Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МӨТ-2 (практикалық жұмыстар).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
466.8 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

5В070900 – «Металлургия» мамандығының күндізгі және сырттай бөлімінің 3 курс студенттеріне арналған «металлургия өндірісінің технологиясы - 2» пәні бойынша практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау

Ақтөбе - 2016 ж.

Келаманов Б.С., Жұмағалиев Е.Ұ.

«Металлургия өндірісінің технологиясы - 2» пәні бойынша практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау. - Ақтөбе: Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің редакциялы - баспа бөлімі, 2016ж. - 95 бет.

Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау 5В070900 - «Металлургия» мамандағы бойынша күндізгі және сырттай бөлімінің 3 курс студенттеріне арналған. Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау пән бойынша негізгі мәліметтерден, практикалық жұмыстар жоспары, глоссарий, бақылау сұрақтары, блиц - тест және ұсынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Рецензенттер:

Апендина А.К., химия ғылымдарының кандидаты, «Химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ,

Алмагамбетов М.С., техника ғылымдарының кандидаты, «Зерттеу-инжинирингтік орталық» ЖШС-нің Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту зертханасының меңгерушісінің орынбасары.

Баспаға университеттің ОӘС шешімімен ұсынылды.

Протокол №х хх.хх.хххх ж.

Практикалық жұмыс №1

Оттекті - конвертерлі балқытудың үрлеу тәртібі

Жұмыстың мақсаты: Үрлеу параметрлерін және үрдіс барысында тигізетін әсерін анықтау.

Жұмыс жоспары:

1. Үрлеу қарқындылығын анықтау

2. Бөлінген үрлеу қарқындылығын анықтау

3. Есеп шығару мысалдары

4. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

Кілт сөздер: Үрлеу қарқындылығы, бөлінген қарқындылық.

Бақылау сұрақтары:

1. Қолайлы үрлеу режимінде қандай шарттар орындалады?

2. Қазіргі кездегі конвертер цехтарында оттегі қысымы нешеге тең болады?

3. Үрлеудегі оттегі мөлшері қанша?

4. Үрлеу қарқындылығы немен мінезделеді?

5. Үрлеу қарқындылығы дегеніміз не?

Глоссарий:

1. Үрлеу қарқындылығы - уақыт бірлігіндегі үрлеуге шығындалатын оттегімен мінезделетін шама.

Теориялық бөлім

Үрлеу тәртібі қолайлы болып саналады, егер, келесі шарттар орындалса:

1 - көміртегінің тотығуының жоғары жылдамдығы; 2 - қождың тез түзілуі; 3 - металл қалдықтарының болмауы.

Үрлеудің негізгі параметрлері:

- Оттегі қысымы.

Үрлеудің кинетикалық энергиясының артуы мен оттегі өткізгіш қимасының кішіреюі есебінен бұл көрсеткіш жоғары болуы тиіс. Қазіргі кезде конвертерлі цехтардағы оттегінің қысымы 1,4 - 2,0МПа (14 - 20 атм.) құрайды.

- Үрлеудегі оттегі құрамы.

Бұл көрсеткіш 99,2 - 99,8% шамасында болады. Көрсеткіш артқан сайын, болаттағы азот едәуір кемиді. Бірақ оттегінің тазалығының артуы оның бағасының едәуір өсуіне алып келеді.

- Үрлеу қарқындылығы.

Бұл көрсеткіш үрлегішке уақыт бірлігінде енетін оттегі шығынымен сипатталады және ол І, м3 / минут деп белгіленеді.

- Бөлінген қарқындылық:

iбөл = I / G, м3 / т · минут

мұндағы, G - конвертер сыйымдылығы.