Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Трбие баыттары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.42 Кб
Скачать

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Бұл бағыттың мақсаты:

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

  • Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;

  • ҚР Конституциясына, заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;

  • елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;

  • өз елінің экономикалық және әлеуметтік мәдени даму саласындағы және әлемдік аренадағы жетістіктеріне;

  • басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;

  • өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;

-құқықтық біліміне;

  • заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;

  • құқықтың әлеуметтік құндылықтарына құрметпен қарауы,

мақтаныш сезімінің болуы және жауапкершілік танытуы.

Іске асырумеханизмдері

Сабақтар,оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. Ерлік, намыс және абырой тағылымдары. Дебат және пікірталас клубтары. Патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалар мен жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысымен, қоғамдық қорлармен бірлескен қызмет; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер, саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтері», «Мен және заң» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

  • Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті.

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениетті тәрбие

гуманизмге, қазақ халқының тілін, тарихы мен әдет-ғұрпын құрметтеуге және сүюге, оның озық дәстүрлерін сақтауға, дамытуға, Қазақстандағы басқа да халықтардың мәдениетін зерделеуге, қабылдауға және меңгеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және саяси мәдениетті, дамыған ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін, әлеуметтік және діни толеранттылықты қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында құқыққа қайшы көріністерге қарсы тұру даярлығын қалыптастыру зор маңызға ие болуда.

  • Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді.

«Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес « патриоттық-азаматтық» жастардың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады.   «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм (грек. patris – Отан) -  адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген  сүйіспеншілік сезімі», - деп анықтама  берілген. Қазақстан халық жазушысы М.Мағауиннің еліміздің егемендік алғаннан бергі кезеңде ел тұтастығы, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында бірнеше шығармалары жарыққа шыққан болатын. Оның негізгі арқауы бүгінгі ұлт, Отан, жастарды туған жерін сүюге бағытталған еңбектерімен белгілі. Мысалы «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясын, «Ұлттың күретамыры», «Ұлтсыздану ұраны», т.б. кітаптарын айтуға болады. Жазушы қазақстандық отансүйгіштік туралы толғамды ой-пікірлерінің бірінде: «Қазақ дейтін халық үлкен халық, ұлы халық. Осы халықтың туын көтеріп, халық үшін қандай да күреске әзір болу керек. Адамның адамдығы – ел-жұрттың адалдықта, кісіліктің көрсеткіші – ұлтын сүю, халқын сыйлау», - деп отансүйгіштік тәрбие берудің маңызын сипаттай түседі. Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін  көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады. Бүгінгі күндегі патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі – бұл қоғамның өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығының ажырамас сипаты. Қазірде Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде патриотизмге тәрбиелеу қажет. Бұндай жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын    қазіргі озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаматтық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін ең алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жаңарған патриотизмі қайта кепіл бола алады. Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдерінің негізінде азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.Патриоттық сезімнің қайнар көзіде объектісі де Отан. өз мазмұны бар, бұл сезімнің туындап қалыптасуының өз шарттары бар дей келе ол, «қазақстандық патриотизм» тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйішпеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние, психологиялық-әлеуметтік құбылыс. Ғалым отансүйгіштіктің өлшемі әр адамның өз Отанының қорғанысын, экономикасын, мәдениетін, ғылымын, рухани қабілетін арттыруға қосқан үлесі деп таниды. Ғалымның бұл пікіріне біздің патриотизм тек қару алып жауға карсы шығу ғана емес, күнделікті өмір салтында «Отаным», «халқым», «елім», «ұлтым» дегенді ұмытпау, өз мүддесін көздеп, не істесе де өзінің қазақ ұлтының өкілі, соның құрамдас бір бөлшегі екенін естен шығармау деген ой-пікірімізді нығайта түсті. Отанын қайда жүрсе де мақтан тұтса, оған жүрек қалауымен қызмет етсе, «патриоттық сезім - ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі қару-жарағы күшті болғанымен, ұлттың рухы төмен болса, әскердің қай түрі болса да әлсіздік көрсетеді» - дейді Ә.Қалмырзаев.Бұдан патриоттық сана мен сезімнің мазмұны «Отан» деген ұлы үғым болып оның қалыптасуының басты шарттары Отанға деген сүйіспеншілік сезім ояту, Отанын көркейтуге үлкен үлес қосу және отансүйгіштікке өзін-өзі тәрбиелеуге бейімдеу екендігі айқындала түседі. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі Отан болып, оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар, жалпы ұлттық құндылықтармен толықтырылады. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де, ерлік істердің қайнар көзіне айналу - патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болуы тиіс.