- •Мазмұны
- •I. Тарау. Сезіктінің ұғымы және сезікті ретінде ұстаудың негіздері
- •1.2. Сезіктіні ұстаудың негіздері
- •II. Тарау. Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
- •2.1. Сезікті ретінде ұстаудың рәсімделуі
- •2.2. Сезіктіні жеке тінту тәртібі
- •2.3 Сезіктінің уақытша ұсталатын жері
- •III. Тарау. Сезіктінің құқықтары және оларды қамтамасыз ету
- •3.1. Сезіктінің құқықтары
- •3.2. Сезіктінің құқықтарын қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалаудың орны
- •Қорытынды
- •Қолданылған нормативтік құқықтық актілер тізімі
Мазмұны
Кіріспе 1
I. Тарау. Сезіктінің ұғымы және сезікті ретінде ұстаудың негіздері 3
1.1. Сезіктінің ұғымы 3
1.2. Сезіктіні ұстаудың негіздері 4
II. Тарау. Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі 7
2.1. Сезікті ретінде ұстаудың рәсімделуі 7
2.2. Сезіктіні жеке тінту тәртібі 9
2.3 Сезіктінің уақытша ұсталатын жері 11
III. Тарау. Сезіктінің құқықтары және оларды қамтамасыз ету 12
3.1. Сезіктінің құқықтары 12
3.2. Сезіктінің құқықтарын қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалаудың орны 15
Қорытынды 17
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер тізімі 19
Кіріспе
Қылмыстық іс жүргізу құқығының субьектілерінің бірі - сезікті болып табылады. Сезікті қылмыстық іс әрекетті жасады деп күдік тудырған, күмән келтірген жеке тұлға. Осы сезіктінің қылмыстық іс жүргізудегі құқықтық жағдайларының негізі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінде тікелей бекітілген. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізудегі өте маңызды субьекті болып танылады. Сезіктінің қылмыстық іс бойынша заңда көрсетілген негіздерде құқықтық реттеу өте маңызды болып саналады. Бұл жердегі басты мәселе сезіктіні ұстау сәтінен басталады. Соның ішінде, құқықтық құрал арасында, заңда көрсетілген құқық қорғау органдарының қылмыстық сот ісін жүргізудегі жұмыстарының ішіндегі - сезіктіні ұстау үлкен орын алады. Бұл тиімді шара, сезіктінің қылмысқа қатысы бар ма және оған жаза ретінде қамауға алатындығын көрсететін өте маңызды жағдай. Сезіктіні уақытында ұстау оған алдын ала тергеуден қашуын және қылмыстық істің шындығын ашуға қарсы келуінен, қылмысты әрі қарай жалғастыруын тоқтатуына себеп болады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген тәртіптер мен негіздерді сақтай отырып сезіктінің конституциялық құқықтарымен бостандықтарын заңды түрде рәсімдеу басты мәселе болып саналады. Бұл жердегі сезіктіні ұстау тікелей жеке адамның құқығына қол сұғушылыққа жатады, осыған байланысты бұл шара өте қатаң түрде тексеріледі. «Жалпы Адам құқығы» Халықаралық декларациясында «ешкім қамауға, ұстауға немесе қуылуға алына алмайды», - деп айтылған1.
Бұл қылмыстық әрекет бойынша ең алдымен сезікті деп тану мәселесін жан-жақты қарастырып заңда көрсетілген тәртіптерде прокурордан санкцияны алу негіздері мен дәлелді қаулы шығару кезеңінен басталады. Осы сәттен бастап қылмыстық іс бойынша іс қозғалып тергеу әрекеттерінің процессі жүргізіледі. Сезікті деп тану қаулысынан бастап сезіктінің қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген құқықтар мен міндеттерді қатаң түрде сақтау басшылыққа алынады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты қылмыстық іс бойынша сезіктінің құқықтық мәртебесін жан-жақты, заңды тәртіптер мен негіздерде реттелуін талқылау болып танылады. Осындай мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың мазмұнын қылмыстық істер жүргізу субъектілері мен іске қатысушылардың қылмыстық іс бойынша заңдарда бекітілген құқықтары мен міндеттері ашып көрсетуден бастауды негіз етіп отырмын. Сондықтан да сезікті қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің екінші топ субъектілеріне, яғни қылмыстық іс бойынша өз мүддесін қорғап түсуші тұлғалардың бірі болып танылады. Осының әсерінен құқық қорғау органы заңда бекітілген сезіктіні ұстау процедурасын құқықтық тәртіптер мен негіздерде ұстауды іс бойынша субъектінің маңыздылығын айқындайды. Осындай ұстау процедурасын заңды түрде жүргізілу тәртіптерін, негіздерін прокурордың берген санкциясы негізінде бекітіледі, ал кейбір жағдайда кезек күттірмейтін мән-жағдайлар бойынша прокурордың тиісті санкциясынсыз сезіктіні ұстау орын алады. Дегенмен, бұндай процедура жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей прокурорға хабарлануы тиіс. Осындай тәжірибе барысында туындайтын бірнеше келеңсіз оқиғаларды болдырмас үшін және олардың заңды түрде жүргізілуі үшін сезіктіні ұстау тәртіптері жан-жақты қарау негізінде қарастырылады.
Теоретикалық талдауда және тәжірибелік қолдануда ұстау нормасын саралау барысында бірнеше қарама-қайшылықтар туындайды. Сезіктіні ұстау мен тұлғаны ұстау екі үлкен мағынаны білдіреді. Себебі, сезіктіні ұстау оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылытын іс жүргізудегі мәжбүрлеу шарасы. Бұндай ұстау негіздері қылмыстық істер жүргізу кодексінің 132-бабының 2-ші тармағында көрсетілген жағдайларды жүргізіледі. Сонымен қатар сезіктінің тұрақты жері болмағанда және сезіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ұсталады. Бұл кезеңде, заңды түрде іске қатысушы сезікті ретінде құқықтық дәлелді қаулы толық қабылданбаған. Сондықтан да, алдымен тұлғаны ұстау жүргізіліп құқықтық негізде дәлелденгеннен кейін сезіктіні ұстау ретінде қарастырылады.
«Қылмыс жасады деп сезік келтірген адамды ұстау тәртібі» деп аталатын бапқа тоқтала кетелік. Ұсталған адамды анықтау не тергеу органына әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы ұстаудың негіздері мен дәлелдері, жері мен уақыты (сағаты, минутын көрсете отырып), жеке тінтудің нәтижелері, сондай-ақ хаттама жасалған уақыт көрсетілген хаттама жасайды. Хаттамамен ұсталған адамды таныстырады, бұл ретте оған Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68 — бабында көзделген сезік келтірген адамның құқықтары, соның ішінде оның қорғаушы шақыру және оның қатысуымен жауап беру құқығы түсіндіріліп, бұлар хаттамада көрсетіледі. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған адам қол қояды.
Жоғарыда көрсетілген негіздер мен алдыма қойған мақсаттарды жан-жақты ашып көрсету үшін бұл жұмыстың мазмұнын үш тараудан құрастырдым. Соның бірінші тарауында сезіктінің ұғымын, оны ұстаудың негіздерін заңды түрде тәртіптерін айқындап ашып, екінші тарауында сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық құқықтық тәртібі мен негіздерінің реттелуін, оның ішінде ұсталудың рәсімделуі мен жеке тінту тәртібі қарастырылады. Сонымен қатар, сезіктінің уақытша ұсталатын жерінің заңда көрсетілген тәртіптерінің негіздері айқындалады. Үшінші тарауында сезіктінің құқықтары мен міндеттерінің қорғалу кепілдігі көрсетіледі.
Мен бұл жұмысымды жазу барысында көптеген ғалымдардың еңбектері мен мақалаларын пайдалана отырып, қазіргі таңдағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алдым. Мәселен, Б.Қ. Төлеубекованың, В.И.Силвесторовтың, Н.А.Власованың, еңбегін және көптеген заңгер ғалымдардың еңбектерін, мақалаларын пайдаландым.
