Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р. Абсаттаров Дәкенов Әлеуметтану.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.63 Mб
Скачать

2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары

Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды

мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле-

менттеріне әдет-ғұрыптар, адамгершілік, зандар, құндылықгар жатады.

Алғашқы үшеуі мәдени нормалардың түрлері больш саналады, сондық-

тан да олар мәдениеттің нормативтік жүйесін құрайды. Бұл жүйе қоғам

мүшелеріне не істеу керегін, оны қалай істеу керектігін және қандай жағ-

дайда өзін қалай ұстау керегін белгілейді зін ұстау мәнерлері, әдеп (эти-

кет) пен кодекс те мәдениеттің нормативтік жүйесінде, бірақ негізгі

есебінде емес, керісінше, оның қосымша элементтері ретінде енеді. Кез

келген қоғамда, айталық, қарапайымнан бастап бүгінгі астам (супер)

қоғамға дейінгі қоғамдардың бәрінде әдет-ғұрыптар мен заңдар болған,

бірақ мәнерлер, этикет және кодекс кез келген қоғамда бола бермейді.

Құндылықгар мәдени нормалар түріне жатпайды, бірақ мәдениеттің

нормативтік жүйесінің өзге де элементтері сияқгы осы жүйеге енеді және

онда ерекше функция атқарады. Құндылықтар мәдениетте ненің қастер-

ленетінін және сақгальш қалатьшьш көрсетеді, бірақ оларды ешкімге таң-

байды. Қоғамдағы ең негізгі құндылықгар ғана әлеуметтік нормалар та-

рапынан қорғалады. Сөйтіп, мәдени нормалардың өзі әлеуметтік норма-

лардың түрі больш табылады. Нормативтік жүйеде әдет-ғұрыптар, адам-

гершілік, заңдар базистік элементтер ретінде дәл осылайша реттілікпен

берілуі керек, өйткені қоғамда тәртіп бұзушыларға қолданатын тыйым

салулардың (санкциялардың) алғашқыдан үшіншіге қарай өтуі қатандық

деңгейінің артқандығын көрсетеді.

298

Әдет-ғұрыптар - ұжымдық әдеттермен бекітілген дәстүрлі тәртіптер.

Адамгершілік — моральдық маңызға ие болған әдет-ғұрып.

Заң- конституциялық негізде мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы

органдарының қабылдаған нормативтік актісі.

Мәдениеттің анықтамасы мен оның құрылымы индивидтер мен

қауымдастықтардың, жалпы қоғамның әлеуметтік өміріне ықпалын сара-

лауға мүмкіндік береді. Оның ықпалы мынандай бағыттарда жүзеге асады.

1. Әлеуметтендіру және жеке тұлғаларды қалыптастыру арқылы. Сәби

жарық дүниеге қуатты қасиеттері бар тек биологиялық организм ретінде

келеді. Ол қасиеттерді төрбие дамытады, үлгілейді, қалыптастырады, еңбек

пен шығармашылыққа қабілетті саналы тіршілік иесі, адамға айналдыра-

ды. Төрбие - тұлғаны қалыптастыратын, оны қоғамдық өмірге бейім-

дейтін, мәдениетке баулитын мақсатты бағьгг. Бұл процесс тұлғаға сол

мәдениетті түсінуге және оның шеңберінде саналы әрекет етуге мүмкіндік

береді. Дәлірек айтқанда, аталмыш процесс адамды әлеуметтендіреді.

Демек, әлеуметтендіру - бұл индңвидтің қоғамдық өмірге қатысуына

тартатын, мәдениетті түсінуге және әлеуметгік ортада, ұжымда өзін-өзі

ұстау дағдысына үйрететін, өзін баянды ете түсетін және әр түрлі әлеу-

меттік рөлдерді орындаттыратын жалпы ортаның ықпалы.

2. Қоғамдық өмірге мәдениеттің ықпал жасау тетіктерінің аса маңыз-

дысы мәдениеттің құндылықгар жүйесін және оларды анықтайтын кри-

терийлерді белгілеу болып табылады. Адамның тәртібі оның қажеттілік-

терімен анықталады. Туғаннан (биологиялық) және күнделікті өмірден

туындайтын қажеттіліктер болады. Бұлардың соңғысы қайсыбір жоқшы-

лық сезімінен туындап, әрекетке итермелейді. Қажеттіліктердің көлемі

және оларды қанағаттандыру тәсілдері тарихтың жемісі және мәдениет-

ке тәуелді больш келеді.

Әлеуметтануда мәдени құбылыстарды дәстүрлі бөлулер мен эмпири-

калық талдаулар бар.

Мәдениетті өзіне сіңірген субъектілер: қоғам, ұлт, тап, өзге де әлеу-

меттік топтар (демографиялық, аймақтық, т.б.) немесе жеке тұлға бір-

бірінен ерекшеленеді. Мәдениеттің бұл топтарьшың арасындағы қаты-

настар өр кезде сайма-сай келе бермейді. Бұған бүгінгі ұлттық мәдениет-

тер арасындағы шиеленістер, қоғамдық және индивидуалдық мәдениет-

тер арасындағы қарама-қайшылықгар мысал бола алады.

Функционалдық рөліне қарай мәдениетті қайсыбір қоғамның әрбір

мүшесіне қажетті жалпы (өзекті) мәдениет және қайсыбір мамандық адам-

дарына қажетті арнайы мәдениет деп бөлуге болады.

Жалпы және арнайы мәдениеттер арасында қатаң белгіленген шека-

ра жоқ. Өзекті мәдениет әрдайым вариативті, бірақ оның моделін жалпы

299

орта білім беру бағдарламасы анықтайды. Мамандар мәдениетін, өз кезе-

гінде, тек кәсіби біліктілік деңгейімен теңгеруге болмайды. Ол өзіне

кәсіптік этика мен эстетиканы қосьш алғанда, мамандықтың дүниетаным-

дық негіздерін пайымдауды талап етеді.

Мәдениетті шығу тегі (генезис) бойынша белгілі бір стихиялық жағ-

дайда пайда болған, нақты авторы жоқ халықгық мәдениетке және ав-

торларын нақгы анықгауға болатьш, кәсіби мамандардың – интеллиген-

цияның жасаған «білімді» мәдениетіне бөлуге болады.

Мәдениетті түрлеріне қарай материалдық (мысалы, материалдық

игіліктерді өндіру мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, т.б.) және рухани (ғылым,

өнер саласындағы қол жеткен табыстар, сонымен қатар адамгершілік, көр-

кем, педагогикалық мәдениет, т.б.) мәдениеттер деп бөлу қалыптасқан.

Мәдениетгі материалдық және рухани деп бөлу шартты екені даусыз.

Өйткені оларға ортақ бірнеше мәдениеттер бар, айталық, экологиялық,

физикалық, т.б.

Өзінің сипаты және «мақсатты» міндеті бойьшша мәдениет діни және

зиялылық болады.

Әлеуметтанушылар мәдениет дамуының бірнеше негізгі заңдылық-

тарын атап көрсетеді:

- мәдениеттің типі қоғам өмірінің табиғи және қолдан жасалған жағ-

дайына және оның өзгеруіне, олардың кері ықпалына тәуелді;

- мәдениет дамуы уақыт пен кеңістікте, жағымды және жағымсыз

жағдайда сабақгастығьш табады;

- мәдениеттің әркелкі дамуы, бұл екі мәселеден көрінеді: а) мәде-

ниеттің гүлденуі мен құлдырауы қоғамдық өмірдің басқа салаларының

гүлденуі мен құлдырауының дәуіріне сәйкес келмейді, мысалы, эконо-

микада; б) мәдениеттің өз түрлері де біркелкі дамымайды. Бүгінде көркем

мәдениеттің тәп-тәуір даму деңгейінде саяси мәдениеттің жоқгығы не-

месе экологиялық күйреу жағдайын әңгіме етеміз;

- мәдени процестегі тұлғаның, адами даралықтың ерекше рөлі.

Мәениеттің өмір сүруі мен дамуы үшін ғылым мен технологиядағы

сапалы өзгерістердің үлкен маңызы бар. Олар мәдени құндылықтарды

жасау мен тарату үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды. Үш сапалы кезеңді

айрықша айтуға болады:

- көптеген мәдениет туындыларын сақтауға және оларды алмасуға

мүмкіндік беретін жазудьщ шығуы;

- кітап баспа ісінің дамуы, соньщ нәтижесінде мәдениет туындыла-

рын тез арада тарату көлемі артты;

- қазіргі ғылым мен техниканың: теледидар, география, т.б. жетіс-

тіктері

300

Техникамен қарулану алғашқыда ең қуанышты үміт отып тұтандыр-

ды. Қуатты техникалық құралдар арқасында мәдениет адамды әлдеқайда

ертерек тиімді әлеуметгендіруі керек еді. Алайда, мәдениеттің шарықга-

уынан негізгі күткеніміз іске аспады. Сонымен бірге, әлеуметтанушы-

лардың анықтағанындай, адамның мәдениеті өзінің тұтастығын жоғалта

бастаған және әсіре қызылалалыққа айналған. Қатардағы адамның әлем

бейнесін түсінуінде бүгінде оның жарнамадан оқығаны, кинодан немесе

теледидардан көргені, газеттен оқығаны немесе қызметтес әріптестерімен,

көршілерімен әңгімесі бәрінен де үлкен рөл атқарады.

Ғылыми-техникалық төңкеріс бұқара мәдениетін кеңінен таратуды

ынталандырды. Бұкаралық мәдениет идеясы бұқаралық қоғам ілімінің

шеңберінде XX ғасырдың 20-жылдарында пайда болды. Бұқаралық қоғам

теориясы бойынша XX ғасырда таптарға бөліну жойылады және тарихи

процесте басты рөлді «бұқара» атқаратын болады. «Бұқара» ұғымы сан-

дық (қоғамдағы көпшілік) ғана емес, сапалық та сипатқа ие болады, яғни

ол адамды ерекше қасиеттерден айырады, сезіміне басымдық береді жөне

оның өз шешімі мен ісіне жеке жауапкершілігін жояды. Тард пен Лебон-

ның пікіріне қарағанда, қоғамда болып жатқанның мәнін түсінбейтін бұқа-

радан (немесе тобырдан) азды-көпті түсінігі бар жұртшылыққа және жо-

ғары мәдени құндылықгарға қолы жететін элитаға бөлінеді. Осыдан келіп

«бұқаралық» қоғам қалыптасады, оның адамы әлеуметтік машинаның

сұрықсыз элементіне, «винтикке» айналған, қоғам қажетіне ыңғайласты-

рылған болады. Ал бұқаралық мәдениет деп шынайы мәдениетке қара-

ма-қарсы тұрған мәдениетті айтады.

Бұқаралық мәдениеттің мәні сол мәдениетті тұтыну мақсатында жа-

саумен айқындалады. Оның басты атқаратын екі міндеті: көңіл

көтерушілік-компенсаторлық (орын толтырушылық). Бұл мәдениет

тапсырыс негізінде өмір сүру мен дамудың ішкі қайнар көздерінен айы-

рылған. Оның бұлай аталуы өзінің көлеміне, яғни адамдарды қамтуы мен

уақыт мөлшеріне қарай пайда болған, яғни бұл мәдениет тұрақгы, күнбе-

күн жасалуына қарай бұқаралық больш саналады. Бұқаралық мәдениет-

те мәдениеттің жеңілдетілген, ат үсті варианты -бейімделушілік орын

алады. Нәтижесінде бұқаралық мәдениет бизнестің ерекше түріне айна-

лады, оны адамның тұтынуынан гөрі, адамның есін шығатын етіп және

оған өзге мәдениет қабаттарын ауыстырып, адамның өзін тұтынатын етті.

Теледидарда бас-аяғы бітпейтін көбік сериалдар деп аталатындардың

үздіксіз берілуі осыған мысал.

Бұқаралық мәдениеттің ең шектен тыс жүзеге асуы- китч. Бұл неміс-

тің «kitsch» деген сөзінен шыққан, ол «шалағай, дөрекілік, еліктеушілік»

деген мағында қолданылады. Китч өзінің әдеттегі өмір сүру ортасынан

301

кетіп, қалаға келген ауыл тұртыньшың сұранысьша жауап ретінде бұқаралық

урбанизация кезінде пайда болды. Китчтың міндеті — бақьгг туралы иллю-

зия қалыптастыру. Китчтың кеңінен тарауы Батыс әлеуметганушыларын

халықгың материалдық және мәдени деңгейінде кері тәуелділік байқалуы

мүмкін, яғни әл-ауқат деңгейінің ете жедел жаппай артуы рухани сұраны-

стардың төмендеуімен қатар жүруі мүмкін деген қорьпындыға әкелді.

Батыстың бұқаралық мәдениеті мазмұны жағынан 60-жылдарда түбе-

гейлі орнықгы десек болады. Батыс Еуропа елдеріндегі жастар бүлігі бұқа-

ралық мәдениеттің адамға аса тиімді әсер етпейтінін көрсетті, өйткені ол

бірден барлық адамдарға есептелген болатын. Бұдан шыққан қорьггын-

ды: қандай да болсын қоғамдық мұраттарды әр түрлі әлеуметтік топтарға

(жастарға, кәсіби, аймақгық топтарға және т.с.с.) әр түрлі тәсілдермен

жеткізу кджет.

Әлеуметтанушылардың алдында мынандай келесі міндеттер тұрады:

мәдени белгілеріне қарай топтарды жіктерге бөлу; олардың мүдде-қызы-

ғушылықтарының ерекше шеңберін анықтап және бір-бірімен жанасу

мүмкіндігі нүктелерін табу; қайсыбір топқа әсер етудің жолдарын, тәсіл-

дерін және құралдарын анықтау.

Бұқаралық мәдениет әр түрлі әлеуметтік топтардың ерекшелікті си-

паттарын есепке ала отырын модификацияланады. Оның ықпал ету тәсіл-

дері де біршама өзгереді: оның тандап алуы, техникалық жетілдірілуі,

ойлап тапқыштығы бұрьшғыдан да артқанмен, өзінің негізгі құралы ретінде

статустық тұтыну механизмін қолданады. Мысалы, қайсыбір заттарды

сатьш алу олардың техникалық сипаттамасына және атқаратын қызметіне

қатысты емес, керісінше, мәртебе көруден туындайды.

Егерде шынайы және бұқаралық мәдениет өздерінің мақсаттары мен

құндылықгары жағынан айырмашылықтары болса, үстемдік етуші мәде-

ниетке орай суб- және контрмәдениеттер, яғни әр түрлі әлеуметтік топ-

тардың: жастардың, кәсіби, аймақтық топтардың, т.с.с. мәдениеті айы-

рықшаланады. Бұларды, басқаша сөзбен айтқанда, жарым-жарты мәде-

ниеттер деп атайды. Кез келген субмәдениеттің өзіндік құндылықгары

бар, олар: жалпы қабылданған біршама ерекшелікті, мінез-құлықтың

ерекше ережесі мен үлгілері, киім-кешек стилі, қарым-қатынас мәнері.

Сонымен бірге, субмәдениет ресми түрдегі құндылықгар мен өмір салты-

ньщ сипатына байланысты, осы құндылықтарды бөлісетін топтардың

көлеміне, топ мүшелерінің ерекшеліктеріне, сонымен қатар олардың өз

мүдде-қызығушылығын және өмір салтьш қорғау үшін белсенді әрекет-

терге дайын болуына қарай өзгеріп отырады.

Әлеуметтанушылар кейінгі жылдары жастар субмәдениетіне көп көңіл

аударып жүр. Ол түсінікті де. Өйткені ұзақ жылдар бойы әлеуметтік бір­

302

келкілікке жетекші болған социалистік қоғамда жастарда ерекшелікті

құндылықтар болған емес және болмайды да деп есептелді. Ешкімге ұқса-

майтын өзіндік, әдеттенбеген мінез-құлық формаларының көрінуі ано-

малия, әлеуметтік ауытқушылық, Батыс-қа еліктеушілік деп бағаланды.

Келесі бір ұстанымда бұл ауьггқушылықгар адамның өзін-өзі көрсетуі

тәсілі ретінде, қоғамға өзі туралы білдіру, өзіне көңіл аударту мүмкіндігі

ретінде қарастырылды. Осымен байланысты «формальды емес жастар

бірлестіктері» дегең ұғым қалыптасып, ол ғылыми және көпшілікке ар-

налған әдебиеттерде, сонымен қатар күнделікті қолдану аясында орын

тепті. Батыс әлеуметтануын осы құбылысты белгілеу үшін «пеер гро-

уп» деген ұғымды қолданады. Бұл ұғым жас мөлшерімен қатар әлеуметгік

статустағы, көзқарастағы құндылықтарға, мінез-құлық нормаларына

тендікті айқындайды.

Жастардың субмәдени белсендігі бірқдтар алғьшартгарта байланысты

болады: 1) білім деңгейіне байланысты. Білім деңгейі төмен адамда бұл

белсеңділік білім деңгейі жоғарылардан әлдеқаңда жоғары; 2) жас мөлшеріне

байланысты. Мұндай белсенділіктің шарықгау биігі 16-7 жас-та болады,

ал 21-22 жаста ол әлдеқавда төмендейді; 3) мекен-жайына байланысты.

Формальды еместердің қозғалысы ауылға қарағанда қалада басым орын алып

отыр, өйткені қалада әлеуметгік байланыстардың өте көп болуы құндылық-

тарды және мінез-құлық формаларын тандауға нақгы мүмкіндік береді.

Формальды емес жастар бірлестіктері әлеуметтік бағьгг-бағдарының

сипатына орай, топтық құндылықгар типі бойынша, демалыс уақьпта-

рын өткізу ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Бұлардың арасында кеңінен

танымал болғаны қазіргі музыка, би, әр түрлі спорт түрлерінің әуесқой

топтары. Қоғамдық пайдалы қызметпен, яғни мәдениет ерекшеліктерін

қорғау, қоршаған ортаны қорғау, т.б. айналысатын топтар да бар, бірақ

олардың саны онша көп емес. Мінез-құлқы әлеуметгік патогендік неме-

се қылмыстық сипаттағы топтар бар: нашақорлар, токсикомандар, т.б.

Әлбетте, өр түрлі субмәдениет топтарын бөліп көрсету шартты ғана,

өйткені олар бір-біріне өте алмайтындай қоршаумен қоршалмаған.

Металлистердің арасында, айталық, токсикомандар, нашақорлардың ара-

сында жезөкшелер кездеседі, өйткені олар денесін сатып, анашаға, т.б.

ақша табады. Бұл жерде әңгіме мұндай топтардың әр түрлі типтері тура-

лы болып отьф. Рокерлер, металлистер, футбол фэндері ортақ қызығу-

шылыққа біріккен және онысын сыртқы символдармен көрсететін топ-

тар. Ал әлеуметтік кереғар мінез-құлық үлгілері, айталық, нашақорлық

немесе жезөкшелік топтасудан гөрі жекелік деңгейде жүзеге асады. Әре-

кеттің мұндай сипаты оларды біріктіріп, топтастырудан гөрі оқшаулап,

жеке әрекет еткізеді.

303

Субмәдениет үстемдік етуші мәдениетке ашықтан-ашық шиеленістік

жағдайда, қарама-қарсылықта тұрғандықтан оны контрмәдениет деп те

атайды. Бұл ұғым 60-жылдардағы Батыс жастарының қозғалысын сипаттау

үшін ғылыми айналымға ендірілді. Оның авторы американ әлеуметтану-

шысы Т. Роззак. Басқаша сөзбен айтқанда, контрмәдениет - қоғамда

үстем етіп отырған нормалар мен құндылықтарға теріс көзқарастағы

қайсыбір әлеуметтік топтың нормалары мен құндылықгарының жиын-

тығы, кешені.

Қазіргі кезде контрмәдениет - бұл дүниетану жөніндегі түсінікке

қарсылық көрсету үрдісі, үстем мәдениетке оппозициядағы өмірдің ба-

лама стилі: дәстүрлікке қарсы көркем шығармалардың формалары.

Мәдениетте ішкі біркелкіліктің болмайтындығын ескере келіп, әлеу-

меттанушылар көп деңгейлі нұсқа жасауға тырысты, ол бойынша мәде-

ниеттегі көп түрлі мәнді өзгерістердің болуы өзгеріске түскен қоғам тара-

пынан мәдениетке «шақырудың» көп түрлі болуына байланысты. Бұл

жерде мәдениет жүйешелері бір-біріне бағыну, субординация принципі

боййынша арақатынаста болмайды, керісінше, толықтыру принципін

басшылыққа алады. Бұл нұсқада әлеуметтік құрылым, әлеуметтік тапсы-

рыстағы белгілі бір мінез-құлық және мәдениет жүйешелерінің өмір сүруі

арасындағы өзара байланыс анық, сезіледі. Біртұтас адамзатгың мәдениет

сан түрлі мәдениеттен тұрады, олардың әрқайсысы ортақ мәдениетке өз

үлесін қосады және олардьщ әрқайсысьшсыз мәдениет толық болмаған

болар еді. Барлық мәдениет қажет: құнды және бірін-бірі алмастыра

алмайды.

Бірде-бір мәдени процесті «жақсы» немесе «жаман» деген тұжырым-

мен бір жақты және қатаң бағалауға болмайды, әсіресе біздің еліміздегі

қазіргі мәдениет жағдайы туралы айтқанда, мұны ерекше ескеру керек,

өйткені ол аса күрделі және қарама-қайшылықты, әлі де болса жүріп

жатқан өзгерістердің тереңдігі және ауқымы айқын емес. Бірақта қазірдің

өзінде бірнеше тенденция анық байқалады. Атап айтар болсақ, мәде-

ниеттің идеологиялануынан бас тарту және мәдениеттегі мемлекеттік мо-

нополияның жойылуы орын алып отыр. Мазмұны жағынан алғанда, бұл,

біріншіден, үлкен шығармашылық еркіндігі мен мәдениет саласын таң-

дау еркіндігіне қол жеткізсе, екіншіден, тұтынушыға ұсынатын мәдениет

туындыларының, ол қарапайым әдебиет немесе көптеген оқу орындары

болсып, сапасы мен деңгейіне бақылау жойылды. Мәдениет ғимаратта-

рьш жекешелендіру және коммерцияландыру бағыты байқалады. Қазіргі

кезде бұл процесс бір жақты бағыт алып отыр эротикалық, т.б. мол табыс

көзіне айналған. Революцияға дейінгі мұраларға, соның ішінде дін мен

шіркеуге (мешітке) қызығушылы қартты. Ұлттық мәдениеттің жекеленуі

304

және оларды саясаттың, сайлаушылардың сеніміне кіру құралы ретінде

қолдану тенденциясы бар. Мәдени-коммуникативтік енжарлықгың кү-

шеюі, кітап оқуға деген қызығушылықгың төмендеп, керісінше, теледи-

дар т.б. көрудің етек алуы, театр, мұражай, кітапханаларға барудың кемуі

байқалады.

Адамның ұлттың мәдениетті білу деңгейі бірнеше компоненттерден:

- өткен мәдениетті, оның дәстүрін білуден құралады. Әлеуметгік жағы

болмайынша ұлттық мәдениеттің болуы да мүмкін емес. Тоталитарлық

тәртіп ұзақ жылдар бойы ұлттық дәстүрлерге ашықтан-ашық нигилистік

көзқарасты орнатты. Қазіргі жастар өзінің азаматтық, отандық тарихын,

соның ішінде мәдениет тарихын өте нашар біледі, әсіресе өз халқының

көрнекті мәдени қайраткерлерін жақсы біле бермейді, көбінесе дін, мешіт

жөнінде олардың қарапайым мағлұматтары да жоқ;

- ұлттың мәдениетті білу – халықтың салт-дәстүрін, ұлттық ойындар

мен мейрамдарын, ұлттық ән-билері мен күйлерін, мақал-мәтелдерін,

ертегілерін, эпостарын білуден құралады. Бұл жерде халықгық педагоги-

каның, халықтық медицинаның, этиканың, халықгық спорттың дәстүрлері

туралы әңгіме етіп отырғанымыз жоқ. Бұларды білу нұр үстіне нұр.

Жастардың аздаған бөлігі ғана ұлттық музыкалық аспаптарда ойнай

алады, ұлттық киімдерді, т.б. біледі;

- ұлттық мәдениеттің дүниежүзілік мәдениеттегі рөлін, осы ұлттың,

оның ұлы адамдарының бүкіл адамзаттың рухани өміріне қосқан үлесін

білуден құралады;

- ұлттық психологияның көрінісі ретінде ұлттық мәдениетінің ерек-

шеліктерін білуден құралады.

Шығарма мазмұнының ұлттық сипаты мына негізгі факторларға:

- мәдени құндылықгы жасаушының өз шығармаларында осы халық

үшін, сол ұлт үшін аса маңызды көкейтесті мәселелерді көтере білу қабі-

летіне байланысты;

- ұлттық мәдениет дәстүрін, соның ішінде халықгық (фольклорлық)

мәдениет дәстүрлерін - халық дүниетанымын, халықгық этиканы, педа-

гогиканы, медицинаны, дінді, өнерді шебер қолдана білуіне байланысты;

- қоғамдық ғылымдар, философия, мораль, теология жөнінде жазыл-

ған еңбектерде, көркем шығармаларда ұлттық психологияның ерекшелік-

тері, яғни ұлттық мінез-құлық, ұлттық сезім, ұлттық қарым-қатынас және

т.с.с. терең ашылуымен байланысты;

- өмірде бар ұлтгық мектептер мен мәдениеттегі бағьптарға арқа сүйеу-

ге байланысты. Бұл әсіресе ғылым үшін аса маңызды. Бұл мазмұнның

ұлттық көріністері рухани мәдениет шығармаларының формаларына да

бойлай енеді.

305

Мәдениеттін коғамдық өмірдегі орны мен рөлін, оның даму занды-

лықтарын зерттеудің үлкен практикалық маңызы бар. Қазіргі кезде анық

көрініп отырған бір нәрсе бар, ол экономикалық және саяси бағдарлама-

ларды халықтың мәдени деңгейін ескермей өмірге енгізуге болмайтын-

дығы. Сондықтан Қазақстан Республикасы 2000 жылды мәдениет жылы

деп жариялауы заңды. Басқаша айтқанда, мәдени деңгейді арттыру

әлеуметгік-экономикалық өркендеудің қажетгі алғышарты болып саналады.

Екінші жағынан, тұлға бұрыннан жиналған мәдени құндылықгарды

игеріп, оларды өзінің рухани байлығына айналдырғанда ғана шығарма-

шылық болады.

Мұндай адамның кез-келген қызметіне нормативтік талаптар қойы-

луға тиіс, ол, Гегельдің дәл тауып айтуындай, адамды әлемде жалпы қабыл-

данған стандарттарға дейін көтереді. Сонымен бірге мәдениет адамзат

қызметі плюрализмінің, оның еркіндігінің, шексіз индивидуалдығының

көп түрлілігінің қажетті шарты болып табылады. Мәдениет адам миы мен

қолының жасампаз туындысы ретінде табиғатқа қарама-қарсы тұр. Бірақ

мәдениет табиғаттың өзін де жетілдіреді, оның сақгалуын және ұтымды

пайдалануын қамтамасыз етеді.

Мәдениет - бүкіл адамзаттың игілігі. Ол өзіне әрбір дәуірде барлық

ұлттар мәдениеті, барлық халықтың жіктері жасаған барлық жақсы атау-

лыны, аса құңдыларды біріктірген. Бұл тұрғыдан алғанда мәдениет мәң-

гілік, жалпыадамзаттық құндылықтар болып қалады. Бірақ кез келген

жалпыадамзаттық мәдениет құндылықгары өзін жасаған дәуірдің ізін

және бір мезгілде ұлттықты сақтайды. Сол ұлттың ішіндегі қайсыбір жіктің

мәдениет игілігі болады. Сондықган мәдениет әрдайым жалпыадамзат-

тық және ұлттық мәдениеттің диалектикалық бірлігін талап етеді.

Мәдениетгі тоқтаусыз процесс ретінде де қарастыруға болады: мәде-

ниетте әрдайым жаңа шығармалармен қатар жаңа мектептер мен бағьгг-

тар да пайда болады. Бір мезгілде ескірген, «уақыт сынынан» өте алма-

ғандар қайтып оралмасқа кетеді, жоғалады. Бұл мәдениетті статикалық,

қозғалыссыз күйде қарастыруға болмайтындығын көрсетеді.

Сөйтіп, мәдениет - аса күрделі және іштей қайшылықгы жүйе. Бұл

қарама-қайшылықтар мәдениеттің салыстырмалы түрдегі дербестігіне

себепші болады. Мәдениетті зерттеу - әрдайым қоғамдық қатынастар

жүйесіндегі адам қызметіне, оған ықпал еткен қисындар мен оны жүзеге

асыру жағдайына талдау жасау деген сөз. Осыған орай мәдениет әлеу-

меттануының адам қызметін зерттеуде өзіндік ерекше қырлары бар. Ол

әлеуметтанушыны тұлға дамуына ықпал етуші тұрғысында қызықгыра-

ды, ал ол ықпал жағымды және адамды тоздыратын жағымсыз да болады.

Осы ықпал қызметтің мазмұнына тікелей тәуелді болып келеді.

306

Кез келген қызмет тұлғаның рухани дүниесін байытуы да, тоздыруы

да мүмкін. Бірақ әлеуметтану зерттеулерінде еңбек саяси және рухани

қызметтер мазмұнына қарамастан адамды байытушы ретінде жиі қарас-

тырылады. Дене еңбегі, ауыр еңбек, консервативтік, ұлтшыл ұйымдар-

дағы белсенді қызмет, анайы әдебиеттер оқу немесе зорлық-зомбылықты,

әдепсіздікті дәріптейтін фильмдерді көру тұлғаны тоздырып, күйретеді.

Сондықтан зерттеуші үшін адамның қайсыбір қызметке қатысу

фактісінен гөрі сол қызметтің реалдық мазмұны, оның адам дамуына нақ-

ты ықпалы аса маңызды. Осы қызметпен айналысу қисындары да маңыз-

ды. Адам тіптен жағымды әлеуметтік-саяси қызметпен айналысқанның

өзінде де сыртқы оңтайлы себептердің негізінде жеңілдіктер алуға, ман-

сапқорлыққа ұмтылады. Мұндай жағдайда тіптен жағымды, сәтті қызмет-

тің өзі адам үшін сыртқы, парықсыз болады, өмірлік мақсат бола алмайды,

тек ол мақсатқа жетудің құралына айналады.

Сөйтіп, мәдениетті әлеуметтану тұрғысынан зерттеу адамньщ ішкі

дүниесін, оның тұлғалық «өзегін» зерттеуге сезсіз итермелейді. Түптеп

келгенде, олардың бастау керіністері қажеттіліктер мен мүдделерді қа-

растыру болып табылады. Бұдан тыс мәдениет әлеуметтануы өмір сүре

алмайды.

Мәдениет әлеуметтануы - бұл бір аспектіде қарастырылған тұлға

әлеуметтануы, кеп түрлі әлеуметтік қызмет процесінде оны даму тұрғы-

сынан қарау.

Айтылғандардан мынандай қорытынды жасауға болады. Әдебиеттер-

де, күнделікті санада мәдениет тек қана жағымды құбылыс ретінде қара-

стырылады. Ал өмірде прогрессивтік мәдениетпен қатар кертартпа мәде-

ниет орын алған. Оны кейде «антимәдениет», яғни професке қарсы тұрған

мәдениет деп те атайды. Қызмет мазмұны сол қызмет барысында затқа

айналған мәдениет мазмұнын да анықтайды. Прогресс пен регресс бір-

біріне қарама-қарсы екі даму бағыты бар, соның ішінде бұл тұлға дамуы-

на да қатысты. Тұлға қазіргі жағдайда қарама-қарсы тұрған сан қырлы

мәдениеттің күрес арнасына айналған, тұлғаның рухани дүниесі және

әлеуметтік ұстанымы оның мәдениетті тандауына кеп байланысты. Мәде-

ниет проблемасы, сайьш келгенде, тұлғаның даму бағытын анықтайтын

қайсыбір құндылықгарды тандау проблемасы. Басқаша айтқанда, тұлға-

ның бағыт-бағдары — оның мәдени қызметінің мазмұны.

Жоғарыда мәдениеттің көп түрлілігі жөнінде айтылды. Оның бір түрі

басқару мәдениеті еді. Келесі тақырыпта жалпы басқарудың мазмұны,

т.б. мәселелері қарастырылады.

307