Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Параллель багдарламалау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.47 Mб
Скачать

3.1 Компьютерлерді жұмыстық топқа біріктіру

3.2 Жұмыстық топ компьютерінің ip-адресін анықтау. Бірлескен компьютерлердің өзара байланысы

Сабақ мақсаты: студенттердіесептеу жүйесінің өнімділігін арттырудың негізгі тәсілдерімен таныстыру

Негізгі түсініктер:Компьютерлердің жұмысшы топтарға бірігуі; жұмысшы топтардың компьютерлерінің IP-адресінің анықталуы; біріктірілген компьютерлер арасындағы байланыс тексерісі.

Әдебиеттер: [2,3]

Есептеу жүйесінің өнімділігін арттырудың негізгі тәсілдері мыналар: процессорлардың санын арттыру, процессорлардағы ядролар саны, коммуникациялық ортада жаңа принциптерді өңдеу және желілік интерфейстердің топологиясы (сурет 17).

Сурет 17 – Есептеу жүйесінің өнімділігін арттырудың негізгі тәсілдері

Осыған байланысты операциялық жүйелердің және қолданбалы программаның өнімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалану қажеттілігі туды. Құрамында жоғары өнімді параллельді есептеулерге арналған программалық құрал-жабдықтары бар операциялық жүйелер пайда бола бастады.

3.1 Компьютерлерді жұмыстық топқа біріктіру

Компьютерлерді жұмыстық топқа біріктіру үшін төмендегідей операцияларды орындау қажет:

  1. Компьютерлерді жұмыстық топқа біріктіру

My Computer – контекстік мәзір - Properties – Computer Name – Change…(сурет 18).

Сурет 18 - Компьютерлерді жұмыстық топқа біріктіру операциялары

Жұмыстық топты таңдаймыз да оған компьютер атын береміз. Біздің жағдайда Computer Name: Server деп аталады.Workgroup: үнсіздік бойынша.

ОК батырмасын басып жоғарыда көрсетілген командаларды орындап, компьютерді қайта жүктейміз. Қайта жүктеуді орындағаннан кейін қондырылған мәліметтерді сондай-ақ,

My Computer – контекстік мәзірлік таңдау - Properties – Computer Name арқылы көруге болады (сурет 18).

3.2 Жұмыстық топ компьютерінің ip-адресін анықтау. Бірлескен компьютерлердің өзара байланысы

IP-адресін орналастыру үшін келесі командаларды орындау қажет (сурет 19).

Сурет 19 – IP-адрес тағайындау

Properties терезесі: ғаламтордың хаттамасы (TCP/IP) көрсетілген адресті тереді (сурет 20).

Келесі компьютерлерде, TCP/IP орнату қажет, мысалы өсу реті бойынша: 192.168.0.2 және т.б.

Ескерту: бір локальды желіде бірдей IP-адресті орнатуға болмайды.

Сурет 20 - TCP/IP мүмкіндіктері

  1. Бірлескен компьютерлердің өзара байланысын тексеру

Байланысты тексеру үшін CMD: Start -Accessories – CommandPrompt командалық тармағы орындалады.

Командалық тармақта ping 192.168.0.2. теру қажет

Екінші тәсіл бойынша байланысты анықтауда arp ‾a (сурет21) немесе ipconfig /all командасы орындалады.

Сурет 21- arp ‾a командасы арқылы біріккен компьютерді анықтау

Байланысты орнату жөнінде ақпарат пайда болады.

Қалған компьютерлер жөнінде My Network Places арқылы серверге қосылғанда көз жеткізе аласыз.

arp ‾a (немесе ipconfig /all) командасы – желіде қосулы тұрған барлық компьютерлердің IP-адресін анықтау ал, Ping командасы – компьютердің қосылу жайын анықтайды. Мысалы, Ping 192.168.0.2 командалық тармағы (сурет 22).

Сурет 22 – Компьютермен байланысты орнату терезесі 192.168.0.2.

Егер бірдей IP-адрестер анықталатын болса, онда конфликті жағдай туады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыстық топтағы біріккен компьютерлер қалай жасап шығарылады?

  2. Жұмыстық топтағы компьютерлерде IP-адрестер қалай орнатылады?

  3. Компьютерлер арасында байланыс орнатылғанын қалай анықтауға болады?

  4. Байланыстың орнатылғанын қандай командалар анықтайды?

Тұжырым: Компьютерлерді жұмыстық топқа біріктіру, IP-адресін орналастыру, байланысты тексеру қарастырылады.

Дәрістің тақырыбы 4: Параллельді MATLAB

Жоспар: