- •Бірінші тақырып әлеуметтану - ғылым
- •1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- •2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
- •3. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
- •4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері
- •Дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең (хх ғасыр - XX ғасырдың басы)
- •2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
- •3. Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
- •Үшінші тақырып
- •1. Ресей әлеуметтануыңдағы негізгі бағыттар мен ағымдар
- •2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
- •Төртінші тақырып қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (XIX ғасыр—XX ғасырдың бірінші жартысы)
- •1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
- •3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
- •4. А. Байтұрсынов пен ә. Бекейхановтың әлеуметтану
- •XX ғасырдағы әлеуметтану
- •1. XX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтанудағы
- •2. XX ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі
- •1. Қоғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері.
- •2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
- •3. Қоғандық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның қызметі
- •1. Әлеуметтік құрылым және стратификация ұғымдары,
- •2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері
- •1. Этнос қауымдастығы ұғымы.
- •2. Ұлттық-этникалық қатынастар
- •3. Қазірғі жағдайдағы ұлт мәселелері
- •1. Отбасы әлеуметтануының пәні мен оның функциялары.
- •2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
- •Оныншы тақырып тұлға әлеуметтануы
- •1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы.
- •2. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
- •3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және 9
- •Онбірінші тақырып саясат әлеуметтануы
- •1. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары. Саясат жане саяси қызмет
- •2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
- •3. Қоғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары
- •Он екінші тақырып мәдениет әлеуметтануы
- •1. Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы, мазмұны және функциялары
- •2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
- •Он үшінші тақырып ұйым және басқару әлеуметтануы
- •1. Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы
- •2. Ұйымның тыныс-тіршілігі мен типтері
- •3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен прннциптері
- •Он төртінші тақырып білім әлеуметтануы
- •1. Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
- •2. Оқу социомәдени әрекет ретінде
- •3. Орта оқу орнының қалыптасуы
- •4. Білім жүйесінің құрылымы
- •5. Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
- •Он бесінші такырып әлеуметтану зерттеулерінің методологиясы мен әдісгемесі
- •1. Әлеуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері.
- •2. Әлеуметтік ақпарат жинақтаудаң әдістемесі мен техникасы
2. Ұлттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардың (ха-
лықгардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ,
тіл, рухани өмір, салт-дәстүр, мәдениет секілді өзіндік ерекшеліктерді
сақгауға және т.с.с. қатысты ұлттық қатынастар белгілі бір этникалық
мәселелерді шешкен кезде әрдайым бір-бірімен байланыста болады.
Осыған орай олар ұлттық-этникалық қатынастар ретінде алға шығады,
ал «ұлттық қатынастар» және «ұлттық-этникалық қатынастар» ұғымдары
шын мәнінде бір-біріне ұқсас болады.
Ұлттық қатынастар — бұл көпұлтты қоғамның ішіндегі саяси, әлеу-
меттік-экономикалық, мәдени, тілдік және басқада қатынастардың син-
тезі. Ұлттық қатынастар әр түрлі деңгейде, яғни мемлекетаралық және
мемлекет ішінде, ұлт ішінде және ұлтаралық, қоғамдық және тұлғалық
деңгейлерде жалғасып жатады.
Ұлт мәселесі ұлттық қатынастардың негізі болып табылады және ол
ұлттық қатынастардың күйі мен сипатын анықтайды.
Қайсыбір этностың өмір сүру жағдайына, олардың бір-біріне сәйкес
келу деңгейіне орай ұлттық қатынастар ұлттық мәселенің қалай шешім
тапқандығының деңгейін көрсетеді.
Ұлттық қатынастар жалпы алғанда біртұтас жүйе, өзара байланыс-
тардың тізбегі, қоғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретінде
өмір сүреді. Сонымен қатар, ұлттық қатынастардың өзі де бірнеше эле-
менттерден тұратын жүйе болып саналады. Ұлттық қатынастар қоғамның
тіршілік етіп, әрекет жасауының бүкіл саласын: мәдениет, саясат, ғылым,
тұрмыс, отбасы, экономика және т.с.с. қамтиды.
Өзінің этникалық сипаттары мен шығу тегі бойынша ерекшеленетін,
содан бастау алып, ертедегі тарихи және қазір өмір сүріп отырған ота-
нындағы тіл, мәдениет, этникалық сана мен т.с.с. өзгешеліктермен аяқга-
латын даму сатылары, ұлттардың (этностардың, халықгың) өмір сүру дағ-
дылары ұлттық қатынастардың паңда болуы мен дамуының объективті
алғышарттары болып табылады. Дегенмен де ұлттық қатынастар таза
күйінде, басқа қоғамдық қатынастардан бөлек өмір сүре алмайды. Керісін-
ше, олар осы қатынастарда, соның ішінде саяси, рухани, тілдік, экономи-
калық, экологиялық қатынастарда қосарласады және бұл ерекшелік қаты-
настардың мазмұны мен формасынан байқалады. Тағы бір айта кететін
182
жай, бүкіл осы қатынастар егер де оларды жүзеге асыру процесінде
қайсыбір халықтардың өмір сүру барысындағы этникалық проблемала-
ры дұрыс шешілетін болса немесе экономикалық, саяси және өзге де мәсе-
лелер ұлттық-этникалық проблемалар деңгейінде жүзеге асырылса ғана
ұлттық сипатқа ие бола алады. Бір сөзбен айтсақ, ұлт өмірінің әлеуметтік
және этникалық жақтары мен ұлттық қатынастар органикалық тұрғыда
өзара байланыста болады.
Ұлттық қатынастар, әдетте, кешенді сипатқа ие болады, өйткені ол
халықтар (этностар) арасындағы өзара қарым-қатынастардың көптеген
жақтарын реттеуге қатысады. Олар өздеріне азды-көпті рухани мазмұн-
дарды қосып алған, себебі оған енген субъектілер өздерінің этникалық
санасы мен сана-сезімін, т.б. байқатпай, бейтарап қала алмайды. Осыған
байланысты кейде әр түрлі қиялға берілу, адасушылықтар, нанымдар мен
мифтер секілді ғажайып дүниелер туындайды. Бұл халықтар арасындағы
ұлттық-этникалық қатынастардың көрінуінің бір ерекшелігі болып та-
былады.
Ұлттық қатынастардың субъектілеріне үлкен және кіші этностар (ха-
лықтар) жатады. Олардың арасында француз, қытай, орыс, т.б. секілді
ұлы халықтармен қатар Кавказдың, Ресей мен Американың солтүстік
аймақгарындағы, әлемнің басқа да өңірлеріндегі саны аз, ұсақ (санының
аздығына орай) халықтар бар. Халықгың әр түрлі әлеуметтік топтары мен
жіктері қайсыбір этностардың (ұлттардың) өкілі ретінде және ұлттық-
этникалық проблемаларды шешудің мақсаты бойынша ұлттық қатынас-
тардың субъектілері бола алады.
Экономиканың, мемлекеттіктің, мәдениеттің қол жеткен даму дең-
гейі тұрғысынан алып қарастырсақ, ұлттық қатынастардың субъектілері
ретіндегі этностар арасында біршама дамығандары да аз емес. Бұл олар-
дьщ өзара қарым-қатынастарынң сипатына әсер етпей қоймайды. Осы
жағдай ұлттық қатынастардағы әлеуметтік әділеттілік проблемасын
тудырды, соньщ ішінде ірі және ұсақ халықтар арасында, сонымен қатар
олардың азды-көпті дамығандарының арасында аталмыш мәселені
туғызды.
Әлеуметтік әділеттік проблемасы жергілікті және жергілікті емес ұлт-
тар (халықтар) деп аталатындардың арасындағы қатынастардың негізінде
пайда болады. Қайсыбір аумақга шоғырланып өмір сүретін және сол
жердегі мемлекеттік түзілімге орай жеке-дара атауға ие болған ұлт әдетте
жергілікті ұлт болып саналады. Осыған орай жергілікті ұлттарға, мысалы,
Украина мемлекетіндегі украиндықгар, Армениядағы армяндар, Татар-
стандағы татарлар және т.с.с. жатады. Жергілікті емес ұлттарға ұлттық
топтар деп аталатындар кіреді. Олар жергілікті ұлттардың аумақтарында
183
өмір сүреді, мысалы, Литвадағы украиндықтар, Ресейдегі армяндар,
Эстониядағы орыстар және т.с.с. Осыдан келіп «аз ұлттардың проблема-
сы» пайда болды, олар өмір сүріп отырған ұлттық мемлекеттік түзілім жағ-
дайында аз ұлттардың құқығы мен бостандығы елеулі, күрделі мәселеге
айналды. Аз ұлттар - қайсыбір халықтың шекараны өзгерту, көші-қон
немесе күштеп қоныс аудару нәтижесінде өз халқынан бөлініп қалған
бөлігінен ңемесе тобынан құралған этникалық қауымдастықтың формасы.
Аз ұлттардың өз ұлттық-мемлекеттік түзілімі болмайды. Аз ұлттардың
пайда болуы занды процесс. Аз ұлттардың Германияда, Австрияда, Из-
раильде, АҚШ-та, Канадада және басқа елдерде тұратыны нақты өмір
шындығы. Бұрынғы КСРО аумағында «ұлттық топтар және аз ұлттар»
ұғымына жатқызылған халық саны шамамен 60 млн адам болды.
Аз ұлттар категориясын «аз ұлыстар» ұғымымен бір деңгейде қарас-
тыруға болмайды. Өйткені аз ұлыстар белгілі бір аумақта және әр түрлі
мемлекеттік құрылымның шеңберінде өмір сүріп отырғандығына, жергі-
лікті халық арасында олардың қанша пайыз екендігіне қарамастан бұлар
да тұрғылықты жұрттың бір бөлігі болып саналғандықтан осы аз ұлыс-
тарды аз ұлттардың қатарына жатқызуға болмайды. Мысалы, АҚШ-тағы
үндістер бүгінгі таңда аз болғанымен, алайда олар жергілікті тұрғындар
саналатындықтан аз ұлттар болып есептелмейді. Бір кезде саны аса мол
болған жергілікті халықтардан қалған Сібірдегі кеттер немесе Ресейдің
Еуропалық бөлігінің солтүстік-батысындағы вепстар дәл сондай жұрттар-
дың бірі. Бүкіл саны аз ұлыстар өздерінің этникалық аумағында, бабала-
рының жерінде тұрып, сонда өмір сүреді.
Аз ұлттар үнемі өзге халықгардың шағын топтарынан құрыла бер-
мейді, сол елдің шеңберіндегі бір этносқа жататын адамдардың да сан
жағынан ірі топтарға бірігуі мүмкін. Бұған, мысал ретінде еврейлерді,
немістерді, болгарларды, гректерді жатқызуға болады. Олардың саны
бірнеше жүз мыңнан миллиондаған адамға жетеді. Мысалы, немістер
Германияға жаппай көшкенге дейін КСРО-да олар екі млн адам болды.
Олардың ортақ белгілеріне, біріншіден, тарихи отанындағы өз этносы-
мен немесе КСРО-ның ішіндегі сәйкес аймақтармен байланыстың өте
әлсіз болғандығы, екіншіден, қоныс тебер тұтас аумағының болмағандығы
саяды. Бір этностың атына ие болғанымен, олар сол өздері өмір сүрген
елде аз ұлттар санатына жатқызылды.
Ұлтаралық қатынастар экономикалық, саяси, тілдік, мәдениет, эко-
логиялық және басқа да ұлттар арасындағы қатынастар түрінде көрінуі
мүмкін. Ұлтаралық қатынастардың осындай әрбір көрінісінің өзіндік
ерекшелікті мазмұны бар. Солардың кейбіреуінің қысқаша сипаттама-
сына тоқгалайық.
184
Экономикалық ұлтаралық қатынастар ұлттың (халықтың, этностың)
экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Олар
стихиялық түрде даму процесінде қалыптасады, мәселен, халықтар ара-
сындағы сауда байланысында, өз алдына жеке мемлекеттердің мемлеке-
таралық қатынастар деңгейінде, сонымен қатар федеративтік мемлекет
шеңберінде республикалар, автономиялар және т.с.с. арасында орнайды.
Әр түрлі ұлттық түзілімдер арасында орнаған қоғамдық еңбек бөлінісі
мен олардың арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар,
түптеп келгенде, ұлтаралық экономикалық катынастардың объективтік
негізі болады.
Көп ұлтты мемлекетте ең алдымен саяси өкімет билігін жүзеге асы-
руға және өз өмірлерінің маңызды мәселедерін мемлекеттік деңгейде
шешуге барлық халықгың (ұлттың) қатысуын саяси ұлтаралық қатынас-
тар дейміз. Осыған орай мемлекеттің құрылымы туралы орыңды сұрақ
туады: бұл мемлекет өкіметтік механизмі жок, әлде жекелеген ұлттардың
мүдделерін мемлекеттік деңгейде жүзеге асыратын механизмі жоқ уни-
тарлық мемлекет пе, немесе оңдай механизмдері бар федеративтік мем-
лекет пе? Саяси ұлттаралық қатынастар, сонымен бірге, әр түрлі ұлт
өкілдерінің азаматтық құқықтары мен бостандығын жүзеге асыруға ба-
ғытталған. Түптеп келгенде, ұлттық саяси қатынастар өз рөлін халықтар-
дьщ мемлекетаралық қатынастар деңгейінде атқарады. Әңгіме мемлекеттің
тәуелсіздігі мен егемендігіне қол жеткізген, өзінің ұлттық мемлекеттігі
бар халықтар арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Бұл жағдайда
олардың қарым-қатынасы - ұлттық тәуелсіздік пен егемендікті нақгы
жүзеге асыруға, сонымен қатар олардың экономикалық, саяси және мәде-
ни ынтымақгастығына, бұл мәселелерді шешудің ұтымды жолдары мен
тәсілдерін табуға тікелей қатысты.
Ұлттардың рухани тыныс-тіршілігі саласындағы ұлтаралық қатынас-
тар әр ұлттың өмірі мен дамуында маңызды рөл атқарады. Рухани-мәде-
ниет саласын алып қарастырсақ, бұлар халықгардың өзара жетіліп, толы-
суына әрі олардың ұлттық төл ерекшеліктерін сақтау мен дамытуға ба-
ғытталған. Бұған халықтық үлгідегі және кәсіби өнер саласындағы игілік-
терді бірінен-бірі үйрену, соның ішінде ән, би, музыка, қолданбалы өнер
мен әдебиет, қазіргі тұғырлы (монументті) өнер, бейнелеу, сәулет өнері
және с.с. саладағы ынтымақтастықтар ықпал етеді. Ұлттық рухани игілік -
мәдениет, әдетте, аса күрделі, жан-жақты толысқан, мәні зор, аса бай әрі
көп қырлы құбылыс болып саналады. Бұл сол қоғамда қалыптасқан эко-
номикалық, саяси, адамгершілік, діни және басқа да қоғамдық қатынас-
тар арқылы дамиды, әдетте, кез келген ұлт бұлардың әсерін өздерінің
бойынан сезінеді және көп жағдайда соларға тәуелді де болады. Сонымен
185
қатар, ол әркелкі халықтардың ұлттық мәдениетінің тығыз байланысуы
мен өзара әрекеті арқылы дамиды, сол процесте дүниежүзідік рухани
мәдениет кдлыптасады.
Әлдебір өңірде ықылым заманнан бастап тұрып жатқан қайсыбір ха-
лықгардың сол аймақтағы табиғатты қорғауға ден қоюына орай ұлттар
арасындағы экологиялық қатынастар пайда болады. Бұл тек табиғатты
қорғаумен ғана шектелмейді, табиғи ресурстарды ұдайы ұлғайтып, көбей-
туді, соның ішінде жер, орман, су және т.б. ұдайы молайтып, сақгауды
талап етеді. Аталмыш мәселелерді өркениетті түрде шешу ұсақ және ірі
халықгардың (этностардың) тіршілік етуі мен дамуының маңызды жағ-
дайларына айналған. Олар мемлекеттік, одан қалды қоғамдық деңгейде,
соның ішінде әрбір адамға қоғамдық орта мен отбасында тәрбие беру
деңгейінде шешім табуы тиіс. Бұл ретте экологиялық мәдениетті қалып-
тастыруға, табиғатқа сүйіспеншілікпен, ұқыпты қарауға, адамдарды соған
тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінгені жөн. Әрине, қазіргі мемлекетаралық
шиеленістер ушығып тұрған заманда экология проблемасын шешу үшін
әрбір халық өздерінің ұлттық мүдделерін ескере отырып, бір-бірімен ты-
ғыз байланыс орнатуы және белсенді түрде ынтымақтасуы қажет.
Ұлтаралық қатынастардың пайда болуы мен жүзеге асуы тек тұтас
халықгар деңгейінде ғана қалып қбятын құбылыс емес, ол әр түрлі ұлт
өкілдерінің күнделікті өзара қарым-қатынас орнату процесіндегі тұлғаа-
ралық деңгейде де пайда болып, жүзеге асады. Тұлғааралық қатынастар-
дың мазмұнын түсіндіретін болсақ, ол - ең алдымен ұлттардың аса мол
рухани байлығы. Алайда, бұл қатынас кез-келген жағдайда адамдардан
аса әдептілікті, сыпайылықты қажет етеді. Бұл қатынастардың мораль-
дық және психологиялық жақтарын есте ұстаудың да маңызы өте зор.
Адамдардың ұлттық сезімінің, әдетте, аса нәзік екенін және сәл нәрсеге
бола жаның күйзеліске ұшырап, тез жарақаттанатынын естен шығар-
аған жөн. Адамдар бір-біріне құрметпен қарап, әдеп сақтауы, сыпайы-
гершілік көрсетуі керек. Бұған көбіне-көп басқа халықгардың әдет-ғұрпы-
на, салт-дәстүріне және жалпы рухани мәдениетіне қатысты ерекшеліктер
мен өзіндік сипаттарын жақсы білу, өзге ұлттар өкілдеріне шыдамдылық
таныту және оларды құрметтеу секілді қасиеттердің қалыптасуы ықпал
жасайды. Әр түрлі халықтар өкілдерінің бір-біріне жақындасуын, тіпті,
ұлтаралық некеге отыруларын осының айқын мысалы ретінде келтіруге
болады. Оларға тыйым салу - адам табиғатына қарсы жасалған қысым
болар еді. Тыйым салуды, анығын айтсақ, тек нағыз ұлтшылдар ғана өз
мүдделеріне жаратуға тырысады, оны араздықты қоздырудың құралы
ретінде пайдаланады. Ұлтаралық некеге тыйым салу мүмкін емес. Демек,
дұрыс өмір салтын қалыптастыру үшін моральдық-психологиялық, саяси
186
және басқа да жағдайлар жасау қажет. Қазіргі таңдағы өркениетті
қоғамның сұраныстары мен талаптарын ескеретін болсақ, әрбір адамның
бойына ұлтааралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру осы бағыт-
тағы бірден-бір іргелі алғышарт болып табылады.
Ұлттық, этникалық қатынастар кез-келген қайсыбір этностардың
өмірге қажетті мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған. Олардың өздері
де осы мүдделердің тууына себепкер болады. Халықгардың ұлттық мүдде-
лері сол халықтардың тіршілік етуінің әр түрлі жақгарын қамтиды, олар-
дың өзіндік ерекшеліктерін сақтауға, экономикасын, мемлекеттігін, мәде-
ниетін дамытуға және осындай жол арқылы сол халықтың басқа халық-
тармен қатынас орнату жүйесіндегі жағдайын реттеуге, экономикалық
және саяси проблемаларын шешуге, рухани мәдениетін дамытуға ықпал
етеді. Тоқ етерін айтсақ, ұлттық мүдделер қайсыбір халықтың (этностың)
өзін-өзі ұлт ретінде қалыптастыруының сан қилы көріністері мен даму
сатыларына, сондағы жетілу мен өзгерістеріне қатысты болады. Өмірде
қолданыльш отырған ұлт қатынастары нақты солардың түбегейлі мазмұ-
нын құрайды. Сондықтан да ұлттық қатынастарды ұлттық мүдделер ре-
тінде көрініс табатын құбылыс деуге әбден болады.
Бұл мүдделерді адамдар саналы түрде жете түсінулері, мәнін ұғыну-
лары тиіс. Оларды саналы түрде меңгерген кез келген этнос (халық) өзінің
ұлт ретінде қалыптасуына осы жағдайдың да объективті түрде ықпал
ететінін түсінеді. Басқаша айтқанда, сол этностың мүддесінде нендей
объективті жағдайлардың сай келмейтінін түсіну керек. Бұл дәл осы таң-
да қалыптасып отырған ұлтаралық қатынастардың мазмұны мен олардың
бүгінгі және болашақтағы дамуының бағыттарын терең түсінген кезде ғана
қалпына келіп, орайласады. Қалай дегенмен де, бұл өте ауыр міндет,
өйткені ұлтаралық қатынастар аса күрделі мәселе, оның үстіне мұндай
қатынастар саналы түрде ғана қалыптасып қоймайды, көбінесе ол сти-
хиялы түрде орнығьш, нығаяды: мұндайда бұған этностың тамыры терең
психологиясына орай туындап, жинақгалған қайсыбір дәрежедегі ирра-
ционалды күштер де әрекет етеді. Ұлтаралық қатынастардың дамуы —
көптеген объективтік және субъективгік факторларға тәуелді.
Қалай болғанда да олардың өз даму логикасы бар, соны түсіну қажет.
Алайда, бұл қасиет әркімде бола бермейді, терең ойлайтын, алысқа
көз жібере алатындар болжам жасап, логикалық ой түйе алады. Олар өз
ұлтының (халқының) тек ағымдағы немесе сол сәттегі мүддесін біліп.
---------------------------------------------------
1. Абсаттаров Р. Б., Садыков Т. С Воспитание культуры межнационального общения студентов: теория и практика. Алматы: Издательский отдел ВАК
Казахстана Министерства образования и науки РК, 1999. С. 13-14,21.
187
оның астарын түсінумен қатар, ұлттың ұзақ мерзімдік тыңғылықты
мүдделерін де ой топшылауынан өткізеді. Соңғы тұжырым әлдебір
ұлттың сақталуы мен дамуының, қазіргі және болашақтағы халықара-
лық қатынастар жүйесіндегі сол ұлттың экономикалық, саяси және мәде-
ни ұстанымдарының, бағыт-бағдарларының нығаюының негіздеріне
қатысты.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, ұлттық мүдделердің мазмұнын қалай
түсінуге болады дегенге келетін болсақ, сол ұлттың атынан сөйлейтін
қайсыбір саясаткерлердің, саяси партиялардың және қозғалыстардың
атқарып отырған саяси-экомикалық қызметі белгілі бір ұлт мүддесін
қорғауы, соған сай құрылуы қажет. Себебі жекелеген саяси лидерлердің,
партиялар мен қозғалыстардың мүдделері әрдайым бүкіл елдің немесе
бүкіл халықстың, үлкен және шағын халықтың шынайы мүддесімен сәйкес
келе бермейді. Басқаша айтсақ, оларға пайдалы көрінген дүниелердің бәрі
халыққа үнемі ұнамды бола бермейді, яғни ұлттың, халықгың экономи-
калық, саяси және рухани жағдайын нақгылы жақсартуға қол жеткізбейді.
Сондықтан да әрбір халық өзінің жалпы ұлтгық мүдделерін толық және
терең түсінуі, оларды жүзеге асыру жолында өздері белсенділік танытуы
керек.
Ұлттық қатынастарды саналы реттеу - әр түрлі этностардың мүд-
делерін үйлестірудің бірден-бір кепілі. Осыған орай туындайтын пробле-
малар көбінесе мемлекеттік деңгейде шешіледі. Ұлттардың мүдделерін
мүмкіндігінше орайластыру, жүйеге келтіру дегеніміз - олардың үйлесімді
байланысын дұрыс орнықтыра білу. Мұндайда әрбір ұлттың мүдделері
белгілі бір ауқымды деңгейде жүзеге асады және басқалардың мүдделеріне
бұл ешқаңдай нұқсан келтірмейді. Әрине, оған жету оңай міндет емес,
алайда оны жүзеге асыруға болады. Бұған қол жеткізу үшін ең алдымен
ұлттың соған жан-жақты дайындығы мен қабілеті, әрбір ұлт өкілдерінің
нақгы өз мүдделері мен басқа ұлттардың мүдделерін түсінуі қажет. Бұл
ретте олардың қандай жағдайда, дамудың қай сатысына жақындаса ала-
тынын білу керек. Сонымен бірге алуан түрлі проблемалардың өзара тиімді
компромистік шешімін таба білудің де маңызы зор. Атап айтсақ, халық-
тардың әрқилы географиялық, тарихи себептерге байланысты қалыпта-
суы, олардың экономикалық және басқа да жағдайлары ұлттардың бір-
бірімен бейбітшілікті, ынтымақтастықты сақгай отырьш қалыпты өмір
сүруіне және дамуына жағдай жасай алады.
Ұлтаралық қатынастардың бүкіл кешенін үйлестіру - халықгар ара-
сындағы әлеуметтік-саяси және басқа да қатынастарды тек демократия-
ландыру жолдары арқылы ғана жүзеге асады. Сонымен қатар, оны тиімді
188
жүргізу үшін халықтың ұлттық санасын және саяси институттардың қыз-
метін демократияландыру мен парасаттандыру қажет. Демократияны осы
талаптар мен тәсілдер арқылы дамыту барлық халықтардың нақты мүдде-
леріне сай келеді, әрі ұлтаралық қатынастарды дамытудың объективті
тенденцияларының қолданылу мүмкіндігін кеңейтеді.
Бұлар қандай тенденциялар? Олардың бірі — көптеген ұлттардың эко-
номикалық және саяси дамуындағы дербестігі, олардың мемлекеттігін
жетілдіру, рухани мәдениетті дамыту болса, келесі тенденцияға үлкен және
шағын халықтардың (ұлттардың) өзара жақындасуы, олардың ынтымақ-
тастығының терендеуі, экономикалық және саяси құрылымдардың ин-
теграциясы жатады. Осындай тенденциялар қазір бүкіл дүние жүзінде
қалыптасты және қолданыла бастады. Болашақгы жобалау процесінен соң
ұлттарды біріктіретін интеграциялық процестер жүреді. Өмірдің нақты
ақиқаты осы, оны терең сезіну керек. ТМД елдеріне де бүл мәселеге аса
маңыз беріліп, жан-жақты көңіл бөлінуде. Аталмыш тенденциялардың
арасындағы диалектикалық өзара байанысты ескеру әр мемлекеттегі ұлт
саясатын жүзеге асыруға елеулі түрде ықпал етеді. Бұлай болмаған жағ-
дайда жалпы саясат өмірден, ұлттар мен ұлтаралық қатынастардың да-
муының объективтік тенденцияларынан алшақтайды. Қазіргі тандағы
ұлтаралық қатынастардың даму шеңберінде бәріне бірдей ортақ қатынас-
тар болып саналатын мынандай процестерді атап көрсетуге болады:
олар - халықтардың этникалық шоғырлануы, топтасуы, яғни олардың
саяси, экономикалық, тілдік және мәдени дамуының дербестігі, ұлттық-
мемлекеттік тұтастықты нығайту; этностар арасындағы интеграция (бұл
процесс өмірдің бүкіл салаларында халықгың қажеттіліктерін бүгінгі танда
барынша толық қанағаттандырудан және болашақта халықгардың ынты-
мақтастығын кеңейту мен тереңдетуден тұрады); сіңісу (ассимиляция) -
бұл процестің барысында кейбір халықтар дамыған халықтардың арасы-
на сіңіп кетеді; әдетте сіңісу кезінде сол халық бірте-бірте өз тілін, әдет-
ғүрпын, салт-дәстүрін, этникалық мәдениетін жоғалтып, басқа халықгың
тілін және мәдениетін меңгерген, соны иеленген, соған бейімделген саны
аз халықгар қатарына жатқызылады.
Бұл процестер қазіргі танда бүкіл әлемде жүріп жатқандықган олар-
ды қайсыбір ұлт саясатын жүзеге асырған кезде ескеру қажет. Қалай бол-
ғанда да ұлт саясаты атүсті шешетін мәселе емес, оны салмақтап өлшеп
барып жүзеге асыру керек. Бұл ретте бүкіл объективтік және субъективтік
факторлар кешендері тұтас еске алынуы тиіс. Ұлтаралық қатынастардың
негізінде әдетте ұлт мәселелері қалыптасады. Мұндай проблемалар қазіргі
қоғамдық құрылымда жиі кездесетін көрініске айналды.
189
