Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МӨТ-2 (практикалық жұмыстар).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
466.8 Кб
Скачать

Сыйымдылығы 300т конвертор үшін кремнийдің тотығуына алынған қождың санын анықтау

Болат балқыту сыйымдылығы агрегаттың саны оған жүктелетін металдышикіқұраммен анықталады.

Шешімі:

Металдышикіқұрамдағы кремнийдің орташа құрамы:

∆Si = [Si]ш · 0,75 + [Si]с · 0,25 = 0,7 · 0,75 + 0,20 · 0,25 = 0,525 + 0,05 = 0,575кг.

Балқу үрдісінде тотығатын кремний:

∆Si = [Si]ш · [Si]ш = 0,9 = 0,575кг.

Кремний болат балқыту үрдісінде толығымен дерлік тотығады (ізі қалғанға дейін), сол себепті балқу алдындағы оның үлесі [Si]ш (тотықсыздануға дейін) нөлге жақын.

Кремний мына реакция бойынша тотығады:

[Si] + 2[O] (SiO2),

және тотық SiO2 күйінде толығымен қожға өтеді.

Осындай реакциядан SiO2 (қож) саны:

α = SiO2 = 0,57 · 60 / 28 = 1,23 кг SiO100кг металдышикіқұрамға.

Сыйымдылығы 300т конвертер үшін кремнийдің тотығуы есебінен алынған қож көлемі:

1,2 · 300 · 10 3700Кг, немесе 3,70т.

Дәл осы есепті мынадай тәсілмен де шешуге болады:

1 - шойынның мөлшерін анықтаймыз Gш:

Gш 300 · 0,75 = 225т.

2 - лом саны (скрап), Gл:

Gл = 300 · 0,25 = 75т.

3 - металдышикіқұрамдағы кремнийдің саны:

0,70 · 225 / 100 + 0,20 · 75 / 100 = 1,575 + 0,15 = 725 т,

мұндағы, 0,70, 0,20 - шойындағы кремний және скрап құрамдары сәйкесінше.

4 - түзілетін (SiO2) саны:

SiO2 = 1,725 · 60 / 28 ≈ 3,7т.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Көміртегінің 10% СО2 - ге дейін тотығу жағдайындағы көміртегінің тотығуы себебінен түзілетін (СО мен СО2) нм3 - дегі газ көлемін анықтаңыз. 1600оС температурадағы газ салмағын табыңыз.

2. Күкірттің тотығу нәтижесінде түзілген SO2 мөлшерін анықтаңыз, егер, оттегімен үрілген ваннадағы күкірттің 10% SO2 - ге дейін жанып, қалғаны қожға кететінін есепке алғанда.

3. Берілген нәтижелер бойынша СаО мен SiO2 тепе - теңдігін есепке ала отырып, әктің 3,0 қождың негізгі құрамын анықтау үшін қажет болатын шығынын анықтаңыз (2.1 - ші және 2.2 - ші кесте).

4. Сыйымдылығы 250т конвертерге арналған металдышикіқұрамдағы барлық қоспалардың тотығуы нәтижесінде түзілген қождың жиынтық санын анықтаңыз.

5. Сыйымдылығы 350т конвертерге арналған қорытпаға тозудың үрдісінде футеровка арқылы қожға өтетін құрамалардың санын анықтаңыз.

6. Сыйымдылығы 200т конвертерге арналған металл ваннаның барлық қоспаларының тотығуы үшін қажет, нм3 - қа келетін техникалық оттегінің санын анықтаңыз.

7. Барлық материалдан қожға енетін SiO2 санын анықтаңыз.

8. Конвертердің сыйымдылығы 300т, шойынның салмағы 220т, скраптың салмағы 80т. Кремнийдің шойындағы үлесі 0,8% , скрапта 0,20%. 3 - ке тең болатын қождың негізін алу үшін әктің мөлшері қанша болуы тиіс? SiO2 мен СаО - ның сусымалылардағы және футеровкадағы құрамын ескермеу қажет.

9. Конвертердің сыйымдылығы 300т. Шикіқұрамдағы кремнийдің орташа үлесі 0,7 . 2,5 болатын қождың негізін алудағы әктің шығыны қалай өзгереді, егер: а) шикіқұрамдағы кремнийдің орташа үлесі 84% - ға дейін төмендесе; б) әктегі СаО үлесі 84% - ға дейін төмендесе.

10. Паспорттық қорытпалардың мәліметтері бойынша кремний мен марганецтің тотығуы нәтижесінде пайда болатын қождың мөлшерін анықтаңыз.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Кремнийдің тотығуы

2. Әртүрлі конвертерлер

3. Конвертердің сыйымдылығы

Блиц - тест:

1. Болаттың шығуы қандай өрнекпен анықталады?

a) Gт = Gме - ∆G

b) Gт = Gме + ∆G

c) Gт = Gме · ∆G

d) Gт = Gме / ∆G

e) Gт = Gт - ∆G

2. Кремний қанша пайызға дейін тотығады?

a) 15%

b) 20%

c) 10%

d) 5%

e) Ізі қалғанға дейін

3. Металдышикіқұрамдағы кремнийдің орташа мөлшері келесі өрнекпен анықталады:

a) ∆[Si] = [Si]ш · 0,75 - [Si]л · 0,25

b) ∆[Si] = [Si]ш · 0,75 + [Si]л

c) [Si] = [Si]ш · 0,75 + [Si]л · 0,25

d) ∆[Si] = [Si]ш · 0,75 · [Si]л · 0,25

e) ∆[Si] = [Si]ш · 0,75 / [Si]л · 0,25

4. Металдышикіқұрамдағы марганецтің орташа мөлшері:

a) [Mn]ш = [Mn]шн · 0,75 - [Mn]л · 0,25

b) [Mn]ш = [Mn]шн · 0,75 · [Mn]л · 0,25

c) [Mn]ш = [Mn]шн · 0,75 / [Mn]л · 0,25

d) [Mn]ш = [Mn]шн · 0,75 + [Mn]л · 0,25

e) [Mn]ш = [Mn]шн · 0,75 + [Mn]л

5. ∆G нені білдіреді?

a) Болат шығынын

b) Ұшпалы қоспаларды

c) Металдышикіқұрам салмағын

d) Футеровка шығынын

e) Қож мөлшерін

Практикалық жұмыс №3