Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Параллель багдарламалау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.47 Mб
Скачать

Арнайы ұсынылған кабинеттер және лабораториялық класстар

п/п

аудитория атаулары

аудиториялар

Лабораториялық кабинеттер

304

306

307

308

309

416

418

Пәннің оқу-әдістемелігі қамтылған картасы

ИНФОРМАТИКА И ҚОЛДАНБАЛЫ ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

мамандығы

пән

негізгі оқу-әдістемелік кешен

студенттер саны

Ескертулер

электрондық ОӘК

қ/т

о/т

қ/т

о/т

қ/т

о/т

1

2

3

4

5

6

7

8

9

5В070400 –

Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету

Параллель бағдарламалау

25

25

25

25

-

Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Дәрістің тақырыбы 1: Параллельді жүйе деректерін өңдеу классификациясы

Жоспар:

1.1 Ортақ жады бар немесе ортақ жадты компьютерлер

1.2 Үлестіруші жады бар компьютерлер

1.3 SIMD (Single Instruction Multiple Data) басқару типі бойынша құрылған жүйе

1.4 MIMD (Multiple Instruction Multiple Data) басқару типі бойынша құрылған жүйе

1.5 Параллельдеуге жататын есептер туралы

Сабақ мақсаты:студенттергепараллельдеуге жататын есептер туралы түсіндіру

Негізгі түсініктер: ортақ жады бар компьютерлер; үлестіруші жады бар компьютерлер; SIMD, MIMD; есептеу жүйесінің өнімділігін арттыруға арналған біршама есептер; экстенсивті жол; интенсивті жол.

Әдебиеттер: [1,5,12]

1.1 Ортақ жады бар немесе ортақ жадты компьютерлер

«Ортақ жады бар компьютерлер» принципі бойынша құрылған жүйелер мультипроцессорлы жүйелер немесе мультипроцессорлар деп аталады. «Ортақ жады бар компьютерлер» жүйесі біртұтас жадқа бірдей рұқсаты бар, бірнеше тең құқықты процессорлардан тұрады (сурет 1).

Группа 171

Сурет 1 – «Ортақ жады бар компьютерлер» жүйесі

Процессорлар өзара біртұтас компьютер жадын «бөліп алады», кейде мұндай жүйені «бөлінгіштік жады бар компьютерлер» деп те атайды. Дәл осындай жағдайда процессорлар ортақ адрестік кеңістікпен жұмыс істейді.

Мысалы, әлдебір процессор F101 адресі бойынша 80 мәнін жазса, онда басқа процессор F101 адресі бойынша деректі оқи отырып, 80 мәнін ала алады.

1.2 Үлестіруші жады бар компьютерлер

«Үлестіруші жады бар компьютерлер» принципі бойынша құрылған жүйелер мультикомпьютерлі жүйе деп аталады (сурет 2). Мұндай жүйеде әрбір есептеуіш торап толық өзінің процессоры, жады, операциялық жүйесі бар компьютер болып табылады. Мысалы, әлдебір процессор F101 адресі бойынша мәнін 80 деп жазса, ал басқа процессор бұл қатынасқа ешқандай қатысы жоқ, себебі оның өзінің адрестік кеңістігі бар.

Группа 136

Сурет 2 – «Үлестіруші жады бар компьютерлер» жүйесі