- •Бірінші тақырып әлеуметтану - ғылым
- •1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- •2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
- •3. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
- •4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері
- •Дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең (хх ғасыр - XX ғасырдың басы)
- •2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
- •3. Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
- •Үшінші тақырып
- •1. Ресей әлеуметтануыңдағы негізгі бағыттар мен ағымдар
- •2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
- •Төртінші тақырып қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (XIX ғасыр—XX ғасырдың бірінші жартысы)
- •1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
- •3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
- •4. А. Байтұрсынов пен ә. Бекейхановтың әлеуметтану
- •XX ғасырдағы әлеуметтану
- •1. XX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтанудағы
- •2. XX ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі
- •1. Қоғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері.
- •2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
- •3. Қоғандық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның қызметі
- •1. Әлеуметтік құрылым және стратификация ұғымдары,
- •2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері
- •1. Этнос қауымдастығы ұғымы.
- •2. Ұлттық-этникалық қатынастар
- •3. Қазірғі жағдайдағы ұлт мәселелері
- •1. Отбасы әлеуметтануының пәні мен оның функциялары.
- •2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
- •Оныншы тақырып тұлға әлеуметтануы
- •1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы.
- •2. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
- •3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және 9
- •Онбірінші тақырып саясат әлеуметтануы
- •1. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары. Саясат жане саяси қызмет
- •2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
- •3. Қоғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары
- •Он екінші тақырып мәдениет әлеуметтануы
- •1. Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы, мазмұны және функциялары
- •2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
- •Он үшінші тақырып ұйым және басқару әлеуметтануы
- •1. Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы
- •2. Ұйымның тыныс-тіршілігі мен типтері
- •3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен прннциптері
- •Он төртінші тақырып білім әлеуметтануы
- •1. Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
- •2. Оқу социомәдени әрекет ретінде
- •3. Орта оқу орнының қалыптасуы
- •4. Білім жүйесінің құрылымы
- •5. Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
- •Он бесінші такырып әлеуметтану зерттеулерінің методологиясы мен әдісгемесі
- •1. Әлеуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері.
- •2. Әлеуметтік ақпарат жинақтаудаң әдістемесі мен техникасы
2. XX ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі
кезеңдегі әлеуметтаныңдық теориялар мен негізгі шыңдар
XX ғасырдың 70-80-жылдарында Батыста әлеуметганудың дамуын-
да осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. Әлеумет-
танудың кейпін анықтайтын жаңа тұжырымдамалар мен теориялар пай-
да болуда. Бұлар классикалық үлгідегі ой-пікірлермен тығыз байланыста
дамуда және оларды жалғастыруда. Яғни әлеуметтанудағы сабақтас-
тық өте анық көрсетілуде. Бұл түсінікті де, себебі бұл ғылым әлеуметтік
процестердің шындығын көрсетеді. Алайда, әлеуметтанудағы бұл кезенді
өткен екі кезеңмен тығыз байланыстыра қарастыру қажет. Олай етпеген
күнде әлеуметтанымдық ойдың соңғы жиырма жыл ішіндегі даму өзге-
шеліктерін түсінуге болмайды. Бұл кезендеғі теориялық жұмыстар бір-
неше бағыттардың өмір сүруі арқылы көзге түседі. Мұнда үш негізгі ба-
ғытты ашып көрсету қажет: неомаркстік, неопозитивтік және түсінуші
әлеуметтану бағьптары. Бұлардың біріншісіне Франкфурт мектебі мен
АҚШ-тағы радикалды-сыншыл әлеуметтануды, екіншісіне — структура-
лизмді, құрылымдық функционализмді, постпозитивизмда, ал үшіншісіне -
этнометодологияны, символикалық интеракционизмді, феноменология-
лық әлеуметтануды жатқызуға болады. Дәстүрлі тұжырымдамаларды тео-
риялық тұрғыда бірінші болып қайта қарауға ұмтылғандар Франкфурт мек-
тебінің өкілдері М. Хоркхаймер (1895-1973), Т. Адорно (1903-1969), Г. Мар-
кузе (1898-1979), Ю. Хабермас (1929) болды. 1930 жылдардың өзінде
Майндегі Франкфуртта әлеуметтік зерттеулер институты негізінде нео-
марксизмге негіз қалаған Батыс әлеуметтануының бағыты қалыптасты.
Бұл марксизмді жаңаша түсіндіруге тырысқан әлеуметтік-философия-
лық ой ағымы еді. Мұның өкілдері үшін әлеуметтік-экономикалық кате-
гория ретінде алынған «шеттетілу» ұғымы өзекті ұғым болып саналады.
115
Неомарксизм «маркстік» капитализмнің орнына қоғамның еңбектік
негізін өзгертетін «кешеуілдеген капитализмнің» келгенін жариялады.
Бұл мектептің өкілдері, ең әуелі Ю. Хабермас 70-80-жылдардың шегінде
әлеуметтанымдық методология саласы бойынша еңбектер жариялады.
Қазіргі Батыс әлеуметтануының кең тараған бағьггы — неопозитивизм.
Бұл бағыт тұтастыққа қолы жеткен мектептердің қатарына жатпайды,
керісінше ықпалды бағдар іспетті, оның жақтаушылары өздерін ғылыми
әлеуметтанудың немесе әлеуметтанудағы жаратылыстану-ғылымилық
бағыттың өкілдеріміз деп санайды.
Неопозитивизмнің қалыптасуы XX ғасырдың 20-жылдарында бас-
талды, оған «ғылымның стандартты тұжырымдамаларын» жасау негіз
болды. Бұл тұжырымдама бірнеше принциптерді жүзеге асыруды мақсат
тұтады: әлеуметгік құбылыстар табиғи және мәдени-тарихи заңдарға ба-
ғьшады; әлеуметтік зерттеудің әдістері сияқгы қатаң, нақты және объек-
тивті болуы тиіс; адам мінез-құлқының субъективтік мәселелерін (мо-
тивтер, құндылықты бағдарлар және басқалары) тек олардың көзге нақ-
ты көрінуі арқылы ғана зерттеуге болады; ғылыми ұғымдардың ақиқат-
тығы мен бекуі эмпириялық зерттеулер негізінде анықтальш, орнығуы
қажет; барлық әлеуметтік құбылыстар сандық түрде көрсетіліп, жазы-
луы керек; әлеуметтану ғылым ретінде құнды ой-пікірлер мен идеоло-
гиядан еркін болуы тиіс.
Неопозитивизм өзінің қолданбалы эмпириялық бағдарының арқа-
сында әлеуметтанулық зерттеудің әр түрлі әдістерін жасады және мең-
герді, атап айтқанда, іштей және сырттай бақылау әдісі, адамдардың жеке
басына қатысты құжаттарды қолдану әдісі, шкалалық әдіс, панелдік әдіс,
латенттік, контентталдау, т.б. әдістер қалыптасты.
Неопозитивизм шеңберінде әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізуге
қойылатын негізгі талаптар қалыптасты. Оларды әлеуметтану мәдение-
тінің нормалары деп те атайды. Олардың қатарына мыналар жатады: ұғым-
дарды іріктеу және оларға нақты түсінік беру; гипотеза әзірлеу; зерттеу
әдістерін мазмұндау; зерттеудің мәліметтерін және нәтижелерін мазмұн-
дау; қорытындыларын дәлелдеу; зерттеу тақырыптарына орай пікір-сай-
ыстар ұйымдастырып, өткізу. Неопозитивизм өзінің дәуірлеу шыңына 40—
50-жылдары көтерілді, бұған дейін біраз уақыт ол құлдырауды бастан
өткерді. Неопозитивизм қазіргі Батыс әлеуметтануында көшбасшы болу
рөлінен айрылды. 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында оның
қайта жандануына қоғамдық-саяси жағдайлар ықпал етті, әсіресе әлеу-
меттік құбылыстарға сенімді ақпараттар мен ғылыми экспертизалар та-
лап ету мемлекеттік тапсырысқа айналды. Әлеуметтану бұған қолданба-
лық функциясын күшейту арқылы жауап береді, ол ең алдымен әлеуметгік
116
инженериядан нақтылы түрде көрінді және қолданбалық зерттеулердің
шеңберінің кеңеюінен де байқалады. Сонымен қатар эмпиризм мен маз-
мұндауды жеңуге байланысты алғашқы қадамдар жасалып отыр. Осыған
орай неопозитивизмнің мына ережелері алдыңғы қатарға шықты: ма-
тематика тілі әлеуметтанулық ақпаратты берудің ең маңызды формасы
болып табылады; ғылымдардың методологиялық бірлігін негізге ала
отырып, мәліметтерді талдау үшін жаңа логикалық-методологиялық
құралдарды қолдануы тиіс; әлеуметтану әлеуметтік зерттеудің этикалық
тұрғыдан алғандағы бейтарап саласы.
Сонымен, әлеуметтік ақпаратқа деген сұраныстың күшеюі неопо-
зитивизмнің дамуы үшін қаржы негізін қалайды және қолайлы саяси ахуал
қалыптастырады. Бірақ бұл әдістің іргелі теориялық базасының болмауы-
на байланысты өрісінің шектеулі екендігін де байқаймыз.
Феноменологиялық әлеуметтану ағымының белгілі өкілдері - Альф-
ред Щюц (1899-1959), Питер Бергер (1929), Томас Лукман (1927). Бұлар-
дьің пікірінше, дүниені және нақты фактіні танып қабылдау адамның
қайсыбір оқиғаларды түсіндіруіне байланысты болады, Жағдайды түсін-
діру тәсілі, нені істеуге болады, нені істеуге толық мүмкіндіктің жоқты-
ғын анықтау индивидтің әлеуметтену процесі барысында меңгерген,
өмірлік тәжірибесінен туындаған құндылықтыр жүйесіне байланысты.
Щюц әлеуметтенудің ерекшелігі және индивидтің қандай мәдениетке,
әлеуметтік, кәсіби топқа жататыны құндылықтардағы өзгерістерге бай-
ланысты екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік нормаланған «дүние кон-
струкциясының» түрлері өте көп.
Мұндай жағдайда адам әрекеттерінің мотивтерін объективті түсіну
мүмкін бе, яғни олардың субъективтік мәнін түсінуге бола ма? деген заң-
ды сұрақ туады. Егер де ол мүмкін болатын болса, онда ненің негізінде
пайда болады? Шюц түсіну мүмкіндігі күнделікті өмір негізінің өзінде,
«күнделікті дүниеде» қаланған деп тұжырымдайды. Оның пікірінше, бұл
әлеуметтанудың ең басты міндетін, яғни индивидтердің субъективтік
тәжірибесі негізінде әлеуметтік құбылыстардың қалыптасу процесінің
объективтілігін ұғыну міндетін шешуге мүмкіндік береді. Алайда, әлеу-
меттанушы өмірлік дүниенің теориялық моделін жасай отырып, келесі
ережелерді (постулаттарды) басшылыққа алуы тиіс: релеванттық посту-
лат. Әлеуметтік дүние моделінің тікелей зерттеу проблемасына қатысы
жоқ, «артық» мазмұнына көңіл аудармай, бірден зерттелетін пәннің өзіндік
байланыстары мен қатынастарын белгілеуді есепке алу керек; барабар
постулаты - әлеуметтанулық модель және ондағы білім, мотивтер, жос-
парлар, әрекетгердің құрылуы «саналы және түсінікті» болып қабылдануы
тиіс; логикалық жүйелік постулаты — әлеуметтану ғылымы қолданатын
117
ұғымдар тізбегі, бір-бірін толықтыратын, бір-біріне сәйкес келетін болуы
және солардың негізінде қозғалуы тиіс, айтылатын ой біріне-бірі қайшы
келмеуі қажет; келісу постулаты - әлеуметтанушы қайтадан дүние жа-
сап шығармайды, ол өзінің түсіндіру моделін оны эмпириялық жолмен
тексеруге болатындай етіп құрады.
Сонымен, феномонологиялық әлеуметтану бірінші болып күнделікті
болатын құбылыстарды әлеуметтік ғылымдардағы зерттеулердің негізі
және алғышарты, тақырыбы мен пәні ретінде қарастырды.
Қазіргі Батыс әлеуметтануының бірден-бір қызықгы және табысты
ағымы символдық интеракционизм болып табылады. Бұл ағымды негіз-
деген - Америка ғалымы Дж. Мид (1863-1931). Ол Ч. Дарвиннің идеясы-
мен рухтанып, арнайы адамзат эволюциясы теориясын жасауға тырысты.
Ол үшін ең алдымен іргелі сұраққа жауап қайтару керек болды: адамның
жануарлардан айырмашылығы неде, оны тұлға ететін не? Оның пікірінше,
адамның ерекшелігін мінез-құлықтың негізгі реттеушісі саналатын дамы-
ған инстинктер жүйесінің болмауы анықгайды. Сондықтан да адамның
символдарды ойлап табу және қолдану қабілеті бар. Бұл адамның қорша-
ған ортаға, саналы мінез-құлыққа және өзін бақылауға саналы бейім-
делуінің негізі болып табылады.
Адам әрекетінің басты сипаты — символдарды қолдану. Дж. Мид әлеу-
меттік әрекеттің екі формасын немесе екі сатысын ажыратады: ишарат-
тың (ымның) көмегімен адамның қарым-қатынас жасау сатысы; жанама
қарым-қатьшас жасаудың символдық сатысы.
Ишарат (ым) арқылы қарым-қатынас жасау әрекеттің қысқартылған
түрі секілді сипатталады, жекелеген ишараттардан әрекетті толық қал-
пына келтіруге болады. Мінез-құлықты үйлестіру функциясын өз құзы-
рына алған мұндай түрдегі ишараттар тілдің кейпі сияқгы болып көрінеді.
Символдық жанама өзара әрекеттер, яғни ең алдымен тілдің көмегімен
болатын өзара әрекеттердің сипатталуы былайша жүзеге асады: а) кез
келген индивидпен қарым-қатынаста бірдей реакцияны тудырады; б) өзін басқа адамның орнына қойдырады; в) өзіне басқа адамның көзімен қарайды.
Символдық жанама өзара әрекеттің пайда болуып Дж. Мид функцио-
налдық арқылы түсіндіреді, яғни адамдарда сенімді түрдегі инстинктердің
болмауы салдарынан олардың мінез-құлықгарын үйлестіру қажеттігі тұр-
ғысынан ұғындырады және антропологиялық, яғни адамның символдар-
ды жасау және қолдану қабілетімен түсіндіреді.
Маңызды символдар, егер де бұлар топтардың игілігіне айналса ғана
өздерінің үйлестіруші функциясын орындай алады. «Ана», «әке», «жақсы»,
«жаман» және т.б. ұғымдар өзінің естілуімен және ерекше маңыздылы-
ғымен топтардың игілігі болып табылады, одан жеке адам осы маңызды
118
лықтарды алады. Адамның қоғам мүшесі болуы — оның топтық әрекеттің
үлгілері мен нормаларын меңгеру деңгейіне байланысты.
«Маңызды символ» ұғымы ең алдымен тілге қатысты айтылған, соны
білдіреді. Қарым-қатынастағы әріптестер ешқашан да бірдей тілде сөйле-
мейді. Соның салдарынан көбіне-көп бірін-бірі түсінбейтін немесе қате
түсіністік жағдайлар пайда болады, бұл өзара әрекеттің бұзылуына әкеліп
соғады. Мұндай бұзылуларды (бұрмалаулар) метакоммуникацилардың
көмегімен түзетуге болады, яғни әріптестер қарым-қатынастар орнату
процесінде қолданған ұғымдарының мәнін салыстырмалы және ортақ
маңыздылық жүйесі арқылы жүзеге асыруы қерек. Бұдан шығатын қоры-
тынды: адам объектілерге қатысты қызметті өзі мән берген маңыздылық-
тардың негізінде іске асырады; маңыздылықтың өзі әлеуметтік өзара
әрекеттің жемісі больш табылады; маңыздылықгар өздеріне түсіндірмелер
мен жаңа анықгамалар беру арқылы пайда болады және өзгереді.
Дж. Мидтің пікірінше, қоғам адамдардың жиынтығы, сондықтан да
индивид адамдармен өзара әрекет ету қарым-қатынасын орнатқанда және
өзін-өзі түсінуі арқылы, өз әрекетін жоспарлағанда кімнің ұстанымын,
кімнің көзқарасын негіз етіп алу керектігін қарастырады, пайдалысын қол-
дайды. Қоғамның пайда болуып Дж. Мид, түптеп келгенде, физиология-
льіқ себептер арқылы, яғнй белгілі бір қажеттіліктердің (мұқгаждықтар-
дың) пайда болуы және соларды қанағаттандыру, ең алдымен тамакқа
және өмірді жалғастыру қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттілікте-
рінің пайда болуы арқылы түсіндіреді. Индивид физиологиялық жағьшан
өзін қанағаттандырғанымен, қалай болғанда да басқа адамдармен байла-
ныс орнатады, соларға тәуелді болады.
Нақтылы және идеалды қоғамның өмірін сипаттаған Дж. Мид олар-
ды өзара әрекеттің кең көлемі мен сапасы арқылы қарастырады. Идеал-
дық қоғам нормалардың бәріне ортақ болуы және коммуникация проце-
сіне бүкіл адамзаттың араласуы арқылы сипатталады. Идеалдық қоғам-
ның пайда болуының алғышарттарын ол дүниежүзілік шаруашылықгар
байланысының кеңеюінің, мемлекеттер арасындағы саяси одақтардың
қалыптасуының, діннің әмбебаптығының кеңеюінің нәтижесі деп тұжы-
рымдады. Сонымен қатар Дж. Мид әлеуметтік шиеленістердің конструк-
тивтік рөлін, соның ішінде еңбек пен капитал арасындағы шиеленісті атап
көрсетті, еңбек пен капиталдың шиеленісі барысында үндері шықпай,
беделден айрылған, қоғам әлі мойындамаған және өзінің таптығын қал-
пына келтіру үшін күресуші қанаушылар тобы қайтадан даусын көтере
бастады. Сөйтіп, коммуникацияға тартылған әлеуметтік субъектілердің
шеңбері кеңейді және осы жаңа диалоггың нәтижесі қоғамды қайта құруы
мүмкін.
119
Батыстың қазіргі әлеуметтануының кең таралған тағы бір тұжырым-
дамасы ол — этнометодология. Мұның негізін қалаушы американ әлеу-
меттанушысы Г. Гарфинкель. Бұл тұжырымдаманың мән-мағынасы -
этнофафия мен әлеуметтік антропология әдістерін әлеуметтік зерттеулердің
жалпы методологиясына айналдыру. Этнометодологияның негізгі тала-
бы — зерттеу субъектісі мен объектісінің арасында үзілісті болдырмау.
Әлеуметтанушы зерттеудің жағдайы мен сырына терең үңілуі тиіс, яғни
ол бұл іске сырт көзбен қарай алмайды. Әлеуметганушының міндеті —
зерттелетін объектімен өзара тығыз байланыс орнату, сонымен біте қай-
насуы керек, себебі олардың өзара қимылы осыған негізделеді. Этноме-
тодологияның өкілдері осындай өзара қимыл-әрекетте басқа тәсілдерге
қарағанда солардың бәрінен де анағұрлым бай ақпараттар алуға болаты-
нын атап көрсетеді. Сондықтан этнометодолог ғалымдардың осындай
өзара байланыс барысында қолдары жететін, яғни ғылыми қорытынды-
лар жасауға негіз болатын тәсілдерді ұсынуы көбінесе халық даналығы
деп аталатын қарапайым әрі мағынасы дұрыс сипатқа ие болады. Шын
мәнінде мұндай қорытындылар адамдардың жүріс-тұрыс тәртіптерінің
көрінісі ретінде сипатталатын сөздік қатынастар ретіндегі әлеуметтік өзара
әрекетті көз алдымызға елестетіп отырады.
Енді 1990 жылдың шілде айында Мадрид қаласында өткізілген дүние-
жүзілік XII әлеуметтанымдық конгресте ұсынылған ең жаңа әлеуметта-
нымдық постмодернистік тұжырымдама жөнінде аздап түсінік бере кетелік.
Бұл тұжырымдаманың өзіндік ерекшелігі бар. Себебі ол әлеуметтік
нақгылық пен әлеуметтанудың өзін таньш-білу тәсілдеріне ғана қатысты
емес, сонымен бірге, әсіресе қоғамдағы болып жатқан және 90-жылдарда
болуы мүмкін өзгерістерді жаңаша түрінуге мүмкіндік береді. Постмо-
дернистік дамудың бұл жаңа жалпытеориялық тұжырымдамасын ағылшын
әлеуметтанушысы Э. Гидденс ұсынды. Мұның мәні мынада: бұл постмо-
дернизм тұжырымдамасының жақтаушылары қазіргі больш жатқан және
келешекте болатын өзгерістерде мәдени факторлардың ерекше рөл атқа-
ратынын көрсетіп, соны баса айтады. Басқаша айтқанда, дәл осы фактор-
лар қоғамдық прогрестің өлшемдері ретінде қаралады. Бұл жерде Э. Гид-
денс бәрінен бұрын әлеуметтік субъектінің (тұлғаның, кез-келген әлеу-
меттік қауымдастықгың - халықгың, кәсіптік топтың, қоғамдық қозға-
лыстың) және оның қызмет еркіндігі рөлінің артып отырғанын көрсетеді.
Ол қандай деңгейде, қандай аймақта болса да мәдениеттердің әр түрлілігі
мен көп жақтылығы және тең құқықтығы жөнінде сөз қозғаған дұрыс
деп санайды. Гидденстің тұжырымдамасы бойынша, мәдениеттерді олар-
дың аздығына немесе кең көлемде дамығандық белгісіне қарап тізуге бол-
майды. Олардың бәрі де, тіпті дәстүрлі мәдениеттің өзі де бір-бірімен тең
120
дәрежеде құқықты. Вебердің пікірінше, қоғам дәстүрлік және модернистік
больш екіге бөлінеді. Ол қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын дәстүрлі
түрдегі реттеушілік: «ойланбастан, өзіңе дейін қалай істесе, сен де солай
істе» деген принциппен анықгалады десе, модернистік қоғамда адамдар-
дың әлеуметтік жүріс-тұрысын реттеушілік — пайдалылықпен, экономи-
калық жөнділікпен, тиімділікпен анықталады делінеді. Ал Гидценс болса
мұндай көзқарастан біршама ілгері жылжыды. Оның ойынша, қазіргі біз-
дің заманымыздағы постмодернистік типтегі қоғамда барлық әлеуметтік
процестерді әлеуметтік қауымдастықгардың мәдени белсенділігімен бай-
лайыстырған субъективтендіру идеясы басты рөл атқаратын болады деп
есептейді.
Әлеуметтанымдық теориялардың ішінде 80-жылдарда қалыптасқан
көзқарас - қоғамның принципті, мүлде басқа типінің пайда болуын атап
көрсетеді. Бұл арада сөз болып отырғаны - жаңа әлеуметтік нақгылыққа,
ақпараттық негізге сүйенетін, «ақпараттық қоғам» деп аталатын қоғам.
Мұнда қоғамдық құбылысты анықтайтын фактор ретінде заттар мен тауар-
ларды өндіру жүйесі емес, керісінше, ақпараттарды өндіру жүйесі қарас-
тырылады. Мұндай постмодернистік қоғамда «экономикалық» адамдар-
дьщ орнына басқа типтегі тұлғалар келеді. Ал, бұл тұлғалардың ұстанған
өмір салтында материалдық тұтыну мұқтаждықтарының шеңберінен тыс
басқа да себептер мен қазыналар басым жатады.
Қазіргі кезеңдегі әлеуметтанудың тағы бір тұжырымдамасы ол - әлеу- .
меттік айырбастау теориясы. Бұл теорияны неғұрлым тез дамытушылар —
американ әлеуметтанушылары Дж. Хоманс, П. Блау, Р. Эмерсон болды.
Бұл теорияньщ тұжырымы бойынша, адам мен қоғамның өзара әрекет
етуі, әр түрлі әлеуметтік игіліктер мен іс-әрекеттер түрлерінің алмасуы
арқасында өкімет, құқықгық жағдай, тәртіп, т.б. өмір сүреді деп түсіңдірі-
леді. Адамның айырбастауға деген ұмтылысы (психологиялық деңгейде)
оньщ қызметі мен тәртібіндегі негізгі бастаманың көзі ретінде қаралады.
Айырбастау арқасында қоғамда жаңадан әр түрлі құрылымдар пайда бо-
льш қана қоймайды, сонымен бірге, атап айтқанда, тану, сыйлау, мақұл-
дау, жетістік, достық, т.б. сияқты көптеген қатынастардың механизмдері
де әрекет етеді. Айырбастау актісі қарапайым әлеуметтік әрекетгер ретінде
жүзеге асады.
121
АЛТЫНШЫ ТАҚЫРЫП
ҚОҒАМ - ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қа-
растыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа ұғымдардың
мән-мазмұнын жете түсінуге және оларды есте сақгауға тура келеді. Бұл
ұғымдар әлеуметтанудың бастапқы кірпіштері іспетті.
Бұл тарауда әлеуметтік-философиялық ілімдермен тығыз байланыс-
қан, әлеуметтанудың жалпы теориялары тұрғысынан қоғам өзіндік және
біртұтас әлеуметтік организм етінде, тұтас әлеуметтік жүйе ретінде әдейі
толығырақ қарастырылады.
Адамзат қоғамы ұдайы өзгеріп тұрады. Тарихтан белгілі алғаш аңшы-
лар мен терімшілердің қоғамы пайда болды. Кейін оны құл иеленушілік,
феодалдық, капиталистік қоғамдар алмастырды. Адамзат қоғамы осылай-
ша қарапайымнан күрделіге қарай дамыды. Бір елдің шеңберінде әртүрлі
кезеңде қоғамның әртүрлі типтері өмір сүрген.Бұл мәселелердің бәрі осы
тараудың мазмұны мен құрылысынан көрініс тауьш отыр.
