- •Вирусқа қарсы бағдарламаларға шолу және талдау
- •I. Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама
- •Компьютерлік вирустардың қауіпсіздігі және түрлері
- •1.2 Компьютерлік вирустың шығу тарихы
- •Компьютерлік вирустардың пайда болу белгілері
- •2.1. Компьютерлік вирустардан қорғайтын программалардың жіктелуі
- •2.2 Компьютерлік вирустан емдеу жолдары
Компьютерлік вирустардың қауіпсіздігі және түрлері
Компьютерлік вирустармен күресудің ең тиімдісі антивирустық бағдарламалар болып табылады.Бірақ бірден айту керек,жүз пайыздық вирустан қорғануға кепілдік беретін антивирус болмайды және ондай жүйелер бар деу не арсыз жарнама,не кәсіби таяздық болып бағаланады.
Антивирустық бағдарламаның сапасы маңыздылығының төмендеу ретімен орналасуына қарай былай анықталады.
Антивирустың жұмыс істеу сенімділігі ең маңызды критерийі болып табылады,өйткені егер ол сканерлеу үдерісін аяғына дейін жеткізе алмаса,яғни дискілер мен файлдардың бір бөлігін тексере алмай ілініп қалса,ондай абсолюттік антивирустың пайдасы болмайды,сөйтіп жүйеде вирусты байқамай қалады.Егер антивирус пайдаланушыдан арнайы білімділікті талап етсе,онда ол тағы да пайдасыз болып қалады,көптеген пайдаланушылар антивирустың ондай хабарын елемейді,осы кезде “тышқан” тетігінің меңзері қай түймешікке жақын орналасқанына байланысты кездейсоқ ОК немесе CANCEL басылады.Ал егер антивирус қатардағы пайдаланушыға күрделі сұрақтарды жиі қоя берсе,онда ол мұндай антивирусқа қарауды доғарады немесе оны дискіден алып тастайды.
Вирустарды детектрлеу сапасының келесі пунктте тұру себебі толық табиғи,өйткені антивирустық бағдарламалардың антивирус деп аталуы олардың тікелей міндеті-вирустарды ұстау және емдеу болып табылады.Кез келген өз мүмкіндігі бойынша ең «мықты» антивирус ,егер ол вирусты ұстауға шамасы келмесе немесе оны онша сапалы жасамаса пайдасыз болады.Сондықтан вирустарды детектрлеу сапасы антивирустық бағдарламаның маңыздылығы жағынан,тіпті,көпплатформалыққа ,әртүрлі сервисінің болуына және тағы басқаларға қарағанда,екінші критерийі болып табылады.Бірақ бұнда егер вирустарды детектрлеу сапасы аса жоғары антивирус өте көп жалған әбігерлік туғызатын болса,онда оның пайдалылық деңгейі аса төмендейді,өйткені пайдаланушы сау файлдарды жоюға мәжбүр болады немесе күдікті файлдарды өзіндік талдау жасайды немесе жалған дабылдарға дағдыланады-антивирус хабарына көңіл аудармайды,осының нәтижесінде нақты вирус туралы хабарды жіберіп алады.
Антивирустың көпплатформалығы тізімдегі келесі пунктке жатады,өйткені тек нақты амалдық жүйеге есептелген бағдарлама ғана жүйенің бұл қызметін толық пайдалана алады. «Өгей» антивирустар жиі түрде жұмыс істеуге қабілетсіз болады,ал кейде,тіпті,бүлдіріп тастайды.
Файлдарды қолма қол тексеру мүмкіндігі де антивирустың жеткілікті түрдегі маңызды сипаты болып табылады.Егер антивирус вирусты детектрлей алатын жағдайда жұқтырмауға жүз пайыздық кепілдік берсе,компьютерге келетін файлдарды және салынған дискеталарды бірден және еріксіз тексереді,Novell NetWare,Windows NT серверлерінің «денсаулығын» ,ал соңғы уақытта макровирустардың кең таралуынан кейін кірген/шыққан поштаны сканерлеу арқылы пошталық серверлерді тұрақты бақылайтын антивирустар өте пайдалы болып табылады.Егер антивирустың серверлік нұсқасында желіні антивирустық әкімшілеу мүмкіндігі болса,оның бағалылығы одан да жоғарылайды.
Жұмыс жылдамдығы маңыздылығы жағынан келесі критерийге жатады.Егер компьютерді толық тексеруге бірнеше сағат қажет болса,онда көптеген пайдаланушылар оны жиі іске қоса бермейді.Мұнда антивирустың шабандығы жылдам антивирусқа қарағанда,қандай вирусты көп ұстағаны және одан артықтығы туралы айтылмайды.Әртүрлі антивирустарды вирустарды іздеудің бірнеше түрлі алгоритмдері пайдаланылады,бұл алгоритм өте тез және сапалы,басқасы-шабан және сапасы төмен болады.Бәрі нақты антивирус әзірлеушілердің қабілеттілігіне және кәсібилігіне байланысты болады.
Антивирустың сапалы тізімінің соңында қосымша қызметтер мен мүмкіндіктердің болуы тұрады,өйткені бұл қызметтер антивирустың пайдалылық деңгейіне ешқандай әсер етпейді.Бірақ,бұл қосымша қызметтер пайдаланушының жұмысын барынша оңайлатады және антивирус жиі іске қосуға ниеттейді.
«Троянский конь» - тікелей қатысуды талап етпейтін, бағдарламаға айырмашылықты өзі орындайды.Ол әдетте әрбір операциядан алдын ала ашық есеп нақтылы сомадағы бөліп шығаруы үшін қылмескерлермен қолданылады.
«Троянская матрешка»- бөгде программалық қамтамасыз етудің бағдарламалары жойып, өз-өзін құртып жібереді.
«Салями» - осы әдіс компьютер техникасының құралдарының жылдамдығында негізделген. Коммерциялық мәліметтердің іске асыруында дөңгелектенеді.
«Логическая бомба» - әдіс жағдайлардың нақтылы күйінде істейтін арнайы командалардың бөгде программалық қамтамасыз етуіне құпия енгізу болады. Бұл әдістің бір түрі уақытша бомба болып табылады.
«Вирусы-черви» - бұл вирустар прграммалық файлдарды өзгерттейді. Олар компьютер желісінен компьютерінің жадтарына кіреді және басқа компьютердің меке жайларын есептейді. Вирустың көшірмесі басқа компьютерге жіберіледі.
«Паразитические» - программалық файлдарды міндетті түрде өзгертетін вирустар мұнда кіреді.
«Әуесқойлармен жазылған вирустар-студенттік» - мұндай вирустар қателерде көп болады және арнайы бағдарламалармен оңай мәлім болады.
«Макро-вирустар»- мәліметтерді өңдеу жүйелеріне ендірілген макро тілдердің мүмкіндіктерін пайдаланатын вирустар тобы жатады. Вирустар компьютермен жұмыс істеу кезінде көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауынына әсер етеді.
Жіктелуі:
Зиянсыз вирустар компьютер жұмысына ешқандай залалын тигізбейді (оның тарту нәтижесінде дискінің бос жады кемиді)
Қауіпсіз вирустар әсері дискідегі бос орынның азаюымен және графикалық, дыбыстық, басқа да эффектілердің кемуімен шектеледі;
Қауіпті вирустар компьютерді жұмысынан жаңылыстыратын көңіл аударарлық әрекеттер туғызады;
Өте қауіпті вирустар әсерінен көптеген программалар, мәліметтер, жедел жүйелік аймақтарына жазылған компьютер жұмысына қажетті ақпараттар жойылып кетеді.
