- •1 Дәріс Әлеуметтану ғылым ретінде
- •Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 2010
- •Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 2010
- •1. Қалалардың, қала тұрғындарының өсуiнiң әлеуметтiк процесi, олардың қоғам дамуындағы ролiнiң артуы былай аталады:
- •2.Ашық қоғамды анықтаңыз
- •3. Қоғам дегенiмiз -
- •Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 2010
- •Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 1992
- •12 Дәріс Жастар әлеуметтануы
- •Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 1992
Гидденс э.Социология, м: Эдиториал, урсс, 2010
Гофман А.Б. 7 лекции по истории социологии. М: 1999
Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана, 2004
Жоспар:
1.1920 жылы АҚШ та эмперикалық әлеуметтанудың эмперикалық мектебінің дамуы.
2.Әлеуметтанулық білімнің негізгі парадигмалары:құрылымдық функционализм,
дау-жанжалдық ыңғай, символикалық интеракционизм.
3. Әлеуметтанудағы құрылымдық функционализмнің негізгі тұжырымдары.
4. Т.Парсонс әлеуметтік тәртіп пен әлеуметтік жүйе туралы.
5. Р.Мертон әлеуметтік жүйенің функциялары мен дисфункциясы
1.Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады. Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды, қорытындылауды айтады. Мұндай нақты зерттеулер 20-30-жылдары АҚШ-та, сонан кейін басқа дамыған елдерде өте қызу жүргізіле бастады. Адольф-Кетле (франко-белгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флорина Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті. Дегенмен, эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады, теорияның маңызы мен рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық әлеуметтануды қайтадан көтеріп, жаңғырту қажет болды, өйткені әлеуметтік теориялық сұрақтарға уақытында жауап берілмеді. Бұл мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. зор еңбек сіңірді.
Чикаго мектебі социологияның дамуындағы алғашқы әрі маңызды орынды алады. Оның негізін салушы – А. Смолл. А.Смоллдың негізгі қызыққан пәндері ол – қызығушылықтар: денсаулық, байлық, қарым-қатынас, таным, сұлулық пен әділеттілік.Әлеуметтік процесс көбірек қызығушылықтарға жалғасып, біртіндеп жанжалдар келісімге ауысады. Қызығушылықтар, топтық құрылым мен әлеуметтік процесс біртұтас бірлікті құрайды.
Әлеуметтік эволюция У.Сэмнердің ойынша, ерекше мінездемесі бар, ал табиғи сұрыпталу мен өмір сүру үшін күрес тамаша идея. Әлеуметтік теңсіздік – бұл өркениетті даму кезіндегі қажетті табиғи жағдай. Оны қызықтыратыны адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасынан гөрі олардың іс-әрекеті еді. Қоғам бұл шығармашылық процесі. Салт-дәстүр қызығушылықтар мен мотивтерден туындайды. Соңғыларының ішінде ең бастысы – аштық, жыныстық құмарлық, менмендік, қорқыныш.
Э.Россты әлеуметтік тәртіп пен ынтымақтастық табиғаты қызықтырды. Ынтымақтастықты ол әлеуметтік бақылау, процесс, индивидтер мен топтардың біртұтас ұйымы ретінде қарастырды. Росстың пікірінше, бақылаудың шешуші күшін мойындау құбылысынан іздестіру керек деді. Біріншісінде тәртіп, келісім мен бірқанды, жалпы құндылықтар негізінде, екіншісінде – бақылау жолы арқылы қол жеткізіледі. Соңғысының екі типтен тұратын механизмдері бар: ішкі, дамыған сезімдерге негізделген, сыртқы күш пен авторитетті қолданушы. Біріншісі этикалық байқау мақсатында, екіншісі-саяси жетістіктерге жету жолдары (білім, заң т.б.).
Жалпы қоғамның өзара байланысын қамтамасыз ететін функцияларды бақылау мен зерттеу үшін Р.Мертон құралдардың орташа радиустік әрекет теориясын ұсынды.
Роберт Парк пен Эрнест Берджесс-Чикаго мектебінің келесі ұрпақтар классиктері. Олардың негізгі ерекше көзқарастары – теоретикалық бейімделушіліктері, түрлі зерттеу әдістерінің қосындысы, теоретикалық зерттеулерді эмпирикалық зерттеулермен байланыстыруы, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған проектілерге болжам жасау болып табылады. Қалалық агломерат шеңберінде жергілікті бірлестіктерді әлеуметтік – экологиялық теориялар көмегімен зерттеу үшін «концентрлік зонаның» барлығы туралы (болжам, коземел) ұсынылған болатын. Оның авторы Э.Берджес. Э. Берджес пен Р.Парктың оқулығы эмпирикалық әлеуметтанудың дамуындағы елеулі кезең болды. Онда олар эмпирикалық зерттеулердің өздеріне мәлім принциптері мен әдістемелерінің жиынтығын беруге тырысты.
2. Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардың әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай әр түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Олардың әрқайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығын парагдигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциялар деп қарауға болады. Қоғам тұтас әлеуметтік шындық ретіндегі негізгі ережелер мен принциптер әлеуметтану парадигмасына жатады.
Әр парадигма өзіндік талғампаздық сипатымен ерекшеленеді. Олардың қоғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1)құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар; 2) интерпретативті немесе микросоциологиялық парадигмалар. Бірінші топтағы (құрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл бөледі. Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын болсақ, олар төмендегідей: 1)функционалдық (қызметтік) парадигмалар; 2)конфликтік (конфликтологиялық) парадигмалар.
Конфликтологиялық парадигманың өзі үш тармаққа бөлінеді: а)марксистік, б) неомарксистік, в) беймарксистік конфликтологиялық социология.
Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға жататындар: 1)әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар; 2)символикалық интеракционизм; 3)феноменологиялық парадигма; 4) этнометодологиялық парадигмалар.
3. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық парадигмалардың бірі – функционалдық парадигма.
Құрылымдық – функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Талкотт Парсонс т.б. Т.Парсонстың еңбектерінде құрылымдық-функционалдық бағыт әзірленді. Жалпы ғылыми әдістерден құрылымдық-функционалдық әлеуметтануда кеңінен қолданылады.
Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Бұл теорияның өкілдері негізінен қоғамды құрайтын әрбір институттың қызметіне талдау жасай отырып, олардың әлеуметтік жүйедегі тұтастықтың, гармонияның сақталуына қосатын үлесі қандай екендігін анықтап көрсетуді мақсат етеді. Осы мақсатпен олар, мәселен, мемлекеттің қоғамды басқарудағы қызметіне, жанұяның келешек ұрпақты әлеуметтік ортаға дағдыландыру және бейімдеу қызметіне анализ жасауды көздейді. Сондай-ақ, олар қоғамдағы базалық құндылықтарды бекітудегі діннің атқаратын қызметіне анализ жасауға баса назар аударады. Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі– конфликтік (конфликтологиялық) парадигма. Мұның өкілдері де қоғамды құрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, оның тұтас жүйе екендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз теорияларын қоғамның әр түрлі топтық құрылымына, олардың мүдделерінің әр түрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді.
Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік, неомарксистік және беймарксистік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.
Марксистік парадигмада экономикалық конфликт, әсіресе, қоғамның үстем және тәуелді топтарға бөлінуінен, сондай-ақ олардың арасындағы, ең алдымен, экономикалық қайшылықтардан туындайтындығына талдау жасауға басты назар аударылған. Социологиялық жүйелері марксистік теорияның ықпалында болған ғалымдарды неомарксистерге жатқызамыз. Дегенімен, олардың кейбіреулері өз көзқарастарын қалыптастырды. Неомарксистер, әсіресе, Маркстің қоғам даму тарихын анықтаудағы экономикалық фактордың маңызды немесе шешуші роль атқарады дейтін көзқарасына қарсы шығады. Неомарксистік парадигманың негізгі өкілдері қатарына Антонио Грамши, П.Уиллис, Инграм Тейлор, П.Уолтон, Дж.Янг, Юрген Хабермас сияқты ғалымдарды жатқызуға болады.
Мәселен, Антонио Грамшидің пікірінше, билеуші таптың өндіріс құрал-жабдықтарына иегерлік етуі оның бүкіл қоғамдық деңгейде лидер болуына және ең ықпалды лидер болуына негіз де, кепіл де бола алмайды. Оның себебі, біріншіден, мемлекет ешқашан да бірыңғай тек өндіріс құрал-жабдықтың иегері болып отырған таптың мүддесіне қызмет ете алмайды деп көрсетеді. Грамшидің Маркстен өзгешілігі сол, ол таптардың өз ішінде жіктелуіне, тап аралық қабаттардың болатындығына үлкен мән береді.
Франкфурт мектебінің өкілі Юрген Хабармас Маркстен кейінгі әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, Маркстің экономикалық күйзеліс капитализмінің күйреуіне әкеліп соғады деген пікіріне қарсы болады. Хабермас «Капиталистік елдердегі мемлекет өз экономикасына ықпал ете отырып, капиталистік елдердегі экономикалық жүйенің күйзеліске ұшырауын болдырмауы мүмкін» немесе оның қолайсыз жағдайға ұшырау мерзімін белгілі бір ұзақ уақытқа созуы мүмкін деген пікір айтады.
Символикалық интеракционизм концепциясының өкілдері де әлеуметтік әрекетке көңіл бөледі, бірақ бұлар кіші шеңбердегі (әлеуметтік өзгерістер) интеракциялық жағдайларға баса назар аударады. Әсіресе, символдың мәндік, мазмұндық жағына Мид ерекше көңіл бөледі. Адам тағдыры үшін ең құнды нәрсе – мән, мазмұн болып табылады. Әлеуметтік интеракция (өзара әрекет) теориясының авторы Джорж Герберт Мид(1893-1931).
Сонымен, Мидтің пікірінше, адамдар әрі әлеуметтік ортаны өздері жасай алады, әрі сол ортаның ықпалында болады. Яғни, адам тек әлеуметтік ортада ғана қалыптаса алады. Және адамдар тек символдар дүниесінде ғана өмір сүреді әрі оның мәндік жағы, өмірдің мәндік сипаты адам қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негіз болады деп көрсетеді. Ол алғаш рет әлеуметтік рольдер теориясын қалыптастырды,
Мидтің шәкірті Герберт Блюмер интеракционизм парадигмасын дамытуда елеулі үлес қосты. Оның пікірінше, символикалық интеракционизм үш түрлі алғышарттарға негізделеді: 1.Адамдар, ең алдымен, заттар мен құбылыстардың мәніне негізделе отырып, іс-әрекет жасайды. 2. Заттар мен құбылыстың мәні, мазмұны тек қана алдын ала анықталып, беріле бермейді және мазмұн белгілі бір интеракциялық жағдайға байланысты қалыптасуы да, түрленіп өзгеруі де, дамытылуы да мүмкін. 3. Мазмұн белгілі бір интеракциялық жағдайда жасалынған интерпретацияның қорытындысы болып табылады. Басқа біреудің ролін атқарушы адам қандай да бір процеске қатыса отырып, өзінің кейіпкерінің іс-әрекеті мазмұнын және оның алдағы уақытта істейтін іс-әрекетін интерпретация жасап отырады.
Сонымен, Блюмер интеракционистік парадигма мен әлеуметтік әрекет парадигмасының арасында елеулі айырмашылық бар деп есептейді
Феноменологиялық парадигма. Бұл социологиялық бағыттың өкілдері адам санасының ішкі мазмұндық жағына баса назар аударады. Яғни, адамның ақыл арқылы сыртқы дүниені түсіну және жіктеу тәсілдеріне баса көңіл бөледі. Адамды және қоғамды зерттеуде олар әлеуметтік әрекетке көңіл бөлмейді, сондықтан адамның мінез-құлқының себептік жақтары қарастырылмайды. Керісінше, олар, ең алдымен, құбылыстың мазмұндық жағын түсінуге тырысады да, ал оның пайда болу себептеріне көңіл аудармайды.
Феноменологтардың пікірінше, адам сыртқы ортаны тек сезім мүшелері арқылы ғана таниды: көру, есту, дәм, иіс, затқа дене мүшелерін тигізу арқылы. Бірақ ол сыртқы ортаны толық түсіну үшін жеткіліксіз болады. Демек, әлеуметтік өмірді тану үшін феноменологиялық жіктеу тәсілдерін зерттеудің қажеттілігін көрсетеді. Феноменолог - әлеуметтанушылар теория әзірлеп жатыр, ол бойынша әрекет етуші индивидтер жасағандықтан әлеуметтану ақиқаты өз табиғатынан жасанды.
Қорыта келгенде, бұл тәсілдің негізінде философиялық көзқарастың жатқандығын көруге болады. Шындығында феноменология неміс философы Эдмурд Гуссерльдің дамытуымен алғаш рет Европа философиясының бір тармағы ретінде қалыптасқан болатын. Ал феноменологияны әлеуметтік өмірді түсіндіруде алғаш қолданған Альфред Шюц болған.
Этнометодологиялық парадигма басқаларға қарағанда, біршама жаңа социологиялық концепция болып есептелінеді. 1967 жылы Гарольд Гарфинкель «этнометодология» ұғымын алғаш енгізген болатын. Жуықтап аударғанда «Адамдар қолданатын тәсілдер» деген мағынаны береді. Дәлірек айтқанда, этнометодологтар адамдардың әлеуметтік ортаны тануда қолданатын тәсілдерін зерттейді. Гарфинкель, біріншіден, этнометодологияны қарапайым адамдардың күнделікті өмір-тіршілігіндегі іс-әрекеттерін түсіндіре алуға болатындығын көрсететін тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Екіншіден, кез келген әлеуметтік құбылыстар мен әрекеттердің барлығы тең дәрежеде социологиялық зерттеулердің пәні бола алады деп қарастырады. Үшіншіден, ол әлеуметтік жағдайдың өзіндік спецификасын ескеруі керек және оны ресми ғылыми тілмен емес, керісінше, сол жағдайдың өзіндік ерекшелігін барынша толық көрсете алатын ауызекі тілді, тәсілдерді қолдануы қажет деп көрсетеді.
Этнометодология парадигмасындағы басты идея – ол «индексация» идеясы. Мұның мәні – кез келген зат пен құбылысты немесе мінез-құлықтың мазмұны оның контексінен өрбиді деген қағиданы ұстануда. Яғни, Гарфинкельдің пікірінше, кез келген әрекеттердің мәнін тек белгілі бір контекст тұрғысынан қарастырған жағдайда ғана түсіндіруге болады.
Д.Х.Зиммерман этнометодологияның басты мәні – «қоғам мүшелері дүниедегі құбылыстарды түсіну мәселесін қалай шеше алатындығын түсіндіруде», - деп көрсетеді. Зиммерман құжаттық тәсілдің (документальный метод) маңызын жоғары қояды. Жоғарыда көрсетілген парадигмалар өздерінің қоғамды талдау сипатына қарай екі түрге бөлінген. Егер бірінші түрдегі парадигмалар қоғамның құрылымы адамдардың мінез-құлқына қалай ықпал ететініне басты назар аударса, ал екіншілері – қалай адамдардың әлеуметтік әрекеттері арқылы қоғамның құрылатындығына басты назар аударады. Алайда, қазіргі социологтардың көпшілігі жоғарыдағы екі көзқарасты біріктіретін теорияны жасауды жақтайды. Осындай көзқарасты жақтайтын қазіргі социологтардың бірі – Британ социологы Антони Гидденс болып есептеледі. Гидденс қоғамның құрылымы мен әлеуметтік әрекет бір-бірінен бөлек өмір сүрмейді деп есептейді. Оның пікірінше, қоғамның әлеуметтік құрылымы тек әлеуметтік әрекеттер арқылы ғана жасалынады. Ол екеуінің өзара тәуелділігін немесе өзара байланысын түсіндіру үшін, Гидденс «структуракция» ұғымын қолданады. Ол мұнда, біріншіден, құрылым болған жерде ғана әлеуметтік әрекеттер арқылы ғана құрылымның жасалатындығын көрсетеді.
Әлеуметтік өмірде Гидденс құрылымның екі түрін көреді: «қағидалар» және «ресурстар». Ол әлеуметтік өмірде адамдар басшылыққа алып отыратын процедураларды қағидаларға жатқызады. Құрылымдық қағидалар қоғам мүшелері арқылы жасалып және өзгертіліп, олардың жаңа үлгілері жасалынып отыруы мүмкін. Құрылымның екінші түрі – ресурстар да сол сияқты тек адамдардың әрекеттері арқылы жасалып, өзгеріп және сақталып отырады деп көрсетілдеді. Билік ресурсы болуы мүмкін емес. Екіншіден, билік ресурсы бір индивидтің екіншісінің үстінен үстемдік жүргізу қабілеті арқылы көрініп отырады. Ф. Гидденс социологиялық үлгіні құру үшін барлығын қамтушы элементар қағидаларды табуға тырысты. Олар: туу сана-сезімі, сондай-ақ әлеуметтік ақыл-ой, индивидтердің бір-біріне деген сезімдер бірлігі. Оның ойынша, қоғам-санасыз эволюция жемісінің бір бөлігі, саналы жоспар нәтижесін құрастырушы ерекше ұйым, сондықтан социология объективті және субъективті түсіндірмелерді біріктіруі қажет. Адамдар тобының динамикасы – екі күштер типтердің өзара іс-әрекеті: әлеуметтендіруші және әлеуметтік. Біріншісі – сыртқы жағдайлар олар топты қалыптастырып ұйымдарды дамытып әлеумет-тендіреді. Мәселен: топырақ, климат, индивидтердің ұмтылушылықтары мен ынтызарлығы. Екіншісі – топтық әсері индивидтердің топтық мақсаттарға жетуге бағытталу іс-әрекеті. Мәселен: қоғамдық пікір, заңдар.
ХІХғ. ортасы мен екінші жартысында позитивті-натуралистік дүниетанымдық көзқарастар мен сол кездегі социологияда Батыстың интеллектуалдық жетістіктеріне негізделіп дамыды.
Эволюциялық теория ХІХғ. екінші жартысында негізгі идеялық климат факторы болды. Эволюция сол кезеңдегі қоғамдық ойлардың дамуына бағыт көрсетуші ретінде, адам мен табиғат тарихы заңдарының бірлігі жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдар әдістерінің көзқарастарына сүйенеді.
Биолого-эволюциялық мектептерде әлеуметтік эволюцияны биологиялық эволюцияның жалғасы немесе бір бөлігі ретінде қарастырды. Осылайша, биорганикалық мектеп әлеуметтік біртұтастылық құрылымына ерекше мән берсе, ал нәсілдік-антропологиялық мектеп- адамға биологиялық табиғаттың әсерін, нәсілдік мінездемелері мен оның қоғамдық өмір генотипіне әсерін қарастырды, әлеуметтік дарвинизм - өмір сүру үшін күрес және табиғи сұрыпталу, географиялық мектеп–географиялық орта мен кеңістіктегі адамдардың таралуы мен орналасуы т.б. мән берді.
3.
4. Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Социология ғылымының осы кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтейік.
ХХ ғасырдың басында Ресейдегі социологияның дамуы өрлеу үстінде болды. 1917 жылғы революцияға дейін мұнда айтарлықтай жоғары интеллектуалдық әлеует қалыптасты. Ол мыналардан көрінді:
а) академиялық социологияның теориялық зерттеулері басым маркстік емес дәстүрінен - Н.И. Кареев, П.А. Сорокин, К.М. Тахтарев және басқалар;
б) саяси күресте социологияны радикалдандыру басым марксистік дәстүрмен - А.А. Богданов, В.И. Ленин, Е.А. Энгель және басқалар. [21, 72‑б.].
Ресейде ХХ ғасырдың басында басталған социологияның институттану процесі 1922 жылы Лениннің “Жауынгер материализмнің маңызы туралы” (“О значении воинствующего материализма”) мақаласы жарық көргеннен кейін тоқтап қалды, онда оқыту процесіне коммунистік бақылау туралы мәселе қойылған еді. 1918 - 20 жылдары құрылған социология кафедралары қудалауға ұшырады. Нәтижесінде П.А. Сорокин, Г.Д. Гурвич сияқты және т.б. қоғамтанушы көрнекті ғалымдар елден көшіп кетті, бұл социологияның ғылым ретінде дамуын мемлекеттік жүйенің қадағалауында өмір сүру және ғылыми дәстүрлерін үзіп алу қаупін төндірді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы социология белгілі бір дәрежеде жемісті болды. Саяси өкіметтің жаңа түрі орнағаннан кейін өтпелі кезеңдегі революциялық түрленулер нәтижесінде тапсыз социалистік қоғам (буржуазиясыз тарих) - коммунизмнің алғышартын жасау үшін қажет нәрсенің бәрі деп есептелді. Бұл тұрғыдан да кеңестік социология жаңашыл сипатқа ие болды: оның объектісі қоғамдық меншік негізінде құрылатын қоғам болды Қазақстанда 1964 жылы ҚазКСР ҒА Құқық философиясы институтының жанындағы қылмыстың әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерделеу жөніндегі топ ұйымдастырылды, оны заң ғылымдарының кандидаты У.Жекенбаев басқарды. Топ қылмыс социологиясы саласындағы проблемалармен шұғылданды. ғылыми өмірдегі маңызды оқиға КСРО-ға Батыстың көрнекті ғалымдары Р.Аронның, Р.Мертонның, Т.Парсонстің келуі болды (1958 - 64).
1970-ші жылдары Қазақстанда мына бағыттар бойынша бірнеше социологиялық топтар құрылып, жұмыс істеді:
ұлттық қатынастардың дамуын басқару проблемаларын зерделеу жөніндегі топ (1970), жетекшісі - Сужиков М.М.;
ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) рухани-идеологиялық салдарларын зерделеу жөніндегі топ (1974), жетекшісі - Черняк В.А.;
Қазақ политехникалық институты жанындағы өнеркәсіптік социология лабораториясы (1975), жетекшісі - Батырбеков М.Б. [23, 140-б.].
Осы даму кезеңінде социология марксистік әдістеме шеңберінде белгілі бір тәжірибе жинақтады. Осы жылдарда қазақстандық авторлардың - С.Н. Соскин, А.А. Рогачев, У.М. Ысқақов, А.Ш. Алтаев, Н.А. Аитов сияқты ғалымдардың социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша алғашқы ғылыми еңбектері, социалистік қоғамның, еңбек ұжымының, қала мен ауылдың әлеуметтік құрылымы проблемаларын зерделеуге социологиялық зерттеулер әдістерін қолдану жөніндегі әр түрлі әдістемелік ұсынымдары жарыққа шықты. Л.А. Байдельдиновтің, Ө.К. Шеденовтің, Д.А. Доржтің және т.б. еңбектерінде социологиялық ғылымның қолданбалы жақтары қарастырылды. Социологиядағы жеке тұлғаның проблемалары Ғ.Ғ. Ақмамбетовтің, Т.М. Дәуітовтің [24] және т.б. еңбектерінде қаралған.
Жоғары оқу орындарындағы социологияның қалыптасуы мен дамуына 1996 жылы социологиялық ғылымдардың докторы, профессор К.Ғабдуллинаның жетекшілігімен құрылған “Социологтар академиясы” социологиялық орталығы үлкен рөл атқарды.
Қазақстандық социологияның дамуы мен қалыптасуына Нариман Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә. Аитовтың жаңа еңбектерінің бірі “Тең емес адамдардың теңдігі” марксистік және қазіргі заманғы әдістемелердің өзіндік ара жігін ашушы болды.
Социология ғылымының қолданбалылық маңызы социологиялық зерттеулер нәтижелерінің мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда пайдаланылуынан көрінді. Мемлекеттік органдардың жанынан социологиялық зерттеулерге мамандандырылған орталықтар құрылған және жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер инстиутты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет теориялары мен тәжірибелерінің ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараттық-талдау қызметі, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрілігінің Талдау және мониторинг орталығы, бұларда нақты-әлеуметтік зерттеулер, кең көлемді жобалар, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдар мониторингі жүруде.
Социологиялық қызмет көрсету рыногының дамуы қазақстандық саяси және маркетингтік кеңістікте шынайы сипаттамаларға ие болды. Мемлекеттік орталықтармен қатар талдамалық ақпарат беру және қоғамдық сауал салу мен маркетингтік зертеулер жүргізу жөніндегі қызметтер көрсететін бірқатар жеке меншік орталықтар бар: BRІF Research Group, ЦИОМ, ЦЕССИ - Қазақстан салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты, БИСАМ-ЦЕНТРАЛ ЭЙЖА, Алматы тәуелсіз социологтар мен саясаттанушылар ассоциациясы, КИСЭИП, КОМКОН 2-Еуразия және т.б. Бұл ұйымдардың аймақтық менеджерлер мен интервьюерлер желісі түріндегі құрылымдары, ғылыми-әдістемелік зерттеу базасы, ақпаратты өңдеудің жаңа компьютерлік технологиялары бар. Жеке меншік компаниялардың коммерциялық негізде қызмет ететіндігінен қымбат тұратын жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.
Тест сұрақтары:
1. Биологиялық редукционизм: нәсілдік-антропологиялық мектептердің өкілдерін көрсетіңіз:
A) А. Гобино, М. Грант, Х. Чимберсен
B)Дарвин, А. Гобино, Ханели
C) Дарвин, Спенсер; Уоллес
D)Гофман, Руссо, Уайтхед
E)К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин
2. Биологиялық эволюция теориясының басты түсініктері?
A) “Өмір сүру үшін күрес”, “Табиғи сұрыптау”
B) “Өмір сүру үшін күрес”, “Қақтығыс”
C) “Прогресс”, “регресс”
D) “Алдау-арбау” , “ұрлау”
E) “Өлім”, “Өмір”
3. Дюркгейм «Өзін-өзі өлтіруді» зерттеп, оны қандай басты 3 типке бөлді:
A) эгоистік, альтруистік және аномиялық
B) эгоистік, альтруистік және секвестірлік
C) эгоистік, альтруистік және семантикалық
D) эгоистік, эволюциялық және позитивтік
E) эгоистік, эволюциялық және негативтік
4. О. Конт түсінігінше қоғамдық реттілікті орнатушы:
A)әлеуметтік статика
B)әлеуметтік динамика
C)тарих
D)отбасы
E) “қоғамдық рух”
5. Парето элитаны қандай екі түрге бөлді?
A) билік жүргізетін және жүргізбейтін
B) аристократиялық және билік етуші
C)аристократия және жоғарғы қабат
D)жоғарғы және төменгі қабат
E)жоғарғы және билік жүргізбейтін
6. Барлығымен мойындалған ғылыми жетістіктер бұл
A) парадигмалар
B) категориялар
C) гипотезалар
D) аксиомалар
E) құндылықтар
7. Әлеуметтану тарихындағы 19ғ. парадигмалы есімдерді атаңыз
A) Э.Дюркгейм, О.Конт, Г. Спенсер
B) Дж. Мид, Г.Тард, Э.Майо
C) Т.Гоббс, Сен-Симон, Ш.Фурье
D) М.Әженов, Н.Данилевский
E) З.Фрейд, Морено
8. «Протестант этикасы және рух каитализмі еңбегінің авторы
A) Макс Вебер
B)Адам Смит
C)Эдмунд Берк
D) Джон Локк
E) Герберт Спенсер
9. Элиталардың циркуляциясы еңбегінің авторы
A) В. Парето
B) Джон Локк
C)Эдмунд Берк
D)Макс Вебер
E) Герберд Спенсер
К.Маркс қоғамды..........тұрғыда зерттеді
A) формациялық
B) үш саты заңы
C) элиталардың өзгеруі
D) өркениеттердің қақтығысы
E) прогресс және регресс
10. «Идеалды типтер теориясының авторы
A) Макс Вебер
B)Адам Смит
C)Эдмунд Берк
D) Джон Локк
E) Герберт Спенсер
11. Әлеуметтанудағы этнометодология теориясының авторы
A) Н.Гарфинкель
B) Адам Смит
C)Эдмунд Берк
D) Джон Локк
E) Герберт Спенсер
12. Төмендегі бағыттардың қайсысы Т.Парсонстың еңбектеріне арқау болды
A) функционализм
B) феноменология
C) позитивизм
D) социалдарвинизм
E) интеракционизм
13. Әлеуметтанудағы психологиялық бағыттың өкілдері
A) Г.Тард, Г.Леббон
B) Дж. Мид, Г.Блумер
C) Н.Данилевский, П.Сорокин
D) Р.Мертон, Т.Парсонс
E) А.Щюц, П.Бергер
14. Феноменологиялық әлеуметтану ілімінің өкілі
A) А. Щюц
B) У.Парк
C) Г.Тард
D) Дж.Мид
E) П.Блау
15. Ю.Хабермас қай теорияның авторы болып табылады
A) коммуникативті әрекет
B) әлеуметтік әрекет
C) белсенді экономикалық әрекет
D) мақсатты -рационалды әрекет
E) психико-эмоционалды әрекет
4-тақырып. Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы.
Әдебиеттер:
Руденко Р.И. Практикум по социологии. М: 2000
Андрущенко В.П. Социология: наука об обществе. Харьков, 1996
Смелзер Н. Социология .-М., 1994
Ядов В.А. Социологическое исследование: методология, программа, методы. Саратов, 1995
Жоспар:
1.Әлеуметтанулық зерттеу әлеуметтік шындықты тану құралы ретінде.
2.Әлеуметтік деректер және әлеуметтік ақпарат.
3.Әлеуметтанулық зерттеулер классификациясы: фундаменталдық және
қолданбалы,теориялық және эмперикалық зерттеулер.
4.Әлеуметтанулық зерттеудің ғылыми ұйымдастырылуы.
5.Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасының құрылымысы және негізгі элемент тері
1. Зерттеу пәні, онда шешілетін міндетінің күрделілігі мен масштабына қарай социологиялық зерттеудің негізгі 3 түрін бөліп көрсетеміз:
Барлаушылық (кейбір әдебиеттерде пилотажды, зондажды зерттеу) - өз мазмұнына қарай шектеулі міндеттерді шешетіндіктен нақты социологиялық талдаудың ең қарапайым түрі. Ол онша көп емес зерттелетін жиынтықтарды қамтиды. Бұл зерттеу терең және масштабты зерттеудің қосымша кезеңі түрінде қолданылады. Негізінен барлаушылық зерттеулерде алғашқы социологиялық мәліметтер жинауда аз мерзімде жүзеге асырылатын анкета және сұхбат сауалдары жүргізіледі.
Сипаттаушылық зерттеулер нақты социологиялық талдаулардың күрделі түрлерінің бірі. Өзінің мақсаты мен міндетіне қарай зерттелетін құбылыспен оның құрылымдық элементтері туралы эмпирикалық мәліметтер алады. Сипаттаушылық зерттеулер зерттеу объектісі әртүрлі сипаттары бар адамдардың үлкен қауымы болғанда қолданылады. Бұл әртүрлі мамандықтары мен категориялары, еңбек стаждары, білім деңгейлері, отбасы жағдайлары бар ірі кәсіпорын ұжымы болуы мүмкін (қала тұрғындары, аудан, облыс, аймақ).
Сипаттаушылық зерттеуде алғашқы мәліметтерді жинау оның міндеттері мен бағыттылығымен анықталады. Әртүрлі әдістердің сәйкестенуі социологиялық мәліметтердің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.
Аналитикалық социологиялық зерттеу - құбылысты өте терең зерттеу мақсатын алдына қояды. Егер сипаттаушылық зерттеу барысында зерттелетін объектінің сипаттарының арасында байланыс бар екендігі зерттелсе, ал аналитикалық зерттеуде, осы байланыстың себептік сипаты бар екені анықталады. Мысалы: егер алғашқы жағдайда атқарылған еңбектің мазмұнына қанағаттану жүрсе, ал екіншісінде сол еңбек мазмұнына қанағаттанудың негізгі себептері анықталады, яғни оның өнімділік деңгейіне әсер ететін негізгі жағдай осы болып табылады. Аналитикалық зерттеуді дайындау көп уақытты, жақсы бағдарлама мен құралдарды талап етеді. Мұнда бірін-бірі толықтыра отырып, сауалдың, құжаттарды талдаудың, бақылаудың әртүрлі формалары қолданылады.
Пәннің статикада немесе динамикада қарастырылуына байланысты социологиялық зерттеулердің 2 түрі бар: нақты және қайталанатын.
Нақты зерттеулер - қандай да бір процестің немесе құбылыстың зерттелген уақыттағы жағдайы мен сандық сипаттамалары туралы мәліметтер береді. Бірақ мұндай зерттеулер бірнеше зерттеулердің нәтижесінде беріледі және қандай да бір уақыт ішінде. Бірдей бағдарламалары мен құралдары бар мұндай зерттеулер қайталанатын деп аталады. Алынатын мақсатына қарай мәліметтерді қайтадан жинау 2-3 кезеңнен өтуі мүмкін.
Кез келген нақты социологиялық зерттеу мынадай бес негізгі кезеңдерден тұрады: 1/ зерттелетін құбылыстарды анықтап, бастапқы гипотезаларды тұжырымдау; 2/ зерттеу бағдарламасын жасау; 3/ мәліметтер жинау; 4/жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру; 5/ ғылыми түсіндірме жасап, оны тексеру.
Әлеуметтану әдістері – ғылыми зерттеулерді анықтайтын, негізгі танымдық тәсілдерінің жиынтығы.
Оларды келесі түрлерге бөледі:
сапалық
сандық
жалпығылыми (жүйелік, құрылымды –функционалды, бихевиористік)
Эмпирикалық әлеуметтануда:
әлеуметтанулық сұраулар
сауалнама
нақты (контент) талдаулар
сұхбат
байқау
эксперимент әдістері қолданылады.
Әлеуметтік зерттеу пәні дегеніміз - зерттеуге қажетті құбылыстар мен үрдістердің сапалық қасиеттері. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты - әлеуметтанушының жұмыс аяқталғаннан соң алуы тиіс нақты нәтижесі. Әлеуметтік зерттеу міндеттері - зерттеудің ең басты мәселесіне жауап беру үшін талқылауға қажет мәселелер шеңбері. Әлеуметтік зерттеу объектісі дегеніміз - әлеуметтік зерттеулер бағытталған қоғамдағы құбылыстар мен үрдістер. Әлеуметтік зерттеу объектісіне - әлеуметтік байланыстар, өзара әрекеттер мен қатынастар жатады. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы дегеніміз - бұл әлеуметтік объектінің методологиялық, әдістемелік және процедуралық негіздері бар ғылыми құжат. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасын әзірлеу мәселе мазмұнынан басталады. Әлеуметтік зерттеу әдісі - мәліметтер жинау, өңдеу және анализ жасаудың негізгі тәсілі. Әлеуметтік зерттеу техникасы - әлеуметтік ақпараттарды жинаудың қандай да бір әдісін ұсынатын арнайы әдістер, нақты танымдық операциялар жиынтығы. Әлеуметтанудағы гипотеза дегеніміз - әлеуметтік объектілер құрылымы туралы, әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың сипаты мен мәні туралы ғылыми тұжырым. Пилотаждық зерттеу дегеніміз - байқап көру үшін жүргізілетін зерттеу. Бақылау, сұхбат, анкеталау әлеуметтік өлшем тәсілдеріне жатады.
Социологиялық зерттеу кезеңдері бір-бірімен тығыз байланысты мынадай кезеңдерден тұрады: 1)Зерттеуге дайындық кезеңі. 2)Алғашқы социологиялық мәліметтерді жинау. 3)Жиналған мәліметтерді өңдеуге дайындау және компьютермен өндеу. 4)Өңделген мәліметтерді талдау, (зерттеу нәтижесі бойынша есеп дайындау, қорытындылар мен нұсқаулар беру).
2. Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама методологиялық, әдістеме, зерттеуді ұйымдастыру тарауларынан тұрады:
- методологиялық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зеттеуде қолданылған негізгі ұғымдары анықталады, көземел (гипотеза) құрылады;
- әдістеме тарауында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс.
- зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның. Үш тарауы қамтыған мәселелер анықтайтын болады.
Бағдарламаны әзірлеу жұмысы зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды әлеуметтік проблема деп атайды.
Жалған проблема жасаудан аулақ болу керек. Нақты жағдайды көрсете алмайтын немесе бұрын шешімін тапқан мәселелерді жалған проблема деп атайды. Мұндай қателіктерге жол бермеу үшін зерттеушінің ғылыми ой - өрісі кең, өмірден түйгендер терең әрі мазмұнды болуы керек.
Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:
1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
5. Зерттеу жоспарлары.
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.
Кез келген ғылыми зерттеу секілді социологиялық зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгілі емес деген шектес “жерден” басталады. Өйткені, қандай да бір шамада белгілі нәрсе жөнінде қайтадан зерттеу жүргізудің мәні жоқ болса, тура сол сияқты, зерттеушіге белгісіз нәрсе оның қызығушылық нысаны бола алмайды. Демек, проблемалық жағдай белгілі бір бағытта - белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Сондықтан социологиялық проблеманы ғылыми тұрғыдан социология жөнінде базалық ғылыми атағы бар мамандар ғана анықтай алады Ғылым пәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Социолог-зерттеушінің нақ базалық социологиялық (пәндік) білімі басқаларға, мысалы, тиісті базалық білімі бар инженер қажет болатын құрылыс жұмыстарында кездесетін инженерлік проблемаларға қарағанда социологиялық проблеманың өзіне тән ерекшелігін түсінуге көмектеседі. (Соңғы жағдайда инженердің социологиялық проблеманың мәні жөнінде нақтылы ештене айта алмайтындай, социолог та еш нәрсе түсінбейді). Социологтың мұндай базалық білімі зерттелетін социологиялық проблеманың пәндік саласының мазмұнын анықтайды. Социологтың социология пәнін білуі проблемалық жағдайдың мазмұнын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл социологқа зерттегісі келетін және зерттеу соңында қол жеткізуге тура келетін аталмыш проблемалық жағдайдағы белгілі нәрсені түсінуге мүмкіндік береді.
Социологиялық зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады.
Социологиялық зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Егер социологиялық зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады.
Социологиялық зерттеулердің міндеттері нәтижесінде социолог әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.
Социологиялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты социологиялық зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады.
Мынадай мысал келтірейік: қайсы бір жоғары оқу орнында студенттердің үлгерімін көтеру мүлдем қолдан келмейді дейік. Жоғары оқу орнының басшылығы бұл проблеманы шешу үшін социологтарды көмекке шақырады. Мұндай жағдай проблеманың іс-тәжірибе саласынан туындауына жатады. Бұл жерде социологтардың әрекеттері келесідей. Олар басшылықпен бірге “Студенттердің үлгерім деңгейін көтеру” деген тақырыпты анықтай алады. Зерттеу тақырыбында проблемалық жағдайдың өзі жасырылған - аталмыш оқу орнында үлгерім төмен және оны көтеру үшін оның басшылығы не істеу керек екенін білмейді, социологтар да бұл мәселе бойынша нақтылы ұсыныстар беруге әзірге дайын емес. Мұндай жағдайда социологиялық зерттеудің мақсаты осы оқу орнындағы студенттердің үлгерім деңгейін көтеруге әкелетін ұсыныстар жасау болады. Зерттеудің міндеті социологиялық зерттеудің нақтылы әдістерін пайдаланумен белгілі бір кезең аралығында осы зерттеуді жүргізу болып табылады.
Социологтар оқу орнындағы оқу процесінің құрылымын, соның ішінде - студенттер үлгерімін көтеру жолдары мен төмендеуінің себептерін анықтауға көмектесетін көптеген социологиялық, педагогикалық және өзге де әдебиеттерді зерттеуге кіріседі. Оқу орнындағы студенттердің үлгерім табиғатын анықтауға көмектесетін бүкіл ғылыми білім осы зерттеуде пәндік саланы білдіреді. Негізгі бөлігінің үлгерімі төмен осы оқу орны студенттері аталмыш зерттеудің объектісі болып табылады.
Жақыннан қарағанда “үлгерім” ұғымының өзі себептік-салдарлық байланыстардың аса көп бөлігінен тұратын күрделі процесс екені белгілі болады. Оларға мыналар жатқызылуы мүмкін: студенттердің болашақ кәсібіне деген қызығушылығы, әр түрлі пәндердің оқытылу стилі мен әдісі, кітапханада кітап қорының және оқу залдарында жеткілікті орындардың болуы, сабақ кестесі, тіпті қысқы және жазғы уақыттарында оқу орны ғимаратындағы бір қалыпты төмен немесе жоғары температуралық режимі де студенттер ықыластылығының, ауыршандылығының себебі болуы мүмкін. Олардың барлығы да студенттердің үлгерім деңгейінің жоғарлауына немесе төмендеуіне әсер етуі мүмкін.
Өз кезегінде, осы себептер тобының әрқайсысы қосымша айқындауды қажет етеді. Мысалы, студенттердің болашақ мамандығына деген қызығушылығы ол мамандықтың беделінің (көпшіліктің пікірінше ол мамандықтың қажеттілігінің) төмендеуіне, аталмыш мамандық бойынша мамандардың тым көп болуына, болашақ мамандар жұмыс істейтін кәсіпорындардың жабылуына және т.б. байланысты болады. Оқу орнында пәндерді оқыту әдісі мен стилі жөніндегі мәселе, өз кезегінде көптеген теориялық және эмпирикалық сәттерге бөлінеді. Социологтарға осының барлығын анықтап, аталмыш зерттеуде қолданылатын анықтамалардың нұсқаларын өз үшін айқындауға тура келеді. Осындай теориялық-методологиялық дайындықтың аяқталысымен социологтар осы зерттеуде қолданылатын негізгі ұғымдардың операциялық анықтамасын жүзеге асырады.
Іс жүзінде, осындай алдын ала анықтаудан кейін де аталмыш оқу орнында зерттеуді бастау әлі мүмкін емес. Өйткені, теориялық жағынан түсінікті ережелерді студенттерден бірден сұрауға болмайды. Мысалы, “оқыту әдісі қандай” деген сұраққа бір мағыналы жауапты қалай алуға болады? Сондықтан “оқыту әдісі” ұғымының мазмұнын оны “лекциялық-монологтық”, “лекциялық-диалогтық”, “проблемалық лекция” және т.б. сияқты құрамдас сәттеріне “бөлуге” тура келеді. Жалпы алғанда, ұғымдардың мазмұны әрбір респонденттің бір мағыналы түсінетін деңгейіне жеткен кезде, ұғымды операцииялық анықтау эмпирикалық түсініктемелеу деңгейіне жеткізілді деп айта аламыз. Сонда зерттелетін өмір сәттерінің мәні мен мазмұны социологтар түсінетіндей мағынада әркімге түсінікті болады.
Алайда оқыту әдісінің әрбір көрсетілген аспектісі тәжірибе жүзінде әр түрлі дәрежеде көрініс беруі мүмкін. Мысалы, студент мына лектор өзінің лекциясын “лекциялық-диалогтық” әдісте оқиды деп ойлауы мүмкін, бірақ бұл белгі аталмыш оқытушыға “өте күшті емес”, жәй ғана “күшті” дәрежеде тән. Респондент пікіріндегі тіпті осындай кішкене өзгешілікті дәл тіркеу үшін өлшемнің дәл шамасын жасау қажет. Өлшем шамалары шамамен былайша құрылады: “өте күшті - күшті - орташа - әлсіз - өте әлсіз” - “бағалай алмаймын” немесе “өте жиі - жиі - орташа - сирек - өте сирек - бағалай алмаймын” немесе “өте жоғары - жоғары - орташа - төмен - өте төмен - бағалай алмаймын” және т.с.с.
Бұл деңгейде студенттердің оқытушы мен студент арасындағы өзара қарым-қатынасының лекция сияқты ерекше формасы арқылы орын алатын оқыту әдісінің жүзеге асырылуының сапасы туралы түсінігіндегі оқу орнындағы білім беру жөніндегі габитус мазмұнының құлдырауы жүреді.
Алдын ала операциялық анықталған ұғымның мазмұны, сөйтіп өзінің барынша айқындалған өлшем шамасымен бірге эмпирикалық түсініктемелеуге ие болады. Социологиялық зертеудің болашақ құралдары (әдістері) өлшемдерінің жасалуының осы кезеңі бағдарламада өзгермеліліктің немесе өлшем шамасының (бірлігінің) орнауы деп аталады. Олар өлшенетін әлеуметтік құбылыстардың индикаторларына айналады.
3. Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратын анықтап алу қажет.
Жиынтық - оларға қатысты қорытындылар жасағымыз келетін адамдардың, ұйымдардың, бізді қызықтыратын оқиғалардың кез келген тобы.
Іріктеу - талдау үшін белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген тобы.
Жалпы жиынтық - талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. Іріктеудің негізделгендігі жалпы жиынтық туралы толық ақпаратқа ие болуды білдіреді. Олар статистикалық жинақтар, әр түрлі облыстық бөлімшелердің (жұмыспен қамту орталығы) мәліметтері болуы мүмкін. Қоғамдық пікір мониторингінің жалпы жиынтығын республиканың барлық кәмелетке толған халқы құрайды.
Мысал: “N” қаласында 100 мың адам тұрады. Зерттеудің жалпы жиынтығын анықтау үшін қалалықтардың жалпы санынан 18 жастан кіші адам санын алып тастау қажет. Алынған сан аталмыш зерттеудің жалпы жиынтығы болып табылады. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі:, N = B - C, мұнда N - жалпы жиынтық, B - халықтың жалпы саны, ал C - 18 жасқа дейінгі халық. Сонда, мынаны аламыз: 100 000 - 35 000 = 65000. Сонымен, жалпы жиынтық 65 000 адам құрайды.
Іріктеу жиынтығы - дәлме-дәл ереже бойынша таңдап алынған жалпы жиынтық элементтерінің белгілі бір саны. Зерттеу кезінде ол жалпы жиынтықтың ықшам үлгісін білдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін негізгі сапалы сипаттамалар мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.
Іріктеу көлемі зерттеудің талдамалық міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі - бағдарламаның мақсатымен анықталады.
Іріктеу көлемі - бұл респонденттердің белгіленген жалпы саны. Зерттеу іріктеуі репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.
Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі.
Мысалы, іріктеу жиынтығының көлемі мына формуламен анықталады: V=N*0,001; мұнда V - іріктеу көлемі, N - жалпы жиынтық, ал жалпы жиынтықтағы зерттелетін белгінің үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды.
Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен, біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект (“N” қаласының кәмелетке толған халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам) шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда зерттелетін белгінің үлесі 0,002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0,002 =130).
Мектептегі қиын балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс» тақырыбына арналған Зерттеу бағдарламасы
Әдіснамалық бөлім.
Мәселе. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі. Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол – ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет.
Орта білім дамыту тұжырымдамасында "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.
Мақсаты:
Зерттеу жұмысының мақсаты - қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесін теориялық негіздеу және оның тиімді жолдарын жасау.
Міндеттері:
қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздерін ашу;
қиын балалардың құқық бұзушылық факторларын анықтау;
қиын баланы тәрбиелеудегі әлеуметтік тұрғыда отбасы және мектептің өзара байланысын арттыру;
құқық бұзушы балаларға профилактикалық және диогностикалық көмек;
қиын баланы қоғамға қайта қосудағы әлеуметтік жұмысты іс-жүзіне асыру.
қазіргі мектептегі қиын балалармен тәрбие жұмысын жүзеге асырудың жолдарын саралай отырып ашу.
Объекті:
Қиын бала және олардың әлеуметтік ортасы.
Пәні Қиын бала мәселесін ғылыми методологиялық тұрғыда зерттеу.
Гипотеза
Отбасы тәрбиесі - баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре алады.
Жанұя жағдайында баланың күн режимі дұрыс ұйымдастырылмауы, сабаққа әзірленуге мүмкіндік жасалмауы да үлгермеуге себепші болды.
Мінез-құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстық істер жасауға бет бұрады.
Қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу.
Баланың дамуындағы кідіріске, қоғамға бейімделудің қиындылығына себепші болып отыратын қолайсыз әлеуметтік-биологиялық факторлар.
Әдістемелік-процедуралық бөлім.
Семинар-тренинг өткізу
Терең сұхбат жүргізу (еркін, индивидуалды)
Қорытынды шығару
Тест сұрақтары:
1.Кіші топтардағы тұлғааралық байланыстарды анықтайтын тәсіл
А) Социометрия
В) Сұрақ-жауап
С) Эксперттік сауалнама
Д) Бақылау
Е) Терең сұхбат
2. Социологиялық зерттеудiң дербес бағыты болып эмпирикалық социология қай елде қалыптасты?:
А) АҚШта
В) Ресейде
С) КСРОда
Д) Германияда
Е) Францияда
3.Социологиялық зерттеудiң бағдарламасын жасау мынадан басталады:
А) Проблеманы құрудан
В) Сұрау жүргiзуден
С) Құжаттарды талдаудан
Д) Интервьюден
Е) Анкеттеуден
4.Анкетаның сапасын тексеру мақсатында жүргізілетін зерттеу
А) Пилотажды
В) Панелді
С) Фокус топ
Д) Қайталама
Е) Эксперименталды
5. Әлеуметтік зерттеу жүргізу барысындағы негізгі ғылыми стратегиялық құжат басты мақсаты зерттеу концепциясын тұжырымдау және зерттеуге қатысты іс әрекетердің жалпы жоспарын құру
А) Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы
В) Әлеуметтік зерттеу метедологиясы
С) Обьект
Д) Анкета.
Е) Гайд.
6.Әлеуметтік бақылау ұғымы нені білдіреді?
А) қоғамның өз мүшелерін бағындыруға қолданатын әртүрлі құралдары
В) өндірістік тапсырмаларды орындауын қамтамасыз ету
С) өскелең ұрпақты әлеуметтендіру құралдары
D) қылмыстық әрекеттердің алдын-алу шаралары
Е) адамдардың заңдарды орындауын қадағалау
7. Қандай да бір құбылыстың себебін түсіндіру үшін берілетін және тексеруді қажет ететін ғылыми жорамал
А) Гипотеза
В) Құралнама.
С) Обьект
Д) Мақсат
Е) Міндет
8. Социологиялық зерттеу бағдарламасының негізгі бөлімдері
А) Әдіснамалық пен әдістемелік
В) Әдістемелік және далалық
С) Эмпириялық пен әдістемелік
Д) Теориялық пен әдістемелік
Е) Ұйымдастыру және әдіснамалық
9.Сауалнамадағы ашық сұрақтар дегенiмiз не?
А) Жауабын өзiң жазатын сұрақ
В) Жауап бермеуге болатын сұрақ
С) Сұраққа бiрнеше нұсқаның болуы
Д) Бiрнеше жауаптың болуы
Е) Жауаптың бiр нұсқасын ғана таңдау
10. Әлеуметтанудың ең кең тараған әдісiн атаңыз:
А) Сұрау
В) Бақылау
С) Құжаттарды талдау
Д) Экперимент
Е) Контент-талдау
11. Қалыптасқан критерилер бойынша типтік элементтерді таңдайтын іріктеу түрі
А) Квоталық
В) Стихиялық
С) Мақсаттық
Д) Қарапайым
Е) Стратификациялық
12.Әлеуметтiк зерттеулердiң әдiстемелiк, әдiстiк және ұйымдастыру-техникалық негiзiн қамтитын құжат- бұл
A) әлеуметтiк зерттеу бағдарламасы
B) әлеуметтiк зерттеу объектiсi
C) әлеуметтiк зерттеу мақсаты және мiндеттерi
D) зерттеу гипотезасы
E) зерттеу әдiсi
13. Орта деңгей теориясы ұғымын ұсынған әлеуметтанушыны көрсетіңіз:
А) Р.Мертон
В) Ч.Миллс
С) Т. Парсонс
D) М.Вебер
Е) Э. Дюркгейм
14. Репрезентативті таңдау дегеніміз:
А) Негізгі сипаттамалары басты жиынтықпен толықтай сәйкес келетін таңдау жиынтығы
В) 5%-дық жиынтық
С) Басты жиынтық сипаттамаларына жауап беретін таңдау жиынтығы
D) Жоғары сенімділігі бар таңдау жиынтығы
Е) Бақылау белгілерінен ауытқу 10%-дан аспайтын таңдау жиынтығы
15. Ақпарат жинау мақсатында респондентпен тікелей қарым-қатынас жасаушы тұлға:
А) Интервьюер
В) Комуникатор
С) Жасырынушы
D) Зерттеуші
Е) Маман
5-тақырып.Әлеуметтік ақпаратты жинау әдістері
Әдебиеттер:
Руденко Р.И. Практикум по социологии. М: 2000
Андрущенко В.П. Социология: наука об обществе. Харьков, 1996
Смелзер Н. Социология .-М., 1994
Ядов В.А. Социологическое исследование: методология, прграмма, методы. Саратов, 1995
Жоспар:
Әлеуметтанудағы әдіс ұғымы.
Әдіс, әдістеме, техника және процедура әлеуметтанулық зерттеудің құрамдас бөлігі
ретінде.
Зерттеудің жалпы ғылыми және әлеуметтанулық прициптері.
Сұрау алғашқы әлеуметтанулық ақпарат жинау әдіс ретінде.
Анкета әлеуметтанулық әдіс ретінде. Сұхбат әдіс ретінде
1. Әлеуметтанулық зерттеу әдістері жиналатын ақпараттардың мазмұнына қарай сандық және сапалық болып бөлінеді. Сандық әдістерге: сауалнама, халық санағы және статистикалық зерттеулер жатқызылса сапалық әдістерге бақылау, сұхбат, контент талдау, фокус топ әдістері жатады. Сандық әдістер сапалық әдістерге қарағанда әлеуметтік ақпарат жинау және талдау кезінде әлдеқайда ертерек қолдана бастады. 19 - 20 ғасырдың басында зерттеушілер халық санағы, арнайы статистикалық зерттеулер мәліметтерін белсенді пайдаланды. К.Маркстің “Капиталы”, Ф.Энгельстің “Англиядағы жұмысшы табының жағдайы”, Э.Дюркгеймнің “Өзін-өзі өлтіру” сияқты өткінші емес, даңққа ие болған еңбектері статистикалық ақпаратты ғылыми социологиялық талдаудың тамаша үлгілеріне айналды.
Көбінесе сапалық ақпарат негізінде жасалынған және қалың бұқараның көңілін аударған ең ірі социологиялық зерттеу У.Томас пен Ф.Знанецкийдің “Еуропа және Америкадағы поляк шаруасы” атты еңбегі болды. Кезінде АҚШ-қа қоныс тепкен эмигранттардың көп бөлігін Польша келімсектері құраған. Олар қалыптасқан сұрау әдісімен зерттеу үшін жақсы сандық базасын құрай алды. Мұндай сұрау мигранттардың кету себептері, жаңа әлеуметтік, экономикалық және мәдени ортаға қосылу деңгейі мен формасы, олардың материалдық жағдайы, жергілікті халықтың оларға деген қатынасы және т.б. туралы бай ақпарат берер еді. Алайда, Томас пен Знанецкий процестің субъективтік жағына көңіл бөлуді ұйғарды. Олар респонденттерді зерттеуші қойған сұраққа ғана жауап беруге көндіруге тырысқан жоқ, респонденттерге олармен не болып жатқанын өзіндік сезінуі, алуан түрлі сезімдері арқылы ақпарат жеткізуге мүмкіндік берілді. У.Томас пен Ф.Знанецкий жеке құжаттарды талдау және терең сұхбат әдістерін қолданды. Олар поляк эмигранттарының өздерінің туысқандарына жіберген 764 хатын зерттеп, АҚШ-та орналасқан поляктармен терең сұхбат жүргізді.
Сапалық зерттеулер колданбалы социологияда да, қоғамдық пікірді зерделеуде де, нарықты зерттеуде де кең таралған жоқ. Сонымен бірге, 20-ғасырдың 30-жылдардың басында американдық зерттеуші Джордж Гэллап құрған ұйым президент сайлауы нәтижелерін болжаудан тауарлардың потенциалды сұранысын есептеуге дейін болжамның тиімді құралы болған жаппай формализмге неізделген сұраулардың алғашқы үлгілерін берді.
Сол уақыттан бастап эмпирикалық социологиялық және маркетингтік зерттеулер дербес ғылыми-қолданбалы салаға ғана емес, сондай-ақ ерекше индустрия мен бизнес саласына айнала бастады. Осы өзгерудің екі негізгі факторы - іс-әрекет қарқыны мен ұйымдастырудың сипаты аса маңызды белгілерге айналды.
Өткізілу технологиясы бойынша терең сұхбатты нарративтік (narratіve - әңгіме, хикая), жартылай құрылымдық және фокустық деп бөлуге болады. Нарративтік сұхбат - сұхбат алушының ешқандай араласпауынсыз респонденттің еркін әңгімесі. Мұндай жағдайда баяндаудың толық еркіндігі респондент үшін ең маңызды сәттер жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді деп белгінеді. Нарративтік сұхбатты қолдану әсіресе респонденттің жеке қабылдауы, оның сезімдері маңызды болған жағдайда өзін ақтайды. Қолданбалы социологиялық және маркетингтік зерттеулерде нарративтік техника өте сирек қолданылады.
Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар. Фокус-топтар құрамы (6-дан 12-ке дейінгі әрбір адам) зерттелетін жиынтық ішіндегі пікірлер, көңіл-күй, қажеттіліктер, талғамдар айырмашылығын барынша көрсету үшін іріктеп алынады (фокус-топты іріктеп алу рекруттеу деп аталады). Фокус-топтың жүргізушісі модератор деп аталады. Модератордың жұмысы жоғары біліктілікті қажет етеді, көбінесе фокус-топты кәсіби психологтар немесе социологтар жүргізеді. Модераторда терең сұхбатта гайд деп аталатын пікір алысудың жалпы жоспары болады. Бірақ, терең сұхбатқа қарағанда, фокус-топта гайд одан да төмен нақтыланған. Әдетте, ол компьютермен терілген мәтіннің 2 бетін алады. Фокус-топтың өзі 2-2,5 сағат жүргізіледі. Бұл модератордың суырып салма қабілетінің үлкен рөлін көрсетеді. Модератор фокус-топтың қымбат уақытын тек қана зерттеу мақсаттары үшін пайдалануды қамтамасыз етіп, қызықты пікір талас тудырып, әрбір қатысушыдан барынша көбірек пайдалы ақпаратты “сығып алып”, гайдтың барлық сұрақтары бойынша “пікірлер таратуды” белгілеу тиіс. Әсіресе кез келген топта таныс емес адамдар арасындағы әңгімеде кездесетін “лидерді басу” міндеті түрде қиындыққа әкеледі. Модератор тең шамада, пікір алысу үшін барлық қатысушыларды әңгімеге тартуы тиіс, өйткені олардың әрқайсысы ақпараттың бірегей қайнар көзі болып табылады.
Фокус-топтар аудио немесе бейнепленкаға жазылады, жазбалар негізінде арнайы әдістемен түсіндіру (транскриптер), резюме мен есептер дайындалады.
Бақылаушының зерттеу объектісіне қатысты жағдайына орай бақылау енгізілмеген және енгізілген (қатысушы) болуы мүмкін. Енгізілмеген бақылау кезінде зерттеуші зерттелетін объектіден тыс тұрады. Ол оқиға барысына енгізілмейді және сұрақтар қоймайды. Енгізілген бақылауда зертттеуші бақыланушылармен тікелей байланыста болады, олардың іс-әрекетіне қатысады. Енгізілген бақылау өз кезегінде жасырын (жариялы емес, құпиялы) және ашық болып бөлінеді.
2. Қоғамдық құбылыстарды зерттеген кезде сұрау әдісін қолданғанда көбінесе анкета тарату әдісі, интервью мен тест әдістері жиі қолданылады. Алдын ала дайындалған сұрақтар жазылған анкеталар тарату әдісі жиі қолданылады. Анкета тарату жолдары түрліше болады. Анкеталарды почта арқылы жеткізуге болады немесе баспасөзде жарияланып, оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап қайыруына өтініш білдіріледі. Алайда зерттеуші анкеталарды тікелей өзі таратуы да мүмкін. Анкета құрылымы: зерттелетін проблема бойынша шешімді қабылдау үшін қажетті ақпараттарды жинауға болатын сұрақтар жүйесін құрайтын, бірнеше бөлімдерден тұрады. 1-ші кіріспе бөлімі. Мұнда сауалды кім жүргізгені көрсетіледі. Анкетаны толтыру инструкциясы және толтырған анкеталарды қайтару көрсетіледі. 2-ші орында респонденттің әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары үшін сұрақтар қамтылады. Ол көбінесе анкетаның соңында беріледі. Бұл мәселеде жынысы, жас ерекшелігі, білімі, мамандығы, әлеуметтік тегі, отбасылық жағдайы ескеріледі.
Анкетада берілген жауаптар неғұрлым дәлірек болу үшін, анкета әдетте анонимді болады, яғни жауап беруші өзінің аты-жөнін көрсетпейді.
Ғылымда сауалнама жүргізуші адамдар-интервьюерлер (Сауалшылар) және сұрақтарға жауап қайтарушылар – респоденттер деп аталады. Алынған ақпараттың сипатына қарай және оны алу тәсіліне қарап сауалнама бірнеше түрге бөлінеді
Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды. Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу, бақылау т.б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады.
Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады.Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін , оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады. Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері корсетіледі.
Сауалнама – бұл алғашқы мәліметтерді жинақтаудың бір түрі. Қазіргі қолданбалы социологияда сауалдар әртүрлі негізіне қарай жіктеледі; зерттеуші мен респонденттің байланысының сипаты бойынша сауалдар сыртқы-анкеталық және ішкі –сұхбат болып бөлінеді. Қалыптасу дәрежесіне қарай стандартталған (алдын-ала дайындалған жоспармен болған), стандартталмаған (еркін) болып бөлінеді. Жүргізілу жиілігіне қарай бір ретті және көп ретті болып бөлінеді. Ол зерттеуші мен зерттелушінің ауызша сөйлесуі түрінде жүргізіледі. Зерттеуші өзіне керекті құбылыстар жайлы сұрақтарды ауызша не жазбаша түрде қоюы мүмкін. Ауызша сұрақтар еркін түрде немесе алдынала жазылып қойылған сұрақтар түрінде қойылуы мүмкін. Егер сұралуға тиісті адамдардың саны көп болса, онда сұрақтар алдынала жазылып қойылады. Сұрақтар классификациясы. Мазмұнына қарай сұрақтар жабық, жартылай жабық және жартылай ашық болып бөлінеді. Жабық сұрақтары жауаптың варианттары беріледі; одан біреуі немесе бірнешеуі таңдалады. Жабық сұрақтарда альтернативті және альтернативті емес болып бөлінеді. Альтернативті сұрақта респондент тек бір жауапты ғана таңдайды (ия, жоқ). Ал егер сұрақтарда респонденттің өз ойын жазуға қалдырылған варианты болса мұндай сұрақтар жартылай жабық формада болады. Ашық сұрақтар – респондентке жауаптың ешқандай варианттары берілмейді. Ол өз сөзімен жауап береді. Мысалы: «Сіздің жұмысыңызда сізді не қызықтырады?» Тікелей және жанама сұрақтар. Тікелей сұрақтар дегеніміз - респонденттен тікелей ақпарат алуға бағытталған сұрақ. (Мысалы: сіз еңбегіңізге қанағаттанасыз ба?). Мұндай сұрақтар кейде жауапсыз қалады немесе дәл емес ақпарат береді. Мұндай жағдайда жанама сұрақтар қойылады. Ал жанама сұрақтар - көптеген көмекші сұрақтардың көмегімен тікелей емес қажетті ақпарат жинау. Мыс: біздің есептеуімізше ..., ал сіздің қандай? Негізгі, негізгі емес сұрақтар. Негізгі сұрақтар зерттелетін құбылыстың мазмұны туралы ақпарат жинауға бағытталған сұрақтар. Ал негізгі емес сұрақтарды-зерттеуші өз респондентіне күдіктенсе. Бақылаушы сұрақтар арқылы жауаптың ақиқаттығын тексеру үшін қолданылуы мүмкін. Зерттеушіні қызықтыратын респонденттің бөлігін басқасынан бөлу үшін фильтр-сұрақтар қойылады.
3. Социологиялық зерттеу нәтижелері жабық сипатта болмаса, оларды жұртшылыққа жеткізу қажет. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкін әрі тиіс.
Соңғы кездері баспа, электронды сияқты әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары социологиялық сұраудың нәтижелерін пайдалануға талпынады. Әдетте, БАҚ социологиялық сұрауларды дәлел келтірудің немесе иллюстрацияның белгілі бір құралы ретінде пайдаланады. Кейбір БАҚ социологиялық сұрау көмегімен өзінің рейтингін көтереді. Адамдар әдетте сұрау нәтижелерін қызығушылықпен түсіне отырып, көптеген БАҚ-дың өздері социологиялық зерттеудің жүргізілуіне тапсырыс жасайды. Мұндай тәжірибе қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында бар. 90-жылдары “Гиллер институты” деген атпен белгілі қоғамдық пікірді зерттеу орталығы “Караван” газетінің құрылтайшыларымен құрылғаны белгілі. Караван газеті өзінің беттерінде осы институттың зерттеу нәтижелерін апта сайын жариялап отырды (мысал, мақала фрагментінің көшірмесі).
“Панорама” газеті құрамына кәсіби социологтар кіретін сарапшылар тобы (VІP Problem тобы) бірнеше жылдар бойы сараптамалық сұраулардың нәтижелерін жариялайтын айдарды жүргізуде (мысал, мақала фрагментінің көшірмесі).
Хабар агенттігі талдамалық бағдарламаларында, сондай-ақ жаңалықтар топтамасында “КОМКОН-2 Еуразия” зерттеу компаниясы жүргізген социологиялық зерттеудің нәтижелерін жиі пайдаланады.
2002 жылы “Казахстанская правда” республикалық апталық газеті елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірінің ең өзекті мәселелері, сыртқы саясат мәселелері және т.б. бойынша сараптамалық сұраулар өткізу “Социоөлшеу” жөніндегі жобасының бастамасы болды. Бұл жобаны “Казахстанская правда” газетінің саясат бөлімі “ЦЕССИ-Қазақстан” салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институтымен бірлесе жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығында социологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы есептердің өзі олардың тапсырыс берушілері болған басылымдар материалдары түрінде болады.
Сонымен бірге, өткізілген социологиялық зерттеу туралы есепте баяндалған нәтижелер БАҚ-тағы тиісті басылымдар арқасында қалың жұртшылыққа жеткізілетіні жөнінде мысалдар көп (мысал, мақала көшірмесі).
Осымен қатар, барлық белгілі социологиялық компаниялар өз зерттеулерінің нәтижелерін (тапсырыс берушінің келісілуімен) өз сайттарында жариялайды, бұл ақпаратты олар әрдайым жаңартып отырады. Социологиялық зерттеу нәтижелері берілген социологиялық орталықтар шығаратын электрондық жаршылар да бар. Қазақстанда осы бірегей тәжірибе социологиялық және маркетингтік қызмет көрсету нарығында белгілі “БРИФ” Агенттігімен енгізілген. Көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар “Караван” жаршысын алады (мысал, мақала көшірмесі).
Тест сұрақтары:
1.Сауалнамадағы жабық сұрақтар дегенiмiз не?:
А)Жауаптың бiр нұсқасын ғана таңдау
В)Сұраққа бiрнеше нұсқаның болуы
С)Бiрнеше жауаптың болуы
Д)Өзiң толықтыруға болатын сұрақ
Е)Жауабын өзiң жазатын сұрақ
2. Пилотаждық зерттеу не үшiн жүргiзiледi?
А)Сауалнаманың сапасын анықтау үшiн
В)Ақиқат ақпарат жинау үшiн
С)Респонденттердi iрiктеу үшiн
Д)Зерттеу әдiсiн таңдау үшiн
Е)Зерттеу бағдарламасын жасау үшiн
3.Респондент:
А)Жауап беруші адам
В)Зерттеуші
С)Әлеумееттік өлшем
Д)Әлеуметтік нормалар
Е)Әлеуметтік институттар
4. Әлеуметтанудың алқашқы әдiстерiнiң бiрi болған:
А)Тарихи- салыстырмалық әдiс
В)Эмпирикалық әдiс
С)Функционалдық әдiс
Д)Биологиялық әдiс
Е)Ғұмырнамалық әдiс
5.Социометрияны енгiзген ғалым, психиатр:
А)Я.Морено
В)Д.Лихачев
С)Д.Карнеги
Д)А.Леонтьев
Е)З.Фрейд
6.Қоғамдық пікірді зерттеу қандай әдіс арқылы жүргізіледі?
А) сауалнама
В) құжаттарды сұрыптау
С) жанама бақылау
D) эксперимент
Е) тікелей бақылау
7. Құжаттарды талдауда қолданатын әдiс
A) контент-анализ
B) анкеталау
C) эксперимент
D) социометрия
E) қадағалау
7. Респонденттер ретінде зерттеулі мәселе бойынша, бір саланың ішіндегі кәсіби мамандар сұрапталады
А) Эксперттік сауалнама
В)Контент-талдау
С) Дискурс-талдау
D) Сауалнама
Е) Социометрия
8. Респондент – бұл
А) Әлеуметтік ақпарат көзі ретіндегі тұлға
В) Коммуникатор
С) Ақпарат жинау мақсатымен тікелей қарым-қатынас жүргізетін тұлға
D) Белгілі бір саладағы маман
Е) Жүргізуші
9. Кедейлікке қатысты зерттеулердің көшбасшысын көрсетіңіз:
А) Ч.Бут
В) Л.Линдсей
С) М.Харрингтон
D) М.Вебер
Е) Л.Джонсон
10. Ең бірінші маркетингтік зерттеулер пайда болған кез
А) 1950-60ж.ж.
В) 1990ж.
С) ХХ ғас. басы
D) ХІХ ғас.
Е) ХХ ғас. аяғы
11. Зерттеудің соңғы кезеңі немен аяқталады
А) Ғылыми тұрғыда есеп беру
В) Қорытынды шығару
С) Практикалық кеңес беру
D) Тәжірибені молайту
Е) Қолданбалы мақсат
12. Қандай да бір құбылысты түсіндіру үшін берілетін және тексеруді қажет ететін мүмкін ғылыми жорамал-
А) Гипотеза
В) Құралнама
С) Міндет
D) Мақсат
Е) Объект
13. Өткізу мерзіміне қарай әлеуметтік зерттеулер
А) Ұзақ, орта және қысқа мерзімді және экспресс-зерттеу
В)Экспресс-зерттеу және фундаменталды
С) Ұзақ, орта және қысқа мерзімді
D) Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
Е) Панельді
14. Эксперттік сұрауда эксперттерді таңдауға қойылатын ең негізгі талап:
A) білітілік дәрежесі
B) тәжірбиесінің көптігі
C) білім дәрежесі
D) болжам жасай білу қабілеті
E) жасы
15. Фокус-топтар әдісін ең алғаш рет қолданған ғалым
А) Р.Мертон
В) П.Лазерсфельд
С) О.Конт
D) Э.Дюркгейм
Е) Д.Морено
6 – дәріс. Қоғам және әлеуметтік өзара әрекеттесу
Әдебиеттер:
Кравченко А.И. Социология. Хрестоматия. М., 2002
Смелзер Н. Социология .-М., 1994
Әбсаттаров Р.Б., Дакенов Н. Әлеуметтану. Алматы: Ғылым, 2004.
Жоспар:
1.Қоғам ұғымы.
2.Қоғамның түрлері .
3.Қоғамның даму теориялары.
4.Агралық қоғамдардың әлеуметтік сипаттамасы.
5.Дәстүрлі қоғамдардың әлеуметтік өзара әрекеттесуі.
1. «Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. «Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – со қоғамдағы басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.
Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.
Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың негізі – ережелер (нормалар) менқұндылықтар болып табылады деген.
Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі – қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.
Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.
2. Адамзат қоғамының пайда болуы дамуы ұзақ та күрделі процесс. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қоғамдар бұдан 50-40 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қоғамдар адамдардың қандық-туыстық белгілері бойынша бірігулерінің нәтижесінде пайда болған еді. Бұл – құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну бола қоймаған қоғам. Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың дайын өнімдерімен күн көретін. Олар аң аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын.
Қоғамның бұл аталған даму сатысын «алғашқы қауымдық қарапайым қоғам» деп атайды. Келе-келе адамдардың шеберліктері артып, еңбек құралдары жетіле түсті. Адамдар енді тек дайын өніммен күнелтпей, өздері өнім өндіре бастады. Мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу – қоғамдық еңбек бөлісінің пайда болуына ықпал етті. Адамдар енді көшпенділіктен отырықшылыққа көше бастады. Осылардың нәтижесінде қоғамда басы артық өнім пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігінің орнауына әкелді. Ал, мұның өзі қоғамда бір-біріне қарама-қарсы таптардың шығуына басты себеп болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамдағы басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.
Қоғам дамуының бұл сатысын «таптық, күрделі қоғам» деп жіктеуге болады.
Ғылыми әдебиет беттерінде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәселен, жазба өнерінің пайда болуымен байланысты: а) жазбаға дейінгі және б) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.
Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялық қатынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиелік, католиктік, т.б. қоғамдар деп те жіктейді.
Маркстік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда негізгі өлшемге өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дауын 5 тарихи сатыға жіктейді. Олардың басқаша 5 қоғамдық – экономикалық формациялар деп атайды. Олар мыналар:
а) алғашқы қауымдық қоғам;
ә) құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формация;
б) феодалдық қоғамдық-экономикалық формация;
в) капиталистік қоғамдық-экономикалық формация;
г) коммунистік қоғамдық-экономикалық формация.
Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық формациялар – таптық-антагонистік, қанауға негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекше маңыз берді. Бұл - әділетті, еркіндік пен теңдікке негізделген, материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін, тапсыз қоғам дейді.
Алайда ХХ ғасырдың барысындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы маркстік ілімнің жарамсыздығын көрсетті. Біз түрлі қоғамдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан әркелкі заңдылықты байқаймыз.
Бұл ретте ХХғ. 50-60-жылдарында американдық әлеуметтанушылар Даниел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының «үш сатысы туралы теорияның» мәні зор. Бұл ғалымдар өздерінің тұжырымдамаларын дүниежүзілік тарихқа салыстырмалы талдау жасау негізінде қорытындылады.
Аталған авторлар адамзат қоғамының дамуын әлемдік шеңбреде үш кезеңге бөледі. Яғни, қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі типке жіктеледі:
индустриалдық сатыға дейінгі қоғам, оларды аграрлық немесе дәстүрлі қоғам деп атайды;
индустриалдық қоғам;
постиндустриалдық қоғам.
Бұл аталған қоғам сатыларының алғашқысы ең ұзаққа созылған саты болды. Бұл – негізінен қол еңбегі мен қарапайым техникаға сүйенген мардымсыз ауыл шаруашылығы басым қоғам. Қоғам өмірінде дәстүр мен діннің ықпалы күшті болған. Мемлекеттік билік – атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын монархиялық билік түрінде жүзеге асырылып отырды.
Дін иелері мен феодалдар қоғамдағы мәртебесі жоғары әлеуметтік топтарды құрайды.
Индустриалдық саты, шамамен, бұдан 250 жылдар бұрын қалыптасқан. Батыс елдердегі өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде феодалдық «томаға тұйық» шаруашылық пен кішігірім шеберханалардың орнына заводтар мен фабрикалар, қол еңбегінің орнына машинаналар келді. Мемлекеттік және халықаралық шеңберде нарық қатынастары қалыптаса бастады. Қоғам мүшелерінің білім деңгейлері мен кәсіби шеберліктері де арта түсті, мұның өзі оқу орындарының ашылуына әкелді. Сонымен қатар қоғамда әлеуметтік институттар пайда болып, олар өздерінің функцияларын атқара бастады.
Халық санының артуы мен өнеркәсіп өндірісінің дамуы халықтың басым көпшілігінің қалаларға шоғрлануына әкелді. Ол урбанизациялану процесінің дамуына жол ашты.
Қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогресс пен еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке сүйенеді. Соның нәтижесінде «бизнесмендер» деп аталатын қоғамдағы жаңа және жетекші әлеуметтік топ пайда болады.
Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы ХХ ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қоғам дамуының бұл моделін басқа да атаулармен сипаттау кездеседі. Мәселен, Збигнев Бзежинскийдің – «технотрондық қоғам», Элвин Тоффлердің – «үшінші толқын», И. Масуданың – «ақпараттық қоғам» тәрізді атаулар кездеседі.
Бұл қоғам сатысында экономиканың негізгі саласы – халыққа қызмет көрсету саласы болып есептеледі. Компьютерлер мен күрделі басқару жүйелерін енгізу жұмыс орнында көптеген процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
3.Қоғамды зерттей отырып, социология ғылымы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастарды заң және заңдылық деңгейінде зерттейді. Социология заңдарында біреудің екінші біреумен, қандай да бір қауымдастықтың қоғаммен, жеке тұлғаның қоғаммен, әлеуметтік жүйелердің, процестердің, институттардың бір-бірімен және қоғаммен байланыстары туралы сөз болады. Социология заңдарын қоғам тудырады және ол заңдар сол қоғамда қолданылады. Социология заңдарының неғұрлым елеулі белгілері :
Бірінші маңызды белгісі - қоғамның әлеуметтік жүйелерінің, оның қауымдастықтарының, институттарының, ұйымдарының жасампаздық күшін көрсететіндігі. Солар арқылы қоғамның және оның құрамдас бөліктерінің оң және теріс қызметі, әлеуметтік белсенділігі көрсетіледі. Кез келген әлеуметтік объект осындай іс-әрекет арқылы қоғамдағы қайшылықтарды, ескі ұғымдарды жеңіп, жаңаны нығайта отырып, болашаққа жол ашады.
Екінші белгісі - социология заңдарының бір-бірімен өзара байланыстылығы, тәуелділігі. Қоғамдар арасында немесе қоғамның ішінде қандай деңгейде, қоғамның қандай бөлігінде қолданыста болатындығына қарамастан социология заңдары бірін бірі өмірге келтіреді, бірін бірі толықтырады, олардың қолданылу және көріну механизмдерін жасайды.
Үшінші белгісі - жеке социология заңдары арасындағы тұрақты өзара шарттылық пен бір-бірін толықтырып отыру. Олардың бірде-бірі екіншісінен оқшау бола алмайды. Қоғамның барлық құрамдас бөліктері, әсіресе әлеуметтік ішкі жүйелер, процестер, қауымдастықтар, институттар, ұйымдар өзара байланыста, өзара шарттылықпен дамиды. Бұл олардың мән-мағыналы байланыстарының бір-біріне тәуелділігін айқындайды, олардың барлық қарым-қатынастарына жағдай туғызады. Қандай да бір социология заңын басқаларынан оқшау қарастыруға тырысу тұтас әлеуметтік организмді біржақты қарауға әкеп соғады.
Төртінші белгісі - социология заңдарының әлеуметтік табиғаты. Ол - әлеуметтік организмнің қозғаушы күші, ол қоғамдағы байланыстардың әлеуметтік ерекше сипат көрсетеді. Бұл оларға басқа ғылымдардың заңы бола алмайтын ерекшелік береді. Оларды тарихшылар, экономистер, заңгерлер өз ғылымдарының заңдарын зерттеу үшін әдістемелік алғышарттар ретінде пайдалана алады, бірақ өздерінің заң жүйесіне қоса алмайды. Социология заңдары - социология ғылымының теориялық негізі.
Бесінші белгісі - бұл социология заңдарының субъективті жағы. Социология заңдары субъективті қасиетке адамдар қызметінің нәтижесінде пайда болатындығы және дамитындығы үшін ие болады.
Социология заңдары жалпы социологиялық және жеке социологиялық болып бөлінеді. Бөлу белгілері ретінде заңдармен бейнеленетін объектінің көлемі алынады: қоғам тұтас жүйе ретінде немесе қоғамның ішкі жүйесі, оның құрамдас бөлігі ретінде және күші аз топтарға, белгілі бір әлеуметтік стратаға, әлеуметтік топқа немесе тапқа және тұтас қоғамға қолданылатын заңдар бар. Жалпы социология заңдары - өздігінен дамитын әлеуметтік жүйе ретінде жалпы қоғамның маңызды байланыстарын көрсететін заңдар. Жеке социология заңдары қоғамның құрамдас бөліктерінің маңызды байланыстарын, олардың ішкі дамуы мен қызмет атқаруын, сондай-ақ тұтас әлеуметтік организм ретінде қоғаммен байланысын көрсететін заңдар болып табылады.
Сонымен қатар социологияда әлеуметтік заңдардың бес категориясы бөліп қаралады:
Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүруін көрсететін заңдар.
Әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланысты белгілейтін заңдар.
Даму тенденцияларын белгілейтін заңдар.
Әлеуметтік құбылыстар арасындағы себеп-салдарды белгілейтін заңдар.
Әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың мүмкіндігін немесе ықтималдығын бекітетін заңдар .
Әлеуметтік заңдардың қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, әлеуметтік процестерді басқаруда маңызы зор. Әлеуметтік заңдардың болуы және пәрменді болуы социологияда ғылыми тәсілді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын алдын ала болжауға болмайтындығын, оның ретсіз және ала-құла екенін ғылыми әдістердің көмегімен зерттеу мүмкін емес; керісінше адамның мінез-құлқын алдын ала болжауға болатындығы, оның қайталанып отыратындығы, көптеген қырларының кездесетіндігі адамзат қоғамын зерттеумен шұғылданатын ғалымдарға әлеуметтік заңдар ашуға, олардың қолданылу шарттарын анықтауға және әлеуметтік топтар мен қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын алдын ала көре білуге мүмкіндік береді.
5.“Әлеуметтік іс-әрекет” ұғымы - социологиядағы негізгі түсініктердің бірі. Социологияда “әлеуметтік іс-әрекет” ұғымын алғаш рет енгізген және ғылыми негіздеген М.Вебер болатын. М.Вебердің түсінігінше әлеуметтік іс-әрекеттің кем дегенде екі ерекшелігі бар: біріншіден, ол оңтайлы, саналы түрде болуы, ал екіншіден басқа адамдардың мінез-құлқына бағытталуы қажет. Әлеуметтік іс-әрекеттің мұндай ұғымы бойынша адамдардың әлеуметтік емес, материалдық объектілерге бағытталған іс-әрекеттерін әлеуметтік іс-әрекеттер деп атауға болмайды. М.Вебер келтірген мысал ерекше: екі велосипедшінің кездейсоқ соқтығысып қалуы қарапайым оқиға ғана бола алады, ал соқтығысты болдырмауға әрекеттену, соқтығыстан кейінгі ұрыс-төбелес немесе жанжалды бейбіт жолмен шешу - бұл әлеуметтік іс-әрекет. Алайда әлеуметтік және әлеуметтік емес іс-әрекеттер арасында айқын шекара жүргізу өте қиын. Әлеуметтік іс-әрекеттің ажырамас белгісін құрайтын мінез-құлықтың саналылығын, оңтайлылығын анықтау одан да қиын. Әлеуметтік іс-әрекеттер азды-көпті айқын мақсатты көздейтін ішінара саналы іс-әрекеттер болып табылатыны көрініп тұр.
Әлеуметтік іс-әрекеттің анатомиясын сипаттай отырып, социолог-функционалистер көбіне оның мынадай негізгі элементтерін бөліп көрсетеді:
өздерінің қажеттіліктері және соған орай мүдделері мен мақсаттары бар әрекет етуші (немесе әрекет етпейтін) жеке адам немесе адамдар тобы;
әрекет өтетін нақты орта;
әрекет субъектісінің ортаның нақты шарттарына бағыт ұстауы, ол алға қойылған мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;
әрекет субъектісінің басқаларға, өз әрекетіне олардың жауап әрекетіне бағыт ұстауы.
Бұл ретте басқаларға бағыт ұстау жеке тұлғамен немесе саны азды-көпті тұлғалар тобымен, тіпті жалпы қоғаммен өзара байланысты және өзара іс-әрекетті ескеруді көздейді.
Адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігі мен сәйкестігін көрсететін әлеуметтік іс-әрекет - әлеуметтік байланыс болады. Ол мынадай негізгі элементтерді қамтиды: осы байланыстың субъектілері; байланыстардың мазмұнын сипаттайтын байланыс заты; байланысты жүзеге асыру механизмі және оны саналы түрде реттеу. Әлеуметтік байланыстың әлеуметтік байланысу түріндегі және әлеуметтік өзара іс-әрекет түріндегі әр түрлі нысандары көрсетілуі мүмкін.
Әлеуметтік байланыс - адамдардың өмірі мен қызметіне онша әсер етпейтін жалғыз немесе көп қайталанатын сыртқы, ат үсті, үстірт, көбінесе өткінші байланыстар. Кеңістіктік байланыстың, мүдделі және алмасу байланыстарының ерекшелігі болады.
Кеңістіктік байланыстар: 1) жеке адамдардың қандай да бір іс-әрекетке қатысуы туралы ұйғарымның күшімен адамның мінез-құлқының өзгеруі мүмкін кеңістіктік байланысты; 2) жеке адамның мінез-құлқы басқа адамдардың жай бақылауының әсерінен өзгеретін кеңістіктік байланысты қамтиды.
Әлеуметтік байланыстардың әрбір жеке адамның әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі орнын, топтық мәртебесін, оның топтағы әлеуметтік рөл атқаруының ерекшеліктерін зерделеуде үлкен маңызы бар. Әлеуметтік байланыстардың саны мен бағыттылығын өлшеу әлеуметтік іс-әрекеттің құрылымы мен әлеуметтік қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік байланыстар топ құрайтын процестердің негізі, әлеуметтік топтар құрудағы алғашқы қадам болып табылады.
Әлеуметтік іс-әрекет - бір субъектінің іс-әрекеті басқалардың жауап іс-әрекетінің себебі мен салдары болатын өзара шарттылық әлеуметтік әрекеттер жүйесі [6]. Әлеуметтік іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтары болады. Өзара іс-әрекеттің объективті жағы - жеке тұлғаларға емес, бірақ олардың өзара іс-әрекеттің мазмұны мен сипатын көрсететін және бақылайтын байланыстар. Өзара іс-әрекеттің субъективті жағы - жеке адамдардың тиісті мінез-құлықтың өзара экспектациясына (күтілуіне) негізделген бір-біріне саналы қарым-қатынасы. Бұл жеке адамдар арасындағы нақты орын мен уақыт жағдайында қалыптасатын тікелей байланыстар мен қарым-қатынастар болып табылатын әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастар.
Әлеуметтік іс-әрекет мыналарды қамтиды:
қандай да бір әрекет етуші индивидтерді;
осы әрекеттерден болған сыртқы дүниедегі өзгерістерді;
бұл өзгерістердің басқа жеке адамдарға әсерін;
ықпал етілген жеке адамдардың жауап әрекетін .
Әлеуметтік іс-әрекет әр түрлі негіздемелер бойынша жіктелуі мүмкін. П.А. Сорокин оларды былай жіктейді:
1) өзара іс-әрекет субъектілерінің саны бойынша - екі адамның бір-бірімен; бір адам мен көп адамның; көп адамдардың іс-әрекеті;
2) іс-әрекет субъектілерінің өзара қарым-қатынасының сипаты - бір жақты және екі жақты, сондай-ақ ынтымақтастық және бітіспестік бойынша;
3) өзінің ұзақтығы бойынша - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;
4) ұйымшылдықтың бар-жоғына байланысты - ұйымдасқан (мысалы, отбасы, партия, мемлекет) және ұйымдаспаған (мысалы, тобыр);
5) өзара іс-әрекеттің саналылығы бойынша - саналы және санасыз;
6) алмасу процесіндегі алмасу “материясы” бойынша – интеллектуалды, сезімдік және еріктік. Тікелей және жанама іс-әркеттер де әлеуметтік өзара іс-әрекетердің маңызды бөлігі болып табылады.
Іс-әрекеттің тағы екі жалпы түрі бар: ынтымақтастық және бақталастық (кейде бәсекелестік деп атайды). Ынтымақтастық жеке адамдардың іс-әрекеті екі жаққа да тиімді ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты әрекеттерін білдіреді. Бақталастық негізіндегі іс-әрекет бірдей мақсатқа ұмтылған бәсекелесін шеттетуге, одан озуға немесе оны басып тастауға ұмтылыстарды қамтиды.
Іс-әрекеттің жалғасуы орнықты, көп қырлы және тіпті тұрақты болуы мүмкін. Орнықты іс-әрекет барысында жеке адамдардың ойлағаны үнемі түрін өзгертіп отырады, бірақ сонымен қатар іс-әрекет едәуір реттелген және алдын ала болжанатын түр беретін орнықты әлеуметтік ойлардың белгілі бір жиынтығы пайда болады. Мұндай реттелген және орнықты әлеуметтік іс-әрекеттерді әлеуметтік қарым-қатынастар деп атайды. Әлеуметтік қарым-қатынастар - жеке адамдардың және қоғамдық құрылымдардағы әлеуметтік мәртебелері мен рөлдері бойынша айырмасы болатын сапасы әр түрлі қызмет түрлерін тұрақты атқарушылар ретінде әлеуметтік топтар арасындағы салыстырмалы орнықты байланыстар. “Әлеуметтік қарым-қатынастар” ұғымының мынадай белгілері болады:
адамдардың қоғамдық өмірінде болатын барлық іс-әрекеттері;
адамдардың экономикалық, саяси және рухани-мәдени қарым-қатынастар шеңберінен шығып кететін, олармен қатарласа жүретін және салыстырмалы түрде олардан бөлек болатын іс-әрекеттер;
қоғамның үлкен топтары - таптармен, этностармен, әр түрлі елдер мен аймақтар халқымен қарым-қатынастар;
барлық әлеуметтік топтар арасындағы, соның ішінде кіші топтар - отбасылар, еңбек ұжымдары, көршілер қауымы, дос-жарандар және т.с.с. арасындағы қарым-қатынастар;
адамдардың және олардың азаматтық қоғам дейтінді, яғни қоғамдық өмірдің мемлекет пен бизнес реттемейтін саласын құрайтын топтарының іс-әрекеті;
адамдардың бір-бірімен бірлескен қызметінде пайда болатын тікелей байланысты (көзбе-көз) және жанама (сырттай) сипаты бар іс-әрекеттері;
индивидтердің өмірдің шағын ортасын құрайтын іс-әрекеттері;
қоғамдағы адамдар мен олардың топтарының іс-әрекеттінің өзге де жақтары мен қырлары.
Тест сұрақтары:
