Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р. Абсаттаров Дәкенов Әлеуметтану.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.63 Mб
Скачать

3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және 9

Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда,

бұл ғылымды индивидуалдықган жоғары тұрған тұлға қызықгарады. Ол

қоғам мен адамның өзара ықпалдасуының салдары ретінде түсіндіріледі.

248

Сондықтан тұлға әлеуметтануының бірден-бір негізгі проблемасына әлеуметтену процесін зерттеу жатады, яғни адам қалайша, неге байланысты қызмет етуші қоғамдық субъект ретінде қалыптасады деген ауқымды мәселелерді зерттейді. XX ғасырда әлеуметтанушылар мен этнографтар жүргізген көптеген салыстырмалы зерттеулер тек әлеуметтік дағды-

дәстүр, салт қана емес, сонымен қатар қызу қандылық және әйелдер мен

еркектердің мінез-құлық ерекшеліктері әлеуметтендірудің жемісі больш

табылатынын көрсетті. Мысалы, маскулдық (батылдық) және фенеминдік

(биязылық) ұзақ уақыт бойы «табиғи», яғни табиғи-биологиялық жағдай

себепші болған сапа деп саналып келді (қатал, күшті еркек және биязы,

нәзік, адал әйел). Мысалы, маскулдық (батылдық) пен фенеминдік (бия-

зылық) сапаның «табиғи» еместігі, яғни табиғи-биологиялық жағдай

(қатал, күшті еркек, биязы, нәзік, адал әйел) себешпі болған сапа еместігі

анықгалды. Бұған дейін аталған сапалар адам бойындағы табиғи сапалар

ретінде танылып келді. Бұл сапалар қайсыбір қоғамдағы еркектер мен

әйелдердің тұрмыс-тіршілігінде елеулі маңызға ие болған. Мысалы, Аф-

риканың бір тайпасында еркектер мен әйелдердің міндеттері керісінше

бөлінген: әйел белсенді қызметтер атқарады, қарапайым өндіріспен ай-

налысады және отбасының асыраушысы болып саналады, ал ер адамдар

жеңіл, қосалқы жұмыстарды орындайды: киім тігеді, зергерлік бұйымдар

жасайды, үйді жинап-сыпырады, енжар және әйелдерге бағынышты жағ-

дайда болады.

Әлеуметтендіру (социализация) терминінің пайда болу тарихына келе-

тін болсақ, ең алдымен мьіна жағдайды айта кеткен жөн: алғашьшда тер-

миң неміс тілінен ағылшын тіліне қате аударылған. Соған қарамастан бұл

жаңа сөз сақгалды жөне классикалық әлеуметтану мәселелерін қамты-

ған ұғымға айналды. «Әлеуметтену» ұғымы дәстүрлі «білім» және «төрбие»

үғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы үғым. Білім

белгілі бір білім жиынтығын беруді көздейді. Тәрбие мақсатты, саналы

түрде жоспарланған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндіріледі, оньщ мақса-

ты - балада белгілі бір тұлғалық сапаларды және мінез-қүлық дағдыла-

рын қалыптастыру. Әлеуметтендіру өзіне білім беруді де және тәрбиені

де қосып алады, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін

ешкім жоспарламаған тосын жағдайларды да, стихиялық жиьштығын да,

әлеуметтік топтарға индивидтердің ену процесін де қамтиды.

Түлғаның әлеуметтенуі топтық тәжірибенің негізінде іске асады.

Шағын және ірі өлеуметтік топтардағы адамдардың әлеуметтік өзара әре-

кетінің нәтижесінде адам қоғамда жинақталған білім мен тәжірибені, ол

қалыптастырған құндыльпстар мен нормаларды мең-гереді. Бұл кез кел-

ген қалыпты тұлға бейнесінің іргетасын және сонымен қатар әлеуметгік

249

топтардың, бүкіл қоғамның бірлігі мен тұтастығын құрайды. Бірақ әлеу-

меттену процесінде әрбір жеке тұлғаның қайталанбайтын даралығы мен

бірегейлігін айқындайтын индивидуалдық тәжірибенің рөлін ескермеуге

болмайды. Тұлғаның әлеуметтенуінде екі бірдей абсолюттік процесс бол-

ған емес және болмайды да, сондықтан екі бірдей абсолютгі тұлға да бол-

ған емес және болмайды. Бір отбасында тәрбиеленген балалар мен егіз-

дердің міндетті түрде сыртқы ерекше айырмашылығы болады, оның себебі

де түсінікті, өйткені ол әлеуметтендіру тәжірибесіндегі индивидуалдық

өзгешеліктермен ғана анықталып қоймайды.

Әлеуметтендірудің қандай механизмдері бар? Бұл процеске ең алды-

мен екі жақ — әлеумеггендірудің объектісі жөне субъектісі қатысады.

Әлеуметгендірудің объекгісі - бұл процестің кімге бағыттталуы, яғни жеке

ддамдар немесе адам топтары. Әлеуметгендірудің субъекгісі - бұл осы про-

цесті жүзеге асырушы, яғни жеке тұлға, әлеуметтік топ, әлеуметтік құры-

лым немесе ұйым, бұларды кейде әлеуметтендіру агенттері деп те атайды.

Әлеуметтендіру - ауқымды және күрделі процесс. Ол өзінің табиға-

тьшан әлеуметгік орта мен байланысты, әлеуметтік объектісі және субъек-

тісі тұрақгы адамның (адам топтарының) үздіксіз және қарқынды өзара

әрекеті. Сол бір ғана адам (мысалы, әке) бір байланыста (балалары мен

қатынаста) субъект ретінде, әлеуметтендіру агенті ретінде көрінеді, ал ке-

лесі жағдайда (әлеуметтік топқа қатынасына қарай) ол әлеуметгендірудің

объектісі ретінде көрінеді. Екінші жағьшан алғанда, қайсыбір өзара әре-

кет шеңберінде әлеуметтену субъектісі әлеуметгенудің объектісіне ықпал

жасап қана қоймайды, сонымен қатар субъекгі объекті тарапынан кері

әсерді де сезінеді. Мысалы, ата-аналар балаларды тәрбиелеу процесінде

балаларға шешуші ықпал жасай отырып, өз кезегінде, тәрбиеленушілердің

тарапынан тәрбиеге белгілі бір кері әсерді де байқайды.

Әлеуметтендіруді бірінші және екінші әлеуметтендіру деп бөледі.

Бірінші әлеуметтендіру адамға өзін тікелей қоршаған ортаның, алғашқы

әлеуметтік топтардың отбасының, туған-туыстардың, достардың, құрдас-

тардың, оқу және еңбек ұжымдарының, тәрбиешілердің, ұстаздардың,

оқудағы, қызметгегі, жұмыстағы тікелей басшылардың және т.б. тікелей

ықпал жасауымен байланысты. Тұлғаның алғаш қалыптасуы мен даму-

ында бірінші әлеуметтендірудің рөлі аса зор. Екінші әлеуметтендіруді

екінші қатардағы әлеуметтік топтар (шағын немесе ірі), құрылымдар мен

ұйымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір-екі

бағытта жүзеге асырады. Мұндағы қатынастар көбіне институционалдық

сипат алады. Екінші әлеуметтендірудің агенттері мемлекет пен оның

органдарының (әскер, полиция, сот, прокуратура, т.б.), кәсіпорындардың,

жоғары оқу орындарының, мектептердің, балабақшаларының, радио,

250

теледидар, баспасөз және т.б. басшылары және ресми өкілдері болып табылады. Екінші әлеуметтендіру жасы кемеліне келген, есейген шақга өте маңызды. Бұл тұста адамның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі негізінен анық-

талады, енді соларды жүзеге асыруға және ішінара өзгерістер жасауға

көңіл аударылады. Әлеуметтендірудің бірінші және екінші агенттерінің

қызметін өзара байланыстыру мен үйлестіруді қамтамасыз ету аса маңызды.

Адам өмірінің әр түрлі кезендерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді

ерекшеліктері болады. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз

ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім, есейген, қартай-

ған шақган тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта

пәрменді әрі қарқынды жүреді.

Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында балаларды ересектер әлемін-

дегі өмірге бейімдеу іске асырылады. Бұл жерде басты рөлді әлеумет-

тендірудің бірінші агенттері саналатын ата-аналар атқарады. Осы сатыда

ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастар олардың бір-

біріне деген жақындық, жауапкершілік, ыстық ықылас сезімімен сипат-

талады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысына шешуші ықпал жасайды.

Бұл кезенде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді, күрделі

тәртіп ережесінің жүйелерін игереді, мәдени құндылықтар мен норма-

лардың үлгісімен таныса бастайды, бұлардың мәнін және мазмұнын жақсы

түсіне қоймаса да, оларды қолдануға ұмтылады.

Балалық сатыдағы әлеуметтендіру тәсілдері мен құралдары оншалық-

ты көп емес. Соның бірі — имитация. Мұнда бала саналы түрде белгілі бір

мінез-құлық дағдысын үлгі тұтынып, көшіріп алуға ұмтылады. Тақылет-

тендіру балалардың ата-аналардың мінез-құлық тәртібін, әлеуметгік мақ-

сатгар мен құндылықгарды өздерінікі іспетгі меңгеру тәсілі регінде қарас-

тырылады. Сөз болып отырған екі тәсіл әлеуметтендірудің жағымды тегіктері

болып табылдды. Ал әлеуметтендірудің теріс көріністері: тыйым салатын не-

месе белгілі бір төртіпке астамшьшылық жасайтын ұят істер (сыртқы жағдай

әсерінің нәтижесі регінде) және кінәсін сезіну (іштей күйзелу) жатады.

Балалық кезеңде әлеуметтендіру агенттерінің саны ғана артын қой-

майды, сонымен бірге олардың қызметінің мазмұны мен бағдарламалары

да түбегейлі өзгеріп, күрделене түседі. Ата-аналарымен қатар, тұлғаны

әлеуметтендіруге балалардың мектепке дейінгі тәрбие орындары, мектеп,

балалар бағдарламалары, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. барған

сайын үлкен үлес қосады.

Жасөспірім кезеңге (13—19 жас), яғни «күрделі», «өтпелі», «қиьш», «тү-

бегейлі», «тұрақсыз» деп саналатын өмір кезеңінде жасөспірімдер мен жас

адамдар біршама кең білім алады, өзінің тұлғалық іргетасын қалауды және

дүниетанымын қалыптастыруды аяқгайды, өзінің өмірдегі орны мен рөлін

251

жақын адамдары арқылы негізінен пайымдайтын болады. Бұл кезендегі

әлеуметтендірудің бірнеше ерекшеліктері бар. Бұл — параллелді құнды-

лықгар мен дүниеге көзқарас жүйесінің қатар пайда болуы, бұлар жас

адамға әлеуметтендірудің әр түрлі агенттерінен - ата-аналардан, мектеп-

тен, құрбы-құрдастардан беріледі. Олар әлеуметтік дүниені әр түрлі

түсінеді, бұл жасөспірімнің әлеуметтенуін қиындатады. Бұл жерде шын-

дығында жас адамға қажеттіден гөрі жарқын, сезімге және символға толы

іс-әрекеттер тиімді әсер етеді. Мұндай жағдай жастардан адамгершілік

бағалары мен бағдарларды тұрақгы ізденуді талап етеді, өйткені сезімдік

жағдай тұрақсыз және ұзаққа бармайды. Нәтижесінде жасөспірім толқи-

ды, өзіне сенімсіздік пайда болады, ақырында қателікке ұрынады. Бұған

ата-аналар мен мектептің орынсыз шектеулері қосылады, мұндай шек-

теулер жақсы нәтиже бере бермейді. Ең соңывда әлеуметтанушылар

әлеуметтендіру сатысының жасөспірімдерге тән тағы да бір ерекшелігін

атап көрсетіп жүр. Олардың пікірінше, осы сатыда жасөспірімдер белгілі

бір әлеуметтік мәртебеге ие болуға және өзінің өлеуметтік рөлін атқа-

руға үмтылады. Бірақ қоғамда бұл ұстанымдарды экономикалық жағы-

нан тәуелсіз адамдар ғана берік және тұрақгы ұстай алады, ал тым «ерте

есею» көптеген жас адамдар үшін қыйғылы аяқталады, әлеуметтанушы-

лардың сөзімен айтқанда, әлеуметтендірудің табиғи процесі бұзылады,

бұл олардың алдағы өміріне қатер төндіреді.

Тұлға кемел жасқа жетіп, есейген шағында оның белсенділігі артады,

мұны әркім өз қалауынша, жеке өміріне және сыртқы жағдайларға сәй-

кестендіре бастайды, ивдивид экономикалық, әлеуметтік және моральдық-

психологиялық тұрғыдан тәуелсіздік алады, саяси жағынан пісіп-жетіледі.

Бұл өзін өмір сүруіне қажетті заттармен қамтамасыз ету қабілетінен көрі-

неді және өзгелерден тәуелсіз, өз табысымен тапқан материалдық игілік-

терді пайдаланудан, өз бетінше өмір салтын құрудан, ата-анасынан тәуел-

сіз өмір сүруден, некеге отырудан, заң алдында жауапкершілікті болудан,

сайлауға қатысудан және т.б. байқалады. Бұл сатының биік белесі - адам-

ның зейнетке шығуы, ол белгілі бір жасқа жетуіне байланысты бірнеше

мәртебелерін жоғалтады және атқарын келген бірнеше рөлдерін тоқгатады.

Әлеуметтендірудің осы сатысында ең бастысы — тұлғаның әлеуметтік

мәртебелер мен әлеуметтік рөлдерді ала білуі және меңгеруі, оларды

белсенді түрде жүзеге асыруы. Мұның негізі бүкіл әлеуметтік өмірді қам-

титын қоғамдық еңбек бөлінісінде жатыр, ол негізгі төрт түрден, атап

айтқанда: жас-жыныстық, кәсіби, экономикалық және саяси еңбек

бөлінісінен байқалады. Осыған сәйкес қоғамның өзіндік қаңқасын құрай-

тын, бүкіл әлеуметтік өмірді қатаң детерминдіретін әлеуметтік құрылым

қалыптасады. Есейген тұлға нақгы өмірдің сан алуан қажетгілігі туғызатын

252

әлеуметтендіру процесінде өзінің мәртебесі мен рөлін қабылдау немесе

оларды өзгерту арқылы әлеуметтік құрылымның қайсыбір түріне енеді.

Әлеуметтендіру адамның ер жетіп, есейген шағында әдетте аса өрлеу

жағдайында жүреді, тұлға жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізіп, со-

ған сәйкес әлеуметтік рөл атқарады. Бірақ бұл жолда сәттілік пен

сәтсіздіктер, бұрылыстар, кедергілер, дағдарыстар болады, тіптен адам-

дардың кінәсінен болашаққа деп құрылған жоспарлар, сенім мен үміт

атаулы тас-талқан болады. Әдетте бұл - адам өмірінде болатын өзгеріс-

терге, оны қайта бағамдап, бағалауға, өмірлік жоспарлар құру мен бола-

шақты анықтау жолында кездесетін өзгерістерге байланысты. Осыдан

қайта әлеуметтендіру қажеттігі туындайды. Қайта әлеуметтендіру - бұл

тұлғаның бұрынғылардың баршасынан бас тартып, жаңа білімді, құнды-

лықтарды, рөлдерді, дағдыларды меңгеру процесі. Кейде бұл процесс

өмірдің әр кезеңінде де орын алады. Мысалы, мәдениеттің қайсыбір эле-

менттері ескіргенде, тұлғаның және бүкіл қоғам өмірі маңызды өзгеріске

түскенде қайта әлеуметтендіру жүзеге асьш отырады. Бірақ бұл көбінесе

есейген шақтағы әлеуметтендіруге тән. Қоғамға көзқарастың тиянақты

түрде өзгеруі, маман адамдардың кәсіби қайта даярлықгардан өтуі неме-

се жаңа көзқарас пайда болуы және психотерапиялық ықпал ету әдісімен

айналысатын адамдардың ұстанған қағидалары мен тәртібінің өзгеруі

қайта әлеуметтендірудің айқын мысалы бола алады.

Адам қартайғанда, яғни әлеуметтендіру процесінің аяқталар кезеңінде

олардың жасының ұлғаюына және зейнеткерлікке шығуына, сонымен

бірге адамдардың күш-қайраты мейлінше қайтып, қауқарсыз күйге түсуі

мен психикалық мүмкіндіктерінің төмендеуіне байланысты әлеуметтен-

діру өзінің ауқымы мен қарқынын құт төмендетіп қана қоймайды, сон-

дай-ақ ол енжар формаға айналады. Бұл олардың негізінен алғанда жаңа

жағдайға қалай бейімделе бастағанынан айқын көрінеді. Ең алдымен егде

тартқан адамдар өздерінің күш-қуатын, білімін, тәжірибесін бұрынғы

деңгейде қолданудың мүмкіндіктерін іздестіруге тырысады және басқа

да мүмкіндіктерін сарқа пайдалану арқылы қоғамға қызмет етуді жалғас-

тыра бергісі келеді.

Зейнеткерлікке шығуларына байланысты егде ддамдардың әлеуметтік

мәртебелері күрт төмендейді және әлеуметтік тұрғыдағы рөлдерінің

шеңбері де тарыла түседі. Денсаулықтарының нашарлауы және т.б. си-

паттарға енді достары мен жолдастарының күрт азаюы секілді екінші бір

ауыртпалық келіп қосылады. Осыдан барьш ол тіптен жалғыздыққа да

ұшырайды, сөйтіп, қарт адамның қызметі үй шаруашылығымен айналы-

судан, бау-бақша мен көкөніс өсіруді ермек етуден аспай қалады.

Адамдар, әсіресе жалғыз қалғандар, мұндай жағдайда қатты торығады.

253

Әлбетте, бұл жастағы адамдардың өмірі қуаныштан гөрі реніштерге толы

болады. Сонымен қатар, зейнетке шыққан қарт адамдардың әлеуметтік

рөлі де көбіне-көп нақгы анықгалмайды. Бұл осы кезеңге тап болғандар-

дың әлеуметтендіру жағдайының тағы да бір ерекшелігі болып табылады.

Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын зерттегенде зерттеуші бірнеше

күрделі теориялық мәселелерге ұрынады, оларды шешпейінше қазіргі

ғылыми өлшемдер мен практиканың қажетгіліктеріне жауап беретін тұлға

тұжырымдамасын құру мүмкін емес. Осындай проблемалардың қатары-

на тұлғаның әлеуметтік құрылымы жатады.

Күрделі құбылыстардың құрылымы, олардың қатарына сөзсіз адами

тұлға жатады, әр түрлі элементтердің жиынтығы, иерархиясы және белгілі

бір өзара әрекеттері болып көрінеді. Кез келген құрылым белгілі бір тұ-

рақгылықты игерген, сонымен бірге әр түрлі өзгерістерге түсуге де икемді -

профессивгік, рефессивтік - тіптен ыдырағанға дейінгі өзгерістерді қамти

да алады. Оны деқұрылымдық деген ұғыммен сипаттайды. Тұлға құрылы-

мындағы деқұрылымдық құбылыстар алуан түрлі ауытқушьшықгарға өкеп

соқгырады, мұндай ауытқушьшықгарды девианттық мінез-құлық деп атай-

ды. Тұлға алғаш рет биогендік, психогендік және социогендік компонент-

тердің құрылымдық тұтастығы ретінде қарастырьшуы мүмкін. Бұл био-

логия, психология және әлеуметтану зерттейтін тұлғаның биологиялық,

психологиялық және әлеуметтанымдық құрылымын бөлу үшін негіз бо-

лады. Тұлғаның биологиялық құрылымын, әлбетте, әлеуметтанудың

ескермеуі мүмкін емес, ол тек осы құрылымды деформациялаушы тұрғы-

сынан ескеріледі. Өйткені мұндай жағдайда адамдар арасындағы қалып-

ты өзара әрекет бұзылады. Ауру немесе кемтар адам дені сау адам орын-

дайтын барлық әлеуметтік функцияларды атқара алмайды. Тұлғаның

әлеуметтік құрылымы көбіне-көп оның көңіл-күйі, қасіреті, талаптары,

есі, қабілеті жөне т.б. жиынтығынан тұратын псиологиялық құрылымымен

байланысқан. Бұл жерде әр түрлі ауытқушылықтармен қатар индивидгің

нормальды психологиялық әрекеті де маңызды. Алайда, тұлғаның

әлеуметтік құрылымын психикалық, субъективтік сапалардың жиынты-

ғынан тұрады деп қарау жеткіліксіз. Сондықтан тұлғаның әлеуметтік

құрылымын анықтауда істі тек субъективтік жағына апаруға болмайды.

Тұлғадағы ең басты нәрсе - оның әлеуметгік сапасы.

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы индивид кірген қауымдастық пен

бірлестіктің ықпал етуімен оның алуан түрлі қызметі процесінде қалып-

тасатын және өмір сүретін объективтік және субъективтік әлеуметтік

қасиеттерінің жиынтығынан тұрады. Осыдан келіп тұлғаның әлеуметтік

құрылымының маңызды сипаттамасы болып өз қайраткерлігі ретінде және

басқа адамдармен өзара әрекеті ретінде түсіндірілетін оның қызметі са­налады.

254

Тұлғаның құрылымын талдау, оның қызметінің формаларына са-

раптама жасамайынша, іске аспайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы-

ның көптеген элементтері бар. Оның біріншісі, өмір салтынан және еңбек,

қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасы-тұрмыстық сияқты қызмет

түрлерінен керініс табатын әлеуметтік сапалары қызметін жүзеге асыру

тәсілдері. Бұл жерде еңбек тұлғаның әлеуметтік құрылымынан басқа эле-

менттерін анықтайтын ең басты, мәнді буыны болып саналады. Екіншісі,

тұлғаның объективтік әлеуметтік қажеттіліктері, Тұлға - қоғамның орга-

никалық белігі, сондықган оның әлеуметтік құрылымының негізіне қоғам-

дық қажеттілік жатады. Үшіншісі, шығармашылық қызметке қабілетгілігі,

білімі, дағдылары. Қалыптасқан тұлғаны индивидтен шығармашылық

қабілетгері ерекшелейді. Төртіншісі, қоғамның мәдени құндықтарын мең-

геру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани дүниесі. Бесіншісі, тұлғаның өмірде

басшылыққа алатын адамгершілік нормалары мен принциптері. Алтын-

шы элементі, ол сенім. Ол адамньщ мінез-құлқының басты бағытып анық-

тайтын ең тереңдегі принцип болып саналады. Бүкіл осы құрылымдық

элементтер қайсыбір дәрежеде әрбір тұлғаға қатысты болады. Өйткені

әрбір тұлға қоғамдық емірге қатысады, білімді меңгереді, оларды басшы-

лыққа алады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы әрдайым өзгеріске түсіп

тұрады. Себебі оны қоршаған әлеуметтік орта - туыстары, достары, та-

ныстары, қоғам және т.б. езгеріп отырады. Тұлға жаңа ақпарат, жаңа білім

алады. Бұл білімдер сенімге айналады. Ал өз кезегінде сенім адам қылық-

тарының сипатын анықгайтын болады. Осьщан әлеуметтендірудің қоғам

талаптарына сәйкес тұлғаның әлеуметтік құрьшымын өзгертуші ретіндегі

түсінігі шығады.

Әрбір қоғам мүддесін, ұстанған қағңдаларын жүзеге асыруға күш-

жігерін, бүкіл білімі мен тәжірибесін жұмылдыратын жақсы тұлғаның

болуын қалайды. Сондықган да әлеуметтік сипаттың дұрыс қальптгасуы-

на сол қоғам өз талаптарып қояды. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім

беру мен тәрбие жүйесі, бұкараалық ақпарат құралдары, т.б. арқылы жүзеге

асады. Тұлғаны қалыптастыру процесі - қиын, әрі ұзақ мерзімге созы-

латын процесс. Солай дегенмен де, объективтік жағдай бірдей болға-

нымен, әр түрлі субъективтік жағдайлардың қалыптасуына орай, яғни

соларға баға беру қатынастарының салдарынан әр түрлі типтегі тұлға-

лардың қалыптасуы да мүмкін.

Жеке тұлғалардың әлеуметтік тыныс-тіршілігін сан жағынан да баға-

лауға болады. Мәселен, адамдарды әлеуметтік белсенділігінің деңгейі мен

сапалық жағынан бағалайтын болсақ, оның бойындағы бұл сипаттар мен

қасиеттер оның сипаты мен бағьггы бойынша іске асады. Өйткені оның

белсенділігі ұнамды, пайдалы дүниелер жасау және және білдіру арқылы

255

саналы және стихиялы, т.б. сипатта болуы мүмкін. Бұлардың қайсысы

болса да, біріншіден, қоғамның әлеуметтік құрылымына, екіншіден,

қоғамның нормативті мәдениеті мен құнды бағыт-бағдарына, соның

ішінде ол қандай болуы керек немесе болмауы қажет деген түсінік шең-

берінде адамның нормативтік қағидасына, үшіншіден, жекелеген тұлға-

лардың ойлау стилі мен өзіндік санасына тәуелді болып келеді.

Тұлғаның әлеуметтік типі дегеніміз - адамдардың тарихи-мәдени және

әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда тұрмыс құру, тіршілік ету

жағдайларының күрделі жиынтығының жемісі. Әлеуметтануда тұлғаны

әлеуметтік түрге бөлудің әр түрлі варианттары ұсьшылған. Мысалы,

М. Вебер түрге бөлудің негізіне әлеуметгік әрекеттің ерекшелігін, дәлірек

айтқанда, оның ұтымдық дәрежесін алса, К. Маркс формациялық және

таптық ұғымға осьі тегін жатқызған. Э. Фром болса орныққан мінез-

құлықгы тұлғаның әлеуметтік түрі, индивид пен социумның байланыс

формасы деп қарайды.

Әлеуметтік мінез-құлықтың түбегейлі қалыптасуын Э. Фром әрбір

тұлғаның қоғам талаптарына мейлінше тиімді бейімделуінде және қауіп-

сіздік пен өзін-өзі қорғаудағы сана-сезімін нығайтудың мүмкіндігінде деп

бағалайды. Адамзат тарихын сараптаудың нәтижесінде Э. Фром әлеу-

метгік мінез-құлықтың бірнеше типтерін: рецептік (енжар), қанаушылық,

дүние жинаушылық және нарықгық деп түр-түрге бөледі.

Қазіргі әлеуметтану саласында тұлғаларды олардың құнды бағыт-бағ-

дары мен қадір-қасиеттеріне байланысты бөлу кең түрде тарады. Олар:

-дәстүршілдер негізінен мынандай құндылықтарды: міндетгі, тәр-

тіпті, жөнге салушылықты, занды қолдаушылықты ұстанса, ал креативтік

болса: адамдардың өзін-өзі көрсету, өз бетімен жүру сияқты сапаларды

басшылыққа алады. Мұндай мінез-құлықтар ешкімге ұнамайды, оны өрес-

кел, өрмінезділікке ұқсатады;

— ал идеалистер, керісінше, дәстүрлік нормаларға, тәуелсіздікке бейім

болады және басқа адамның беделін мансұқ етпейді, өзін-өзі ғана басқа-

рады, басқаларға еліктеп аландамайды;

— фрустрировтік мінез-құлыққа адамның өзін өзгеден төмен бағалауы,

көңіл-күйінің басыңқы болуы, өзін өмір ағымынан тыс қалдым деп сезінуі

жатады;

— реалистер өзін-өзі ел алдында айрықша көрсетуді міндет санайды және

халыққа деген жауапкершілік сезімін дамыта түсуге тырысады, орынды

скептицизмді өзін-өзі дәріптеу мен өз-өзіне бақылау жасау арқылы жүзеге

асырады;

— гедонистік материалистер ең алдымен «осы жерде және дәл қазір»

рахатқа кенелуге бағыт ұстайды және бұл «өмір ләззатының» ізіне түсуге

256

тырысу қабілеті молшылық тілеуді қанағаттандырудың формасына ай-

налады.

Әлеуметтануда солармен қатар тұлға типтерін модальдық, идеалдық

және базистік деп ерекшелеу көзқарастары да қабылданған. Тұлғаның

модальдық типі — қоғамда нақты көпшіл больш көрінгісі келетін, соған

лайық орындарда отырғандар. Тұлғаның идеалдық типі нақты жағдайға

араласпайды, оған байланыспайды. Тұлғаның бұл түрі болашаққа тілек-

ұсыныс білдірумен шектелетін адамдар, мысалға алсақ, олар К. Маркстің —

жан-жақты дамыған тұлғасы немесе Э. Фромның жаңа адамы. Тұлғаның

базистік тұр-тұлғасы қазіргі кезендегі қоғамдық дамудьщ қажеттіліктеріне

барынша жауап бере алатындар. Басқаша айтар болсақ, тұлғаның

әлеуметтік типі - бұл адамның құнды бағыт-бағдарына қоғамдық жүйенің

ықпал жасауының және сол арқылы оның нақгы мінез-құлқына әсер

етудің көрінісі болып саналады.

Батыс әлеуметтанушыларының зерттеулері көрсеткендей, қоғамдық

өмірдің әр саласындағы бітім-болмыс пен ерекше іс-әрекеттер тұлғаның

белгілі бір сапалары мен мінез-құлық тұрпаттарының қандай тұрғыда

көрінетінін айғақтайды. Мысалы, бұл сипаттар нарықтық қатынастар

прагматизмінің, қулық-сұмдықтың өріс алуына, өндіріс саласындағы

эгоизмнің, мансапқорлықтың қалыптасуына және еріксіз түрде коопе-

рациялауға көшуге, ал отбасы саласында және жеке өмірде - көңіл-күй

мен адамның ішкі сезіміне, т.б. ықпал етеді.

Сонымен қатар, әлеуметтануда осы айтылғандарға кереғар механизм-

дердің болатыны белгілі. Белгілі бір қоғамдық қатынастар үрдісінің пайда

болуы мен дамуына тұлғалық сапалардың ықпал ететіні анық. М. Вебер

өз тұжырымдамасында сана саласындағы өзгерістерді, құнды бағыт-

бағдарларды қайта құру және еңбекке деген көзқарасты жаңа тұрғыда

қалыптастыру капитализмнің пайда болуына серпіліс бергенін дәлелдеді.

Демек, белгілі бір жеке тұлғаның бойындағы сапалардың кешені қайсыбір

бағытта қоғамдық дамуды тездете алады, керісінше, оның дамуына кедергі

келтіруі немесе оны тіптен тоқтатуы да мүмкін.

Әлеуметтанушылар мен психологтар социалистік қоғамда мейлінше

тұрақгы түрде қалыптасқан бірнеше мінез-құлық стереотиптерін, тұлға-

лық комплекстерді айрықша атап көрсетті. Бұл - «жаттанды шарасыз-

дық», «ұзаққа созылған инфантилизм», екі мағыналық және кең көлемді

екі стандарттық практика, «паразиттік жаңашылдық».

Кез келген тұлға өзінің әлсіздігі мен шарасыздығын психологиялық

тұрғыдан сезінсе — ол сол қоғамдағы құрылыстың занды түрдегі салдары

больш саналады, өйткені мұндай қоғамда жеке адамның рөлі мүлде төмен-

дегіледі. Тоталитарлық жағдайда немесе соған жақын сипаттағы өмірді

257

қатаң бақылауға алатын және ондағы жағдайларды реттеп отыратын, өз

мүддесіне орай үйлестіріп отыратын елде ерте ме, кеш пе, әйтеуір бұқара-

ның шарасыздыққа ұшырайтыны анықталды. Бұл эффектінің мәні мына-

ған салды. Адам қоғамдағы жағдайдың (ситуация) бақылаусыздыққа ұшы-

рағандығына әлденеше рет көз жеткізген соң, оқиғалардың барысын өз

әрекетімен өзгертуге мүмкін еместігін түсінеді де, оны жөндеудің жолда-

рын ізденуден жалпы бас тартады. Сөйтіп, бас ию мен айтылғанды атқа-

рушылық мінез-құлықтың бөлінбес белгісіне айналады. Тұлға өзіне сырт-

тан ықпал еткісі, беделі арқылы әмірін жүргізгісі келетін билік құрылы-

мының шешімінен тыс өзі қабылдаған шешімге сүйенген кезде өзін-өзі

еркін сезінеді. Бұған көнбеген жағдайда тұлға тек қана әлгілердің айтқа-

нын орындаушы болудан бөтен жол таба алмайды.

Психотерапиялық жұмыстың тәжірибесі көрсеткеніндей, өз шарасыз-

дығын жиі сезінуі адамның жеке басына қатысты және жалпы әлеуметтік

жағдайды сипаттауымен ғана шектелмейді, оның сол жағдайды қалай және

қай мағынада қабылдауына да қатысты. Көптеген адамдар өз өміріне қа-

тысты дүниені немесе соның төңірегіндегі жағдайларды өзгерту мүмкін-

дігін дұрыс бағалай алмайды. Адам өмірде өзгерістер жасаудан өзі қаш-

қақтауға тырысады, өйткені ондай өзгерістердің болашақга неге ұрын-

дыратынын көп адам нақты болжап біле алмайды. Ол үшін мойнына

жауапкершілік жүктеуі, ізденуі қажет.

Жаттанды түрде шарасыздыққа ұшырау эффектісі — пролонгирован-

ды инфантилизм (яғни ұзаққа созылған балалық шақ) деп аталатын тұжы-

рыммен де байланысты. Бұл ең алдымен жауапкершіліктен қорқу және

одан ересек адамдардың өзін аластату, оны басқа бір адамның иығына

артуға тырысу секілді көріністерден байқалады. Соның салдарынан адам-

дар өздерінің өмір сүрулері, оны жақсарту жөніндегі талаптар мен әлеу-

меттік жағымен қорғалу мақсатындағы сенімсіздіктерге ұрынып, енді тек

өз күштеріне арқа сүйеуге тырысады, оның үстіне осы бағытта үкімет та-

рапынан бір көмек болар деп, соған үміттенеді. Бұл екі комплекстердің:

халықтың жаттанды шарасыздығы мен ұзаққа созылған инфантилизмнің

келесі бір көрінісі - паразиттік жаңашылдық. Паразиттік жаңашылдыққа

мінез-құлықтың типі ретінде «мемлекетті алдауға және жүйені ақымақ

етуге» тырысу жатады, яғни өзінің мақсатына жүйенің арқасында жетуді

көздейді, оған қалайда жетеді. Мұндай тәртіп кезінде соған жұмсалған

шығынды өтеу немесе іске аспаған мүмкіндіктерді нақгы немесе гипоте-

тикалық тұрғыда қайтару қарастырылады. Бұл кезде халықты тұрақты

және заңсыз алдайтын өкіметтен «кек» алу жолы әлеуметтік әділеттікті

қалпына келтіру мақсатындағы қоғамның өзіндік тәсілі болып табылады.

Қазіргі ТМД елдеріндегі қоғамның жалпы сипаттамасы — құнды және

практикалық қайта бағдарлауға көшу, яғни экономика саласында — жеке

258

меншік формасындағы мемлекеттік жоспарлы шаруашылықтан нарық-

тық қатынастарға өту, саясат саласында - авторитарйзмнен демократияға,

рухани салада — таптық құндыльпсгардан жалпы адамзаттық құндылық-

тарға көшу. Біздің өмір сүріп отырған кезенді өтпелі кезең дейді. Бұл

әлеуметтік жүйенің ерекше тұрғыдағы және сапалы түрдегі өз бетінше

өмір сүруге ұмтылу қалпы, олай дейтініміз — бұл кезең өмірлік құбылыс-

тардың тұрақсыздығы, дағдарыстары, басқарудың әлсіздігі, соны әлеу-

меттік тұрғыда реттеудің тиімділігінің төмендеуі, әр түрлі балама құры-

лымдардың пайда болуы арқылы ерекшеленеді.

Мүдделердің арасындағы тепе-теңдікті бұзу жеке тұлғалардың әлеу-

меттік қорғалуы азайып барады деген сезімін қалыптастырады және

мұндай бұзу тұсында адамның үш реакциясы алдыңғы қатарға шығады.

Олардың біріншісі - вертикальды мобильдікке шығу мақсатындағы жеке

тұлғалардың бағьгг-бағдарының енжарлығы, одан да өмірде тірі қалуға

бағыт-бағдар ұстаудың күшеюі. Екіншісі - топтық «эгоизм» деп атала-

тындарының артуы, яғни иңдивидуалдық мүддені топтық мүдде арқылы

қорғауға талпынушылар, мұны олар кез келген құралдар мен тәсілдер

арқылы іске асыруға тырысады: формалдық емес тәсілден оның ықпа-

лын күштеуге, қылмысқа дейін шара қолдануға барады. Үшіншісі -

әлеуметтік салыстыруда стихиялық процестің күшеюі, соның нәтижесінде

мінез-құлықтың ерекше агрессивті түрі пайда болады. Бұларды жүзеге

асырушылар, яғни осы бағыттағылар жағдайының түбегейлі нашарлауын

есепке алмайды, керісінше, басқалардың жағдайын әділетсіз түрде жақ-

сартуға ықпал етеді.

ТМД елдерінде жағдайлардың тез өзгеруі адамдардың алдына жаңа

әрі тосып міндеттер қоюда. Мұндай міндеттерді шешуге қалыптасып отыр-

ған тәрбие жүйесі де, бұған дейінгі бүкіл өмір тәжірибесі де адамдарды

дайындаған емес. Адамның осындай жағдайда жақсы өмір сүруіне белгілі

бір тұлғалық белгілері мен мінез-құлық, тәртіп дағдылары ықпал етеді.

Солардың арасынан ең алдымен іскерлікті, адамның қуаттылығын, бел-

сенділігін, бұрынғыға балама өмір қалпын таңдау қабілеттілігін және әрқи-

лы окңғалардьщ дамуына орай соған бейімделіп, алдын ала дайындалу-

ьш, когнитивтік плюрализмді, жауапкершілікті, профессионализмді және

біліктілікті ерекше айтуға болады. Бұл белгілердің жарым-жартылай ғана

қолданылуы бұрынғы жүйенің тұрақты түрде дамуьш қамтамасыз етті

және әлі де болса кездесіп отырған әлеуметтік бұрмалаушылықтарды

тудырды.

Тұлға әлеуметтануы арнайы әлеуметтану теорияларының бір саласы

ретінде тұлғаның әлеуметтендірілуі мен қалыптасуын, т.б. мәселелерін

зерттесе, саясат әлеуметтануы сол тұлғалардың билік, саясат саласын-

дағы қызметін қарастырады.

259