүргізген кезде алынуға жататын заттарды немесе құжаттарды жою немесе жасыру өрекеттері жасалған болса, бұл хаттамада қолданған шаралар көрсетіле отырып жазылуға тиіс.
Тінту хаттамасының көшірмесі олар жүргізілген адамға не оның кәмелетке толған отбасы мүшесіне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй іпайдалану үйымының немесе жергілікті атқарушы органның өкіліне 1 олардан қолхат алынып тапсырылады.
Сезіктіні жеке тінту ұстау жүргізіліп, дәлелді қаулы шыққаннан кейін арнайы уақытша ұстау изоляторының ішкі тәртіп ережелеріне, «Қылмыс жасағаны үшін сезікті деп танылған тұлғалар мен айыпталушыларды қамауда ұстау туралы» заңға сәйкес сезіктінің заттарын қарау және жеке тінту жүргізу қарастырылған. Жеке тінту және сезіктінің заттарын қарау уақытша ұстау изоляторының кіргізу алдында кезекшімен жүзеге асырылады. Аталған әрекеттер қамауда ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мақсатында және сақтауға тыйым салынатын заттар мен құжаттарды алу мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тінту барысында қылмыстық жолмен табылған заттар, қылмыс құралдары және өзге де іс үшін маңызы бар заттар мен құжаттар алынуы мүмкін.
Сезіктіні жеке тінту толық және жартылай болуы мүмкін. Уақытша ұстау изоляторына кіргізуде толық тінту жүргізіледі.
Тінту куәгерлердің қатысуымен жекеленген, жылы, жақсы жарықтанған жерде жүргізіледі. Тінтуді жүргізуші және куәгерлер бір жынысты болуы тиіс. Тінтуге медицина қызметкері және өзге де мамандар қатыстырылуы мүмкін.
Тінту сезіктінің денесін, киімін және аяқ киімін қараудан тұрады. Тінтілушіге алдымен жоғарғы сырт киімін, аяқ киімін, ішкі киімін (денесіндегісінен өзге) шешу ұсынылады, содан соң қолдың және аяқтың екі бөлігі, саусақтарының арасы, терісі, құлағы, ауыз қуысы, қолтығы, хирургиялық дақтары (кесілген орны) сонымен бірге протездері қаралып, бірнеше рет тұрып отыру ұсынылады. Басындағы шаштары таралады. Пластырь жабыстырмалары, гипс және өзге де таңылған жаралары медицина қызметкерінің рұқсатымен шешіледі. Сезіктінің киімі, тігістері толық және мұқият тексеріліп қабатты — қатты орындары инемен шаншылып тексеріледі. Киімге тігілген заттар табылған жағдайда ол орындауға мата сөгіледі. Киімнің қалталары, жеңдері, шалбар, шұлық, носки сыртқы бетіне аударылады. Аяқ киімі ішкі және сыртқы сипатынан қаралады, әсіресе өкше бөлімі мұқият тексеріледі.
Камерада сақтауға рұқсат етілген заттар және кезекшіге тапсырылуға жататын заттар мұқият қаралады. Чемодан және сөмкелерді екі түптіге, ал қаптардың ішкі жасырын қалталары қарастырылады.
Сезіктіні жеке тінту және заттарын қарау барысында алынады: Қару, пышақ, алмас, білезік, табак өнімдері, сіріңке, тұтандырғыш (зажигалка), портсигар, запанки, жүзік, сырға, сағат, орден, медаль және өзге де металл заттар мен құндылықтар; шыны ыдыс, алкогольді сусындар, ойын карталар; белбеу, резеңке баулар, галстук, бау, шарф, есірткі заттар дәрі -дәрмек және медициналық тағайындалушы заттар, яғни медициналық қызметкермен камерада сақтауға рұқсат етілмейтін заттар: бұрыш, тұз және белгіленген шамадан тыс азық-түлік өнімдері, ақша және бағалы қағаздар, камерада сақтауға тиым салынған құжаттар мен жазбалар.
Сезіктіден алынған тыйым салынбаған заттар, киімдер және тағамдар сақтауға беріледі немесе уақытша ұстау изоляторының бастығының қаулысы бойынша жойылады және акт бойынша бекітіледі.
Анықтау жүргізіп жатқан тергеушінің немесе соттың келісімімен сезіктінің жеке тінту кезінде алынған ақшалары, асыл бұйымдары, киімдері, тағамдары туған туысқандарына беріледі.
Тергеуші немесе анықтаушы жеке басына тінту жүргізу туралы хаттама толтырылады. Бұл хаттамаға тінту жүргізу барысында қатысқан мамандар, куәгерлер қол қояды. Сезіктінің қол қоюдан және де басқа қарсылықтары хаттамада көрсетіледі.
Хаттама бекітілген үлгіден үш данадан құралады: біріншісі -қылмыстық іске тігіледі, екіншісі - сезіктінің жеке ісіне, үшіншісі -сезіктіден сақтауға алынған заттармен, киімдермен, құжаттармен бірге сақталады.
Жеке тінту сезіктінің қылмысқа қатысты заттарын және құжаттарын табу мақсатымен жүргізіледі және не үшін ұсталғанын түсіндіру үшін. Бұл әрекеттер басып алған жерде және полиция бөліміне жеткізілгеннен кейін де жасауға болады. Мұндай жағдай, тұлғаны тінту, бөлек қаулысыз және прокурордың санкциясыз да жүргізіледі, тек қылмыс жасағаны үшін сезік келтірген адамды ұстау рұқсат қағазымен ғана жүргізіледі. Бірақ мұндай жағдайлар тәжірбиеде көбінесе дұрыс болмай жатады.
Жеке тінту жасаған кезде және уақытша ұстау изоляторына апарған кезде бір жынысты адамдармен және куәгерлердің қатысуымен болады. Тексеруге сезіктінің киімдері, аяқ киімдері, және денесі қаралыды. Керек жағдайларда оның шешінуін сұрайды. Тінту техникалық құралдармен тез және оте мұқият жүргізілуі қажет, сезіктіні басынан аяғына дейін, бас киімінен, сыртқы киімін қоса аяқ киімге дейін жүргізеді.
