- •Бірінші тақырып әлеуметтану - ғылым
- •1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- •2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
- •3. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
- •4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері
- •Дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең (хх ғасыр - XX ғасырдың басы)
- •2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
- •3. Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
- •Үшінші тақырып
- •1. Ресей әлеуметтануыңдағы негізгі бағыттар мен ағымдар
- •2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
- •Төртінші тақырып қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (XIX ғасыр—XX ғасырдың бірінші жартысы)
- •1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
- •3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
- •4. А. Байтұрсынов пен ә. Бекейхановтың әлеуметтану
- •XX ғасырдағы әлеуметтану
- •1. XX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтанудағы
- •2. XX ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі
- •1. Қоғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері.
- •2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
- •3. Қоғандық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның қызметі
- •1. Әлеуметтік құрылым және стратификация ұғымдары,
- •2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері
- •1. Этнос қауымдастығы ұғымы.
- •2. Ұлттық-этникалық қатынастар
- •3. Қазірғі жағдайдағы ұлт мәселелері
- •1. Отбасы әлеуметтануының пәні мен оның функциялары.
- •2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
- •Оныншы тақырып тұлға әлеуметтануы
- •1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы.
- •2. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
- •3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және 9
- •Онбірінші тақырып саясат әлеуметтануы
- •1. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары. Саясат жане саяси қызмет
- •2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
- •3. Қоғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары
- •Он екінші тақырып мәдениет әлеуметтануы
- •1. Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы, мазмұны және функциялары
- •2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
- •Он үшінші тақырып ұйым және басқару әлеуметтануы
- •1. Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы
- •2. Ұйымның тыныс-тіршілігі мен типтері
- •3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен прннциптері
- •Он төртінші тақырып білім әлеуметтануы
- •1. Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
- •2. Оқу социомәдени әрекет ретінде
- •3. Орта оқу орнының қалыптасуы
- •4. Білім жүйесінің құрылымы
- •5. Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
- •Он бесінші такырып әлеуметтану зерттеулерінің методологиясы мен әдісгемесі
- •1. Әлеуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері.
- •2. Әлеуметтік ақпарат жинақтаудаң әдістемесі мен техникасы
2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдык өмірдің кез келген құбылыста-
рына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік байланыстар мен адамдар
арасындағы қатынастарды қамтыған тұтас қоғам болуы мүмкін немесе
қоғамдық өмірдің бір ғана саласы, айталық, экономика, әлеуметтік, сая-
си, рухани жағы болуы да ықгимал. Бұл үлкенді-кішілі әлеуметтік топтар
8
және адамдардың ұлттық қауымдастығы, сонымен қатар таптар, ұлттық,
ұлыстық, кәсіби және демографиялық топтар, бұларға қоса жастардың,
әйелдердің, аға ұрпақ өкілдерінің топтары, өндірістік және басқа да ұжым-
дар, саяси партиялар, кәсіподақгар, шығармашылық ұйымдар болуы да
мүмкін. Әлеуметтанудың пән ретінде көңіл аударатыны- жеке тұлға,
оның қажетті мұқтажы, мүддесі, құнды бағдары, сонлай-ақ: қоғамның бас-
тапқы ұясы ретінде отбасы және тұрақты яки тұрақсыз әлеуметтік-пси-
хологиялық байланысы бар кіші топтар, сонымен бірге алға қойған мүд-
десіне, қызығушылығына қарай құрылған топтар, көршілер, достар,
т.б. болуы әбден мүмкін. Көріп отырғанымыздай, әлеуметтанудың ғылым
ретіндегі объектісінің шеңбері өте ауқымды, көпқырлы және көпжақгы.
Бұл жағдай оның білімдік құрылымын анықгауға мейлінше көмектеседі.
Әлеуметтану білімінін құрылымы - қоғамдық құбылыстар мен про-
цестер жөніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдар-
дың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл - ең алдымен әлеуметтік жүйеде
пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жөніндегі білімнің
белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі
процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі
өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі.
Әлеуметтанулық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылы-
мы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның
ішінде әлеуметтану зерттейтін объектілер шеңбері, ғылыми нәтижелер
мен қорытындылардың терендігі және ауқымдылығы ерекше болады.
Бастапқы алғышарт, негізінен алғанда, объектілерге байланысты қа-
растырылады, сондықтан зерттеуді қоғамды тұтас бір ауқымда қарастырудан
бастау керек. Өйткені адам да, кез келген әлеуметтік топтар да,
әлеуметтік ұйымдар мен институттар да, материалдық және рухани мәде-
ниет те, бір сөзбен айтқанда, қоғамдағы дүниенің бәрі оның дамуының
жемісі болып табылады және олардың өзіндік әлеуметгік табиғаты әрқилы.
Тіптен жеке адамның азық-түлікке деген сұранысы немесе ұрпақ жалғас-
тыру жөніндегі талап, ниеті таза табиғи қажеттілік - мұқтаждыққа жат-
пайды. Бұл - оның әлеуметтік мазмұны жағынан биоәлеуметтік қажет-
тілігі. Олардың биологиялық негіздері бар, алайда ол әлеуметтік форма-
да көрінеді және материалдық өндірістің дамуы немесе отбасы деңгейіндегі
әлеуметтік тәсілдермен қанағаттандырылады. Кез келген әлеуметтік құ-
былысқа қоғамның элементі ретінде және жалпы сол қоғамның өзі арқы-
лы қарау, оны дамушы және өмір сүруші әлеуметтік жүйенің бөлігі ретінде
қарастыру - ғылыми әлеуметтанудың аса маңызды әдістерінің бірі.
Осы айтылғандарды саралайтын болсақ, қоғамға тұтас әлеуметтік организм
ретінде қарау жөніндегі білім әлеуметтану ілімінің бастауы болып
9
саналады. Бұл — қоғамдық қатынастар жүйесі, олардың мазмұны және
өзара байланыс механизмі туралы білім. Табиғатты және қоғамдық қаты-
настардың мәнін түсіну қоғамда қалыптасқан әлеуметтік субъектілердің
өзара әрекетінің мәнін терең пайымдауға мүмкіндік береді. Қоғам тура-
лы білім оның дамуының объективті зандарын, қоғам өмірінің негізгі
салалары жөніндегі түсіңікті және олардың өзара әрекетін, материалдық,
саяси және рухани мәдениеттің өзара ықпалы жөніндегі білімді өз бойы-
на жинап, сіңірген.
Жекелеген қоғамдық өмір салаларының, соның ішінде экономика-
лық, әлеуметтік, саяси, рухани салалардың тіршілік етуі мен дамуы жөнін-
дегі түсініктердің өзара байланысы әлеуметтану білімі құрылымының
екінші саласы болып саналады. Бұл жерде әлеуметтанушы экономисті,
саясаттанушыны, құқықтанушьшы немесе этикті, өнертанушыны алмас-
тыра алмайды. Қоғамның белгілі бір өмір салаларында больш жатқан про-
цестерге оның өз көзқарасы болуы тиіс. Ең алдымен ол осы салаларда
тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың, сонымен қатар жастардың, жұ-
мысшы табының, шаруалардың, интеллигенцияның, қызметкерлердің,
кәсіпкерлердің түрлі топтарының өмірлік қызметін және әлеуметтік
тұрғыда өзін-өзі танытуының мүмкіндіктерін зерттейді.
Ел ішінде тұрып жатқан халыктың әлеуметтік құрамы мен қоғамның
әлеуметтік құрылымы жөніндегі білім де әлеуметтану білімінің маңызды
бөлігі болып саналады. Бұл жерде әңгіме таптар, әлеуметтік үлкен және
кіші, кәсіби және демографиялық топтар, олардың экономикалық және
саяси қатынастар жүйесіндегі орындары мен өзара іс-әрекеттері, соны-
мен қатар ұлттар, ұлыстар, басқа да этникалық топтар және олардың ара-
сындағы бір-бірімен қатынастары жөнінде болып отыр.
Әлеуметтану білімінің келесі бір құрылымы – ол саясат әлеументтануына
жататын ғылыми түсніктер, көзқарастар, теориялар.Мұнда әлеу-
меттану саяси қатынастар, әсіресе өкімет билігі төңірегіндегі қатынастар
жүйесіндегі қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарының нақты жағдайын
анықтауға назар аударады. Азаматтық қоғам субъектілерінің саяси-
әлеуметтік құқықтары мен еркіндігін жүзеге асыру жолдары мен тәсіл-
дерін таба білуі де әлеуметтану үшін аса маңызды. Сол арқылы олар қоғам-
да жүріп жатқан саяси процестерге нақты ықпал жасай алады. Осы тұрғы-
дан қарастырғанда түрлі саяси партиялардың және қозғалыстардың қыз-
меті, қоғамның бүкіл саяси жүйесінің өмір сүруі қарастырылады.
Қоғамдағы әлеуметтік институттардың, атап айтқанда, мемлекеттің,
құқықтың, шіркеудің, ғылымның, мәдениеттің, неке мен отбасының,
т.б. атқаратын қызметі жөніндегі әлеуметтанушының ғылыми түсінігін және
қорытындыларын жүйелеу әлеуметтану білімінің келесі құрылымы болып
10
есептеледі. «Әлеуметтануда әлеуметтік институт дегеніміз бұл белгілі бір
уақыт кезеңінде тұрақтылықты сақгайтын және бүкіл әлеуметтік жүйе
тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар қызметінің торабы. Әрбір ерек-
ше «торап» қоғамның өмір сүруінде маңызды рөл атқарады» Әрине, атал-
мыш институттардың әрқайсысының пайда болуы мен өмір сүруінің
объективті алғышарттары бар. Олардың арасында өздеріне сәйкес іштей
ұйымдасу қалыптасқан және қоғамдық өмірде өз орнын сақгаған, соған
орай ерекше функциялар атқарады. Өзара әрекет ету арқылы байланыса
отырып, олар қоғамның алға басуын, өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтанудың зерттеу объектілеріне орай, әлеуметтану білімі құры-
лымының тағы да бірнеше салаларын атап өткен жөн. Мысалы, өндіріс
ұжымының, формалды емес топтар мен ұйымдардың, сонымен қатар жеке
тұлғааралық қатынастардың кіші топтары мен жекелеген тұлғалардың
тіршілік әрекетіне байланысты ғылыми түсініктер, көзқарастар, теория-
лар қалыптасқан.
Жоғарыда келтірілген әр түрлі әлеуметгік кұбылыстар мен процестер
төңірегіндегі барлық ғылыми түсініктер, ұғымдар, көзқарастар мен тео-
риялар өзара байланысып, тұтас және күрделі әлеуметтану білімінің құры-
лымын қалыптастырады. Ол қоғамдық өмірдің бүкіл жақтарын, оның са-
лаларының өзара байланысын және өзара әрекетін қамтып көрсетеді,
түптеп келгенде, қоғамды тұтас әлеуметтік жүйе ретінде ғылыми тұрғыда
бейнелейді. Осының бәрі ғылым және оқу курсы ретінде әлеуметтану-
дың құрылымын құрайды.
Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен
көзқарастар ашып көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай
жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады.
Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:
- жалпы әлеуметтанулық теориялар, немесе жалпы теориялық әлеу-
меттану;
- арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар
деп те сипаттайды;
- нақты әлеуметтанулық зерттеулер.
Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің өзгешеліктері қоғамдық құ-
былыстардағы әлеуметтанулық талдаудың терендігін және бұдан шыға-
тын қорытындылардың маңыздылығын байқатады.
Жалпы әлеуметтанулық теориялар макроәлеуметтанулық зерттеу
ретінде, әдетте, тым терендетілген немесе әлеуметтанушылар айтқандай,
қоғамның және жалпы тарихи процесс дамуының мәңгілік кезеңін қарас-
---------------------------------------------------------------
1. Левада Ю, Л. Лекции по социологии. М.: Изд. АН СССР, 1969. С. 47.
11
тырады. Жалпы әлеуметтанулық теориялар деңгейінде кез келген әлеу-
меттік құбылыстардың пайда болуы мен одан әрі жалғасуының аса
түбегейлі себептері, қоғам дамуының қозғаушы күштері, т.б. жөнінде
ғылыми тұжырымдар жасалады. Жалпытеориялық деңгейде адамдардың
қоғамдық, соның ішінде өндірістік қызметінің теориясы қалыптасады,
қоғам дамуындағы еңбектің рөлі ерекшеленеді.
Қоғамдық қатынастар теориясы - әлеуметтік субъектілердің эконо-
микалық, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетикалық, діни, т.б. ара-
қатынастарының табиғатын және мазмұнын ашатын жалпытеориялық
әлеуметтанудың маңызды тарауы болып табылады.
Жалпы теориялық деңгейдегі әлеуметтанулық сараптауда қоғамдық
қатынастардың мәні, олардың ерекше рөлі және өзара әрекет ету меха-
низмі анықталады, сонымен қатар қоғамдық қатынастар өз субъектілеріне
байланысты (әлеуметтік-таптық және ұлттық қатынастар, қоғам мен
тұлға арасындағы қатынастар, т.б.) сипатталады. Жоғарыда аталған барлық
қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамды қалыптастырады. Қоғам
бұл қатынастардың жүйесі ретінде алға шығады. Ал оларды толығырақ
қамтып, оған терең ғылыми талдау жасау жалпы әлеуметтану теориялары
деңгейінде ғана мүмкін болатын нәрсе.
Осы деңгейде қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, руха-
ни және тағы басқа да салаларының өзара әрекеті зерттеледі, олардың
өзара байланысы мен өзара тәуелділігі (мысалы, қазіргі ғылыми - техни-
калық революцияның қоғамның әлеуметтік құрылымына, ғылым мен
мәдениет салаларьша ықпалы) ашылады. Қоғамдық өмір салаларының,
экономика мен саясаттың, саясат пен құқықгың, өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығы өндірісінің, т.б. өзара әрекеті сарапталады.
Жалпы әлеуметтану теориялары деңгейінде әрбір әлеуметтік құбылыс,
оның қоғамдағы орны және рөлі, оның басқа да құбылыстармен көпжақ-
ты байланыстары тұтастай көзқарастар, кең көлемді әлеуметтік алғышарт-
тардың өзара әрекет ету жүйесі тұрғысында қарастырылады. Бұған жоға-
рыда келтірілген қоғамдық қатынастар мен қоғамдық өмір салалары, со-
нымен қатар қоғам дамуының объективті зандары жатады. Жалпы тео-
риялық әлеуметтану, жалпыәлеуметтану теориялары жүйесіндегі қоғам-
дық құбылыстар мен процестерді зерттеудің мәні мен ңегізгі ерекшелігі,
міне, осында.
Арнайы немесе жеке әлеуметтанулық қағидалар - социум өмірінің
жеке бағыттарын, жеке әлеуметтік топтар мен институттарды қарастыра-
ды. Бұл теорияның танымдық мөлшері, көлемі жалпыөлеуметтанулық
теорияларға қарағанда қысқа, әдетте қоғамның жүйешелірімен ғана
шектелген. Осы ретте, қоғамдық өмірдің экономикалық және әлеуметтік
12
салаларын мысалға алуға болады. Мұндай жағдайда әлеуметтік-эконо-
микалық қатынастар, адамдардың өндірістік қызметі, әсіресе оның әлеу-
меттік аспектілері, сонымен қатар халықгың әр түрлі категорияларының
еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғанысының проблемалары, халыққа
білім беру, денсаулық сақгау, тұрмыс пен адамдардың демалысы, әлеу-
метгік қамсыздандыру, т.б. мәселелері зерттеледі.
Зерттеудің мақсаттары- статистикалық материалдардың, әлеуметта-
ну зерттеулерінің мәліметтерін және басқа да ақпараттарды пайдалану
негізінде аталмыш қоғамдық өмір салаларына немесе олардың жекелеген
жақгарына қатысты толық түсінік алу, сонымен қатар орын алып отыр-
ған проблемаларды тиімді шешуге, әлеуметтік-экономикалық процестерді
ұтымды басқаруды жақсартуға байланысты ғылыми дәлелденген қоры-
тындылар жасау. Дәл сондай мақсаттар әлеуметтанулық зертгеулердің
объектілері ретінде, қоғамдық өмірдің саяси және рухани салалары қарас-
тырылғанда да басшылыққа алынады. Әлбетте, әрбір осындай жағдайда
қоғамдық өмірдің кейбір салаларында болып жататын процестердің ерек-
шеліктеріне байланысты әр алуан мақсаттар алға қойылады.
Арнайы әлеуметтанулық теорияларды қолдану барысында көбіне-көп
жалпы әлеуметтанулық теорияларға да жүгініп отыру қажет. Сол арқылы
қоғамның тұтастығы мен кең ауқым тұрғысында белгілі бір әлеуметтік
құблыстарды немесе оқиғаларды пайымдауға болады, Алайда, осы тұрғы-
дан келгеннің өзінде де зертгеуші сол оқиға болып жатқан қоғамның өмір
сүру қалпына, ең алдымен, осы саланың, яғни қалыптасқан дәстүрдің
механизміне, ондағы жүріп жатқан процестерді талдауға, сонымен қатар
осында қалыптасқан ерекше әлеуметтік проблемаларды шешуге назар
аударады; Өзінің табиғатына сәйкес арнайы әлеуметтанулық теориялар,
теориялық және эмпирикалық (яғни ағымдағы практикалық мәліметтерге
талдау жасауға бағыггалған) зерттеу деңгейлері органикалық үйлесімде
қолданылады. Бұл теориялар адамдар өмірінің қайсыбір жақгарына, өн-
дірістік, саяси, басқа да қызметіне, олардың қоғамдық, отбасылық және
жеке басының тұрмысына тікелей практикалық ықпал ету тәсілдеріне
негізделеда. Сонымен қатар, олар әр түрлі әлеуметтік институттардың қыз-
метін жақсарту жолдарың да дөлелдеп қөрсетеді. Басқаша айтар болсақ,
арнайы әлеуметтанулық теориялар бүгінгі күннің және жақын болашақ-
тың практикалық проблемаларын шешуге бағытталған.
Арнайы әлеуметтанулық теориялардың кейбір негізгі өлшемдері арқылы олардың қолданылу аясын да санамалап шығаруға болады. Біріншіден, бұл - бастапқы теориялық және методологиялық ережелер, солардың негізінде теориялар құрылады және олар жүргізілетін зерттеулер мен оның қорытыңдыларын шығарудың негізін кұрайды; екіншіден, ұғымдар
13
жүйесі оны арнайы әлеуметтанулық теориялар қолданады; үшіншіден, теориялық қорытындылар жасау; төртіншіден, шеңбері кең проблемаларға,
сонымен қатар түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани
процестерді басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты зерттеулерден
және пайымдаулардан туындайтын арнайы әлеуметтанулық теориялар
деңгейінде ғылыми және практикалық ұсыныстар. Бұл теориялар прак-
тика тұрғысында органикалық байланыста болатындығымен ерекше-
ленеді.
Арнайы әлеуметтану теорияларының негізгі мазмұнын құрастыратын
білім салаларының арасынан мыналарды атап көрсетуге болады: еңбек
әлеуметтануы, әлеуметтік-таптық қатынастар, жастар әлеуметтануы және
отбасы әлеуметтануы, этнос әлеуметтануы немесе ұлт қатынастары әлеу-
меттануы, қала және село әлеуметтануы, саяси қатынастар әлеумет-
тануы, дін әлеуметгануы, мәдениет әлеуметтануы, тұлға әлеуметтануы.
Осының ішінен әлеуметтанулық бір-бірінен мазмұнына қарай өзгеше-
ленеді, сондай-ақ әрекет етуші субъектілеріне қарай да таптар, ұлттар;
жастар топтары, қала мен село тұрғындары, саяси партиялар мен қозға-
лыстар, т.б. бүкіл қоғамдық қатынастардың әлеуметтанулық салалары
болып танылады.
Арнайы әлеуметтанулық теориялардың дамуы негізіңде зерттеушілер
қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларына, адамдардың қызметіне және әлеу-
меттік институттардың тіршілік етуіне қажетті тақырыптық сараптау жа-
сауға мүмкіндік адады. Сөйтіп, осьшың нәтижесінде теориялық және
практикалық маңыздылығы жоғары мәліметтер жинастырады.
Әлеуметтану білімінің келесі деңгейіне нақты әлеуметтанулық зерт-
теулерді жатқызуға болады. Олар - анкеталық сауалнама, сұхбатнама
(инктервью), арқылау, т.б. түрлерінде іске асырылады. Зерттеулер әлеу-
меттік ақиқаттың жан-жақты салалары жөніндегі шынайы мәліметтер алу
мақсатында әлеуметтану, экономика, құқық, т.б. ғылымдар шеңберінде,
сонымен қатар қоғамдық өмірдегі белгілі бір оқиғаларға халықтың көзқа-
расы туралы мағлұмат алу үшін (сонымен бірге жекелеген әлеуметтік
топтар), қоғамдық пікірді білу мақсатында, адамдардың қайсыбір әлеуметтік
проблемаларға, оларды шешудің тәсілдеріне және т.б. қатысты пікірлерін
анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай зерттеулерден алынған мәліметтер
қоғамның және мемлекет өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың, еңбек
және басқа да ұжымдардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың
қызметгерінің ағымдағы және болашақтағы міндеттерін шешуге ұсыныс-
тар дайындау үшін негіз бола алады. Олар арнайы және жалпы әлеуметта-
нулық теориялар деңгейінде пайымдаудан өтіп, қоғам дамуының аса мәнді,
өзекті проблемаларын шешу үшін қолданылады.
14
Қоғамдық өмірдің кез келген саласы жөнінде нақтылы, шынайы ақпа-
рат берілген тұжырымды әлеуметтанулық зерттеулер өмірде орын алған
қарама-қайшылықгарды анықгауға, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік
құбылыстар мен ағымдық үрдістердің даму бағыттары мен барыстарын
айқындауға көмектеседі. Бұлардың екеуі де әлеуметтік проблемаларды,
қоғамдық процестерді басқдру мәселелерін ғылыми тұрғыда түсініп, шешу
үшін өте маңызды.
Нақты әлеуметтанулық зерттеудегі ең маңызды нәрсе - ол қоғамда,
оның бір саласында не болып жатқаны және оларды адамдар қалай қабыл-
дап отырғаны жөнінде айқын ақпарат алу.
Нақты әлеуметтанулық зерггеулер эмпирикалық әлеуметтанудың
маңызды саласы больш табылады. Бұл бағыт адамдардың күнделікті прак-
тикалық қызметін, оның объективті және субъективті жақтарын зерттеу-
ге бағьпталған.
Бұл бағыт әлеуметтік шындықгы зерттеумен айналысады және олар-
ды пайымдау жөнінде фактілер мен мартериалдар жинаудың, бақылау мен
тәжірибе жасаудың, басқа да мәліметтер алудың тәсілдерін қамтиды.
Осының бәрі шындықгы танудың эмпирикалық мәні болып саналады.
Қазіргі кезде білім мен мәдениет ықпалының артуы,ғылым мен тех-
никалық таным құралдарының дамуы адамдардың әлеуметтік ақиқаттың
сан алуан салаларына орай тәжірибелік, эмпирикалық білімін тұрақты
түрде жетілдіруде. Теориялық ой қорытуға орай эмпиририкалық білімнің
теориялық компоненттері тығыз байланысып, көбеюде және күшеюде.
Қоғамдық өмір құбылыстарын эмпирикалық тану ерекше ғылымды -
эмпирикалық әлеуметтануды қалыптастырды. Ғылымңың бұл саласы
АҚШ пен Еуропа елдерінде қарқынды дамып келеді.
Жоғарыа сипатталған әлеуметтану білімінің деңгейлері – жалпы-
әлеуметтанулық, арнайы әлеуметтанулық теориялар және ңақты әлеу-
меттанулық зерттеулер бір-бірінен алыстаған емес, олар өзара органика-
лық түрде әрекет етеді, сөйтіп бірдей және тұтастай әлеуметтану білімінің
құрылымын құрайды. Бірақ бұл құрылымда олардың рөлі бірдей емес.
Нақты әлеуметтанулық зерттеу барысында қазіргі өмірдің ағымдағы
процестері жөніндегі әр түрлі ақпараттар алынғанымен, олар кейін ар-
найы және жалпыәлеуметтанулық теориялар деңгейінде пайымдалады.
Бұл қоғамдық өмірдің жекелеген салаларыңда және тұтас коғамда бола-
тын процестерді ғылыми негізде ой елегінен өткізіп, мойындауға мүмкін-
дік жасайды. Сондай-ақ, жалпыәлеуметтанулық теориялар арнайы әлеу-
меттанулық теория мен нақты әлеуметтанулық зерттеулер деңгейінде
проблемаларды шешу үшін де қолданылады.
Әлеуметтанудың қалыптасуыңда теориялармен қатар категориялар
мен зандар маңызды рөл атқарады.
15
