- •Мазмұны
- •I. Тарау. Сезіктінің ұғымы және сезікті ретінде ұстаудың негіздері
- •1.2. Сезіктіні ұстаудың негіздері
- •II. Тарау. Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
- •2.1. Сезікті ретінде ұстаудың рәсімделуі
- •2.2. Сезіктіні жеке тінту тәртібі
- •2.3 Сезіктінің уақытша ұсталатын жері
- •III. Тарау. Сезіктінің құқықтары және оларды қамтамасыз ету
- •3.1. Сезіктінің құқықтары
- •3.2. Сезіктінің құқықтарын қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалаудың орны
- •Қорытынды
- •Қолданылған нормативтік құқықтық актілер тізімі
1.2. Сезіктіні ұстаудың негіздері
Сезіктіні ұстау тәртібінің заңдылығы 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 4 - бөлімі 17 - тарауында нақты айтылған.
Қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды ұстау - оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын іс жүргізулік мәжбүрлеу шарасы2.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132 - бабы бойынша көрсетілгендей, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган мына негіздердің бірі болған жағдайда:
1) ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталғанда;
2) көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамды тура көрсетсе;
3) ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылған кезде;
4) жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірген адамды ұстауға құқылы.
Адамның қылмыс жасағандығына сезіктенуге негіз беретін өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жері болмаған, немесе сезіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады.
Ал кейбір заңи әдебиеттердегі көзқарастар мен негіздерге зер салар болсақ. Сезіктіні ұстау қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды қысқа мерзімді қамауға алудан тұратын қылмыстық іс жүргізу шарасы ретінде сипатталады.
Заң әдебиеттерінде сезіктіні ұстаудың негізгі мәні жайында өзге де көзқарастар кездеседі. Олардың бірі: сезіктіні ұстау — адамды бостандығынан қысқа мерзімге айыратын және дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттерінен тұратын іс жүргізушілік мәжбүрлеу шарасы3. Мұндай түсініктеме бірқатар келіспеушіліктерді туғызады.
Сезіктіні ұстау — тергеу әрекеті деген көзқарас оның қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыс оқиғасы орнын қарау, тінту, алу, беттестіру, сұрау алу секілді қылмыс іздерін анықтау және бекітуге бағытталған негізгі тергеу әрекеттерінің қатарына қосылуына байланысты негізделеді. Дегенмен, Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген аталған әрекеттердің жүргізілуі тәртібіне талдау жасай отырып, олардың ерекшелігін байқауға болады.
Қарау, тінту, алу, беттестіру және жауап алу өзінің заңи құрылымы бойынша қылмыстық мән — жайы туралы дәлелдемелер алуға бағытталса, сезіктіні ұстау қылмыстық іс жүргізудегі бұлтартпау (немесе мәжбүрлеу) шарасы болып табылады. Бұл жағдай, әсіресе, «Қылмыс жасаған деп сезік келтірілген немесе айыпталушы тұлғаларды қарауылмен ұстау» заңның мәтінінен жақсы байқалады. Ұстау дәлелдеме жинаудың әдісі ретінде сипатталуы үшін, онда қылмыстық іс - жүргізу заңымен бекітілген тергеушімен жүргізілетін іздеу, тану және бекіту әрекеттері жүргізу арқылы іздердің белгілі бір ерекшеліктеріне сәйкес іздеу, алу және ондағы дәлелдемелік ақпаратты бекітуге бейімделген әрекеттерден тұруы тиіс»1. Дегенмен, ұстау өздігінен іздеу, тану, бекіту әрекеттерін қамтымайды.
Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тұлғаны қылмыс жасады деп ойласа, оны жақын маңдағы орналасқан қызмет бөліміне апарады не болғаны жайында қылмыстық — процессуалдық сұрақтарды шешу үшін2.
Қылмыс болған жерде тергеу көп жағдайларда дұрыс болмайды. Техникалық құралдардың жоқтығынан сол жерден ақпарат алу үшін картотекадан, тез талдау (анализ) жүргізу үшін және басқа да тексеру әрекеттерін жасауға тиімді емес. Одан басқа сезікті деген немесе басқа да адамдарды пайдалана отырып өкімет басшыларына қарсы тексеру акцияларын жүргізілуі мүмкін..
Тұлғаны полиция қызмет бөлімшесіне орналастыру мына әрекеттерден тұрады: жеткізілу негіздерін анықтау; тұлғаны қызмет бөлімшесіне жеткізу.
Осы әрекеттерді жасаған уақытта Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлері өте жинақы, сақ, шешім қабылдағыш, шыдамдылық, уақиғаны тез түсініп және қатаң түрде заңда бекітілген тәртіптер мен негіздерді басшылыққа алып жұмыс жүргізуі тиіс.
Жеткізілу негіздерін анықтағаннан кейін, тұлғаның қылмыс жасағанына көз жеткеннен кейін оны басып алады. Бұл жерде әр - түрлі жағдайлар кездеседі:
егер, нақты тұлғаны қылмыс жасағаны үшін, қылмыстық істің талдау нәтижесінен немесе басқа да ақпараттардан көріп ұстаса;
аяқ асты табылған қоғамға қауіпті әрекеттерден көрінсе.
Жәбірленушінің, сондай - ақ өзге де кез келген азаматтың жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігінің жолын кесу мақсатымен қылмыс жасаған адамды ұстауға құқығы бар.Ұсталған адамға ол қарсылық көрсеткен кезде дене күші мен басқа да құралдар қолданыла алады. Егер ұсталған адамда қару немесе езге де қауіпті заттар немесе қылмыстық іс үшін мәні бар заттар бар деп ұйғаруға негіз болса, оны ұстаған азамат ұсталушының киімін тексеруге және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет органдарына беру үшін ондағы заттарды алуға құқылы.
Егер ұстаған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде қамауға алуды қолдану туралы прокурор санкцияландырған қаулы келіп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушының өзінің қаулысымен бірден босатады және ол туралы іс жүргізіп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды. Ұстау орнының бастығы бұл талапты орындамаған жағдайда заңмен бегіленгендей жауапты болады. Яғни жетпіс екі сағат ішінде сезіктіге қатысты қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қамауға алу жөніндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатуға жатады екен. Ұсталған адамды босату кезінде оған оны кім ұстағандығы, ұстаудың негізі, орны және уақыты, босатудың негізі мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі.
«Қылмыс жасады деп сезік келтірген адамды ұстау тәртібі» деп аталатын бапқа тоқтала кетелік. Ұсталған адамды анықтау не тергеу органына әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы ұстаудың негіздері мен дәлелдері, жері мен уақыты (сағаты, минутын көрсете отырып), жеке тінтудің нәтижелері, сондай — ақ хаттама жасалған уақыт көрсетілген хаттама жасайды. Хаттамамен ұсталған адамды таныстырады, бұл ретте оған Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68 - бабында көзделген сезік келтірген адамның құқықтары, соның ішінде оның қорғаушы шақыру және оның қатысуымен жауап беру құқығы түсіндіріліп, бұлар хаттамада көрсетіледі. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған адам қол қояды. Анықтаушы мен тергеуші ұстау хаттамасы жасалған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде прокурорға ұстау туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
Енді әлгінде айтқан осы Кодекстің 68 - бабының кейбір боліктеріне тоқтала кеткеннің артықтығы жоқ деп ойлаймыз. Айталық, оның 2 – ші бөлігінде сезікті ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейін бұлтартпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей, өзі таңдаған немесе қорғаушымен тағайындалған алғашқы жауап алғанға дейін оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етіле отырып, жауап алуына тиіс екендігі айтылған. Ұсталған сезікті алғашқы жауап алу аяқталғаннан кейін телефон арқылы немесе өзге де тәсілмен дереу өзінің тұрған жеріне немесе жұмыс орнына өзінің ұсталғандығы және ұсталып отырған жері туралы хабарлауға құқылы. Ал анықтаушы мен тергеуші өз кезегінде, аталған Кодекстің 138 — бабына сөйкес, он екі сағаттың ішінде оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуіне, ал олар болмаған жағдайларда - басқа туыстарына немесе жақын адамдарына сезіктінің ұсталғандығы және оның қай жерде екендігі туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкіндігін сезіктінің немесе айыпталушының өзіне беруге міндетті.
Осы баптың 3-ші бөлігіне орай істің ерекше сипаты талап ететін айрықша жағдайлар кезінде тергеудің бастапқы кезеңінің құпиясын сақтауды тиісінше қамтамасыз ету мақсатында прокурордың, оның орынбасарының санкциясымен көрсетілген адамдарға хабарлау, сезікті кәмелетке толмаған болып табылған жағдайды қоспағанда, ұстау кезінен жетпіс екі сағат бойы жүргізілуі мүмкін. Демек құқық қорғау органдарының сезіктіні ұстағаны жөнінде көрсетілген уақытқа дейін хабарламай тұра тұруына құқықтары бар.
Сезіктінің құқығы туралы айтылған 68 - баптың 3 - ші бөлігінде былай делінген: «Қылмыстық ізге түсу органның:
1) ұсталған адамды - жетпіс екі сағаттан артық;
2) жолын кесу шарасы қолданылған адамды — сезіктіге бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы жарияланған сәттен бастап он тәуліктен артық сезікті адам жағдайында ұстауға құқығы жоқ». Сезіктінің қылмыстық іс жүргізу құқығында бекітілген мынадай құқықтарға ие бола алады. Сезікті үшін күдік келтіргенін білуге және өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы қаулының көшірмесін не ұстау хаттамасының немесе бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға; өзіне қарсы күдікке байланысты түсініктеме мен жауап беруге, түсініктеме мен жауап беруден бас тартуға; дәлел ұсынуға; өтініш пен қарсылық мәлімдеуге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге; аудармашының ақысыз көмегін пайдалануға; өзінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескерту беруге; тергеуші немесе анықтаушының рұқсатымен оның өтініші немесе қоғаушының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс- әрекеті мен шешіміне шағым беруге; оның өтініші бойынша қорғаушының қатысуымен жауап алынушы болуға құқылы.
Сезікті деп ұсталған азаматтардың өз құқығын білмеуі немесе одан мүлдем бейхабар болуы кей жағдайларда анықтау мен тергеу органдары тарапынан заңсыздықтарға әкеп соқтыратындығы өмірде аз кездеспейді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығында бекітілген негіздер бойынша егер ол қылмыс жасағаны үшін сезікті деп танылса, ұсталған тұлғаның қылмысқа қатысы барын анықтау және оған алдын ала кесу шарасын қолдану негізінде жүргізіледі.
Сезіктіні ұстаудың мақсатына анықтама беруге кей авторлар басқаша көптеген толықтырулар келтіріп жатады. Мысалға, А.И. Трусов, ұстаудың мақсатына,ұсталған тұлғаның қылмысқа қатысы барын анықтау және оған алдын ала кесу шарасын қолданып қамауға алудан басқа, тағы да оның жеке басын анықтауды қосады1. В.С. Чистякова - сезіктіге қылмысты жалғастыруына, тергеуден және соттан қашуына, шындықты ашуға қарсы әрекеттерді қосады.
Мұндай көзқарастар, біздің ойымызша, онша дұрыс емес. Тұлғаның жеке басымен танысу, ұсталған тұлғаның қылмысқа қатысы барын ашудың құрамы сияқты және соттан қашуына, шындықты ашуға қарсы әрекеттер, бұл дәлірек айтқанда ұстаудың есебі сияқты, мұндай ойларды ұстаудың әдісіне жатқызамыз.
Құқық қорғау тәжірибесінде сезіктіні ұстау мақсатына басқаша да пікірлер бар, күнделікті өмірде көрсетілгендей, мысалға сезіктіні ұстау мақсаты - одан жауап алу, қылмыс жасағаны үшін мойындату, көмектесуге қарсы болу деп түсінеді.
