- •Мазмұны
- •I. Тарау. Сезіктінің ұғымы және сезікті ретінде ұстаудың негіздері
- •1.2. Сезіктіні ұстаудың негіздері
- •II. Тарау. Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
- •2.1. Сезікті ретінде ұстаудың рәсімделуі
- •2.2. Сезіктіні жеке тінту тәртібі
- •2.3 Сезіктінің уақытша ұсталатын жері
- •III. Тарау. Сезіктінің құқықтары және оларды қамтамасыз ету
- •3.1. Сезіктінің құқықтары
- •3.2. Сезіктінің құқықтарын қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалаудың орны
- •Қорытынды
- •Қолданылған нормативтік құқықтық актілер тізімі
II. Тарау. Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
2.1. Сезікті ретінде ұстаудың рәсімделуі
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам өмірінің қауіпсіздігін және жеке әрбір тұлғаның құқықтық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ету баса айтылған. Егер бұл тақырыпты кеңейтіп айтар болсақ кінәліні тұтқындау мен қамауға алу тек заңда көрсетілген белгіленген жағдайда ғана прокурордың немесе соттың санкциясымен жүзеге асырылады. Онсыз ешкім адамның жеке басының құқығын шектеуге құқықты емес. Мұндай жолсыздық болған жағдайда жәбірленуші өзінің кұқығын қорғап, сотқа шағымдануына әбден болады. Ал, құқық қорғау органы сезікті деген адамды прокурордың санкциясынсыз жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге қамауға алып, сөздеріне қажетті мәліметті анықтағаннан соң босатуы керек. Алайда, соңғы уақытта алдын ала тергеу кезінде сезікті адамды заңсыз ұстау мен қамауға алу жиілей түскен.
Күнделікті шығып жатқан ақпарат құралдары мен басылымдардан осындай заңсыздықтар жөніндегі көңіл қынжылтатын мақалаларды жиі оқимыз. Бұған қоса Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат орталығындағы мәліметтерге зер салсақ, азаматтардың прокуратура органдарына берілген арыз - шағымдарында негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тарту және заңсыз ұстау, бұлтартпау шарасын қолдану кезінде заңның өрескел бұзылуы туралы айтылған деректер көп кездеседі. Құқық қорғау органдары мұндай келеңсіз іс -әрекеттердің кебісін тиісті заң нормасына сай, арызданушылардың талабын қанағаттандыра отырып шешкені дұрыс-ақ.
Бұл тақырыптағы терең зерттеуді қажет ететін проблеманың бірі -қылмыстық іс жүргізудегі сезікті адамның қылмыстық іс-әрекетке қатыстылығын заңдылық тұрғыдан дұрыс анықтау дер едім. Бұл мәселенің мәнісіне тереңірек ой жүгіртсек, жеке азаматты қылмыс жасауға сезікті ретінде жауапқа тартуда адамның болашақ тағдырын шешетін, сонымен қатар қоғамдағы қылмыстық процессуалдық қатынастардың дамуында, әрбір жасалынған қылмыстың объективтік, субъективтік жағындағы факторлардың алар орны ерекше болмақ.
Қылмыстық іске тергеу жүргізу тәжірибесін зерттеген кезде сезікті тұлғаны қылмысқа тартуда оның құқықтық жағынан алар орны дұрыс анықталмаса, сезіктінің субъективтік құқықтарының кепілдігі толық сақталмау салаларына әкеп соғады. Мұндай қиындық тудыратын тұжырымдардың теориялық тұрғыдан толық ашылмауы қазір көптеген проблемаларды туғызып отыр.
Сезікті адамға алдын ала тергеу жүргізгенде оның құқықтық орнын анықтауды мынандай он түрлі теориялық және тәжірбиелік талдауға сүйенген қажет деп ойлаймын.
1. Менің ойымша, сезікті адамның процессуалдық орны құқықтық мәртебені сақтайтын белгілердің бір бөлігі ретінде сезікті адамға қатысты қылмыстық ізге түсу басталған кездегі процессте көрініс табуы керек. Жалпы алғанда сезікті адамның процеске қатысуы және қылмыстық процессуалдық құқықтық қатынасқа түсуі, сот өндірісінде дұрыс шешілетін нақты құқықтардан тұруы қажет.
Бұл құқықтағы қорғану құралдарының негізгі белгілеріне: сезікті адамның түсінігі, жалпы құқықтары мен негізгі құқықтары, заңдылық мүдделері және міндеттері, құқықтық кепілдіктері жатады.
2. Сезікті адамды тергеу барысында заңмен қатаң белгіленген шектен асып кетпеуі естен шығармау керек. Сезікті адамды ұстаған кезде немесе бұлтартпау шарасына тартқанда немқұрайлыққа жол берілмеуі тиіс. Сондай - ақ, тәжірибеде қылмыстық іске қатысты сезіктілер немесе мәртебесі анықталмағандар сезікті деп танылуы үшін заң кепілдік берген әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік алулары қажет.
3. Ендігі бір айта кететін ой, сезікті адамның процессуалдық орнын анықтағанда заңдылықты реттеудегі тепе - теңдіктің дамуы мен құқықтық міндеттердің жүйесіне назар аудару керек. Өйткені сезікті адамға қатысты процессуалдық міндеттер жүктейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 68-бабындағы құқықтар мен міндеттерді бір нормаға келтіріп, нақты реттеу аса қажет нәрсе. Бұл тұрғыда өз басым сезікті адамның процессуалдық мынадай құқықтарын:
- сезікті адамның жалпы құқықтары, оның арнайы процессуалдық мәртебесіне сезікті деп танылғанда қолданылатын құқықтар;
- арнайы құқықтары - тұлғаны процеске сезікті ретінде тарту ерекшелігі немесе өзге де ерекшеліктер бойынша;
сезікті адамның нақты бір тергеу әрекеттерінде ие болатын құқықтары,-деп дәрежелеуі дұрыс бролар еді.
4. Сезікті адамның міндеттерін дәрежелеу және қолдану негіздері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 68~бабына 9 - бөлікті қосу керек1.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің тергеуші тергеу жүргізгенде сезікті адамның жеке өмірі, жыныстық айырмашылығы мен ерекшелігі туралы ақпаратты негізсіз таратпауды міндетіне алу нормасымен толықтыру.
Сезікті адамның жауабының белгісі болып, дәлелдеу заты екенін растайтын мән - жайлар ғана кіреді. Бұл ретте сезікті адамның жауабының заттық белгісінің негізіне процессуалдық мәжбүрлеудің бір ғана түрін таңдау өрекеттері болмауы керек. Ол дәлелдеу заты болатын бірнеше әрекеттерден тұруы тиіс. Мұндай әрекеттердің қатарына, сезікті адамның қылмыстық оқиғаға байланысты әрекеттері, оған қоса алдын — ала тергеу кезіндегі әрекеттер де жатады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 119 - бабының 2 - бөлігі мынандай редакцияда: «Сезікті өзіне қарсы құрылған (сформулированного) сезікке қарсы және өзіне белгілі басқа да мән - жайлар туралы айғақ беруге құқылы», - деп жазылғаны жөн болар еді.
7. Барлық тұлғаларға, соның ішінде сезікті адамның қылмыстық процестегі заңдылық мүдделері мен құқықтық кепілдің ішінде процессуалдық нысан ерекше орын алады. Ондағы бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы - соның көрінісі. Ол қаулының процессуалдық нысаны дұрыс сақталды ма, жоқ па, соны нақты білуге негіз болады.
8. Сезіктіні ұстау жүзеге асырылған сәттен бастап прокурорға хабарлануы керек деген түсінікке, өз басым, келісе қоймаймын. Мұндай шапшаңдық прокурордың қадағалаудағы тез жүзеге асыруына мүмкіндік береді деген болжам асығыстыққа, ал асығыстық қателікке ұрындыруы ықтимал. Менің ойымша, сезіктіні ұстау жүзеге асырылған соң анықтау органына 12 сағат ішінде хабарлануы керек. Ал бұл уақытқа дейінгі ұстаудағы мезгіл заңмен анықталмаған кеңістік ретінде есептеледі. Прокурор хабарламаны қабылдағаннан кейін ғана 48 — сағаттың ішінде ұстаудың заңдылығын тексереді. Қалай десекте ұстау уақыты нақты анықталуы тиіс. Егер ұстау туралы қаулының көшірмесі өз кезегінде прокурорға тапсырылса, ол прокурордың қадағалауды нақты жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Сонымен бірге прокурор қысқа мерзімде қаулының көшірмесін алып үлгірсе, сезіктіні ұстау туралы көп ақпарат жинауға мүмкіндік туады. Сондай - ақ бұл тергеу әрекеттерінің прцессуалдық дұрыстығын тексеруге де мүмкңндік береді.
9. Менің ойымша, анықтау органы сезікті адамды ұстағанда және сезік келтіретін жағдайларды тексеру кезінде, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға кешкен кезде прокурордың тікелей жауап алуын тәжірибеге енгізу ешқандай артықшылық етпейді. Бұған қоса қылмыстык сот өндірісінде кәмелетке толмағандардан және денсаулығы нашар психикалық кемшіліктері бар адамдардан жауап алуды міндеттеу де шарт. Мұндай жауап алудың нәтижесінде прокурор сезіктіні ұстаудың негізін, ұстау қандай жағдайда жүзеге асырылғанын, ұстаудың неден туындағанын ой қорытындысынан өткізіп, сезікті адамның жауапкершілігін анықтайды.
10. «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» заңның 5 - бабында азаматты күзетте ұстаудың негізі - хаттама делінген. Бұл тергеушілердің құқығын бұзады. Хаттама бойынша сезіктіні үш күн ұстауға ғана мүмкіндік бар. Ал хаттама анықтау органы мен тергеу кезінде тергеушіге сезіктіні үш күн ұстауға негіз болып табылмайды. Сондықтан заңдылық тұрғыдан мұндай қиыспайтын мән - жайларды бір ізге түсіру де өзекті мәселе дер едім. Сезіктіні қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген негіздерде ұстау жүргізілгендігін құқықтық тәртіпте міндетті түрде рәсімделеді. Бұл рәсімделу тергеуші немесе анықтаушының шығарған дәлелді қаулысы мен хаттама толтыру арқылы жүргізіледі. Бұл хаттаманың толтырылу тәртіптері төмендегі негіздерде жазылады.
Хаттаманы тергеуші жазады, сезіктіні қылмыс жасады деп шешсе. Тергеушінің жазбаша тапсырмасы бойынша немесе полиция бастығы оралымды кезекші жасайды.
Хаттамада негіздер және себептер, күні және сағаты, жылы және айы, ұсталған жері, сезіктінің түсініктемесі, хаттама жазылған уақыты көрсетіледі. Практикада оның мазмұнына басқа да осы сияқты құжаттарға реквизиттар кіреді - хаттама жазылған жер, лауазымы, атағы және аты -жөні хаттама жазған тұлғаның, аты - жөні, жері, жылы және туған күні, жұмыс орны, лауазымы, тұратын жері сезіктінің. Одан басқа, хаттамада басқа да әрекеттер, мысалға, сезіктіні ұстау үшін қолданылған әр түрлі әрекеттер көрсетіледі: құқығын түсіндіру, қорғаушы алғысы келетіндігін1.
Хаттамада толтырған адамның және сезіктінің қолы қойылады. Соңғысы хаттамамен танысып, оған оның құқықтары және не үшін ұсталғаны түсіндіріледі, бұл жөнінде де хаттамада көрсетіледі.
Сезіктіні ұстау кезеңдері мен тәсілдері әртүрлі нысандарда жүргізілетіндігін төмендегі жағдайлар бойынша талдауымызға болады.
Бірінші жағдайда алдын ала басып алу негіздеріне байланысты құжаттар дайындалып (сезіктіні ұстау қаулы шығарылады), ішкі істер қызметкерлерінің басшылығымен алдын ала топ ұйымдастырылады. Бұл топ дайындық барысында: сезіктінің жеке басын айқындайтын мәліметтермен танысып; басып алу болады деген жерді бақылап, басып алу жоспары жасалады2.
Нақты жағдайға байланысты жедел іздестіру шараларын жүргізу арқылы, мәселен сұрау салу, тексеру жүргізілу нәтижелері бойынша сезіктіні ұстап басып алу тұрған жерде, жұмысында, көшеде жүргізіледі. Сезіктіге қаулыны көрсетіп, ұсталғаны жайында түсіндіріліп, қамауға алынады. Егер сезікті қоғамдық ортаға қауіпті екендігі айқындалса, онда оның не үшін ұсталғандығын хабарламауға болады. Бұл жағдайда сезіктіні ұстау қаулысы көрсетілмейді. Тұлғаны полиция бөлімшесіне түрлі жағдайларды қолдану арқылы, әртүрлі құқық бүзушылықтың негізін немесе қоғамдық тәртіпті бұзудың, құжаттарының дұрыс емес екендігін және тағы да басқа жағдайларды айтып алып кету керек.
Басып алудың ерекшелігі екінші жағдайда, басып алу жағдайы аяқ астынан, қоғамға қауіпті әрекеттерінің нәтижелерінен көрінсе, бұл жағдайда алдын ала ішкі істер қызметкерлерінің жоспар құрып дайындалуға, қажетті топтар құруға және құралдарды бейімдеуге мүмкіндік жоқ уақыттарда сезіктіге, оның жағдайына, қару-жарақтары бар ма, жоқ па екенін абайлап қарап, қорғану шараларына дайын болу керек.
Мұндай жағдайда жан-жақты болу қажет, сезікті қарсы шығуы немесе бірге қатысқандар болуы, қарулы қарсылықтар да болуы мүмкін. Бірлескен тұлғаларды ұстау үшін, алдын ала оралымды кезекшімен хабарласуы керек, жақын жерде орналасқан полиция қызметкерлерімен және егер болса, азаматтардың көмегін сұрауға болады. Осы әрекеттерді қолға алмаса, онда сезіктілер қашып кетуі, қарсылық көрсетуі немесе аса қауіпті әрекеттер жасауы мүмкін.
Мысалға, қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел басқару қызметкері түннің ортасында бір үйдің ішінде нашақорлар ұйымын қолға түсіреді, бір топ таныс тұлғалар, арасында бұрын сотталғандар, еш жерде жұмыс істемейтіндер. Олардың сау емес екендігін көріп тұрып, көмек көрсетуге ешкімді шақырмай, тергеу жасамақшы болды сол жерде. Қару-жарақтары болған нашақорлар капитанға қарсы шықты, айуандық жолмен ұрып - соғып, өлікті өзеннің жағалауына апарып, топыраққа көміп тастады.
Басып алу туралы және азаматты полицияға жеткізуге шешім кабылданса, алдымен көрсететін әрекеттеріне көз жүргізіп, ұстау туралы жоспар жасап алу арқылы ыңғайлы уақытты белгілеп алуы керек. Ұстау, мүмкіндік болғанша көпшілк ортада емес жерде және қалалық аялдамадан қашық жерде жүргізілуі қажет. Полиция қызметкерлері асықпай баяу, сезіктіге байқатпай, жақындап тоқтау керек екендігі туралы бұйрық беріп, өзінің ұсталғаны жайлы хабарлауы тиіс.
