Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Параллель багдарламалау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.47 Mб
Скачать

6.2Аппараттық талаптар. Программалық жабдықтауға қойылған талаптар

Біздің жағдайжа екі ядролық екі компьютерді қолдандық. Олар: Pentium(R) Dual-CoreCPU 2.8 GHz және Pentium(R) Dual-CoreCPU 3.5 GHz. Әр компьютердің оперативтік жадысы 2 Gb тең. Бұл екі компьютер жиналғанда төрт ядролы болады (екі+екі). Соңында, 12 worker ді жасап шығара аламыз, себебі, әрбір ядрода үш worker- ден енгізіп отыруға болады. Бұл процесс ары қарай пайда болған кластерді параллельді есептеулерде оқу мақсатында қолдануға мүмкіндік береді.

Бірінші лабораториялық жұмыста көрсеткеніміздей, бұл компьютерлер бір локальды жүйеде және бірдей жұмысшы тобында орналасқан (мысалы, WORKGROUP).

Программалық жабдықтауға қойылған талаптар

1.Әрбір компьютерге Matlab R2011b орнатылуы.

2.Matlab Distributed Computing Server-дің әрбір компьютерге енгізілуі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кластер деген не?

  2. Параллельді компьютерлертуралы түсінік.

Тұжырым: Дәрiстерде кластерді қолдану, сонымен бiрге программалық жабдықтауға қойылған талаптарқолданады.

Дәрістің тақырыбы 7: ПАРАЛЛЕЛЬДЕУГЕ ЖАТАТЫН ЕСЕПТЕРДІ ПРОГРАММАЛАУ. PMODE РЕЖИМІ.

Жоспар:

7.1. Негізгі түсініктер. Pmode режимі

7.2 Pmode режимін іске қосу форматы

Сабақ мақсаты: MatLab жүйесінде параллельді есептерді шешу және pmode режимін қарастыру

Негізгі түсініктер: pmode режимі, labindexиnumlabs, jobmanager.

Әдебиеттер: [2,7]

7.1. Негізгі түсініктер. Pmode режимі

MatLab жүйесінде параллельді есептерді шешудің екі түрлі нұсқасы бар:

- біріншісі pmode режиміне негізделген;

- екінші нұсқасы m-файлдарды қолдану технологиясына сүйенеді (сурет 42).

Группа 212

Сурет 42 - MatLab жүйесінде параллельді есептерді шешудің екі түрлі нұсқасы

Аталған жұмыста біз pmode режимін қарастыратын боламыз.

pmode режимі көрнектілікті түрде жұмыс істеуге ыңғайлы:

- MatLab командалық терезесі арқылы worker үдерісімен байланыс жасауға мүмкіндік береді (жұмысшы үдерістер);

- локальді ауысымдарды қарап шығуға, олардың арасындағы деректермен алмасуға мүмкіндік туғызады;

- параллельді программаларды ретке келтірудің бір тәсілі ретінде қолданылады;

- бір мезгілде бірнеше лабораторияларда параллельді тапсырмаларды интербелсенді түрде орындауға мүмкіндік береді (сурет 43).

Группа 203

Сурет 43 - pmode режимінің жұмыс істеу мүмкіндіктері

ParallelCommandWindow терезесінде терілетін командалар барлық лабораторияларда (сессияларда, жұмысшыларда ) іске асады.

Әрбір лаборатория жеке ауыспалылармен өзінің жұмыс кеңістігінде қызмет атқарады.

pmode режимін екі жағдайда қолдану керек:

ParallelCommandWindow терезесінде терілген командалар барлық лабораторияда орындалады.

Әр лаборатория өз жұмыс кеңістігінде жекелеген өзгерістерін енгізе отырып жұмыс жасайды (сурет 44).

Сурет 44 - pmode режимін қолдану жағдайы

7.2 Pmode режимін іске қосу форматы

pmode режимін тек қана екі мақсатта қолдану керек:

  1. параллельді программалауға элементтерімен алғашқы таныстыққа арналған қолданушыға өте ыңғайлы режим ретінде; көппроцессорлы архитектураны және параллельді программалау парадигмасын түсінуге арналған;

  2. параллельді программаларды ретке келтіруге арналған тәсіл ретінде.

pmode режимін іске қосудың ортақ форматы:

>>pmodestartconfnumlabs

Мұнда conf-тың орнына жоспарлаушының қолданған конфигурациясының атын; numlabs-тың орнына – аталған жоспарлаушымен қауымдастырылғын жұмыс процессорларының жалпы санын қоса жазу керек [16, c.39].

Сонымен қоса labindex функциясы да қолданылады, ол – теңдесіз идентификатор, жұмыс процессорының нөмірлік қатары, жұмыс процессорының ортақ саны n болғанда 1-ден n-ге дейінгі мәндерді қабылдайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Рmode режимі неге арналған?

  2. Рmode режимінде қандай командалар қолданылады?

  3. numlabs командасында орындалған жұмыс нәтижесі.

  4. labindexкомандасында орындалған жұмыс нәтижесі.

  5. Әр серверде қанша worker-лер қосылды?

Тұжырым:Дәрiсте Рmode режимі және рmode режимінде қолданылатын командалар қарастырылады.

Дәрістің тақырыбы 8: Анықталған интгерал. π санын есептеу

Жоспар: