Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1231567.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
699.38 Кб
Скачать

2. Судан шөбінің морфологиялық ерекшелітері және сорттары

Судан шөбі сорго туысына, астық(қоңырбас) тұқымдасына жатады. Әр түбінде 10-30 дана сабақ құрады. Сабағы тік өседі, цилиндрлі, іші жеңіл паренхимамен толтырылған, түксіз, буындары қте мықты, бұтақтануы орташа, биіктігі 2,0-3,5 дейін жетеді. Сабағындағы буын аралығының саны ерте пісетін сорттарында 3-5 тең, кеш пісетіндерде 8-12 дейін болады. Сабақтың төменгі буыны - түптену буыны болып есептеледі. Судан шөбінің тығыз түпті сорттарының өнімі жоғары келеді. Судан шөбі жақсы жапырақтанған. Жапырағының алақаның ұзындығы 50-60 см келеді, ені кең жерінде 4,5 см, түксіз.жылтыр, шеттері бір келкі емес. Ортаңғы жапырақтары әдетте жақсы дамыған. Судан шөбі жапырақ ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді: Жапырақтануы нашар 5-6 дана, жапырақтануы орташа 6-9 дана, жапырақтануы жақсы 9 дан жоғары. Өсімдікте жапырақ үлесі жалпы өнімнің 35-50% құрады.

Гүл шоғыры көп масақты шашақбас, ұзындығы 35-45 см. Шашақбастарының өте шашыранқы, жартылай сығылған, ұйық тармақты, иілген және құмай типтері бар. Масақтары шашақбастарының басында орналасады. НЕгізінен айқас тозаңданады.

Жемісі – гүл және масақ қабықшаларымен тығыз жабылған дәншік. Әр шақшабастан 4-6 г тқым алынады. 1000 дәнінң массасы 10-15 г.

Тамыр жүйесі шашақты, көптеген ұзынша тамыршалардан тұрады. Тамырларының көпшілік бөлігі 2-2,5 м тереңдікке дейін жетеді, жан жағына 70-80 см жайылып тарайды. Тамырларының 60-70% топырақ қабатының 0-30 см орналасады. Кейбір жағдайларда сабақтың төменгі буынынан ауалық неесе қосымша 6-8 см тамыршалар құралады, ол өсімдіктерді күшті жел соққанда жапырылудан сақтайды да қосымша ылғалмен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді.Судан шөбінің тамырының осындай күшті дамуынығ нәтижесінде ол құрғақшылыққа өте төзімді келеді.

Судан шөбінің қоршаған ортаға қоятын талаптары

Судан шөбі жылуды, жарықты сүйетін, қысқа күннің өсімдігі. Оның тұқымы топырақ қабатының жылуы +8-10˚С өне бастайды, қолайлы өсіп өну температурасы +20-30˚С. Өскіндері сәл үсікке шыдамайды, -3-4˚ үсікте өскіндері толығымен жойылып кетуі мүмкін. Судан шөбі бастапқы өсу кезінде баяу өседі, әсіресе жылу жетіспесе нашар дамиды. Сол кезде арамшөптер басып кетеді. Бірақта толық өскіннен 25-30 күннен кейін өте қарқынды өсе бастайды.

Судан шөбі құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Негізінен судан шөбі ылғалды топырақты терең қабатынан сіңіреді. Мұндай ерекшеліктерді оның егістігін ауыспалы егісте орналастырғанда ескерген жөн. Судан шөбі ылғалды жердеде жақсы өсіп мол өнім береді. Оның егістігін екі рет суарған жағдайда өнімі 1,5-2,0 есеге дейін көтереді.Сонымен қатар судан шөбі артық ылғалдылыққа шыдамайды.

Судан шөбі республиканың қара және қара қоңыр топырақты аймақтарында жақсы өсіп жоғары өнім береді, құмды және ашық қоңыр топырақты жерлерде нашар өседі. бейтарап топырақта жақсы өседі. аздаған қышқылды топырақтардада өсе алады, ал сортанды топырақта өспейді. Судан шөбінің бір тонна құрғақ массасымен топырақтан 25-30 кг N, 6-7 кг Р және 15-17 кг К алынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]