- •1 Дәріс Әлеуметтану ғылым ретінде
- •Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 2010
- •Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 2010
- •1. Қалалардың, қала тұрғындарының өсуiнiң әлеуметтiк процесi, олардың қоғам дамуындағы ролiнiң артуы былай аталады:
- •2.Ашық қоғамды анықтаңыз
- •3. Қоғам дегенiмiз -
- •Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 2010
- •Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 1992
- •12 Дәріс Жастар әлеуметтануы
- •Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 1992
1. Қалалардың, қала тұрғындарының өсуiнiң әлеуметтiк процесi, олардың қоғам дамуындағы ролiнiң артуы былай аталады:
А)Урбанизация
В)Централизация
С)Миграция
Д)Дифференциация
Е)Стратификация
2.Ашық қоғамды анықтаңыз
А)Таптық қоғам
В)Құлиеленушілік қоғам
С)Касталық құрылыс
Д)Феодалдық қоғам
Е)Алғашқы қауымдық құрылыс
3. Қоғам дегенiмiз -
А)Қоғам – өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында адамдардың тарихи формаларымен бiрiккен, өзара байланыстары мен өзара әрекеттерi туындайтын адамдар жиынтығын айтады
В)Қоғам – бiр аймақты мекендеген, бiр тiлде сөйлейтiн адамдардың үлкен тобы
С)Қоғам – бiр елде өмiр сүретiн адамдардың жиынтығы
Д)Қоғам – жалпы ортақ мүддемен бiрiккен адамдар жиынтығы
Е)Екi немесе көп адамдардың бiрiгуi қоғамды құрайды
4.О.Конт бойынша қоғамды құрушы бiрлiк:
А)Жанұя
В)Ұлт
С)Жеке адам
Д)Мемлекет
Е)Әлеуметтiк топ
5.Қоғамдық формация теориясының авторы?
А) К.Маркс
В) М.Вебер
С) В.Ленин
D) О.Конт
Е) Э.Дюркгейм
6. Протестанттық этика және капитализм рухы еңбегінің авторы
А) М.Вебер
В) Г.Спенсер
С) Э.Дюркгеим
Д) О.Конт
Е) А.Смит
7. Европа мен Америкадағы поляк шаруасының жағдайы еңбегінің авторлары
А) У.Томос, Ф.Знанецкий
В) Ф.Энгельс, К.Маркс
С) Л.Феиербах, И.Кант
Д) Т.Парсонс, Р.Мерто
Е) Дж.Мид Ч.Кули
8. Қоғам жүйе ретінде неден тұрады?
А) бір-бірімен байланысқан шағын жүйелерден
В) ұйымдардан
С) қарым-қатынастан
D) құрамдардан
Е) адамдар интеграциясынан
9.Д.Белл бойынша қоғамның даму сатылары
Индустриалдыққа дейін, индустриалдық, постиндустриалдық
Индутриалдық, аграрлық, постиндустриалдық
Таптық, аграрлық, феодалдық
Феодалдық, таптық, капиталистік
Құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік
10.Кез-келген қозғалыстар мен өзгерістер, ол:
A) әлеуметтік процесс
B) табиғи дамудың белгісі
C) элеуметтік дамудың көрінісі
D) тіршіліктің бейнесі
E) жаңа әлеуметгік құрылымның қалыптасуы
11.Құрылымдық функционализм теориясы және әдiстемесiн жетiлдiрген
A) Т.Парсонс, Р.Мертон
B) В.Дильтей, Г.Зиммель
C) К.Маркс, Ф.Энгельс
D) О.Конт, Э.Дюркгейм
E) З.Фрейд, А.Адлер
12. Берiлген әлеуметтiк жүйеде адамдардың әлеуметтiк мәртебесiн көрсететiн, күтiлетiн тәртiп моделi
A) ролдiк күту
B) әлеуметтiк орта
C) әлеуметтiк байланыстар
D) әлеуметтiк қатынастар
E) әлеуметтiк позиция (мәртебе)
13. Әлеуметтік жүйе
А) Негізгі элементі индивид, өздігінен дамитын өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық
В)Қоғамның әлеуметтік құрылымы
С) Қарапайым қоғамдық жүйелер
Д) Ұйымдастырушы жүйелер
Е) Қоғамның негізін құрайтын элемент
14.Қоғам дамуының үш: теологиялық, метафизикалық, позитивтік сатысын көрсеткен:
А) О. Конт
В) Ш. Монтескье
С) Г. Спенсер
Д) М. Вебер
Е) Э. Дюркгейм
15. Қоғам дамуының бүкіл саласына түбірімен сапалы да терең төңкеріс жасау және жаңа саяси-экономикалық құрылым орнату, ол:
А) әлеуметтік революция
В) әлеуметтік даму
С) түбегейлі өзгеріс
Д) әлеуметтік өзгеріс
Е) әлеуметтік реформа
7 – дәріс. Әлеуметтік топтар, ұйымдар және институттар
Әдебиеттер:
Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 2010
Радугин А.А., Радугин К.А. Социология .- М., 1998
Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері. Оқулық. А., 2004
Кравченко А.И. Социология. Хрестоматия. М., 2002
Жоспар:
1.Әлеуметтік топ ұғымы.
2.Әлеуметтік топтардың түрлері.
3.Алғашқы және екінші топтар, референттік топтар және басқалар.
4.Топтық динамика.
5.Топтың көлемінің әлеумет тік өзара әрекеттесуге әсері.
Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып табылады.
Әлеуметтік қауымдастық - салыстырмалы тұтастығымен ерекшеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы. Әлеуметтік қауымдастықтарды зерделегенде бірқатар сәттерді ескерген жөн. Біріншіден, әлеуметтік қауымдастықтар ғалымдар жіктеп бөлетін ойша құрылған абстракциялар емес. Олардың өмір сүруін эмпирикалық тіркеуге және тексеруге болады.
Екіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар - жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың немесе өзге де әлеуметтік құралымдардың жиыны емес, тұтас жүйелік сипаттамалары бар тұтастық.
Үшіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік қарым-қатынастар объектілері болып табылады. Бұл олардың өз дамуының және өзін-өзі ұсынуының көзі болып табылатынын білдіреді. Әлеуметтік қауымдастықтың қалыптасуы және қызмет атқаруы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік іс-әрекеттер мен қатынастар негізінде жүреді.
Әлеуметтік қауымдастықтардың басқа бір маңызды түрі әлеуметтік топтар болып табылады. Әлеуметтік топ ұғымының социологияда бірнеше мәні бар. Барынша кең мағынасында ол тұтас қоғамды, тіпті барлық адамзатты қамтиды.
Күнделікті өмірде біз адамдардың субъектілер арасындағы өзара байланыстар мен өзара іс-әрекеттердің тұрақсыздығы, қысқа мерзімділігі, тарлығы тән (тобыр, тыңдармандар аудиториясы, әлеуметтік топтар және т.б.) бірлестіктерімен жиі ұшырасамыз. Олар шынтуайтына келгенде әлеуметтік топтар болып санала алмайды, сондықтан да көбіне квазитоптар деп аталады.
Социологтар “әлеуметтік топ” ұғымын әр қалай анықтайды.
Р.Мертон әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, Ұқсас анықтама бере отырып, Н.Смелзер адамның мінезін көбіне оның қандай да бір топтың адамы екендігімен түсіндіретінімізді айтады. Фролов С.С. әлеуметтік топты оның әрбір мүшесінің басқаларға қатысты белгілі бір жолмен қарым-қатынаста болатын жеке адамдардың жиынтығы деп түсінеді. Бұл анықтамада жиынтықты топ деп санау үшін қажетті екі маңызды шартты көруге болады: 1) оның мүшелері арасындағы өзара іс-әрекеттің болуы; 2) топтың әрбір мүшесінің басқа мүшелерге қатысты әрекетерінің болуы.
Шағын топтарды қандай түрлерге және типтерге бөлуге болады? Зерттеу мақсаттарына қарай бір емес, бірнеше типология болуы мүмкін. Егер де бізді топ мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынастарының тереңдік дәрежесі қызықтыратын болса, онда топтарды ресми және бейресми топтарға бөлеміз. Олардың алғашқысы - мынадай негізгі ерекшеліктері болатын ресми ұйымдардың түрлері:
- ол оңтайлы, яғни оның негізінде орынды, белгілі мақсатқа қарай саналы түрде қозғалу принциптері жатыр;
- ол принципті түрде тұлғасыз, яғни жасалған бағдарлама бойынша араларында жетілген қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналып есептелген. Мұндай топты, әдетте, неғұрлым жоғары деңгейдегі әлеуметтік жүйе құрайды, оның функцияларын да, құрылымдарын да береді. Мұндай топтағы көшбасшының беделі, мәртебесі тек қана оның жеке басының қасиеттерімен емес, “жоғарыдан”, сырттан алатын лауазымымен де анықталады.
Бейресми топқа келер болсақ, оның мүшелерінің бір-біріне тұлғалық, эмоциональдық алдын ала дұрыс көру қатынасының нәтижесі ретінде құрылады; спонтанды (өзінше еркін), оны құрайтын жеке адамдардың бастамасы бойынша жасақталады. Шағын топтардың қызметінде ұйымдардың барлық белгілері айқын көрініс табатын болғандықтан, бейресми топтар да ресмиден тыс (ресми топтардың шеңберінде қалыптасатын) және әлеуметтік-психологиялық (кез келген жерде пайда болатын) болып бөлінуі мүмкін.
Жеке адам үшін өзі жататын бастауыш топ өте маңызды референттік топтардың бірі болып табылады. Бұл терминмен құндылықтар мен нормалар жүйесі жеке адам үшін өзіндік эталон болатын (шынайы немесе қиялдағы) топты белгілейді. Адам әрқашан - ерікті немесе еріксіз түрде - өзінің ой-ниеттері мен іс-әрекеттерін өзі пікірлерін қадір тұтатын адамының қалай бағалайтынымен салыстырады. Жеке адам осы сәтте жататын тап та, бұрын мүшесі болған топ та және мүшесі болғысы келетін топ та референттік бола алады. Референттік топты құрайтын адамдардың дербестелген бейнелері “ішкі аудиторияны” құрайды, адам өзінің ойға алғандары мен іс-әрекеттерінде соны бағытқа алады.
Шағын топтар теориясының айтарлықтай маңызды бөлімі ондағы динамикалық процестерді зерделеу болып табылады. Бұл зерттеулер микросоциология мен психологияда шағын топтардың өмір сүру және даму заңдарын сипаттауды негізге алатын өзара әрекеттес және бірін-бірі толықтыратын тұжырымдамалардан тұратын ерекше бағыт болып бөлінген. “Топтық динамика” терминінің өзін ғылыми айналымға 1930 жылдары Курт Левин енгізген. Негізгі теориялық қағидалардың бірі топтық қызметтің жүйелілік сипатын атап өтуден тұрады: тұтас алынған топ оған кіретін жеке адамдардың жай қосындысы емес, одан артық. Сонымен қатар, шағын топтарда жүретін құбылыстар мен процестерді сипаттайтын заңдар одан да ірі әлеуметтік бірліктердің динамикасын сипаттауға
Кез келген шағын топта оның туғаннан өлгеніне дейін жүретін динамикалық процестерді қысқаша тізбектеп шығуға тырысар болсақ, онда мынадай негізгі құбылыстарды түйіндеуге болады:
топтық интеграция - топ мүшелерінің бір-біріне лайықтанып, бейімделуі негізінде топтардың біртұтас нәрсеге айналуы;
құрылымдалу - көшбасшылар мен басқа да мәртебелік позицияларды бөліп және тиісінше сол мәртебелерге сәйкес рөлдер суретін жасай отырып ішкі құрылымның жасақталуы.
Берілген топқа тән нормалар мен құндылықтар жүйесі қатар дамиды; кей кезде бұл бірлескен іс-әрекеттерде, уақытты бірге өткізетін кезде қатар болатын ерекше ритуалдарды жасаумен қатар жүреді. Бұл нормалар мен құндылықтарды сақтау үшін топ мүшелеріне топтық қысым жасалады. Ол оң және теріс әр түрлі топтық санкциялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік топтарды жіктеу топтарды шағын және үлкен, бастауыш және екінші деп бөлуді ғана көрсетпейді. Қоғамдық топтардың әлеуметтік жағдайлары бойынша өзгешелігі бейнеленетін қоғамның әлеуметтік құрылымының сипаттамасы тұрғысынан әлеуметтік-таптық қауымдастықтар (таптар, қабаттар); әлеуметтік-демографиялық қауымдастықтар (еркектер, әйелдер, балалар, ата-аналар және т.б.); этникалық әлеуметтік қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар, тайпалар, ұлттық және этнографиялық топтар); әлеуметтік-аумақтық топтар (қала, ауыл, аймақ); әлеуметтік-кәсіптік қауымдастықтар және т.б. сияқты әлеуметтік топтарды бөліп қарау ерекше маңызды.
Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді.
Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.
Социологтар “институт” ұғымын құқықтанушылардан бай әлеуметтік мазмұнмен толықтырып алған. Ол базалық социологиялық категориялардың бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес.
Ағылшын социологі Г.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады [38]. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.
Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. “Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.
Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады.
Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады.
Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.
Әрбір институт:
- белгілі бір қызмет аясын;
- белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;
Әлеуметтік ұйымдар - Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ” [45]. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.
Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде “ұйым” деген сөзбен, Мысалы, кәсіпорынды, билік органын, ерікті одақты және т.с.с. атауға болады.
Екіншіден, “ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Бұл жерде ұйым объектіге көзделген мақсатпен ықпал етумен байланысты, демек ұйымдастырушы мен ұйымдасатындар контингенті болатын процесс болып табылады. Бұл мағынасында “ұйым” ұғымы “басқару” ұғымымен парапар келеді, әйткенмен түпкілікті емес.
Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектінің тәртіптелу дәрежесі ойға келуі мүмкін. Онда бұл терминмен белгілі бір құрылымды, құруды және объектінің әр түрі үшін ерекше болатын бөліктерді біртұтастыққа біріктіру тәсілі ретіндегі байланыс түрлерін белгілейді. Бұл мағынасында объектіні ұйымдастыру - объектінің қасиеті, бір белгісі. Термин мұндай мазмұнымен, Мысалы, ұйымдасқан және ұйымдаспаған жүйелер, қоғамның саяси ұйымы, тиімді және тиімсіз ұйым және т.б. туралы сөз болғанда қолданылады. “Ресми” және “бейресми” ұйым ұғымдарында дәл осы мәні алынады.
тәртіпті ұстап тұрады.
Тест сұрақтары:
1. Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытындағы әлеуметтік нормалардың, статустар мен рөлдердің анықталып бекітілу процесі
А)Институттану
В)Бейімделу
С)Мәдениет
Д)Әлеуметтендіру
Е)Мамандану
2. Екінші реттік әлеуметтендіруге қатысты әлеуметтік институтты ата?
А)Еңбек ұжымы
В)Достар
С)Мектеп
Д)Отбасы
Е)Бала - бақша
3 Қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін нормалар мен мекемелердің жиынтығы
А)Әлеуметтік институт
В)Әлеуметтік құрылым
С)Әлеуметтік топ
Д)Тұрғындардың әлеуметтік құрамы
Е)Әлеуметтік стратификация
4. Әйел мен ер адам арасындағы қатынастарды заңды түрде реттеп, санкциялап
отыратын әлеуметтік институт
А)Отбасы
В)Заң
С)Әлеуметтендіру
Д)Саясат
Е)Экономика
5. Әлеуметтік институттың ресми белгілерін таңдаңыз:
А) ту, әнұран, заң
В) адамның еңбекке, оқуға, демалуға құқы
С) жұмыскерлердің тәртібі, мәдениеті
Д) құндылықтар, табыс, еркіндік
Е) үлгілер, мәртебелер
6. Қоғамның негізгі институты бұл
А)Отбасы институты
В)Жекеменшік институты
С)Билік институты
Д)Адвокатура институты
Е)Спорт институты
7. Әлеуметгік институттардың кұрылу процесін қалай атайды?
A) институттану
B) интегративті үдеріс
C) институция
D) интернализация
E) интериоризация
8. Әлеуметтік институттардың негізгі тұрлерін анықтаңыз:
A) отбасы, экономика, саяси, рухани, білім
B) экономика, саясат, отбасы, құқық
C) қылмыстық, құқықтық, қауіпсіздік, таптық
D)отбасы, экономика, білім, әлеуметтік
E) саяси, экономикалық, дін, мәдениет
9. Рухани мәселелерді шешу қай әлеуметтік институтқа тән
А)Дін
В)Заң
С) Отбасы
Д)Саясат
Е)Экономика
10.Институттану үдерісінің мәнін көрсетіңіз
А) қоғамдық байланыстар мен қатынастардың бір тәртіпке, үлгіге, қалыпқа келтіру
В) әлеуметтік мұқтаждықтарды бағыты бойынша анықтау
С) қоғамдағы ресмиленген байланыстар мен қатынастарды жөнге келтіру үдерісі
D) әлеуметтік өмірді бақылау мен басқару
Е) әлеуметтік басқарудың тиімділігін арттыру
11. Қай институттың атқаратын міндеттік қызметінің мақсаты адамды қалыптастыру мақсатымен бірдей
А) Отбасы
В)Ғылым
С) Мемлекет
Д)Мәдениет
Е)Білім
12. Ең алғаш пайда болған әлеуметтік институт?
А)Отбасы және неке институты
В)Мемлекет
С)Саясат
Д)Мәдениет
Е)Білім
13.Әлеуметтік институт дегеніміз не ?
А)Белгілі бір әлеуметтік кажеттілікті канағаттандыруға арналған ролдер мен статустардың жиынтығы
В)Әлеуметтік салада кызмет ететін мамандар даярлайтын оку орындары.
С)Әлеуметтік мәдени тұрмыс орындарының ғимараттары мен кұрылыс жобаларын әзірлейтін жобалау институттары
Д)Бір -бірімен тікелей қарым-қатынаста болатын біршама көп адамдар саны
Е) педагог мамандарды даярлайтын оку орындары.
14.Әлеуметтік институттардың шығу себептері қандай?
А) қоғамның, адамдардың қажеттіліктерінен пайда болды
В) адамдардың әлеуметтік қатынастарын реттеу
С) қоғамның рухани-мәдени талаптарын қанағаттандыру қажеттілігінен
Д) адамдарды әлеуметтік топқа ұйымдастыру себебінен
Е) адамдардың шаруашылық өмірін ұйымдастыру мақсатында
15. Әлеуметтік институттардың ең қажетті және күтілетін қызметтері
А) Көрінетін
В) Латентті
С)Дисфункциялар
D)Басты
Е)Басты емес
8 – дәріс. Тұлғаның әлеуметтенуі
Әдебиеттер:
Радугин А.А., Радугин К.А. Социология .- М., 1998
Фролов С.С. Основы социологии. - М., 1997
Харчев В. Основы социологии. -М., 1997
Жоспар:
Тұлғаның әлеуметтену ұғымы.
Тұлға мәселесіне философиялық, психологиялық, және әлеуметтанулық тұрғыдан келу.
Тұлғаның микросоциология лық және макросоциологиялық концепциясы.
ДЖ.Мид тұлғаның дамуы туралы. Ч.Кулидің «Айнадағы мен» теориясы.
З.Фрейтдің психоаналитикалық теориясы. Ж.Пиаженің когнитивті даму теориясы.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Тұлға ұғымы жеке адамның даму нәтижесін, адамның бүкіл сапаларының толық жүзеге асуын білдіреді. Тұлға әлеуметтік қатынастар субьектісі ретінде ең алдымен автономдығымен, қоғамнан белгілі бір дәрежеде тәуелсіздігімен сипатталады. Тұлғаның дүниеге көзқарас, әлеуметтік құндылықтар, идеялары негізінде іс-әрекетке дайындығын көрсететін мінез-құлық принциптері- өмірлік ұстаным бағыты. Тұлға әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды сипаттайды.Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Индивидті тұлғаға айналдыру процесі әлеуметтену деп аталады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеру процесін сипаттайды. Әлеуметтендіру дегеніміз –бұл топтық тәжірибені игеру үрдісі.
Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.
2. Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж.ж.), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912ж.), «Социальная организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.
Ал, Мидтің әлеуметтану теориясының пайда болу негізінде өткендегі болған әрекет, оқиға (қысқаша «акт») ұғымы жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттеуші субъектінің шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің пікірінше, әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық «субъект», «тірі форма», «әлеуметтік мен» («я») ретінде қарастырылады. Объектілер ұғымының мазмұны, Мидтің пікірінше, индивидтің өткендегі барлық ерекшелігімен сипатталатын тәжірибесі. Осыған қарай объектілер индивид пен олардың арасындағы қатынастарды бейнелейді.
Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік-функционалдық талдау теориясында көп қолданды.
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:
а) жұрт мені қалай қабылдайды;
ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.
Джордж Герберт Мид тұлға өзінің «менін» қалай алға дамытатынын түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас, байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.
Жас бала біреудің мінез-құлқының себебін түсіндіре алмайды. Тек қана өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды. Өзін «ойлауды» үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол арқылы өзінің «менін» сезіне бастайды.
Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан тұрады.
Бірінші иммитация. Бұл сатыда балалап үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
Екінші, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші. Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.
Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.
3. Австрияның психологы 3. Фрейдтің айтуынша тұлға бойында үш элемент бар:
Ид– ішкі «мен» қанағаттануға деген ұмтылыс қоздыратын қуат көзі.
Эго– «мен» нақтылық негізінде тұлғаны бақылауды іске асырудың элементі.
Супер эго– жоғарғы «мен» басқаша айтқанда тұлғаны үлгі-өнегелік жағынан бағалайтын элемент.
Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлға дамуының екінші процесі, идентификацияны сөз етсек, онда мұның мағынасы әрбір индивидтің, тұлғалардың өзін-өзі басқа адамдармен, топпен, ұжыммен ұқсастыруының психологиялық процесі. Бұл процесс оған әлеуметтік қызметтердің әртүрін меңгеруге, әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды өзіне сіңіріп, әлеуметтік міндеттерді қабылдыуға көмектеседі. Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлғалардың өзін ұқсастыру процесінің 3 түрі бар: 1. Өзін толқу күйінде тікелей нақтылы немесе ойдан шығарылған адамдарға ұқсату. 2. Өзін белгілі бір бағалы әлеуметтік топқа кіргізу. 3.Өзін нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген сезімдермен салаға кіргізу.
Фрейдтің әлеуметтендірілудің имитация, идентификация және ұяттылық пен куәлілік сезімі деген үш психологиялық механизмнің болатындығын көрсетті. Имитация дегеніміз - басқа біреулердің жүріс-тұрыс үлгілеріне еліктеп өзіне көшіруге деген саналы түрдегі ұмтылыс. Ал ұяттылық пен куәлілік дегеніміз - кейбір жүріс-тұрыс үлгілерін басып тастайтын, болмаса тиым салатын ұнамсыз механизмдер болып табылады.
Тест сұрақтары:
1.Әлеуметтендіру процесінен өтпеген адам аталады:
А)Феральді
В)Дәстүрлі
С)Новатор
Д)Гедонист
Е)Еңбекқор
2.Әлеуметтiк статус дегенiмiз-
А)Әлеуметтiк жүйедегi индивидтiң нақты орны, позициясы
В)Қоғамдық қаулылар
С)Тәртiптiң типiн бейнелеу
Д)Жеке әрекеттер жиынтығы
Е)Әлеуметтiк қатынастар жиынтығы
3.Ролдік күту дегеніміз не:
А)Белгілі бір әлеуметтік роль шеңберінен күтілетін іс-әрекет
В)Белгілі бір әлеуметтік роль шеңберінде жасалатын нақты іс әрекет
С)Статустың құрамдас элементі
Д)Статустар жиынтығы
Е)Ролдік конфликт
4. Әлеуметтiк өзара әрекет пен қатынастың алғашқы агентiне не жатады?
А)Тұлға
В)Қоғам
С)Мемлекет
Д)Ру
Е)Адамдар тобы
5. «Тұлға» ұғымы ненi бiлдiредi?
А)Жеке адамның даму нәтижесiн, адамдық бүкiл сапаларының толық жүзеге асуын
В)Адамзаттың әлеуметтiк және психологиялық белгiлерiн, сананы, жiгердi,
қажеттiлiктi, мүдденi
С)«Нақты адам» ұғымын
Д)Жалпы адамзат қасиеттерi мен қабiлеттерiн
Е)Көрнектi қайраткер
6.Тұлғаның өз күшiмен пайда болатын мәртебе:
А)Қол жеткен
В)Генералды
С)Тағайындалған
Д)Қосымша берiлген
Е)Табиғи
7«Индивид» ұғымы латын тiлiнен аударғанда қандай мағынаны бiлдiредi ?
А)Бөлiнбес, соңғы
В)Дара
С)Шексiз
Д)Салыстырмалы
Е)Үлгiлi
8. «Индивидуалдылық» ұғымы нені білдіреді?
А)Бір адамның бойындағы екінші адамнан ажыратып тұратын қасиеттер
В)Барлық адамдарда бірдей кездесетін қасиеттер
С)Белгілі бір топтардың қасиеттерін сипаттайтын ұғым
Д)Бір адамның бойындағы дарынды қасиет
Е)Индивидті белгілейтін ерекше термин
9. Адамның физиологиялық сипаты оның ауытқымалы мінез-құлқына әсері бар екенін анықтайтын теория
А)Физиологиялық типтер теориясы
В)Құрылымдық функионализм
С)Психоанализ
Д)Ауытқымалы мінез-құлықтың мәдени теориясы
Е)Символикалық интеракционизм теориясы
0. Өзінің мәдени өмірі мен дәстүрлерінде іштей екі халық пен әлеуметтік топтарға
жататын адам
А)Маргинал
В)Экстраверт
С)Оқшаулы адам
Д)Мобильді адам
Е)Ауытқымалы мінезді адам
11. Ролдік мінез- құлық дегеніміз не:
А)Белгілі бір әлеуметтік роль шеңберінде жасалатын нақты іс әрекет
В)Белгілі бір әлеуметтік роль шеңберінен күтілетін іс-әрекет
С)Статустың құрамдас элементі
Д)Статустар жиынтығы
Е)Ролдік конфликт
12. Индивид қарым-қатынасында өзінің ұқсастығын сезінетін топ
А)Интоп
В)Аут топ
С)Референт тік топ
Д)Әлеуметтік шеңбер
Е)Агрегация
13. Бір-біріне қарама-қайшы екі рөлді орындаудан пайда болады
А)Рөлдік конфликт
В)Рөлдік мінез-құлық
С)Рөлдік күтіліс
Д)Әлеуметтік рөл
Е)Рөлдік жиынтық
14.“Әлеуметтену” ұғымы мынаны бiлдiредi
А)Индивидтiң тәртiп үлгiлерiн, әлеуметтiк нормалар мен құндылықтарды меңгеру процесi
В)Адамның туа бiткен қасиеттерiнiң өзгеруi
С)Қандай да бiр әлеуметтiк ролдердi атқару
Д)Индивидтiң әлеуметтiк белсендiлiгi
Е)Балаларды үлкен өмiрге дайындау, қоғамдық өмiрдiң қарапайым ережелерiн игеру
15. Адамдардың қоғамдық қасиеттерінің қалыптасу процесі
А) әлеуметтену
В) коллективизация
С) фациялизация
D) массовизация
Е) адаптация
16.Тұлғаның рольдік дамуын қай теория баяндайды?
А) “Айнадағы мен” теориясы (Кули)
В)Тұлғаның даму теориясы (Мид)
С)Психоаналитикалық теория (Фрейд)
D)Өзін-өзі танудың теориясы (Пиаже)
Е)Адамгершілік теориясының дамуы (Колберг)
9-дәріс Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік стратификация
Әдебиеттер:
Аженов М.С., Садырова.М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. А.: Қазақ университеті, 2004.
Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социальная стратификация и структура. М.: Наука, 2000
Кравченко А.И. Социология. Хрестоматия. М., 2002
Жоспар:
1.Әлеуметтік теңсіздік ұғымы.
2.Әлеуметтік теңсіздіктер түрлері: жыныс,жасы, табысы, этиникалық тегі.
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның негізгі элементтері: таптар, топтар,
жіктері.
4.Кәсіби салалық, әлеуметтік корпартивтік, әлеуметтік территориялық, әлеуметтік
демографиялық, әлеуметтік этникалық құрылымдардың ерекшеліктері.
5.Әлеуметтік интерация мен диференциция диалектикасы.
1.Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы іс жүзінде әлеуметтік және философиялық теориялардың барлығының да басты назарында болады. Стратификация ұғымының қазіргі заманғы ғылыми ойлаудың категориялық аппаратындағы орнының маңызы зор.
Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін социологияда “әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. “Стратификация” терминінің өзі социологияға геологиядан келген. Ағылшын тілінде “strata” немесе “stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал “stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Социологтар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде [18] осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әрдайым құрылым болатындықтан [19], ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған.
Алайда теңсіздік табиғаты туралы сөз қозғалатын кез келген ғылыми әдебиетпен алғашқы танысудың өзі стратификация процесі мен әлеуметтік жинақылық проблемалары зерттеушілер арасында осы ұғымның мазмұны мен көлеміне қатысты бірыңғай көзқарастың жоқ екендігіне көз жеткізеді. Сол сияқты әлеуметтік қауымдастықтарды білдіретін әлеуметтік тап, топ, страта, мәртебелік топтар сияқты талдау бірліктері де барлық уақытта бірдей баяндала бермейді.
Әлеуметтік тап - әлеуметтік стратификация теориясындағы ірі таксонометриялық талдау бірлігі. Бұл ұғым стратификация теориясынан көп бұрын пайда болған [20]. Әлеуметтік құрылымды талдаудың маңызды принципі таптық көзқарас болып табылады. Оның негізінде әлеуметтік қарым-қатынастар мен материалдық өмірдің әр түрлі шарттарының себеп-салдарын түсіндіру жатыр. Тіршілік ету құралдарын өндіру процесі анықтаушы болып табылып, ал оның бастау алатын жері еңбек бөлінісі болғандықтан, қоғамдық өндіріс жүйесінде әр түрлі орынды иеленетін адамдардың топтары басым әлеуметтік элементтер болады. Тап ұғымы - айтарлықтай ірі “көлемді” талдамалық бірлік, ол қоғамдағы елеулі, шегіне жеткен жалпы өзгерістерді зерделеуге арналған және қазіргі заманғы қоғамдағы “ғаламдық” өзгерістерді зерттеуге арналмаған. Сондықтан сарапшылар талдаудың неғұрлым нақты және икемді бірлігін - “страта” немесе топ ұғымын бөліп қараған. Топтар - еңбек сипатындағы айырмашылық қажеттіліктерге, оларды қанағаттандыру құралдарындағы және өндірістен тыс қызметі құрылымындағы айырмашылықтарға әкеп соғатын кезде, бөлінген және біртекті емес еңбек нәтиижесінде пайда болған әлеуметтік қауымдастық.
Сонымен қатар, стратаны бөліп қарауға негіз болатын кез келген белгі емес, тек мәртебелік белгі, яғни берілген қоғамда объективті түрде “жоғары - төмен”, “жақсы - жаман”, “мерейлі - мерейсіз” сияқты салыстырмалы сипат алатын белгі екені ойда болуы қажет.
Тек жіктелген, бірақ мәртебелілік емес топтарды бөліп қараудың негізін белгілердің тұтас қатары құрауы мүмкін. Мысалы, халық музыкасын ұнататындар немесе футбол командасының жақтастары көбінесе белгілі бір мәдени топтың мәртебелілік қырына қатысы жоқ өкілі ретінде қарастырылады. Алайда орын иелену қоғамда маңызды сипат алатын белгілі бір кіріс деңгейімен немесе әлеуметтік позициямен сәйкес келетін болса, онда бұл топтар мәртебелік болады. Бұл орайда әлеуметтік топ ұғымы - талдаудың әлеуметтік қабатқа қарағанда азырақ анықталған және белгіленген бірлігі. Кей кездері “қабат” ұғымының орнына “топ” деген ұғымды кездестіруге болады. Бірақ қабат ретінде анықтауға болмайтын, тек топ ретінде ғана анықталатын қауымдастықтар бар. Айталық, отбасы - шағын әлеуметтік топтың неғұрлым тұрпатты үлгісі. Алайда кірісі жоғары (немесе кірісі аз) отбасыларының өкілдері зерттеулерде қабат ретінде кездеседі.
Дәреже ұғымы стратификацияны талдауда шешуші мәнге ие болады. Ол страталардың өмір сүруінде бағалау факторлары: адамның қандай да бір жағдайдағы мінез-құлқының желісі, оның өзін және айналасындағыларды дәрежелеуге көмектесетін белгілерге негізделген бір нәрсеге, ұстанымдарға көзқарасы үлкен рөл атқаратынын көрсетеді.
Әлеуметтік мобильділік - бұл әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының өзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі.
Адам туылғанда аскриптивті немесе маңдайға жазылған мәртебе деп аталатын өзінің ата-аналарының мәртебесін алады. Ата-аналары, туыстары және отбасына жақын адамдар баланың бойына өздерінің мінез-құлық нормаларын, тиісті және мерейлі нәрселер туралы түсініктерін сіңіреді. Алайда адам өзі қызметінің белсенді кезеңінде бұл қабаттағы жағдайына қанағаттанбауы, одан да зорына ұмтылуы және қол жеткізуі мүмкін. Соңғы жағдайда ол қол жететін мәртебеге ие болады. Егер де адамның мәртебесі неғұрлым мерейлі, жақсы мәртебеге өзгерсе, онда жоғарылау мобильділік орын алды деуге болады. Алайда адам өмірде кездесіп тұратын алапаттар (жұмысынан айрылу, ауырып қалу, т.с.с.) салдарынан төменгі мәртебелер тобына өтуі де мүмкін - бұл кезде төмендеу мобильділік орын алады [21]. Зерттеушілер әлеуметтік мобильділіктің барлық түрлерін (ұрпақаралық, кәсіптік және т.б.) бөліп қарауға мүмкіндік беретін статистикалық рәсімдер мен көрсеткіштер жүйесін пайдаланады, бұл жалпы алғанда халық қозғалысының әр алуан түрлерін талдауға мүмкіндік береді. Тігінен орын ауыстырулардан (жоғарылау және төмендеу мобильділіктер) басқа көлденеңінен орын ауыстырулар болады, ол табиғи мобильділіктен (бір жұмыстан екінші жұмысқа мәртебесін өзгертпей ауысу) және аумақтық мобильділіктен (бір қаладан екінші қалаға көшу) құралады.
Санасы, мінез-құлқы мен мәртебесі түйісіп отыратын, аралық жағдайда және көбіне қандай да бір себептермен өзара әрекеттес әлеуметтік топтардың біріне ұзақ уақыт бойы бейімделе алмайтын немесе бейімделгісі келмейтін адамдардың, қандай да бір әлеуметтік топтар өкілдерінің жиынтығы маргиналдар деп аталады (от латынның margіnalіs - шетте тұрған деген сөзінен шыққан). Олардың мәртебесінің шығу тобы мен басымдық танытушы топ арасындағы шекаралық, аралық сипаты болады, сондықтан бір жақты өзін-өзі сәйкестендіруге келмейді [22].
Өз зерттеулерінде бұл проблематикаға соқпай өтпейтін әрбір социолог өзінің қоғамдық топтарға стратификациялайтын өзіндік белгілерін бөліп қараған, алайда барлық ғалымдар мұндай бөлінудің себебі әлеуметтік теңсіздікте деп есептеген. Стратификациялық белгілердің жинақталымы мен иерархиясы нақты бір қоғамның өз дамуының белгілі бір уақытындағы ерекше әлеуметтік, экономикалық, этникалық сипаттамаларына байланысты.
Социологиядағы әлеуметтік стратификацияның негізгі тұжырымдамаларын қарастырып көрелік. Энтони Гидденс “стратификация әр түрлі топтардың, адамдардың арасындағы құрылымдалған теңсіздік ретінде анықталуы мүмкін” деп есептейді. Американ социологиялық сөздігінде мынадай анықтама берілген: “Адамдар теңсіздіктің қандай да бір өлшемімен иерархиялық ұйымдастырылған қатарға тізілгенде әлеуметтік жіктелу әлеуметтік стратификацияға айналады” [23]. Болгар социологі Чавдар Кюранов “Әлеуметтік стратификация тұтас қоғамдық құрылымдағы көлденең топтар жүйесін білдіреді” деп санайды. Нейл Смелзер “стратификация теңсіздіктің бір ұрпақтан бір ұрпаққа берілуіне көмектесетін тәсілдермен байланысты; бұл ретте қоғамның әр түрлі топтары пайда болады” деген ұйғарым жасайды [24].
“Әлеуметтік стратификация” ұғымының теориялық-әдістемелік негізін жасауға елеулі үлес қосқан М.Вебердің, К.Маркстің, П.Сорокиннің, У.Л. Уорнердің, Д.Дж. Трейманның, Б.Барбердің еңбектері, Т.Парсонстің функционалдық мектебіне жататын социолог ғалымдардың жұмыстары болып табылады [25]. Әлеуметтік теңсіздік проблемасын қақтығыстар теориясының өкілдері де назардан тыс қалдырмаған. П.Сорокиннің стратификациялық теориясы жалпы қоғамды әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлу принциптерін сипаттайтын неғұрлым салмақты тұжырымдамалардың бірі болып табылады.
Әлеуметтік теңсіздік жөніндегі көптеген идеялар маркстік стратификация мен таптар теориясынан алынған, онда таптық құрылымның, таптар арасындағы қатынастың, тарихтың қозғаушы күші ретіндегі таптық күрестің жан-жақты тұжырымдамасы баяндалған.
Барлық әлеуметтік құбылыстардың дамуындағы экономиканың негіз қалаушы рөлі туралы өзінің негізгі тезисін ұстана отырып, Карл Маркс таптардың барлық негізгі сипаттамаларына сүйеніп, өзінің әлеуметтік қабаттану үлгісінің негізіне өндірістік қатынастарды алған. К.Маркс экономикалық ұйымның кез келген түрінде өндіріс құрал-жабдықтарына ие үстем тап және үстем тапқа қызмет ететін тап бар деп сендіреді. Ол сол сияқты люмпендердің - қоғамнан толық шығып қалған адамдардың болатынын да ескерген [26].
Әлеуметтік стратификация проблемасына қазіргі заманғы көзқарастың негізін Макс Вебер қалаған болатын, ол әлеуметтік құрылымды таптармен және оларды тудырушы меншік қатынастарымен қатар әлеуметтік мәртебе мен билік те маңызды орын алатын көп өлшемді жүйе ретінде қараған. М.Вебердің К.Маркстен айырмашылығы, ол экономиканы ұйымдастыруды стратификацияның негізі деп санамай, экономикалық сипаттамалардың бастапқылығы тезисінен бас тартты және “стратификацияның үш автономды өлшемдері” туралы өз ұғымын тұжырымдады [27].
Ол теңсіздіктің негізгі үш құрамдас бөлігін бөліп қарап, оларды өзара байланысты, бірақ сонымен бірге елеулі қатынастарда тәуелсіз деп есептеді: мүліктік теңсіздік, мәртебелік мерей және билік. Билік деп адамның (немесе адамдар тобының) жоспарларды іске асыру, іс-қимыл жасау немесе белгілі бір саясатты тіпті басқа адамдар мен топтар тарапынан болған келіспеушілікке қарамастан жүргізу қабілетін айтады.
Стратификацияның үш тобы да бір қоғамның ішінде, бір адам материалында болады, әр түрлі конфигурацияларда, бір қоғамнан бір қоғамға және бір тарихи кезеңнен бір тарихи кезеңге көшіп жүре береді.
Қарама-қайшы көзқарас У.Уорнердің “бедел теориясында” баяндалған [28]. Ол американ қоғамындағы бөліп қаралған страталарын “әлеуметтік тап” деп атаған. Бірақ бұл біздің тарихи материализмнен білетін тап емес: марксистік тап меншікке қатысты берілген, ал Уорнер тапты әлеуметтік мерейі бойынша, яғни берілген қоғамдағы оның мүшелеріне қатысты бөледі. Алғашында ол қандай да бір тапқа көзқарас ең алдымен экономикалық өлшемдермен (өндіріс пен бөліністегі кірістер мен функциялар) анықталады деп ұйғарған, яғни түптеп келгенде негізгі марксистік тезистерді басшылыққа алған. Алайда бірінші кезеңдегі зерттеу нәтижелері оның болжамдарын теріске шығарды. Ол шамамен бірдей табыс табатын бір кәсіптің өкілдері “әлеуметтік мерейінің” сипаттамасы бойынша әр түрлі деңгейде болатынын аңғарған. Мерейдің адамның қоғамдағы экономикалық өлшемдерге негізделген жағдайымен қандай да бір байланысы болғанымен, әлеуметтік мерей сонда да болса бәрінен де күшті адамның өндіріс пен игілік бөлінісіндегі орнымен емес, оның осы игілікті тұтыну құрылымымен, яғни өмір салтымен, мінез-құлқымен және түптеп келгенде оның ұстанымдарымен байланысты. “Өмір салтының негізінде жатқан мұндай тұрақты, қайталанатын мінез-құлықтың негізінде берілген әлеуметтік жиынтықтың мәдениетінде немесе кіші мәдениетінде бекітілген үлгілер болатыны айқын”. Осылайша эмпирикалық материалдың көмегімен У.Л. Уорнер іс жүзінде Макс Вебердің “мәртебелік топ” деп сипаттаған стратасын ашты. Сол кезден бастап ғылыми терминологияда адамның қоғамдағы көзқарасымен өлшенетін орнын анықтайтын “әлеуметтік мәртебе” ұғымы берік қалыптасқан, оның өлшемін өз кезегінде “әлеуметтік рөл” деп санау қалыптасқан.
У.Л. Уорнер “тап” ұғымының анықтамасын береді: “Тап деп әлеуметтік жағынан неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен жағдайда болады деп ұйғарылатын және сол қоғамның мүшелері оларды тура осылай дәрежелейтін адамдардың екі немесе одан да көп жіктері деп түсінген жөн. Осы таптың мүшелері жұбайларын өз табының ішінен таңдауға тырысады, бірақ та қоғамның құндылықтары жоғары не төмен орналасқан топтан жұбай таңдауға жол береді. Сонымен таптық жүйе балалары ата-аналары жеткен мәртебеге ие болатынына кепілдік береді. Таптық қоғам құқықтар мен артықшылықтарды, сондай-ақ борыштар мен міндеттерді неғұрлым жоғары және неғұрлым төмен жағдайларға қатысты бірқалыпты бөлмейді. Таптық жүйенің касталықтан айырмашылығы әлеуметтік саты бойынша жоғары және төмен қозғалыстарды құндылық деп қарастырады.
У.Л. Уорнер өзінің әлеуметтік стратификация теориясының жалпы тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, қандай да бір адамдардың таптық тектерін олардың мәртебелеріне қоғамның басқа мүшелері беретін бағаларын басшылыққа ала отырып, яғни олардың беделін басшылыққа ала отырып анықтаған.
Талкотт Парсонс “Әлеуметтік стратификация теориясына аналитикалық көзқарас” атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайды. Қоғамның стратификациялық жүйесі бір жағынан еңбек бөлінісіне және әр түрлі топтардың әлеуметтік жіктелуіне негізделген болса, екінші жағынан, қандай да бір қызметтің мәнін анықтайтын және марапаттар мен ынталандыруларды бірдей бөлмеуден пайда болатын қалыптасқан әлеуметтік теңсіздіктерді заңдастыратын қоғамдағы басым құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесінің іс-әрекетінің нәтижесі. Т.Парсонс өзінің әлеуметтік әрекет теориясында әлеуметтік стратификацияның әмбебап белгілерін ұсынған:
“Сапа”, яғни жеке адамға белгілі бір сипаттаманы, позицияны таңып жазу;
“Атқару”, яғни жеке адамның қызметіне басқа адамдардың қызметімен салыстыра отырып баға беру;
материалдық құндылықтарға, талантқа, шеберлікке, мәдени ресурстарға және т.б. “ие болу”. Осы жерде Т.Парсонс бұл үш әмбебап объектілерді бағалаудың қоғамдағы үстемдік етуші құндылықтар үлгісіне сәйкес жүзеге асырылатындығын атап көрсеткен.
Функционализм тұжырымдамасы неғұрлым анық және толық түрде К.Дэвис пен У.Мурдың “Стратификацияның кейбір принциптері” атты еңбегінде баяндалған. Функционалдық көзқарастың негізгі тезисі - “кез келген қоғамдағы стратификация функциясы (ал стратификация кез келген қоғамда болады) қоғамдағы жағдайды қоғам үшін неғұрлым өмірлік маңызы бар аса қабілетті және білікті адамдармен қамтамасыз ету болып табылады” [29].
Сөйтіп, Уорнердің эмпирикалық тәжірибелерінен, ал теорияда - Т.Парсонстің, Д. Мурдың және К.Дэвистің алғашқы мақалаларынан бастап “әлеуметтік рөлді” социологтар жеке адамның немесе топтың экономикалық жағдайының туындысы ретінде емес, дербес айнымалы мінездеме ретінде қарастырады.
Қақтығыстар теориясын жақтаушылар теңсіздікті қоғамның өзін-өзі сақтауын қамтамасыз етудің бірден-бір тәсілі деген ұғыммен келіспейді. Олар функционалистік көзқарастардың кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай, функционализм статус-квоны ақтауға тырысу ғана деп сендіреді. Олардың пікірінше, “теңсіздіктің мәні: қоғамдық құндылықтарды (бастылары байлық пен билік) бақылайтын адамдардың пайда көруіне мүмкіндік беретін жағдайдың нәтижесі болып табылады”.
Жоғарыда сипатталған теориялардан мүлде өзгеше теория - Р.Парк пен Э.Берджестің әлеуметтік арақашықтық тұжырымдамасы. Олардың түсініктері социологиялықтан гөрі психологиялыққа жақын: бір-бірін жақсы көретін адамдар - әлеуметтік жағынан жақын адамдар; бір-бірін жек көретін адамдар - әлеуметтік жағынан алшақтаған адамдар. Бұл ғалымдардың теориясы социологиялық болмағаны үшін сынға ұшыраған - оны өте-мөте психологиялық және субъективті деп есептейді, өйткені авторлар әлеуметтік арақашықтықты “жақсы көру” мен “жек көру” сияқты субъективті сезімдер арқылы өлшейді [30].
Бернард Барбер мәселені ежелгі дүниеден біздің заманымызға дейінгі тарихи тұрғыдан қарай отырып, батыс қоғамы әлеуметтік стратификациясының алты өлшемін бөліп қараған [31]:
1. Кәсіп рөлі. Отағасы - барлық қоғамда да өзінің азды-көпті толық жұмыс уақытын арнайтын “өндіруші” рөлде қоғамға қосатын функционалдық үлесі тұрғысынан жіктеліп бағаланып келген. Осы сияқты рөлдер әрқашан олардың функционалдық үлесінің шамасы бойынша әр түрлі болады және тиісінше дифференциалды бағаланады, яғни мерейлері әр түрлі болады.
2. Билік пен күш-қуат деңгейі бойынша дәрежелеу. Билікті әлеуметтік жүйелерде мақсатқа жетудің заңды қабілеті деп, ал күш-қуатты оның заңсыз ұқсастығы деп анықтауға болады. Кез келген қоғамда кейбір рөлдер басқа рөлдерге қарағанда үлкен билік пен күш-қуатты қамтиды, нәтижесінде олардың құрылымдары осы өлшем бойынша стратификацияланады.
3. Кіріс немесе байлық. Қоғамдағы әр түрлі кәсіптік рөлдердің пайда табу мен байлық жинауға қабілеттері әр түрлі болады, отбасылық байланыстарға орай мұраға ие болу жолымен байлыққа ие болу мүмкіншіліктері де дәл осындай әр түрлі. Бұрын да, қазір де ақша бірқатар мобильділік процестерінде үлкен орын алады. Бұл ретте М.Вебердің ізін ала Б.Барбер мерейдің, биліктің және табыстың арасында сәйкессіздік болуы мүмкін екендігін айтады. Кейбір рөлдер (мысалы, Рим Папасы) жоғары мерей мен билікке ие, ал табысы - төмен. Немесе, керісінше, әлеуметтік мерейі онша жоғары емес. Бұл орайда табыс әрқашан да одан әрі дамудың және ақшамен жоғары бағаланатын рөлдерге қол жеткізу (мысалы, білімді, атақты сатып алу, неғұрлым жоғары саналатын әлеуметтік топтың өкіліне үйлену және т.б.) құралы болған.
4. Білім беру немесе білім алу. Адамдардың қоғамда оқу-білімге және білім алуға әрқашан қолдары бірдей жете бермейді, мұның олардың өздеріне туғаннан берілген әр түрлі рөлдерін атқаруы үшін ғана емес, бір рөлден екінші рөлге өту мүмкіншілігі үшін де маңызы зор.
5. Діни немесе салттық тазалық. Қандай да бір қоғамдағы функционалдық маңызды діни идеялар категориясына адамдар азды-көпті дәрежеде жоғары бағаланатын діни немесе салттық тазалыққа ие болуы мүмкін.
6. Туыстық және этникалық топтар бойынша дәрежелеу. Туыстық және этникалық топтар барлық қоғам үшін және өздері өмір сүретін жергілікті қауымдастықтардағы өздерінің функцияларын қалай орындайтындықтары тұрғысында әр түрлі, атап айтқанда олардың кәсіптік мерейлерінен, билік пен күш-қуаты дәрежесінен, табысы мен байлығы деңгейінен бөлек туыстық және этникалық топтар ретінде бағаланады.
Б.Барбер жоғарыда аталған алты өлшем түріндегі мағынасында өзіндік стратифициялық құрылымның тәуелсіз өлшемі емес қоғамда үстемдік ететін мобильділікке қатысты институцияланған нормалар берілген қоғамда жасалатын мобильділіктің көлемі мен дәрежесіне едәуір ықпал етеді деп есептейді.
Б.Барбер теориясы әлеуметтік стратификацияны геометриялық фигуралар терминімен сипаттайды, бұл әлеуметтік мобильділіктің өтіп жатқан процестерін көзге елестетуге және әлеуметтік стратификацияның қазіргі заманғы батыстық жүйесін түсінікті баяндауға мүмкіндік береді.
Иерархия факторын қарастырғанда стратификациялық рангтерді бөлген кезде пайда болатын негізгі екі фигура Б.Барбердің ойынша пирамида мен ромб болып табылады. Бұл екі фигура әрқашан төбесіне жақын рангтерді иеленетін азшылықтың - “элита” немесе “элиталар жиынтығы” болатынын көрсетеді, бұл төбені Б.Барбер осылай атайды. Пирамидалық фигурада, сонымен қатар, салыстырмалы түрде аз адамдар орта рангте, бұқара халық төменгі дәрежеде болады. Бұған керісінше ромб тәріздес фигура адамдардың төменгіге дәрежеге қарағанда орта дәрежеде бірдей мөлшерде көп шоғырлануымен сипатталады, әйтсе де төменгі дәрежеде фигураның үшкірлігін жасау үшін едәуір адамдар қалып қояды.
Питирим Сорокин кез келген ұйымдасқан әлеуметтік топ әрқашан әлеуметтік стратификацияланған деп есептейді. “Жазық” болатын және барлық мүшелері тең дәрежелі болатын бірде-бір тұрақты әлеуметтік топ болмаған және болмайды да. Қабатталмаған, мүшелері шынайы тең дәрежелі болатын қоғам - ол қиял, адамзат тарихында әлі болып көрмеген нәрсе”. Питирим Сорокиннің стратификациялық теориясының негізгі қағидасы әлеуметтік стратификациялардың нақты ипостасьтары көп және әр алуан болса да, олардың барлық санқырлылығы негізгі үш нысанға: экономикалық, саяси және кәсіптік стратификацияға келіп тірелуінде. Әдетте, бұл үш нысан тығыз байланысқан, жоғары топқа қандай да бір қатысы бар адамдар бұл қабатқа әдетте басқа өлшемдер бойынша да қатысты болады ғой; және керісінше.
Осыны басшылыққа ала отырып, П.Сорокин әлеуметтік стратификацияның әрбір нысанын жеке-жеке талдауды ұсынады және оларды былай анықтайды:
1. Егер де қандай да бір қоғам мүшелерінің экономикалық мәртебесі тең емес, олардың арасында байлығы барлар да, жоқтар да болатын болса, онда мұндай қоғам қандай принциптермен, коммунистік немесе капиталистік принциптермен құрылғанына қарамастан экономикалық қабаттануымен сипатталады.
Егер де қандай да бір топтың шегінде беделі мен рөлі, атағы мен мәртебесі мағынасында иерархиялық әр түрлі дәрежелер болатын болса, онда бұл берілген топтың өзінің конституциясында немесе декларациясында жариялағанына тәуелсіз саяси жіктелгенін білдіреді.
Егер қандай да бір қоғамның мүшелері өз қызметінің, айналысатын шаруаларының түрі бойынша әр түрлі топтарға бөлінген болса, ал кейбір кәсіптер осы ретте басқалармен салыстырғанда неғұрлым мерейлі болып саналатын және қандай да бір кәсіби топтың мүшелері әр түрлі рангтегі жетекшілерге және бағыныштыларға бөлінетін болса, онда мұндай топ бастықтары сайланатынына немесе тағайындалатынына, оларға лауазымдар мұраға қалатынына немесе жеке қасиеттерімен келетініне қарамастан кәсіби жіктеледі. П.Сорокин өзінің теориясының көмегімен мынадай сұрақтарға жауап табуға тырысады: “әлеуметтік ғимараттың биіктігі қандай”, “әлеуметтік конустың табанынан төбесіне дейінгі қашықтық қандай”, “оның беткейлері тік пе көлбеу ме”. Бұл сұрақтардың жауаптары әлеуметтік стратификацияны сандық бағалауға - “әлеуметтік ғимараттың” сыртқы көрінісін бағалауға көмектеседі. Оның ішкі құрылымы, оның тұтастығы - сапалық талдау пәні, ол үшін “ғимараттың ішіне кіріп, оның ішкі құрылыстарын: қатардың сипаты мен орналасуын, бір қабаттан екінші қабатқа жеткізетін лифтілер мен баспалдақтарды және басқа да бір қабаттан бір қабатқа көтерілу және түсуге арналған құрылғыларды зерделеу қажет”. Басқаша айтқанда, әлеуметтік мобильділік механизмдерін зерттеумен айналысу қажет [32].
Қазақстанда әлеуметтік стратификация проблемаларымен Әженов М.С., Аитов Н.А., Тәжин М.М., Елизова Л.М., Майсюк А.В., Аяған Б.Ғ., Садырова М.С., Қожамқұлова Л.Т., Садовская Е.Ю., Бейсенбаев Д.Э. және т.б. сияқты ғалымдар айналысады [33].
Мысалы, М.С. Әженов, Д.Э. Бейсенбаевалардың “Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік стратификация” атты кітабында әлеуметтік стратификацияның әр түрлі теориялары қамтылады, кеңестік дәуірден кейінгі Қазақстандағы жіктелу мәселелері қарастырылады, республикада соңғы жылдарда жүріп жатқан стратификациялық процестер талданады.
“Қазіргі Қазақстандағы жүріп жатқан стратификациялық процесте қандай да бір этносқа жату ешқандай рөл атқармайды. Қазақстан қоғамында тереңдеп жатқан жіктелудің басты белгілері - бұл табыс пен билік. Білім беру, мәдениет, кәсіптерге келер болсақ, олар әзірше бұл стратификациялық процесте ерекше рөл атқармайды” [34].
Әлеуметтік стратификация процесі, әсіресе қазіргі біздің қоғамымыз бастан кешіріп отырған күрделі өзгерістер кезеңінде айрықша күрделі және сан қырлы; әлеуметтік құрылымның даму қарқыны кей кездері оны зерттеу қарқынынан озық келеді. Егер де біздің қоғамымыздың қазіргі жай-күйін және оның әлеуметтік стратификациясы жүйесі дамуының негізгі үрдістерін жалпы сипаттауға тырысар болсақ, онда оны былай көрсетуге болады: халықтың қарқынды қабатталуы мен реттелуі, жаппай төмендеп бара жатқан мобильділік [35].
Тоталитарлық дәуірден кейінгі қоғамның әлеуметтік құрылымы әр түрлі әлеуметтік факторлардың ықпалымен қалыптасады: барлық әлеуметтік - экономикалық, саяси, мәдени, білім беру инстиуттарының қоғамдық нысаны және де бірінші кезекте меншік пен билік институттары өзгереді.
Терең қоғамдық төңкеріс және әлеуметтік құрылымды жасақтайтын әлеуметтік негіздер мен реттеуіштердің түрлену процесі жүреді. Әлеуметтік құрылымның негізгі құрамдас бөліктері - топтар мен қауымдастықтардың табиғаты өзгереді, олар меншік пен билік субъектілері ретінде қайта қалпына келтіріледі.
Әлеуметтік страталарды толтыру механизмдерінің өзі өзгереді. ұрпақтар сабақтастығы немесе отбасылық-демографиялық факторлар негізінде қолданыста болатын бұрынғы әлеуметтік ұдайы өндіру механизмдерінің орнына ұлттық және оңтайлы экономикалардың өзгеру процестеріне “енгізілген”, атап айтқанда кәсіпкерлік пен жалдау шарттарының өзгеруі механизмдері келеді.
Әлем қауымдастығы әлеуметтік құрылымның үш түрін біледі:
1. Орта таптың күшті топтары ұстап тұрған демократиялық нарықтық қоғам. Онда әлеуметтік топтардың бөлінісі орталық бөлігі дамыған (орта топтар), жоғары тап (бай элита) пен кедейлер тобы полюстері онша үлкен емес ромбты елестетеді.
2. Нашар дамыған, бірақ нарықтық экономикаға аяқ тіреген әлеуметтік құрылым үлгісі. Эйфель мұнарасын еске түсіретін пирамида түрінде (кедей топтар орналасқан кең ауқымды үлкен табан).
3. Бұрынғы социалистік елдердің қабатталу моделі табаны аса үлкен үшбұрышты еске түсіреді, оның көп ауданын “еңбекшілер” қабаты, ал төбесін - “билік адамдары” алып жатыр. Орта тап іс жүзінде жоқ.
Біздің бүгінгі қазақстандық қоғамымызға келер болсақ, оның стратификациялық жүйесі көптеген ғалымдардың пікірі бойынша [36] екінші үлгі нысанына ие - бүйір жақтары ойыңқы пирамида. Бұл пирамиданың төбесінде негізінен ірі бизнесмендерден, сондай-ақ көрнекті саяси және мемлекет қайраткерлерінен тұратын жоғары тап орналасқан.
Кәсіпкерлік болса қызметтің бір түрі ретінде - тек заңды ғана емес, аса жауапты шаруа ретінде өзін ақтап отыр. Бизнесмендер өз кәсіптерінің рейтингтері бойынша спортшылар мен эстрада артистерін едәуір артқа тастап, неғұрлым құрметті және танымал адамдарға айналуда. Бизнестің банктер, қаржы компаниялары, жарнама агенттіктері және т.б. сияқты түрлері көркейіп келеді.
Соңғы жылдары елімізде әр түрлі сарапшылардың пікірі бойынша жалпы халықтың 3%-дан 10%-ға дейін құрайтын меншік иелерінің жоғарғы тобы (әлеуметтік пирамиданың ұшы) қалыптасты. Қоғамның әлеуметтік түбі де (пирамиданың табаны) пайда болды, олардың тіршілік деңгейі кедейліктен де төмен. Eнді ғана орнап келе жатқан нарықтық экономика үшін қалыпты жағдай болатын мүліктік теңсіздіктердің тереңдеуі, бағалардың босатылуы қоғамның едәуір бөлігінің кедейленуіне әкелді, экономистердің есептеулері бойынша халықтың 70%-дан 85%-ға дейінгі бөлігін кедейлік деңгейіне немесе ол деңгейден төмен қоюға болады.
Біздің ойымызша ғылыми және техникалық интеллигенция өкілдерінің әрқайсысы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының күйзелуіне байланысты жұмысшылар мен колхозшылар кедейлік жағдайды бастан кешуде.
Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік пирамидасының ортасы әлі аз. Осы орынды иеленуі тиіс орта тапты жасақтау енді ғана басталып келеді.
Қазақстандық орта тап негізінен жеке адамдық жолмен емес, топты тік мобильділік жолымен жасақталатын болады және әлеуметтік пирамиданың орта бөлігі біртіндеп қоғамның бизнеске, кәсіптік еңбекке және мансапқа бет бұрған әлеуметтік топ өкілдерімен толығады.
Бұл ретте орта тапты жасақтау бүгінгі қоғамның мынадай қабаттарының: кәсіпкерлердің, менеджерлердің, жоғары білікті жұмысшылардың, өндірістік шаруалардың, фермерлердің есебінен жүретін болады.
Егер де даму процесі батыстық қоғамдар сияқты әрине, өз ерекшеліктерімен жүретін болса, онда экономикалық құрылымдағы өзгерістердің салдарынан орта тап ескі әлеуметтік топтар мен таптарды жұта бастайды да шешуші қоғамдық күшке, азаматтық қоғам дамуының өзіндік кепіліне айналады.
Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.
І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:
1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп атайды.
Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін, поезъд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.
2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)
3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)
ІІ. Көлеміне қарай: 1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топртар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас пен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.
ІІІ. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар: 1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар); 2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер); 4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер); 5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.
Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады. Ол сызбанұсқа түрінде былай көрінеді:
Әлеуметтік
қоғамдастықтардың (топтардың) негізгі
түрлері:
тұрақтылығы
төмен топтар орташа
тұрақтылығы бар топтар тұрақты
топтар
үлкен
топтар орташа
топтар кіші
топтар
әлеуметтік-таптық
әлеуметтік-этникалық
әлеуметтік-этникалық әлеуметтік-кәсіби
әлеуметтік-территориялық
тұрақтылық
дәрежесіне қарай
көлеміне қарай
мазмұнына қарай
Р.Мертон әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, оның үш айырмашылық белгісін бөліп көрсетеді - өзара іс-әрекет, мүшелік және сәйкестілік. Ұқсас анықтама бере отырып, Н.Смелзер адамның мінезін көбіне оның қандай да бір топтың адамы екендігімен түсіндіретінімізді айтады. С.С. Фролов әлеуметтік топты оның әрбір мүшесінің басқаларға қатысты белгілі бір жолмен қарым-қатынаста болатын жеке адамдардың жиынтығы деп түсінеді. Бұл анықтамада жиынтықты топ деп санау үшін қажетті екі маңызды шартты көруге болады: 1) оның мүшелері арасындағы өзара іс-әрекеттің болуы; 2) топтың әрбір мүшесінің басқа мүшелерге қатысты әрекетерінің болуы.
Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.
2. Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға жіктелуі батыстық социологияда әлеуметтік стратификация деген терминмен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік күйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.
Б.Барбердің коңепцияларында елдердің әлеуметтік құрылымдарын геометриялық фигуралар арқылы түсіндіру орын алады. Осындай әдісті белгілі социолог С.Липсет те қолданылады. Бұл социологтардың түсіндіруінде қазіргі дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы ромб сияқты көріністе.
Бай тап
Орта тап
Төменгі
тап
Бұл геометриялық фигурада 2 шеті тар, ал ортасы кең. Осы фигураны әлеуметтік құрылымды түсіндіруге пайдалансақ, онда дамыған елдерде орта тап халықтардың көпшілігі, ал жоғары бұрыш –ол бай тап, сан жағынан аз. Сондай ақ бұл елдер де төменгі бұрыштар тарлау, сондықтан оның саны да аз. Мысалы: 1992ж ресми көрсеткіштерге қарағанда АҚШ – та бай таптың саны 6%, кедей тап 14%. Қалған халықтың саны 80% орта тап. Ал салыстырмалы түрде алсақ Рессейде 1990ж. Байлар 3%, кедейлер 80%, ал орта тап 17%. Батыс елдердің көпшілігі технологиялық жағынан мықты дамыған елдер. Олардың экономикалық, материалдық тұрмысының деңгейі жоғары. Бұл елдегі топтардың кейбіреулері материалдық жағынан алғанда өте бай тұратын таптар. Бай табына жататын топтардың қоғамдағы орны, статусы, байлық мөлшері т.б. әртүрлі. Бұлардың ішінде ірі жекеменшік иелері, компанияларда, фирмаларда, өндіріс орында басшы қызмет істейтін адамдар, атақты инженерлер, архитектор, артистер, суретшілер, ғылымдар т.б.
Даму үстіндегі елдердің қатарына Кеңестік Республикалардың көпшілігі, қазіргі тәуелсіз елдер, олардың ішінде Қазақстан да жатады. Осындай елдердің әлеуметтік құрылымын Батыс социологтары үш бұрышты пирамида арқылы бейнелейді.
Бай
тап
Орта тап
Кедей тап
Осы пирамидаға қарасақ, бай тап, өте жінішке бұрыш. Орта тап одан көбірек, бірақ та оның салмағы онша емес. Кедей тап қоғамның басым көпшілігі, пирамида негізі. Орта таптың бұл елдердегі материалдық деңгейі, өмір тұрмысы, жалақысы т.б. материалдық, әлеуметтік жағдайлары дамыған елдермен салыстырғанда әлде қайда төмен. Орта таптың біріншіден, саны аз, 2 – шіден оны қалыптастыратын экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жеткіліксіз. Сондықтан бұл елдерде орта тап қоғамның елеулі әсер ете алмайды. Көпшілік елдерде орта таптың топтарының жекеменшігі бар. Бірақ та орта тапты бұл елдерде, әлі де болса тұрақты деп айтуға болмайды.
Даму үстіндегі елдер деген түсініктің өзі көбінесе экономикалық мағынаны береді деуге болады. Осы айтылған категорияларға жататын елдердің экономикасы әлі де болса әлсіз, технологиялық дамуы өте бәсең, сондықтан да олардың экономикасы дағдарыстарға ұшырап отырады, нарықтық процесс бұл елдерде төменгі деңгейде. Дегенмен де бұл елдердің көпшілігі ХХғ.аяқ кезінде дамыған елдердің көмегімен нарықтық экономикаға көшуде, технологиясы даму үстінде, жалпы экономикасы көтерілуде.
3. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:
а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
ә) кшатрийлер (әскери адамдар);
б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
г) хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.
Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.
Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.
«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.
Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды.
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Әлеуметтік құрылым туралы көптеген концепциялар бар. К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген зерттеулер жүргізген ірі ғалым. XIX ғ. әлеуметтік стратификациялау теориясының ірге тасын қалаушылардың бірі десек те болады. К.Маркстің түсіндіруінде адамзат тарихында 5 типті қоғам орын алады. Олар: алғашқы адамдар қоғамы, құлиеленушілік қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, және ең соңғы қоғам коммунизм. Әрбір қоғамның немесе формацияның өзіне тән, сәйкес құрылымы болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы К.Маркстің түсіндіруінше әлеуметтік топтардың жиынтығы және олардың қарым – қатынастары, байланыстары. Әлеуметтік құрылымның ішіндегі ең маныздысы - таптар. Таптық қоғам қанаушылық орын алған қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп Марксизмде құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік қоғамдарды айтады. Ал алғашқы қауымдық қоғамда тап болмаған, яғни қанаушылық та орын алмаған. Тап деген әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылады. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда екі тап орын алады. К.Маркс осы таптарды негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда феодалдар мен шаруалар, капитализмде капитал иелері мен пролетариат. Осы таптардың арасында күрес үздік жүріп отыр. Соның салдарынан бір тап жеңіліп, екіншісі жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатысқан таптардың барлығы жеңіледі, жеңіске басқа бір жаңа тап ие болады.
М.Вебердің де бұл мәселе туралы көзқарасы К.Маркстің көзқарасына өте жақын деуге болады. М.Вебер де К.Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген. Бірақ та М.Вебердің К.Маркстен бұл мәселе бойынша айырмашылықтары бар. Біріншіден, М.Вебердің пікірі бойынша таптың белгілерін тек қана К.Маркс сияқты меншікпен доғаруға болмайды. Таптың көптеген әлеуметтік белгілері бар. Оның ішінде мамандық, білім деңгейі, қызметкерлік қабілеті, дипломы т.б. Екіншіден әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К.Маркстың таптық құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым М.Вебердің социологиясында орын алады. Оның ойынша стратификациялаудың 3 өлшемі бар.
Олар:
1. Байлық – экономикалық статус
2. Билік – саяси статус
3. Мәртебе - әлеуметтік статус
Осы үш өлшем арқылы қоғамды стратификациялауға болатының айтады.
Әлеуметтік құрылымды зерттеушілерден П. Сорокин өкімет бойынша қоғамды «басқарушылар» мен «бағынушыларға» бөлді.
4. П.Сорокин қоғамда стратификацияның үш түрі бар екендігін баяндайды. Олар: экономикалық, саяси, кәсіби стратификациялар. Экономикалық стратификацияны негізгі материалдық байлық, не кедейшілік. Саяси стратификацияның негізі билік, басқарушылық, не болмаса олардың жоқтығы. Кәсіби стратификацияның негізгі мәртебелі / лауазымды / не мәртебесіз /лауазымсыз/ еңбек, мәртелі, /лауазымды/ болашағы бар, не болмаса болашағы аз, не болмаса жоқ мамандықтар. Экономикалық стратификацияны қарастырғанда П.Сорокин қоғамның экономикалық статусындағы екі өзгеріске тоқталады. Олардың бірі – экономикалық тұрмыс, екіншісі-қоғамдағы экономиканың көтерілу не төмендеу мәселесі. Осы өзгерістерді яғни экономикалық стратификациялау П.Сорокин флуктация деген терминмен белгілеген. Флуктация дегеніміз топтың экономикалықды статусының өзгерістері.
Прогрестік бағыттағы дамып жатқан елдерде ашық қоғам орныққан. Ал осы процесс бәсен болса, ондай қоғамдарды жабық қоғам дейді. П.Сорокиннің осындай концепцияларынан шыға отырып, қазіргі батыс социологтары ашық және жабық қоғам деген идеологияны әрі қарай дамытуда. Жалпы П.Сорокиннің көзқарасы бойынша қоғамдағы өте қатал әлеуметтік стратификация түбінде жақсылыққа әкелмейді, төменгі топтардың арасында наразылықты күшейте түседі. Төменгі страталардың жоғарыға қарай көтерілуіне жол ашылуы қажет. Ал жоғары страталарда беделін түсірген адамдардың, топтардың төмен құлай түсуін әбден қажетті деп түсіну қажет. Страталардың белгілері, критерилері мәселесінде социологтардың арасында біраз дискуссиялар, пікір-таластар туып отыр. Кейбір социологтар стратаны бір-ақ қана белгі арқылы айыруға болады деп есептейді. Мысалы, қазіргі неміс социологы Р.Дарендорфтың пікірі бойынша страталардың негізгі көрсеткіші бедел, билік. Ал көпшілік социологтардың пікірінше страталар көптеген белгілер арқылы ерекшелене алады.Мысалы, билік, кіріс, табыс, мамандық, білім, мәдениет, мекен-жайы, корпоративтік мақсаты т.б. Батыс елдеріндегі әлеуметтік стратификация теориясымен айналысатын социологтардың тізімі өте үлкен. Біз олардың кейбіреулерін атап кете аламыз. Олар: Т. Парсонс, Б. Барбер, Э. Райт, У.Уорнер, М.Липсет, К. Дэвис, У.Мур, Д.Трейман, Э.Гидденс, А.Бурьде, Р.Дарендорф, Р.Ротмэн, А.Инкельс. т.б.
«Әлеуметтік мобильділік» теориясының авторы П. Сорокин болып табылады. «Әлеуметтік мобильділік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.
Әлеуметтік мобильділіктің екі типі бар, олар:
вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильділік.
Веритикальды мобильділік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильділік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады.
Жоғары өрлеу бағытындағы мобильділікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильділік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильділік) жатады.
Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильділіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.
Э. Гидденс мобильділіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильділігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильділіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.
Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.
Горизантальды мобильділікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Тест сұрақтары:
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттейтін, екі ірі теорияны атаңыз
А)Әлеуметтік стратификация және мобильділік
В)Құрылымдық функионализм және мобильділік
С)Натурализм және әлеуметтік стратификация
Д)Әлеуметтік дарвинизм және күштілердің жеңуі
Е)Тарихи материализм және диалектика
2. Әлеуметтiк норма дегенiмiз:
А)Қоғамда рұқсат етiлетiн өлшем
В)Кәсiби-лауазымдық нұсқау
С)Әлеуметтiк көрсеткiштердiң шектелген маңызы
Д)Адам iс әрекетi салдарының ойша қанағаттануы
Е)Адамдар арасындағы қатынастарды реттейтiн ережелер
3.Көрсетілген жүйелердің қайсысы өз құрамына мәңгі және ресми-құқықтық мұрагерлікті қосады
А)Құлиеленушілік, сословиелік және касталық жүйе
В)Сословиелік, касталық және этакратиялық жүйе
С)Әлеуметтік-кәсіби, сословиелік және касталық жүйе
Д)Физико-генетикалық, құлиеленушілік пен касталық жүйе
Е)Тоталитарлық
4. “Страта” түсiнiгi ненi бiлдiредi? :
А)Жiктердi, қабаттарды
В)Диспозицияны
С)Таптарды
Д)Топтарды
Е)Бағдарды
5. Ашық қоғамды сипаттайтын тәртіп
А)Мобильділіктің жүзеге асуы
В)Оқшаулы тәртіп
С)Орталықтан басқару
Д)Автократиялық тәртіп
Е)Тоталитарлық тәртіп
6.Көлденең мобильділікке мысал бола алады
А)Қызметкердің жұмыс орнын (мекемесін) ауыстыруы
В)Индивидтің статусын өзгертуі
С)Қызметкердің қызметте өсуі
Д)Шет мемлекетке көшіп кету
Е)Мүлдем басқа мамандықты игеру
7. Батыс әлеуметтанушыларының айтуы бойынша, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететiн тап:
А)Орта
В)Жоғары
С)Барлық қабаттар
Д)Төменгi
Е)Элита
8. Қандай мәртебеге адам туғаннан ешқандай күш жұмсамай ие болады?:
А) Туа біткен
В) Қол жеткен
С)Қосымша алынған
Д)Тағайындалған
Е)Табиғи
9.Әлеуметтiк стратификация дегенiмiз-бұл:
А)Әлеуметтiк теңсiздiктiң формаларын анықтайтын ұғым
В)Индивидтiң бiр қауымдастықтан екiншiсiне өту процесi
С)Әйелдердiң жағдайын сипаттайтын ұғым
Д)Жiктелу мен кедейлену процесi
Е)Қоныс аудару процесi
10.Индивидтің немесе топтың бір әлеуметтік позициядан екіншісіне өтуі П.Сорокин бойынша ол
А)Әлеуметтік мобильділік
В)Әлеуметтік кеңістік
С)Әлеуметтік стратификация
Д)Әлеуметтік дифференция
Е)Әлеуметтік жіктелу
11. Бір әлеуметтік қабаттан екінші әлеуметтік қабатқа өтуді білдіретін мобильділік түрі
А)Тік
В)Көлденең
С)Геогрфиялық
Д)Ұрпақішілік
Е)Ұрпақаралық
12.Әлеуметтiк мобильдiлiк дегенiмiз-
А)Жеке адамның немесе топтың әлеуметтiк мәртебесiнiң өзгеруi
В)Теңсiздiк формасы
С)Адамның тұлғаға айналу процесi
Д)Қала халқының өсуi
Е)Туудың төмендеуi
13. Көлденең мобильділікке мысал бола алады
А)Қызметкердің жұмыс орнын (мекемесін) ауыстыруы
В)Индивидтің статусын өзгертуі
С)Қызметкердің қызметте өсуі
Д)Шет мемлекетке көшіп кету
Е)Мүлдем басқа мамандықты игеру
14.Қандай стратификациялық жүйе ашық жүйе болып табылады?:
А)Таптық
В)Сословиелiк
С)Касталық
Д)Құлдық
Е)Топтық
15. Қоғамдық қатынастар жүйесiнде бiр немесе бiрқатар позицияларды қамтитын, адамдар тәртiбiнiң үлгiсi
A) әлеуметтiк роль
B) әлеуметтiк орта
C) әлеуметтiк байланыстар
D) әлеуметтiк қатынастар
E) әлеуметтiк позиция мәртебе
10-тақырып. Мәдениет және қоғам
Әдебиеттер:
Тощенко Ж.Т. Социология –М.1998
Фролов С.С Основы социологии – М,.1997
Тимошинов В. Культурология. А., 2001
Габитов Т. Культурология. А., 2002
Жоспар:
1.Мәдениет ұғымы.
2.Мәдениет және нормалар жүйесі.
3.Құндылықтар және әлеуметтік нормалар ұғымы.
4.Этноцентризм және мәдени релятивизм.
5.Субьмәдениеттер және контрмәдениеттер.
1. “Мәдениет” деген ұғым латын тіліндегі “Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналардыбілдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады. Мәдениет терминінің алғашқы түсінігі аграрлық саламен байланысты болса ортағасырларда бұл терминнің астарында «маданиат» араб тілінде «қала», неміс тілінде «kujtur» өркениет ұғымдары түсіндіріле бастады. Жаңа заман дәуірінен бастап бұл термин адамға қатысты қолданыла бастады. Қазіргі таңда мәдениетті «екінші табиғат» деп түсінеміз. Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерлеп, дамиды, мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байданысты. Әлеуметтануда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын серпінді білім ретінде қарастырылады. Мәдениет әлеуметтануы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізгілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет әлеуметтануы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени серпін заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.
Білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Оның мақсаты - қазіргі қиын әлеуметтік-мәдени жағдайда олардың бағыт алуына, олар туралы ойлардың бүгінгі мазмұнын ашу мен негіздеуге көмектесу.
Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясаттың мақсатты бағытталған ғылыми негізін өңдеп шығару. Әлеуметтануда мәдениет бірінші кезекте оның әлеуметтік аспектісінде, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесулердің нәтижелері мен процестеріне көзқарасы тұрғысынан қарастырылады
2. Мәдениеттің алғашқы элементі – тіл. Тіл - адам тәжірибесін сақтаудың, жеткізілудің объективті формасы. Тіл нақтылы мәндермен үйлестірілетін белгілер мен символдардың жүйесі болып табылады. Тіл – аса маңызды қарым-қатынас құралы.
Мәдениеттің екінші аса маңызды құрамдас бөлігі құндылықтық - танымдық жүйе болып табылады. Құндылық - бұл барлық адамдардың жетуге тырысатын мақсаттары. әрбір қоғам өз құндылықтарын өзі таңдайды. Құндылық - бұл осы немесе басқа қоғамдық заттардың қасиетін, қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру құбылысы.
Құндылықтар өзінің қажеттіліктерін әлеуметтік субъект деп ұғыну нәтижесінде, олардың қоршаған әлем заттарымен ара қатынасында қалыптасады. Әлеуметтік субъектінің құндылық жүйесіне әр түрлі құндылықтарды жатқызуға болады:
1. Өмірлік мағынасы бар (жамандық пен жақсылық туралы, өмірдің мақсаты мен мәні туралы ойлар);
2. Әмбебап: а) виталды (өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, тұрмыс-жағдай, отбасы, туыстар, білім, мамандық, құқықтық тәртіп, т.б.); ә) қоғамдық мойындау (еңбексүйгіштік, әлеуметтік жағдай, т.б.); б) өзара тұлғалық қатынас (адалдық, риясыздық, мейірімділік); в) демократиялық (сөз бостандығы, еркіндік, ұлттық егемендік, т.б.);
3. Партикулярлы: а) отаны мен отбасына бауыр басу; ә) фетишизмдік (құдайға сену, абсолютке ұмтылу).
Әлеуметтануда құндылықтар, ең алдымен, адамның мінез-құлқы мен қоғамдық өмірдің әлеуметтік нормативтік қызметінде қарастырылады.
Мәдениеттің келесі элементі норалар мен ережелер. Нормалар мен ережелер құндылықтардың сақшысы. Қазіргі таңда адам, оның өмірі ең жоғарғы құндылық болса онда ҚР конституциясының бірінші бабында адамның өмірі, құқықтар мен бостандықтарына ешкімнің қол сұғуына болмайтындығы жайлы жазылғаны оған кепіл бола алады. Мәдениеттің келесі элементі – салт-дәстүрлер. Салт-дәстүр - бұл мұраттар мен құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жазбаша немесе ауызша түрде тасымалдау, жеткізу, қолдау және сақтау процесі. Салт-дәстүр адам мәдениетінің барлық салаларын қамтиды. Салт-дәстүрсіз адамзат тарихында ешқандай мәдениет өмір сүре алмайтынымен қоса, онсыз кез келген адамдар қауымдастығының өмір сүруін көз алдымызға елестету мүмкін емес, ал салт-дәстүр - бұл мәдениет және өркениет қоғамы онсыз өмір сүре алмайтын жалпы рухани негіз. Бір сөзбен айтқанда, салт-дәстүр - жеке адамның, топтың, халықтың және адамзаттың мәдени ұқсастығы мен тарихи зердесінің құрамында болатын құндылықтар, нормалар, идеялар, әдет-ғұрыптар жиынтығы.
“Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек “мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.
Социологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі [8].
Социологияда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын динамикалық білім ретінде қарастырылады.
Социологиялық зерттеудің объектілері болып қазіргі қоғамда өмір сүретін меңгеру формалары мен әдістерінің нақтылы бөлінуі, мәдениет объектілерін жасау мен жеткізу, мәдени өмірдегі тұрақты және өзгермелі процестер, әлеуметтік факторлар мен механизмдердің байланыстырушылары деп айтылады. Бұл тұрғыда социология кең таралған, тұрақты және әлеуметтік қауымдастықтың, топтың, табиғи және әлеуметтік қоршауларымен жалпы қоғам мүшелерінің қатынастарының уақыт бойынша қайталанып отыратын көп түрлі формаларын, қауымдастық мәдениетінің даму деңгейін анықтайтын мәдениеттің даму динамикасын зерттейді.
Мәдениет социологиясы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізігілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени динамика заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.
Білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Оның мақсаты - қазіргі қиын әлеуметтік-мәдени жағдайда олардың бағыт алуына, олар туралы ойлардың бүгінгі мазмұнын ашу мен негіздеуге көмектесу.
Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясаттың мақсатты бағытталған ғылыми негізін өңдеп шығару. Социологияда мәдениет бірінші кезекте оның әлеуметтік аспектісінде, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесулердің нәтижелері мен процестеріне көзқарасы тұрғысынан қарастырылады. Бұл мағынада мәдениетті зерттеу аумақтық бөліну мен әлеуметтік топқа бөлінудің қандай да бір жағдайында болатын қоғам мүшелерінің өзінің әлеуметтік-мәдени ортасындағы күрделі және көп өлшемді қоғамдық процестерді игеру, ұғыну және өзгеруін зерттеуді білдіреді.
Социологияда рухани мәдениеттегі әр түрлі элеметтердің жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінеді. Алғашқы және маңызды элемент танымды, белгі-символдық элемент, яғни қандай да бір түсініктер мен ойларда қалыптасқан, тілде айқындалған білім. Тіл - адам тәжірибесін шоғырланудың, сақтаудың, жеткізілудің объективті формасы. Тіл нақтылы мәндермен үйлестірілетін белгілер мен символдардың жүйесі болып табылады. Белгілер мен символдар қатынас жасау барысында басқа ілімдердің өкілдері ретінде көрінеді, олар туралы ақпарттар жеткізу мен өзгерту, алу мен сақтау үшін қолданылады. Белгілер мен символдар әрқашан нақтылы мәнге ие болады. Адамдар белгілер мен символдардың мәнін түсінуді білім беру процесінде игереді. Дәл осылар оларға айтылған мен жазылғанның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Мәдениеттің екінші аса маңызды құрамдас бөлігі құндылықтық-танымдық жүйе болып табылады. Құндылық - бұл осы немесе басқа қоғамдық заттардың қасиетін, қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру құбылысы. Құндылықтар өзінің қажеттіліктерін әлеуметтік субъект деп ұғыну нәтижесінде, олардың қоршаған әлем заттарымен ара қатынасында қалыптасады. Әлеуметтік субъектінің құндылық жүйесіне әр түрлі құндылықтарды жатқызуға болады:
1. Өмірлік мағынасы бар (жамандық пен жақсылық туралы, өмірдің мақсаты мен мәні туралы ойлар);
2. Әмбебап: а) виталды (өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, тұрмыс-жағдай, отбасы, туыстар, білім, мамандық, құқықытық тәртіп, т.б.); ә) қоғамдық мойындау (еңбек сүйгіштік, әлеуметтік жағдай, т.б.); б) өзара тұлғалық қатынас (адалдық, риясыздық, мейірімділік); в) демократиялық (сөз бостандығы, еркіндік, ұлттық егемендік, т.б.);
3. Партикулярлы: а) отаны мен отбасына бауыр басу; ә) фетишизмдік (құдайға сену, абсолютке ұмтылу).
Социологияда құндылықтар, ең алдымен адамның жүріс-тұрысы мен қоғамдық өмірдің әлеуметтік нормативтік қызметінде қарастырылады. Құндылықтың нақ осы қызметі оларды социологиялық зерттеудің арнайы пәніне айналдырады.
Құндылықты қатынастар өзінің жеке өмір сүруін әлеуметтік норма көрінісінен табады. Социологияда норма дегенде тек жалпы ереже ғана емес, сонымен бірге бұқаралық көрініс процестерінің шынайы өмір сүретін типі түсіндіріледі. Адамның жүріс-тұрысына сәйкес әлеуметтік норма ретіндегі қазіргі қоғамның көптеген өкілдеріне тән, әдеттегі әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды бейнелейтін осындай жүріс-тұрыс көрініс береді және қабылданады немесе жиі-жиі кездеседі деуге болады. Жалпы қабылданған норманы көрсететін шынайы жүріс-тұрыстың объективті және субъективті аспектілері болады. Объективті мағынада норма қоғамдық қызығушылықтар мен қажеттіліктерге, мазмұны мен формасы сәйкес келетін сыртқы қылықтарымен айқындалады. Субъективтіде нормативтік мінез-құлықтың идеологиялық және психологиялық аспектісі қоғамдық және жеке дара санада ұсынылған деп айқындалады. Әлеуметтік норма өздерінің қылықтарының қоғамдық мәні мен әлеуметтік құндылықтарын азды-көпті түсінген адам ретінде түсіндіріледі. Бұл үлгі жүріс-тұрыс дәледеуінде маңызды рөл атқарады [9].
Мәдениеттің синтетикалық формасы ырым, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сияқты жүріс-тұрыс үлгілері болып табылады. Ырым бұл өзіне осы немесе басқа әлеуметтік идеяларды, ойларды, нормалар мен құндылықтарды іске асыратын және қандай да бір ұжымдық сезімді тудыратын ұйымдық іс-әрекеттің символдық-таптаурын жиынтығы. Ырымның күші оның адамдарға деген эмоционалдық-психологиялық әрекетінде жатыр. Ырымда құндылықтар мен мұраттардың осы және басқа нормаларын игеру емес, сонымен бірге ырымдық әсерге қатынасқандармен бірге әсерленушілігі болып жатады.
Әдет-ғұрып - бұл топтық іс-әрекеттің үйреншікті, қалыпты ең ыңғайлы және жеткілікті кең таралған әдістері. Адамдардың жаңа ұрпақтары қоғамның үйреншікті әдістерін жартылай санасыз түрде еліктеу арқылы, жартылай саналы түрде оқыту арқылы қабылдайды. Әр адам бала кезінен көптеген көне мәдени элементтердің қоршауында болады. Ол үнемі көз алдында осы ережелерді көргендіктен, өзі үшін ең дұрыс және ең қолайлы болып қала береді. Бала өсіп-өніп, үлкейген соң, олардың пайда болуы туралы ойланбастан оған өзінен-өзі белгіленген құбылыс ретінде қарайды. Мысалы, амандасу үшін ол дағдылы түрде оң қолын созады, бірақ бір кездері мұндай ым жәй амандасуға қарағанда үлкен мән, дәлірек айтсақ, қолда қару жоқ екендігін білдірген. Қоғамда әдет-ғұрыптар саны өте көп. Жабайы қоғамның өзінде де бірнеше мыңдаған әдет-ғұрыптар болған, ал қазіргі индустриалды қоғамда олардың саны көбейе түсуде [10].
Салт-дәстүр - бұл мұраттар мен құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жазбаша немесе ауызша түрде тасымалдау, жеткізу, қолдау және сақтау процесі. Салт-дәстүр адам мәдениетінің барлық салаларын қамтиды. Салт-дәстүрсіз адамзат тарихында ешқандай мәдениет өмір сүре алмайтынымен қоса, онсыз кез келген адамдар қауымдастығының өмір сүруін көз алдымызға елестету мүмкін емес, ал салт-дәстүр - бұл мәдениет және өркениет қоғамы онсыз өмір сүре алмайтын жалпы рухани негіз. Бір сөзбен айтқанда, салт-дәстүр - жеке адамның, топтың, халықтың және адамзаттың мәдени ұқсастығы мен тарихи зердесінің құрамында болатын құндылықтар, нормалар, идеялар, әдет-ғұрыптар жиынтығы. Қазіргі социологиялық еңбектерде салт-дәстүрді жайлап үйрену мен ұзаққа созылған қандай да бір қоғамдық талаптар ғана емес, сонымен бірге адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларға негізделуі деп қарастырады. Сол себептен салт-дәстүрдегі қажеттілік бір уақытта босататын, жаншитын адамдар жүрегіне жол салатын маңызды қажеттілік болып табылады. Социологиялық анықтамалар қатарында, сонымен бірге салт-дәстүрді әмбебап мәдениет құбылысы ретінде қарастыратын мағыналар да бар [11].
Салт-дәстүр барлық әлеуметтік жүйелерде қызмет етеді және олардың өмір саласындағы қажетті жағдай болып табылады. Салт-дәстүрге немқұрайды қатынас қоғам мен мәдениет дамуындағы мирасқорлықтың бұзылуына, адамзаттың құндылықтық жетістіктерінің жоғалуына алып келеді. Салт-дәстүр алдында соқыр бас ию кертартпалық пен қоғамдық өмірде тоқырау туғызады.
Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста қандай да бір нақтылы формада қызмет атқарады. Мәдениет болмысының бұл нақтылы формасын көрсету үшін социологияда субмәдениет түсінігі қолданылады. Субмәдениет - бұл көбінесе оларды алып жүретіндердің ойлауы мен өмір стилін анықтайтын, өздерінің комплекстерімен, әдет-ғұрыптарымен, нормаларымен, ерекшеленетін автономды тұтастай білім.
Социологияда субмәдениеттің пайда болуын қоғамдық субмәдени және мәдени қажеттіліктеріне жағымды жауап ретінде (кәсіби мәдениет) және қоғамда үстемдік етуші мәдениет пен әлеуметтік құрылымдарға жағымсыз әсер ретінде (деликвентті субмәдениет, яғни қоғамның қылмыстық топтар мәдениеті) қарастырылады. Ұлттық, дінаралық, кәсіби субмәдениеттерді, ұйымдар мен әлеуметтік топтар, т.б. субмәдениетін атап көрсетуге болады. Субмәдениеттің қалыптасуының әлеуметтік базасы жасы үлкен-кішілі топтар, әлеуметтік топтар, ірі бейресми бірлестіктер болып табылады. Субмәдениет түсінігі әлеуметік топтар қатарын мамандандыру, урбанизациялау әсерінен болатын мәдениеттің бірігу мен жіктеу процестерін және мәдени салт-дәстүрден ұзап кетуге әкелетін әлеуметтік мобильділіктің күшею процестерін зерттеп білуге көмектеседі.
Социологияның маңызды мәселесі басқа мәдениеттің адамдармен бағалануы. Адамдар көбінесе өздерінің мәдениетіне қарамай басқа мәдениеттерді бағалауға бейім. Мұндай позиция этноцентризм деп аталады. Этноцентризм қандай да бір деңгейде барлық қоғамға тән, керек десеңіз артта қалған елдердің өзі бір нәрседе өзінің қалғандардан артықшылығын сезінеді. Этноцентризм сияқты қиын мәдени құбылыстың жағымды сәттері этноцентризмнің нақтылы айқын көрінісі бар топтар басқа мәдениетке және субмәдениетке толығымен шыдамды топтарға қарағанда өмір сүруге аса дәрменді болып келетіндігінен көрінеді. Этноцентризм топтарды шоғырландырады, оның әл ауқаты үшін құрбан болу мен азаптануды ақтайды; онсыз отан сүйгіштіктің пайда болуы мүмкін емес. Этноцентризм - ұлттық сана-сезімнің, керек десеңіз әдеттегі топтық адалдықтың пайда болуының қажетті жағдайлары. Әрине, этноцентризмнің жағымсыз пайда болулары да мүмкін, мысалы, ұлтшылдық, басқа қоғам мәдениетіне теріс қарау. Бірақ көп жағдайларда этноцентризм шыдамды формаларда пайда болады. Біз этноценотризм құбылысымен күнде кезігеміз, жынысы, жасы бойынша басқа аймақтардың, басқа ұйымдардың өкілдерімен салыстырғанда және әлеуметтік топ өкілдерінің әлеуметтік үлгілеріндегі айырмашылық болғанда, барлық жағдайда адамдармен жиі ұшырасамыз.
Этноцентризмге мәдениетті релятивизм қарсы тұрады. Оның негізгі тұжырымы мынада, егер ниеттер мен құндылықтар өздерінің жеке меншік мәдениетінің әлемінде ұқсамайтын болса, бір әлеуметтік топтың мүшелері басқа топтардың ниеттері мен құндылықтарын түсіне алмайды. Басқа мәдениетті түсіну үшін оның нақтылы белгілерін, дамуының ерекшеліктері және оқиғаларын байланыстыру керек. Әрбір мәдени элемент өзі бір бөлігі болып табылатын мәдениеттің ерекшеліктерімен ара қатынаста болу қажет. Бұл элементтің құндылығы мен мәні тек қана қандай да бір мәдениеттің контекстінде қаралуы мүмкін. Мәдени релятивизмге сәйкес жеке мәдени жүйенің нақтылы элементтері дұрыс және жалпылама қабылданған болып табылады, өйткені олар өздерін дәл осы жүйеде жақсы көрсетті; ал басқалары дұрыс емес және қажетсіз деп саналады, өйткені оларды қолдану осы қоғамда немесе осы әлеуметтік топта ауру мен жанжалды салдарды туғызар еді. Қоғамда мәдениетті қабылдау мен дамытудың ең тиімді жолы - этноцентризм мен белгілердің және мәдени релятивизмнің сәйкес келуі, индивид өзінің тобының немесе қоғамының мәдениеті үшін мақтаныш сезімін сезіне отырып және осы мәдениеттің негізгі үлгілеріне жолын қуушылық ойын айта отырып, сол уақытта басқа әлеуметтік топтардың өмір сүруге құқы бар екенін мойындай отырып, сол топтар мүшелерінің жүріс-тұрысын, мәдениетін түсінуге қабілетті.
Мәдениет қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады, ол ең алдымен адамзат тәжірибесін сақтау және жеткізуден құралады. Бұл рөл бірнеше қызметтер қатары арқылы іске асырылады:
1) Мәдениеттің білім беру тәрбиелік қызметі. Индивид әлеуметтенуінің арқасында тұлға, қоғам мүшесі, адам болып қалыптасады, яғни барлық адамзаттың және өзінің әлеуметтік тобының, өзінің халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, нормаларын, құндылықтарын, рәміздерін, тілдерін, білімдерін игереді. Тұлғаның мәдени деңгейі оның әлеуметтенуінен - мәдени мұраға орналасуынан, сонымен қатар жеке дара қажеттіліктерінің даму дәрежесінен көрінеді. Тұлғаның мәдениеті, әдетте дамыған шығармашылық қабілеттерімен, эрудициясымен, өнер туындысын түсінуімен, ана тілі мен шет тілін жетік меңгеруімен, ұқыптылықпен, сыпайылықпен, жоғары өнегелілікпен ұқсастандырылады.
2) Мәдениеттің интегративтік және дезинтегративтік қызметі. Э.Дюркгейм өз зерттеулерінде осы қызметке ерекше көңіл бөледі. Э.Дюркгейм бойынша мәдениетті игеру адамдарда, қандай да бір қауымдастықтарда, қауымдық сезімін бір ұлтқа, халыққа, дінге, топқа жату сезімін қалыптастырады. Осылайша мәдениет адамдарды шоғырландырады, қауымдастықтың тұтастығын қамтамасыз етіп, біріктіреді. Осы үлкен қоғамдастықтар мен қауымдастықтар ішінде мәдени жанжалдар пайда болуы мүмкін. Осылайша мәдениет дезинтеграциялану қызметін атқарады.
3) Мәдениеттің реттеуші қызметі. Әлеуметтендіру процесі барысында құндылықтар, мұраттар, нормалар мен жүріс-тұрыс үлгілері тұлғаның сана-сезімінің бөлшегіне айналады. Олар адамдардың жүріс-тұрыстарын реттейді және қалыптастырады. Мәдениет адам әрекет жасай алатын шеңберді анықтайды деуге болады. Мәдениет адамның отбасындағы, мектептегі, өндірістегі, күнделікті тіршіліктегі жүріс-тұрысын реттейді, өйткені ол тиым салу мен ережелер жүйесін қамтиды. Бұл тиым салу мен ережелерді бұзу қоғамдастықтармен бекітілген және институционалды мәжбүрлеудің әр түрлі формасы мен қоғамдық пікір күштерінен қолдау алатын қандай да бір санкциялардың әрекет етуіне алып келеді.
Мәдениет дамуындағы ең маңызды сәттердің бірі - мәдениет үлгілерінің таралуы. Француз мәдениет зерттеушісі А.Моль осы процесс жолында пайда болатын мәдени үлгілер мен бөгеттердің таралуының әр түрлі кезеңдерін анықтауға болатын қазіргі қоғамда мәдениетті таратудың әмбебап үлгісін өңдеп шығарды [12]. А.Мольдың үлгісі бойынша мәдени үлгілерді таратудың кез келгені шығармашылық тұлғаның іс-әрекетінен басталады, олардың әрқайсысы өздерінің ақылды іс-әрекетінің, экспериментінің, бұрынғы тәжірибелері негізінде кейбір әлеуметтік топтарда қолдану үшін өзінің сапасы бойынша жарамды өнім жасайды. Жаңа мәдени үлгіні көрсеткен кіші топта ол алғаш рет бағаланады. Ондай жағдайда, егер үлгі кіші топ мүшелерін қанағаттандырса, онда ол қабылданады және ол микро ортада мәдени үлгінің алғашқы таратылуы болып саналады. Осында мәдениет нормалары мен құныдылықтардың таратылуы аяқталады. Қандай да бір отбасына немесе шағын жұмысшылар ұжымдарына тән және үлкен әлеуметтік жиынтықтарға таралмайтын нормаларды жиі байқауға болады.
Мәдениет үлгісінің әрі қарай таралуы үшін біріншіден, үлкен топтармен қоғамдар шегінде құндылықтары мен мәні болу керек, екіншіден, бұқаралық ақпараттар құралдары көмегімен үлкен аудиторияға жеткізілуі және көбейтілуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік құндылықтарды қалын қауымға немесе макро ортаға дейін жеткізеді. Алайда бұқаралық ақпараттар көмегімен таралған идеяларды бұқаралық мәдениеттің бір бөлігі деуге болмайды. Біз күнде үлкен аумақта ақпараттар аламыз, бірақ одан игеру үшін аз ғана бөлігін аламыз. Егер де жаңа мәдени норма немесе құндылық кең аудиториямен, микро ортамен мәдениеттің пайдалы, қажетті бөлігі ретінде қабылданатын болса, егер де ол қазіргі қоғамның басқа мәдениет үлгілерімен таласта төтеп бере алса, онда ол осының бөлігі болып қалыптасады. Әрі қарай қолдану барысында мәдени үлгі адамдармен игеріледі, тұлғаның жеке дара мәдениетіне ажырамас бөлік ретінде енеді, процесс қайталана береді.
Мәдениеттің икемділігі, оның қоршаған ортаға бейімделу және өзгеру қабілеті көбінесе мәдени үлгілердің негізін құратын жаңа идеялардың айналу жылдамдығына байланысты.
.
Тест сұрақтары
1. Субмәдениет дегенiмiз-
А)Қандай да бiр қауымдастықты немесе әлеуметтiк топты ажырататын нышандардың, құндылықтардың, нормалардың, тәртiп үлгiлерiнiң жиынтығы
В)Тәртiптiң жазылмаған ережелерi
С)Ұрпақтан -ұрпаққа берiлетiн және белгiлi бiр қауымдастықта сақталатын әлеуметтiк және мәдени мұралар элементi
Д)Белгiлi бiр қауымдастықта немесе әлеуметтiк топта өндiрiлетiн, адамдардың
қызметiн әлеуметтiк реттеу формасы
Е) өркениеттiң синонимi
2. Жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келмейтін жалпы мәдениеттің бір бөлігі
А)Субъмәдениет
В)Басымдылық мәдениет
С)Контрмәдениет
Д)Маргиналдылық
Е)Этникалық мәдениет
3. Индивидтің бір әлеуметтік деңгейдегі топтан екіншісіне өтуі:
А)Көлденең мобилділік
В)Тік мобилділік
С)Топтық мобилділік
Д)Ұйымдасқан мобилділік
Е)Жеке мобилділік
4 . Мәдениеттiң формаларын көрсетiңiз:
А)Халықтық, элитарлық, көпшiлiк, субмәдениет, контрмәдениет
В)Халықтық, көпшiлiк, арнайы, субмәдениет, элитарлық мәдениет
С)Ұлттық, мұрагерлiк, әлемдiк, субмәдениет, контрмәдениет
Е)Рухани және материалдық
Д)Көпшiлiк, жекелiк, топтық, таптық
5. Контрмәдениет дегеніміз не?
А)Әрекет етуші басты мәдениетке қайшы келетін мәдениет
В)Ерте кезеңде пайда болған мәдениеттің түрі
Д)Мәдениеттің бір түрі
С)Әрекет етуші мәдниетке қайшы келмейтін мәдениет
Е)Екі мәдениет арасындағы айырмашылықты анықтайтын термин
6.Құндылықтар мен нормаларды өзіне енгізетін ұғым
А)Мәдениет
В)Қоғам
С)Жаһандану
Д)Ойлау
Е)Социум
8. Қоғам жүйе ретінде неден тұрады?
А) бір-бірімен байланысқан шағын жүйелерден
В) ұйымдардан
С) қарым-қатынастан
D) құрамдардан
Е) адамдар интеграциясынан
9.Д.Белл бойынша қоғамның даму сатылары
Индустриалдыққа дейін, индустриалдық, постиндустриалдық
Индутриалдық, аграрлық, постиндустриалдық
Таптық, аграрлық, феодалдық
Феодалдық, таптық, капиталистік
Құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік
10.Кез-келген қозғалыстар мен өзгерістер, ол:
A) әлеуметтік процесс
B) табиғи дамудың белгісі
C) элеуметтік дамудың көрінісі
D) тіршіліктің бейнесі
E) жаңа әлеуметгік құрылымның қалыптасуы
11.Құрылымдық функционализм теориясы және әдiстемесiн жетiлдiрген
A) Т.Парсонс, Р.Мертон
B) В.Дильтей, Г.Зиммель
C) К.Маркс, Ф.Энгельс
D) О.Конт, Э.Дюркгейм
E) З.Фрейд, А.Адлер
12. Берiлген әлеуметтiк жүйеде адамдардың әлеуметтiк мәртебесiн көрсететiн, күтiлетiн тәртiп моделi
A) ролдiк күту
B) әлеуметтiк орта
C) әлеуметтiк байланыстар
D) әлеуметтiк қатынастар
E) әлеуметтiк позиция (мәртебе)
13. Әлеуметтік жүйе
А) Негізгі элементі индивид, өздігінен дамитын өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық
В)Қоғамның әлеуметтік құрылымы
С) Қарапайым қоғамдық жүйелер
Д) Ұйымдастырушы жүйелер
Е) Қоғамның негізін құрайтын элемент
14.Қоғам дамуының үш: теологиялық, метафизикалық, позитивтік сатысын көрсеткен:
А) О. Конт
В) Ш. Монтескье
С) Г. Спенсер
Д) М. Вебер
Е) Э. Дюркгейм
15. Қоғам дамуының бүкіл саласына түбірімен сапалы да терең төңкеріс жасау және жаңа саяси-экономикалық құрылым орнату, ол:
А) әлеуметтік революция
В) әлеуметтік даму
С) түбегейлі өзгеріс
Д) әлеуметтік өзгеріс
Е) әлеуметтік реформа
11-дәріс Отбасы және гендер әлеуметтануы
Әдебиеттер:
