- •Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі
- •Ғылыми жұмысқа аңдатпа
- •1 Судан шөбінің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, пішен және тұқым өнімі.
- •2. Судан шөбінің морфологиялық ерекшелітері және сорттары
- •3. Судан шөбінің пішенге және тұқымға өсіру технологиясының ерекшеліктері
- •2 Программа, методика и условия проведения исследований
- •2.1 Погодные и почвенно - климатические условия Центрального Казахстана в годы проведения исследований
- •2.2 Методы проведения исследований
3. Судан шөбінің пішенге және тұқымға өсіру технологиясының ерекшеліктері
Судан шөбі себілетін танапты алғы дақылды жинағаннан кейін аңызды дискілейді, топырақты 20-22 см тереңдікте аудара жыртады, көктемде танапты тырмалайды және тұқым себер алдында 1-2 рет культивациямен қопсытады. Жеңіл және құрғақ топырақты себер алдыында немесе кейінде тығыздайды. Судан шөбі осірілетін танапқа 20-25 т көң немесе толық минералды тынайтқыш берген тиімді.
Судан шөбі көктемде кештеу себілетін дақылға жатады. Оны топырақтың 0-10 см тереңдегі + 10-12 С жылыған кезде себу керек. Қазақстанның солтүстік аймақтарында судан шөбінің ең жоғары өнімін оны мамырдың соңында маусыымның басында сепенде алынады.
Мал азығына судан шөбі жай қатарлап , ал дәнін алу үшін кең қатарлап 45-60 см себеді.
Қазақстанның далалық және құрғақ аймақтарында тұқым себу мөлшері әр га 2,5-3,0 млн өнгіш дән(20-25кг/га), ал аса құрғақ ауданарда себу мөлшерін 2,0 млн дейін төмендетеді.Оңтүстік аудандарда суармалы жерлерінде судан шөбінің себу мөлшері га 3,0-3,5 млн өнгіш дән(30-35кг/га).Тұқымды қолайлы сіңіру тереңдігі 3-5 см, алайда топырақтың үстінгі қабаты құрғап кеткен жағдайда тұқым сіңру тереңдігі 7,5 см дейін болады. Топырақ ылғалдылығы егістік ылғал сиымдылығының 75-80% жуық болуы керек.
Судан шөбінің пішенге шашақбасының шашақтана бастаған кезңнде жинайды. Одан кешіксе пішеннің сапасы төмендейді, сабақтары қатайып кетеді, және алшынкөк түзуі нашар жүреді.Судан шөбінің пішенге ору биіктігі 7-8 см. Судан шөбі осы биіктітен жоғары орған жағдайда өнімі төмендейді де, төмен орған жағдайда алшынкөгі баяу қалыптасып келесі орымның сапасы төмендейді. Бірінші орым тұқым себілгеннен кейін 65-70 күннен кейін жүреді. Жаз бойы судан шөбінің 2-3 рет өнім береді.Судан шөбінің дәнін негізгі сабақтағы дәні піскенде жинайды.Ол үшін арнайы және астық жинайтын комбайндар қолданады.
Судан шөбі (sorghum sudanense) - астық тұқымдастарына жатады. Құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді, мал азықтық сапасы жақсы өсімдік. 100 кг көк балаусасында 20-22 а.ө. жəне 2,5-2,8 кг қорытылмалы протеин, сүрлемінде 20-23 а.ө. жəне 1,5-1,7 кг қорытылмалы протеин бар. 1кг судан шөбінің көк балаусасында 60-65 мг дейін каротин болады. Бұл көрсеткіш жүгері мен сұлыдан асып түседі. Судан шөбі астық тұқымдастарының ішіндегі ең тəттісі сондықтан қандай малдың түрі болмасын оны сүйсініп жейді. Судан шөбі құмай (қонақ жүгері, сорго) тобына жатады. Тамыр жүйесі шашақты, күшті тармақталып дамыған, 2,5 м тереңдікке дейін өседі. Тамыры негізінен топырақтың 0,5-0,7 м қабатында шоғырланған. Сабағы тік өседі, бұтақты, цилиндр тəрізді, жақсы жапырақтанған. Сабақтардың биіктігі 50-300 см, жуандығы 5-8 мм. Жапырағы тегіс ұзынша келген, жапырақтануы 40-55% жетеді. Орта есеппен бір өсімдікте 6-8 жапырақ түзіледі. Гүлшоғыры – көп масақты сіпсебас. Жемісі – масақ қабықшасында оранған дəн. 1000 дəннің массасы 5-15 г аралығында болады (сортына жəне өсіру технологиясына байланысты). Судан шөбі жылу сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы +8-100 жылылықта өне бастайды. Егін көгі – 1-20 суықта өседі. Ең қолайлы өсуі +20-300 температурада жүреді. Сонымен қатар, судан шөбі тұқымының жақсы өнуіне 134 ылғалдың да əсері мол. Егін көгі орташа 10-16 күнде толық (60-70%) өніп шығады. Көктегеннен түптенуіне дейін судан шөп баяу өседі, алғашқы бес жапырақтың түзуіне 30-40 күн қажет. Қарқынды өсуі түптенуден шашақтануға дейін байқалады. Осы кездері тəуліктік өсімдік өсуі 5-8 см жетеді. Судан шөбінің сорттарына байланысты тұқымының пісуіне қажетті белсенді температура жиынтығы 1800-30000С аралығында. Шөпке шапқандағы белсенді температура жиынтығы – 1200-15000 . Судан шөбі құрғақшылыққа төзімді өсімдік, транспирациялық коэффициенті 200-300. Суды барынша жоғары қажетсінуі шашақтану кезеңінде, яғни шілде айында. Былайша айтқанда бұл дақыл жаздың соңындағы жаңбырды жақсы пайдаланады. Судан шөбі барлық топырақ түрлерінде өсе береді. Судан шөбін пішенге жəне көк балаусаға, тұқымға өсіру технологиясының ерекшеліктері бар. Қазақстанда өсірілетін сорттары: Бродская 2, Изумрудная, Кинель 100, Ташебинская, Тугай, Джурунская 1, Широколистная, Одесская 25.
