Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р. Абсаттаров Дәкенов Әлеуметтану.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.63 Mб
Скачать

4. Білім жүйесінің құрылымы

Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсе-

тіп, олардың өзара өрекеті бүкіл қоғамдағы білім берудің институттық

өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің құрылымы білімнің әлеуметгік

зерттеу объектісі ретінде қарастыруға толық мүмкіндік береді. Мұндай

толық суретті қалпына келтіру үшін білім саласының тұрақты түрде алу-

ан түрлі элементтердің топтарын қамтитынын мойындау қажет. Әрбір

осындай топ өзіндік құрылымды құрайды, олар бірігіп сол қоғамның тұтас

білім жүйесін қалыптастырады.

Білім жүйесіне құрылымдық талдау жасауды бастағанда әдетте оның

мекемелерінің жиынтығын, мекемелік құрылымын бөліп көрсетеді. Алай-

да білім беру мекемелері білім жүйесінің ұйымдық құрылымының бірін

ғана құрайды, талдауды олардан бастаудан гөрі оның формальды ұйымдық құрылымына қатысты бірінші болып саналатын жүйешелердің жи-

ынтығынан бастаған жөн. Солардың бірі функционалды жүйешелер.

Егер де қазіргі мектептің немесе университеттің құрылымына жүгіне-

тін болсақ мұның өмір сүруі және білім институттарының өрекегіндегі

маңызды рөлі ешбір дау тудырмайды, таза оқу бөлімдерімен қатар (сы-

ныптар, дәрісханалар мен зертханалар) жекелеген мекемелерде және жал-

пы білім жүйесінде міндетті түрде басқа да бөлімшелері болады. Олар

өздерінің маңыздылығы жағынан соңғы қатарда тұрған жоқ, оларға оқу

үрдісінен де тіптен жиірек үлкен маңыздылық беріледі.

Білім беруде келесі функциональды жүйешелерді бөліп көрсетуге

болады:

- әр деңгейдегі басқару және үйлестіру (мектеп дирекциясы, білім

берудің аумақтық органдары, жоғары оқу орындарының ректораты,

министрлік және т.б.);

- қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесі

(күрделі құбылыс, оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету және т.б.);

- қызметтің ғылыми негіздерін жасауға, соның ішінде білім негіздерін

дайындауға жауапты жүйе (салалық ғылыми-зерттеу институттары,

кафедралар, әдістемелік бірлестіктер және т.б.);

- мамандар дайындау және олардың білімін көтеру жүйесі (педагоги-

калық колледждер, факультеттер және жоғары оқу орындары, педагоги-

калық шеберлікті көтеру орталықтары және т.б.);

- оқу-тәрбие қызметінің жүйесі (білім беру үрдісі және оның тікелей

жабдықталуы - оқу сыныптары, зертханалар, кітапханалар және т.б.);

- әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, рекреация жүйесі (мекеме

ішіндегі рекреативтік зоналар, балалардың денсаулығын жақсарту

лагерьлері, профилакторийлер және т.б.);

- әлеуметтік-мәдени даму жүйесі (балалар мен жасөспірімдердің шы-

ғармашылық орталықтары, студенттік клубтар, сабақтан тыс жұмыс

бөлімі, ведомстволық мұражайлар және т.б.);

- білім жүйесін дамытуға қатысатын қоғамдық бірлестіктер (кәсіп-

одақтар, студенттік одақтар, ата-аналар комитеттері және т.б.)

Бұл жүйешелерде көбіне көп білім (оқу-тәрбие) қызметі үшін норма-

тивтер жасалынады және соңғыға бақылау орнату функциясы шоғырла-

нады. Осы аталған жүйешелердің көпшілігі оқу үрдісін сырткы инсти-

туттармен және қоғам салаларымен (экономика, техносала, мемлекетгік

идеология, саяси мәдениет, қоғамның басым мәдениеті және оның

1. Современная социология образования. Отв. ред. А. М. Осипов, В. В. Тумалев. Ростов на Дону, 2005. С. 85.

349

субмәдениеті және т.б.) өзіндік ерекшелікпен байланыстырады, сыртқы

институттар құндылықтары мен қатынастарының оқу үрдісіне қажет-

ті енулерін қамтамасыз етеді. Сондықтан оқу үрдістері мен қатынас-

тары сыртқы күштердің және стереотиптердің күшті ықпалына түседі,

мысалға, бюрократия стереотиптерінің, тұрмыс, еңбек тазалығы мен

демалыс мәдениетінің, техникалық мәдениеттің ықпалын айтса да

жеткілікті.

Жоғарыда келтірілген жүйешелер көпшілігінде формальды ұйым-

дар сипатында болады. Олардың ішкі тік және көлденең байланыстары

бар, олардың жиынтығы ведомстволар мен мекемелердің кең жүйесін

құрайды.

Білім мекемелері білім жүйесіндегі салыстырмалы түрдегі өз алдына

жеке құрылымды көрсетеді. Алайда олар өз кезегінде бірнеше негіздер

бойынша құрылымдарды құрайды:

- білім беру деңгейі бойынша (мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жо-

ғары, дипломнан кейінгі және т.б.);

- стандарттаудың және біліми табыстарды құжаттандырудың сипаты

бойынша (еркін тыңдаушылар үшін мекемелер, алған сертификатына

қарай білім беру және т.6.);

- меншіктік формасы мен мекемелердің жататын ведомстволары бо-

йынша (жеке меншік, мемлекеттік, муниципиальдық, қоғамдық бірлес-

тіктер);

- мекемелердің азаматтық ұйымдастырылуы сипаты бойынша (ашық,

жабық және т.б.);

- білімдік дайындықтағы жетекші пәндердің бағыты бойынша (жал-

пы білім беретін, арнайы, кәсіби және т.б.);

- білім беру үрдісін ұйымдастыру формасы бойынша (күндізгі, сырт-

тай, дистанциялық және т.6.);

- білім дамуының типі бойынша (коррекциялық, мүгедектер үшін,

көпшілікке арналған, элиталық, интенсивті);

- «нормальды» және балама (жетекші мәдени тұжырымдамалар

мен педагогикалық технологиялардың сипаты бойынша)

Әлеуметтанушылардың әдеттегі көңіл аударатын білім беру мекеме-

лерінің алуан типтілігі салалықпен және деңгейлікпен ғана шектеліп қал-

майды. Жоғарыда айтылғандардың бәрі нақгы білімдік қауымдастықтар-

дың және олардың өкілдерінің әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-

экономикалық қоғамдық жүйедегі жағдайын сипаттап қана қоймай.

--------------------------------------------------------------

1. Современная социология образования. Отв. ред. А. М. Осипов, В. В. Тумалев. Ростов на Дону, 2005. С. 86-87.

350

сонымен бірге білім беру үрдісінің бүкіл ішкі әлеуметгік ұйымдасуына

әсер береді. Сондықтан мекемелердің объективті әлеуметтік типтелуі білім

жүйесі құрылымының маңызды элементі болып есептеледі.

Формальды ұйымдармен немесе мекемелер күйінде беріліп жоғарыда

келтірілген құрылымның екі түрінен ерекшеленетін білім жүйесінде

қалыптасқан қызметтік және процессуальді (іс жүргізу) сипатындағы

айрықша құбылыстар бар, олар көбіне көп бір-бірімен синтезден бай-

қалады, бірін-бірі толықтырады. Сондықтан оларды функционалдық

салаларға жатқызуға болады.

Бұл салалардың дербестігі көп жағдайда салыстырмалы түрде ғана.

Олардың мекеме мәртебесін иеленбеуі де немесе қайсыбір ерекше фор-

маларының болмауы да мүмкін (мысалы, сабақ формалары). Алайда, мақ-

сатты қызметте олар қисынды ерекшеленген және білім берудің жүзеге

асыратын мақсаттарына сәйкес немесе жағдайға байланысты бір-бірімен

үйлесуі ескеріледі, қолданылады.

Білім берудің негізгі функциондлдық салаларына мыналарды жат-

қызуға болады:

- өз бетінше білімін көтеру (индивидтің көбіне-көп өзі жасайтын және

ұйымдастыратын) және білім беру (мекеме, сыртқы жүйе ұйымдастыратын);

- көпшілікке, топқа және жеке адамға арналған білім беру;

- интеллектуалдық, гуманитарлық (адамгершілік, саяси, эстетикалық),

политехникалық (еңбек, кәсіби), жаратылыстану ғылымдары, физикалық

білім);

- іргелі-ғылыми және қолданбалы білім.

Білім әлеуметтануының міндеттеріне осы салалардың әлеуметтік

себептерін және олардың қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін, бұл

салалардың оқу үрдісін ұйымдастырудағы рөлі мен орнын, олардың ал-

дыңғы қатарлы білім технологиясының мақсаттары мен құралдарына

сәйкестігін, олардың оқыту практикасындағы нақты арақатынасын

зерттеуді енгізуге болады. Сөйтіп жеке адам мен көпшілікті оқыту фор-

масының нақты арақатынасы, жас мөлшерімен және әсіресе көпшілік пен

элитарлық білім арасындағы айырмашылықтарды сараптауға қатысты

жалпы білім берудің ішкі мамандануының әлеуметгік негізділігі, білімнің

көлемі өзекжарды мәселе болуы мүмкін.

Білім беру жүйесінде индивидтердің және топтардың жіктелуіне сол

қоғамда орныққан кешенді әлеуметтік (экономикалық, демографиялық,

мәдени және құқықтық) өзгерістер себепші больш отыр. Мұндай жікте-

--------------------------------------------------------

1. Современная социология образования. Отв. ред. А. М. Осипов, В. В. Тумалев. Ростов на Дону, 2005. С. 87-88.

351

лудің негізделуін шетелдік әлеуметтанушылар көбіне-көп жекелеген топ-

тардан: орта мектепті бітірушілерден, студенттерден, мұғалімдерден

іздестіруде. Шындығында жіктелу аса күрделі сипатта жүреді және оның

негізделуі сол қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік теңсіздік жүйесімен ғана

емес, сонымен қдтар білім жүйесінің өзіндік құрылымының ерекшелік-

терімен де байланысты болады.

Білімдік қауымдастықтарды қалыптастыру үшін және қисынды ерек-

шелеу үшін жетекші өлшем болып білім қызметінің түрлері және соған

сәйкес білім жүйесіндегі әлеуметгік мәртебелері саналады. Осы өлшем

тұрғысынан алғанда жалпы оқушылар мен оқытушылар топтары ерекше-

ленеді. Алайда бұл бөліну әркезде созылмалы болған және соңғы уақыт-

та біржақты болудан қалып барады.

Қазіргі қоғамда мұғалімнің өзі, көп жағдайда, бүкіл кәсіби ғұмыры

барысында оқушыға айналып кеткен.

Білім беру үрдісінде негізінен әлеуметтік-демографиялық және әлеу-

меттік-кәсіби қауымдастықтар өзара әрекет етеді.

Тұрақталған мәртебелік құрылымды кәсіби қауымдастықтар қальш-

тастырады. Қоғамдық білім беру жүйесіндегі индивидтердің формальды

функционалдық қызметі кез келген бюрократиялық ұйымдағы сияқгы,

көбіне көп индивидтердің ұстанымдарының иерархиялық ұйымдастыры-

луына байланысты болады.

Кәсіби қауымдастықтар өзара байланысқан бірқатар негіздер бойын-

ша жіктеледі:

- қызмет лауазымы бойынша (басқарушы-бағынушы, негізгі-қосалқы

және т.6.);

- арнайы кәсіби бағыттары бойынша (физиктер, гуманитарлар, био-

логтар және т.б. пәндік мамандану);

- біліктілік деңгейі бойынша (академиктер, профессорлар, доценттер,

ассистенттер және т.б.);

- олардың білім беру жүйесінің салалық және деңгейлік құрылымын-

да алатын орыны бойынша (әртүрлі типтегі мекемелерінің кіруі).

Әлеуметтік-демографиялық белгілер де білімдік қауымдастықтарды

қалыптастырудың маңызды негізі қызмегін атқарады. Оған мына факті-

лерді айтуға болады:

- қалаларда жоғары деңгейлердегі формальды білім берудің әлемдік

көлемде шоғырлануы;

- формальды білімге жастардың жаппай тартылуы;

-------------------------------------------------------------

1. Современная социология образования. Отв. ред. А. М. Осипов, В. В.

Тумалев. Ростов на Дону, 2005. С. 90.

352

- білім жүйесіндегі кәсіби-лауазым мәртебесінің адамның жасына

және жынысына тәуелді болуы;

- педагогикалық қадрларда феминизация ағымының тұрақтылығы

Білімнің құнды-мазмұнды құрылымы білім жүйесіндегі дамыған кәсіби

және әлеуметтік, нақгы интеллектуалдық құндылықтардың мазмұны тура-

лы түсінік береді. Оның элементгері стандартты кешендер мен академия-

лық пәндерден, оқу жоспарларынан ғана тұрып қоймайды, стандарттан

шығып кететін оқытушының кәсіби қызметінің индивидуалдық сипатына

байланысты болатын оқу үрдісінің нақтылы құнды мазмұнынан да тұрады.

Білімнің құндылық мазмұнын талдау білім жүйесінде қабылданған

әлеуметтік-мәдени типтерді ұқсастыруға мүмкіндік береді.

Білімнің технологиялық құрылымы қолданылатын білімдік техноло-

гиялардың жиынтығын қамтиды. Ол алуан түрлі нақты әдістемелерден,

арнайы әдістерден, техникалық құрамдардан және әлеуметтік-ұйымдық

технологиялардан тұрады.

Сайып келгенде, білім жүйесінің құрылымын функционалдық жүйе-

шелер мен білім салаларының арақатынасы, әлеуметтік-білімдік қауым-

дастықгардың сипаты мен өзара әрекеті, сондай-ақ білімдік қызметтің

құндылықты мазмұндары мен тәсілдері анықтайды.