Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
412.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
289.28 Кб
Скачать

I. Тарау. Сезіктінің ұғымы және сезікті ретінде ұстаудың негіздері

1.1. Сезіктінің ұғымы

Сезіктінің процессуалдық тұлғасы қылмыстық сот ісін жүргізуде анағұрлым күрделі болып табылады.

Сезікті дегеніміз, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68 бабында көрсетілген, ол — тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілген хабарлап, өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. Яғни: 1) оған қатысты іс қозғалған; 2) қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамды; 3) айыптау табыс етілгенге дейін бұлтартпау шаралары қолданылатын адамды білдіреді. Сонымен бірге сезікті дегеніміз — қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының бірден - бір қатысушы, оның мәртебесі — адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарудың салдарынан емес, осы адамға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану нәтижесінде немесе қылмыс жасады деп күдіктенуге байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау нәтижесінде белгіленеді.

Сезіктінің процесте пайда болуының заң белгілеген негіздері оның әрбір қылмысгық іс тікелей қозғалған сәттен бастап қатысуын жоққа шығарады. Сонымен бірге нақты адамға қатысты қылмыстық істің қозғалуы оны, сөз жоқ, сезіктінің жағдайына қояды1.

Сезіктінің процессуалдық жағдайы істе жеке мүддесінің болуына байланысты. Бұл орайда адамдардың жеке және заңды мүдделері барлық уақытта бірдей сәйкес келе бермейді. Сезікті - өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың тізбесін ашатын маңызды процессу алдық тұлғалардың бірі. Сезіктінің мүдделерін қорғаудың іс жүргізушілік нысандары әр қилы.

Айыптау табыс етілгенге дейін сезіктіні ұстау жүзеге асырылған немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану кезінде ол қорғаушымен қамтамасыз етілуге тиіс, әрі алғашқы жауап алу жүргізілгенге дейін қорғаушымен оңаша және құпия түрде кездесуге құқығы болуға тиіс. Қорғаушының болмауы ұсталған адамға қандай да бір айғақ бермеуге мүмкіндік береді. Қорғаушының болуы ұсталған адамға алғашқы жауап өткізілгенге дейін-ақ өзі үшін анағұрлым тиімді бағыт ұстануына мүмкіндік береді.

Алғашқы жауап алғаннан кейін сезікті мүмкін болатын тәсілмен (телефон арқылы, басқа да белгілі бір байланыс арналары бойынша) өзінің ұсталғандығы және тұрғылықты орны туралы хабарлауға құқылы.

Сезіктінің жағдайы ұстаудың шекті мерзімі — жетпіс екі сағатты сақтау туралы заң талабымен күшейе түседі. Сезіктіге бұлтартпау шараларын қолданған жағдайларда адам сезікті жағдайында он тәуліктен астам бола алмайды. Аталған мерзімдердің аяқталуы төмендегі шаралардың бірін қолдануды талап етеді:

сезіктіні қамаудан босату;

таңдап алынған бұлтартпау шараларын жоққа шығару;

адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту.

Сезіктінің процессуалдық мәніне қатысты ғылымда оны іс жүргізушілікті реттеудің аяқталмағандығы және қарама-қайшылығы сияқты фактіні танудан басқа біріңғай пікір жоқ. Төмендегідей екі түрлі көзқарас анағұрлым кең тараған.

1. Бірінші көзқарасқа сәйкес айыптау табыс етілгенге дейін ұсталған немесе бұлтартпау шаралары таңдап алынған адам емес, сондай-ақ іс жүргізушілік мәжбірлеудің кез келген шаралары (тінту, почта-телеграф хат-хабарларына тыйым салу, айдап жеткізу және т.б.) қолданылатын адам, не сезікті ретінде жауапқа шақырылған адам сезікті деп танылады. Сезіктінің процессуалдық жағдайын осылайша түсінуді жақтаушылар (С.Бекешко, Э. Боровский, Е.А. Матвиенко) бұрын қолданылып келген Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нұсқауларын жалған түсінудің жолына түсті, бұрынғы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде адамды сезікті деп тану үшін негізсіз кең ауқымды түсінік береді. Атап айтқанда, С. Бекешко сезікті дегеніміз - «қылмыстың жасалуына ықтимал кінәлі, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты іс жүргізушілік мәжбірлеу шараларын қолдану жолымен процесске тартылған немесе сезікті ретінде жауап беруге шақырылған адам» деп атап көрсетеді .

Егер мұндай көзқарас бұрын қолданылып келген қылмыстық іс жүргізу заңдарын қате түсіндіруді білдірсе және қабылдау мүмкін болмаса, онда екінші көзқарас «процесске қатысушылардың» категориясын теориялық — құқықтық талдауға байланысты және оның бойында қаралып отырған проблемаға доктриналық көзқарастың элементтері бар2. 2. В. М. Савицкий және Л.Д. Кокорев бастаған бір топ ғалымдар сезікті ретінде қылмыстық іс қозғалған кез келген адамды тануды ұсынады.

Идея назар аударуға және қылмыстық іс жүргізу заңдарына қабылдауға тұрады, өйткені:

- айып тағылғанға дейін қылмыстық іс қозғалған адам (ұстау орын алмаған жағдайда) бұрынғы қылмыстық іс жүргізу кодексінде ешбір белгіленбеген, яки оның құқықтық мәртебесі айқындалмаған (басқаша айтқанда құқыктары мен міндеттері жоқ); адам заң құкыктары белгіленген мен міндеттерінің жиынтығы нәтижесінде ғана құқықтық қатынастардың қатысушысы бола алатын белгілі, ал олардың болмауы тергеу мүдделі болып отырған адамға қатысты қылмыстық ізге түсуді бастау іс жүзінде мүмкін еместігін білдіреді; - мұндай адамның құқықтық мәртебесінің белгісіздігі жағдайында Қазақстан Республикасының Конституциясы және өзге де заңдары белгілеген азаматтардың заңды мүдделері мен құықтарын бұзуға жәрдемдесетін жағдай туындайды. Сонымен, қылмыс жасауы ықтимал адамнан іс жүзінде айып тағылғанға дейін куәгерден жауап алу ережелері бойынша жауап алынады1, мұның өзі оның ақиқат айғақ беру міндетін білдіреді, керісінше жағдайда қасақана жалған айғақтар бергені үшін заң бойынша қылмыстық жауапкершілік туындауы тиіс. Егер кейін осы адамға айып тағылса, онда жауап беру оның құқығына айналады. Бұл жерде іс жүргізу құқығының ішкі қисынын дөрекі түрде бұзу басталады. Мәселе мынада, құқықтарды іске асырмау мен міндетерді орындаудың салдары әр түрлі тәртіптегі құбылыстар. Алғашқы жағдайда процессуалдық перспектива өзгереді, ал екінші жағдайда іс жүргізушілік және материалдық санкциялар қолданылуы мүмкін; - қылмыстық іс қозғалған адамды терминология тұрғысынан айқындау процессуалдық құқықтық қатынастарға қатысушы ретінде оның құқықтыры мен міндеттерін белгілеу қажеттігін заң шығарушының алдына қояды.

Қылмыстық іс қозғаған адамды терминологиялық тұрғыдан өзгеше белгілеу ұсынысы әдебиетте кездеседі. Мәселен, М. П. Шешуков мұндай,. адамды «күдік тағылған адам» деп атауды ұсынады3. Осы арқылы сотқа дейінгі кезеңдерде прцессуалдық мағынадағы белгілі бір жеке тұлға мынадай түрде езгеріске түсуі мүмкін: қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап ол күдік тағылған болып саналады, айып тағылғаннан кейін айыпталушы болады. Күдік тағылған сезіктіге айналмайды. М. П. Шешуков ұсынысының тартымдылығына қарамастан оның кемшілігі де бар. Терминдердің фонетикалық үндестігі әр түрлі процессуалдық тұлғалардың мәртебелерінің айырмашылықтарын белгілеуде елеулі қиындықтар туындайды.

Осы айтылғандар В.М. Савицкийдің және оның ізбасарларының көзқарасы бойынша сезіктінің және қылмыстық іс қозғалған адамның процессуалдық жағдайлары теңдестіріледі.

Жоғарыда айтылған көзқарастарды талдай отырып, осы уақытқа дейінгі қолданып келген қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша сезіктінің прцессуалдық құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері мынадай:

1) қылмыстық — прцессуалдық қатынастардың қатысушысы ретінде сезікті мынадай жағдайлар болғанда ғана пайда болады:

а) қылмыстық іс жүргізу кодексінің 109 — бабының тәртібімен адамды ұстауды жүргізу;

ә) қылмыстық іс жүргізу кодексінің 65 - бабының тәртібімен айыптау тағылғанға дейін бұлтартпау шараларын таңдау;

2) адам сезікті жағдайында қатаң түрде шектелген мерзімде болуы мүмкін:

а) 72 сағатқа дейін — ұсталған сәтінен бастап күзетпен қамауға алынғанға не босатылғанға дейін;

ә) он тәулікке дейін — күзетпен қамауға алынған сәттен бастап айып тағылғанға дейін;

3) сезіктіге заңда көзделген кез келген бұлтартпау шаралары таңдап алынуы мүмкін;

4) сезікті елеулі құқықтары бар процестің белсенді қатысушысы болып табылса.

Мынаны есте ұстау керек. Адамның сезікті ретінде болуының мерзімі 10 тәулік деп белгіленген. Сонымен бірге Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 65 және 109 - баптарының тікелей мағынасынан адамның сезікті ретінде болуының мерзімі отыз тәулікке тең деген ұғым туындайды. Тап осы мағына Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 380 - бабының 7 - тармағында қаланған, онда былай деп жазылған, үкімді шығарған кезде оның қорытынды бөлігінде егер үкімнің қаулысына дейін сотталған адам қамауда болса, алдын ала қамауда ұстау мерзімі есепке алынады.

Заңның адамның қамауда болуына ерекше назар аударуы, түсінуге де мүмкіндік береді. Бұл орайда ұстаудың мәні (азаматтың заңды құқықтарын шектеу) және адамды қамауға алу сәйкес келіп тұр. Сондықтан, бостандықтан іс жүзінде шектеу отырғызу мерзімін белгілеген кезде негізге алынады. Осыған байланысты М. С. Строгович әділетті түрде былай деп атап өтті: «Сезікті ұсталған уақыт бұлтартпау шаралары болып табылатын қамауға алынған мерзімге есептелуге тиіс деп тану қажет, олай болса адам айыпталушы ретінде жауапқа тартылғанға дейін бар болғаны әрі кеткенде 10 тәулік қамауда болуы мүмкін»1.

Сезіктінің құқықтары жекелеген ерекшеліктерді есептемегенде айыпталушының құқықтарына сәйкес келеді (Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 22 - бабы). Сезікті:

- қандай қылмыс жасағанына байланысты өзіне күдік таңылғандығын білуге;

- дәлелдер келтіруге;

- қалау - тілектерін мәлімдеуге және анықтаушының, тергеушінің, прокурордың іс - қимылы мен шешімдеріне шағымдар айтуына;

- ана тілінде әңгімелесуге және аудармашының қызметтерін пайдалануға;

- анықтаушыға, тергеушіге, аудармашыға, сарапшыға, маманға қарсылық білдіруін мәлімдеуге;

- жекелеген тергеу іс - қимылын жүргізуге қатысуға;

- өзіне ұстау хаттамасын немесе күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулыны жариялаған сәттен бастап қорғаушы көмегін пайдалануға құқығы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]