Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р. Абсаттаров Дәкенов Әлеуметтану.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.63 Mб
Скачать

5. Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері

Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің

табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі

оқу жүйесі басқа да алуан түрлі функцияларды жүзеге асырады, солардың

ішінде адамның және қоғамның көптеген өмірлік міндеттерін шешудің

әмбебап механизмі қызметін атқаруы аса маңызды.

Білімге тарту, оның қайсыбір формасына қатыстыру негізінде адам-

да, әлеуметтік топта индивидуалдық пен әлеуметтік мобильдік үшін алғы

шарттарды қалыптастырады. Білім өзінің әлеуметтік мобильдік функция-

сын жүзеге асыра отырып, өзінің көптеген құралдарына арқа сүйейді.

Оның адамды селекциялау, таңдау мүмкіндіктері бар және ол адамды

қайсыбір мамандық пен әлеуметтік қызмет формаларына ұмтылдырады,

себебі білім осындай ұмтылуды қалыптастыруды мақсат етіп қызмет ат-

қарады. Адамның оқудағы қол жеткен табысы оның еңбектегі, әртүрлі

әлеуметтік іс-әрекеттегі тиімділігін әркезде алдын ала анықтай алмай-

ды, алайда қоғам білім институттарына, олардың дайындау сапасының

сертификатына сенуге үйренген. Айталық, қайсыбір бос орындағы лауа-

-------------------------------------------------------

1. Современная социология образования. Отв. ред. А. М. Осипов, В. В. Тумалев. Ростов на Дону, 2005. С. 90.

353

зымды қызметке алуда оқу орнын бітірген дипломдардың, аттестаттар-

дың салмағы айтарлықтай.

Білім жүйесі өзінің оқушылар контингентін таңдайды, селекция жа-

сайды. Бұрындары тіптен бастауыш білім формаларында оқу ашық емес

еді, осымен байланысты білім алуға қоғамның кейбір әлеуметтік жікте-

рінің ғана қолы жеткен. Алайда қазір де білімнің көптеген түрлері әлі де

қол жетерлік нәрсе емес. Оқу орнына қабылдау кезіндегі таңдау әртүрлі

әлеуметтік топтар үшін әр кезде тең мүмкіндіктер жасай бермейді. Про-

текционизм саясаты мемлекеттік дейгейде (мысалы, жұмысшы және ша-

руалар), сословиелік оқу орындары арқылы жүзеге асырылады.

Кейде протекционизм элементтері әдейі істелген әрекеттер арқылы

да көрініп қалады. Осы тұрғыдан алғанда ағылшын және американ әле-

уметтанушыларының бақылаулары айтуға тұрарлықтай, олар кәсіптік

бағдар беруде тестілерді қолданудың кей уақытта қателікке соқтыраты-

ньш дәлелдеді. Әйтсе де олар адамның қабілеттерін белгілі бір түрде бей-

нелеудің көшірмесін берді, - бірақ олардың әдістемелері айтарлықтай

дәрежеде зерттеушілердің тілдік мәдени қалпын көрсетіп берді, әсіресе

белгілі бір тіл лексикасының (мысалы, ағылшын) жағдайын айқындап

шығу мүмкіндігі зор. Өз кезегінде адамның тіл мәдениетінің қалпы әдет-

те оның өмірінің әлеуметтік жағдайына байланысты да болады: мүлкі

аздардың арасында тіл мәдениетінің даму мүмкіндігі халықтың қамта-

масыз етілген жіктеріне қарағанда әлдеқайда шектеулі. Басқа мәде-

ниеттің, этникалық қауымдастықтың өкілдері үшін мәтінде қолданыл-

майтын лексиканы нақты меңгеру көптеген қиыншылықтарды туғыза-

ды. Сонымен қатар тіл мәдениетінің қалпы адамның интеллектуалды

қызметке, жекелеген кәсіби істерге қабілеттілігін толық дәрежеде си-

паттай алмайды.

Оқу орындары бағдары бойынша да және оқу сапасы бойынша да

ерекшеленеді, бұл жағдай олардың көбіне-көп қаржысына, материалдық-

техникалық базасына, оқытушылардың құрамына тәуелді болып келеді.

Оқу орнының мәртебесіне оның тарихы, дәстүрлері көп рөл атқарады.

Барлық елдерде аса мәртебелі білім орталықтары бар, олардағы білім жо-

ғары бағаланады және бітірушілердің мансабындағы пұрсатты әлеуметтік

мәртебесінің кепілі қызметін атқарады. Бастауыш білім беретіннен бас-

тап жоғары білім беретін осындай мәртебелі оқу орындарының сатылары

тұтас элитарлық білім жүйесі болып саналады. Жаңа және қазіргі заман-

дағы таптың, әлеуметтік теңсіздіктің сақталуыңдағы (немесе, керісінше

жоюда) білімнің рөлі саяси қозғалыстардың бағдарламалық ережелеріне

енген, мемлекет саясатының маңызды бөлімін құраған.

Мемлекеттің білім саласындағы көздеген мүддесі оның әлеуметтік

мобильдік үрдісіне ықпал етуімен, қоғамның қайсыбір әлеуметтік-тап­тық

354

құрылымын қолдауымен байланысты ғана емес. Білім институттары

жауапкершілігі зор әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. Мектеп

негізінен құқық, азаматтық қоғам институттарының нормаларын түсінуге

және құрметтеуге қабілегі бар заңды тындайтын азаматтарды тәрбиелейді.

Қазіргі уақытта функционалдық сауаттылықтың белгілі бір деңгейі тек

өндіріс үшін ғана қажет емес, сонымен бірге қазіргі көлік, коммуника-

ция, тұрмыс құралдарының инфрақұрылымын пайдалануда аса қажет.

Функционалдық сауаттылықтың болмауы (электр, химия және басқа да

қатерлі құралдардың қауіпсіздік ережелерін білмеу, қозғалыс ережелерін,

ақпарат жүйелерін қолданудың ережелерін, тазалық ережелерін және т.б.

білмеу) қазіргі замандағы адамның денсаулығына, қоршағаң ортаға қауіп

төндіреді, апатқа әкеп соғады.

Мектеп өзінің ерекшелікті педагогикалық құралдары мен өскелең

ұрпақтың мінез-құлқына жөне тәрбиесіне тікелей әлеуметтік бақылау

орнатуды жүзеге асырады. Білім тарихына үңіле отырып, ежелгі грекия

мектебі қадағалау функциясына, уақытты өткізуге бақылау жасау мінде-

гіне, балалардың даму барысына бақылау орнату функцияларына жетекші

рөл бергеніне көз жеткізуге болады.

Қазіргі білім жүйесі мәдениетгің үлгілерін бір ұрпақтан екінші ұрпақ-

қа, бір саладан екінші салаға жеткізіп қана қоймайды. Ол қоғамның мәдени

қазынасын сақтаушы және генератор функцияларын да атқарады.

Білімнің негізінде ғылым дамуда, әсіресе оның іргелі бағытты дамып отыр.

Білім мен өнер айтарльпстай бір-біріне ьпспал етеді, олардың қызметінің

басым бөлігі үйлесімді дамыған адамды тәрбиелеуге бағытталған. Оқу

үрдісіне бұқаралық ақпарат құралдары да кеңінен тартылған.

Оқытушылардың интеллектуалдық қуаты, оқыту практикасы, бүкіл

білім жүйесі мәдениеттің маңызды қорып құраушы іспетті. Алайда, кейінгі

жылдары білім саласының ресурстарына деген сұраныстың тым азайға-

ны байқалады, бұл білім саласы қызметкерлерінің табыс деңгейлерінің

төмендеуінен, оқу орыңдарының материалдық-техникалық, ақпараттық

базаларының өндіріс саласы мен халыққа қызмет көрсету саласы базала-

рынан артта қалуынан көрініп отыр. Білімнің мақсаттары туралы қоғам-

дық пікірдегі әртүрлі түсініктердің арасынан көп жағдайда тұрақтылы-

ғын сақтаған үш моделді (міндетті) бөліп айтуға болады. Оларды қолда

бар мемлекеттік нұсқаулардан, педагогикалық әдебиеттерден көру еш-

қандай қиындық туғызбайды.

Бірінші модельге оқушыларға жинақталған мол тәжірибені, мәдениет

табыстарын барынша толық жеткізуге, беруге, осы мәдени базисте оқушы-

лардың өз тағдырын белгілеуге көмек көрсетуге, олардың бойындағы күш-

қуатты соған жұмылдыруға бағытталған экстенсивгік модель жатады.

355

Екінші үлгіге оқушыларды әлеуметтік қауымдастықгың дамуына және

өздерінің жеке бастарының дамуына қолдау көрсететін қызмет түрлеріне

дайындауға бағытталған өнімді үлгіні жатқызуға болады.

Үшінші модельді оқушылардың әмбебап сапаларын дамыту негізінде

олардың белгілі біржұмысты меңгеруге дайьш болуды қалыптастырумен

қатар, оларды тұрақты жетілдіруге, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға дайын болуды машықтандыруға негізделген интенсивгі үлгі бар.

Бұл үлгілердің өрқайсысы білімнің маңызды мақсаты болуға ұмтыла-

тыны дау тудырмайды. Әлбетте олардың үйлесімділігі мен білімнің жал-

пы функцияларын жүзеге асыру мүмкін болады. Шындығында мәдени

мұраларды меңгермейінше қоғамдық прогресті қолдау, әлеуметгік қажет-

тілікті қанағаттандыру мүмкін емес. Алайда адамзаттың бүкіл тәжірибесін,

мәдениеттің тіптен аса маңызды қол жеткен табыстарын меңгеру жүзеге

асатын міндет пе?

Бұл білімнің ғана міндеті емес, ол мәдени әрекетгің барлық формала-

рының міндеті екенін айтқан жөн. Сонымен бірге мәдениетте адамзат-

тың көптүрлі әрекеті, алуан түрлі ерекшеліқтері және адамның жеке та-

быстары көрініс береді. Әрбір жеке адам әмбебап қабілеттерді меңгерсе

де ол осы алуан түрлілікті қамти алмайды, мұнддй байлықты сіңіріп кетуге

қабілетсіз. Алайда осындай бірегей мүмкіндік болған күннің өзінде де

оқу мерзімі шамадан тыс артқан болар еді. Біз осындай негізсіз оқу

мерзімдерін ұлғайту тенденциясын жиі байқап жүрміз. Егер де біз осын-

дай міндетті әлеуметтік қауымдастық, оның ұрпақтарының шеңберіңде

шешуді қарастыратын болсақ, осы міндетті шешуді жеке-жеке әлеуметтік

топтарға бөлетін болсақ, онда мәдени құндылықтарды осылайша беру олар-

дьщ артуына немесе тек сақталып қалуына соқтыра ма деген мәселе белгі-

сіз болып қалады. Субъектінің мәдени әрекет құрылымының формалары

мен түрлерін тарихи мұра етеді және білім жүйесі субъектінің өмірлік

маңызды әрекетке қосылуына дайындау фукнциясын өзіне ала алады.

Білімнің интенсивгік үлгісін, өздерінің әрекеттерін, білім беру жүйесі-

нің тиімділігін салыстыратын ең жоғарғы міндет ретінде және жетекші

бағыт-бағдар ретінде қарастыруға болады.

Әрекеттің нақты түріне субъекгіні дайындаудың мақсаты, оның анық

нұсқасын жасап, соған жетуді көрсетеді. Дайындау - бұл дегеніміз: белгілі

бір әрекетке әзірлікті тандау, қалыптастыру, бағьп-бағдар, бейімделу, талап-

тану, коммуникация, қайсыбір әрекет формаларының, оның салаларының

құңдылықтарының өнімділігін арттыру механизмдерін дамыту, жәнге салу.

Сайып келгенде, білім әлеуметтануының ғылымның жеке саласы бо-

лып бөлініп шығуы, білімді әлеуметтік тұрғыдан қарастыруда шешуші рөл

атқарып отыр.