Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р. Абсаттаров Дәкенов Әлеуметтану.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.63 Mб
Скачать

2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары

Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың

бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды.

Тарихи даму деңгейі феодалдық-рулық сатыны сақгаған қазақ қоғамын

мейшінше жетік білетін ол: «Осы дарынды, ақыл иесі мол халыққа қазір,

кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс ба-

ғыт беру, қалай дегенмен, аса қажет больш отыр» - деп, қазақтардың

неге мұқтаж болып отырғанын дәл тауып жазды. Ыбырай Алтынсарин

осы міндеттерді дұрыс шешу арқылы ғана қазақ қоғамының өркениетгі

елдер қатарына қосылатынына кәміл сенді. Осымен байланысты қазақ-

-----------------------------------------------------------

' Валиханов Ч. Ч. Собр. соч.: В 5-т. Т. 4. Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1984. С. 95.

Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Алматы, 1988. 159-6.

81

тарға білім беруді қолға алатын маңызды шаралардың біріне, дамудың

негізгі құралына балады. Білімсіздіқтің етек алуынан қазақ қоғамын на-

дандық жайлап отырғанын айта келіп, жұртты білім алуға шақырды.

Сондықган да ол өзінің жиырма бес жылдық өмірін жеткіншектерге білім

беруге арнады.

Ы. Алтынсарин жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады,

қазақ балаларына арнап оқулықгар, оқу құралдарын және әдістемелік

кітаптар жазды. Ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруа-

шылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені Ы. Алтьшсарин

қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылым-

мен байланыстырған. Сондықтан да ол: «Мектеп - қазақтарға білім

берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз - қазақ халқының келешегі

осында, тек осы мектептерде ғана» деп жазған болатын.

Ы. Алтынсарин қазақ балаларына арнап мектеп ашумен бірге, онда

қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айт-

қанда, мұғалімдерге аса зор мән берген: Ол мектептегі ең басты тұлға -

мұғалім деп есептеген. Мектептің материалдық-техникалық базасы мық-

ты болғанымен, бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы, деп есептеген.

Сол үшін де ол: «Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы. Тама-

ша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият

жүргізілген инспектор бақылауы да жақсы оқытушыға тең келе алмайды.

Сондықтан да жаксы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат

көремін», деген болатын. Ол мектепке қажетті мұғалімдер даярлау мәсе-

лесін, олардың кәсіби білім деңгейінін заман талабына сай болуын, тұрмы-

стық жағдайларының жақсы болуып көкейкесті проблемалар қатарына

жатқызып, бұлардың онды шешілуін талап етті, олардан оқытушының бе-

делін, қоғамдағы рөлі мен статусын жоғары көтеретін факторларды көрді.

Мектепте оқушының бойында қоғамға керекті тұлғалық сапаларды

негізінен қалыптастыратып, тиянақгы білім беретін тек жақсы оқытушы

ғана қызмет істеу керек деген қорытынды жасайды. Ы. Алтынсарин осы

идеяларын жүзеге асыру үшін тынбай еңбек етті. Оның ұсынысы бойын-

ша Ор қаласында мұғалімдер даярлайтын тұңғыш мектеп ашылды. Ұлы

ағартушы қазақ жастарына кәсіптік білім беретін, қолөнер, ауылшаруа-

шылығы училищелерін ашуды қолға алып, оны бітірген мамандар қазақ

халқының экономикалық өркендеуіне зор үлес қосады деген сенімде

болды. Соның негізінде Торғайда қолөнер училищесін іске қосты.

Ы. Алтынсарин сол мектептердің шаруашылық істеріне де ерекше

көңіл бөліп отырған. Бұл жөнінде ол: «Мектептің шаруашылық жағ-

дайлары жаман болса, оның ісі еш уақьпта да оңға баспайды, пайдалы

еш нәрсе бермейді, оның оқушылары да, оқытушылары да істен күдер

82

үзіп кетеді», — деп жазды. Бұдан жүз жыл бұрын жазған бұл сөздері осы

уақытқа дейін өзінің маңызын, актуалдылығын жоғалтпай келеді.

Өйткені қазірдің өзінде де халыққа білім беру, мектептердің материалдық-

техникалық базасын нығайту реформаның маңызды шараларының бірі

болып отыр.

Ыбырай қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылған алғашқы

мектептердің негізін қалаушылардың бірі болды. Осы өзі ашқан мектеп-

тер мен онда дәріс алатын шәкірттерге арнай оқу құралдары мен әдістеме-

лік нұсқау-кеңес еңбектерін жазып, білім беру мен тәрбиені жүйелі

жүргізетін мектепті маңызды қоғамдық институтқа балап, педагогикалық

әлеуметтанудың іргетасып елімізде қалаған ағартушы. Оның жазған

кітаптары білім беру тарихында алғашқы қазақ оқулықтары ретіңде әділ

бағасын алды. «Мақгубат», «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақгарға орыс тілін

үйретудің бастауыш құралы» атгы төл шығармалары — бүгінде қолға алы-

нып, жарыққа шығып жатқан ұлттық оқулықгарды қалыптастырудың

үлгісі болатын құнды туындылар.

Өзінің осы оқу кітаптарында танымдық, тәрбиелік мәні зор көптеген

өлендер мен әңгімелер жазып қалдырды. Ы. Алтынсарин өз шығармала-

рында мектептегі білім беру ісі мен тәрбие жұмысын біртұтас процесс

ретінде көрсетіп, олардың қоғамда атқаратын функцияларына тоқгалды

және мектепгің проблемаларын жүйелі әрі кешенді шешіп отыруды үйретгі.

Ол ағартушы-демократ ретінде патша өкімегінің отаршылдық саяса-

тына, жергілікті өкімет орындарының озбырлық істеріне наразылық та-

нытты. Қазақ халқының қамын жеп, мүддесін қорғады.

Көшпелі қазақ елін отырықшылық өмірге көшуге, тек мал шаруашы-

лығымен ғана емес, егіншілікпен де айналысуға, бау-бақша отырғызуға,

қолөнеріне үндеген. Дінді зерттеді.

Өзінің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегінде ол ислам ту-

ралы объективтік түсінік беруге ұмтылыс жасады. Ол ислам негіздері

жөніндегі қолда бар кітаптың «ешқандай да жүйесі» жоқгығың, тіпті

«көпшілік жағдайда мән-мағынасын» сақтамайтындығын, «араб жазуы»

мен «құран заңына» оқыту ісін көбінесе шала сауатты адамдар жүргізе-

тіндігін айтып, мұның бәрі қазақтың жас ұрпағына «бүгінгі танда жағым-

сыз ықпал етіп отыр, ал келешекте одан да бетер әсер етуі мүмкін»' деп

жазды. Осыған байланысты Ы. Длтынсарин мұсылмандық шариғатты

оқиды да, «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабын жазып шығарады. Бұл

кітабында ол мұсылмандық құқық пен өсиетінің, діни жарлықгары мен

салт-жораларының ережелерін объективті түрде баяндап берді.

----------------------------------------------------

Алтынсарин Ы. Шығармалар жинағы. 3-т. 78-79-6.

83

Ислам ережелері бойынша адам құдайға құлшылық етіп, құран ере-

желерін орындауы керек. «Байлық, кедейлік, білім, надандық құдайдан

таралатынына сеніп керегі жоқ, - деп жазды ол, - еңбек етіп, оқу керек.

Егер сен білім алсаң, дандайсыма, балаларды оқытып, оларды прогресс

пен әділет жолына бағыттауға тырыс»'.

«Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабын жазғандағы келесі бір мақ-

саты қазақ оқу орындарында қазақ тілін татар тілінен қорғап қалу еді.

Өз шығармаларында тілге сіңісіп кеткен діни «қыдыр», «дәуіт», «әулие»,

«алла», «жаратқан», т.б. сөздерді қолданған.

Ойшыл дін тарихын адамның әбден жетілген өнегелі дағдысынан алынған,

өзіндік құндылығы бар исламның ғибратты өсиетгерін білу үшін ұсынды.

Ы. Алтынсарин қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын әлеуметтік-

білімдік құрылымы арқылы ғана қарастырып қоймаған, оның әлеуметтік-

таптық құрылымына да көңіл аударған. Қазақ қоғамының кесіңдісі ретінде

Торғай облысының халқын алып, оны әлеуметтік зерттеу объектісі етеді.

Зерттеу нәтижесінде қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында мүліктік

қатынасына қарай үш әлеуметгік топтың болғанын дәлелдейді. Ол жыл-

қысының саны 300—400, қойы 400—500, түйесі 20- 40, мүйізді ірі қарасы

50—60 басқа жеткен мал иелерін байлардың қатарына қоспай, оларға орта-

ша шаруа деп қараған. Бай атану үшін, сондай статус алу үшін аталмыш

түліктер бұл әлеуметтік топта жүздеп емес, мыңдап саналған дегенді мез-

гейді. Ал қарапайым шаруалардың, дәлірек айтқанда, кедейлердің (жа-

тақтардың) санатына мүйізді ірі қара малы 10-15 бастан, жылқысы 4—5 жә-

не қойы 20-30 бастан аспаған адамдарды жатқызған. Солай дегенмен де,

мал шаруашылығының тиімсіздігін дәлелдеп, жұттың халықтың әлеу-

меттік жағдайын төмендетіп жіберетінін жазды. Оның пікірінше, мал

шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін отырықшылыққа көшу ке-

рек және бұл кезде егіншілік те дамиды. Шаруашылықтың отырықшы-

лыққа көшірілуін қазақ халқын прогреске апаратын маңызды тәсіл деп

қарады. Отырықшылыққа — қолөнерді дамытушы фактор, деп қарады.

Қолөнердің дамытылуы үй тұрмысына, жалпы шаруашылыққа қажетті

едеттегі бұйымдарды өндіру үшін керек, ал қазақтардың осындай заттар-

ды іздеп алыстағы сауда орындарын жағалауы, малдан алынатын өнім-

дердің құнын кемітіп, еріксіз қажетті нерселерге айырбастауы немесе

сатьш алуы осы саланың дамымауының салдары еді.

Орыс, татар, Бұқар көпестеріне теріні 30 тиыннан 2-7З сомға, 1 пұт

майды 2—3 сомға сататын. Осы шикізаттарды өнделгеннен кейін қазақ-

----------------------------------------------------------------

Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. Қазақ... 1884. 55—57-6

Алтынсарин Ы. Үш томдық шығармалар жинағы. 2-т. Алматы, 1976. 98-6.

84

тар қала базарынан етік былғарысын 6-10 сомға, майдан жасалған 1 пұт

шырақты 6—7 сомға сатып алатын. Тіптен саз балшықтан кұйылған

кірпіштер үшін де башқұрт, татар, орыс қазақтарымен саудаласатын'.

Отырықшылықтың тиімділігін Ы. Алтынсарин оқу процесімен де бай-

ланыстырады. Отырықшылық оқу процесінін үздіксіздігін, мектептердің

тұрақгы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деп түсінді.

Қазақ қоғамында ертеден калыптасқан әдег-ғұрыптар көптеп саналады.

Ы. Алтынсарин олардың адамдар арасындағы байланыс пең қарым-қаты-

настарын нығайтудағы рөлін зерттеп, оның нормалық маңызын ашып

көрсетеді. Ол әсіресе қазақгардың құда болу салтына ерекше мән беріп,

одан қоғамды нығайтудың бірден-бір маңызды факторын байқады.

Ы. Алтынсарин отбасының қазақ қоғамында ерекше міндеттер атқа-

ратындығына зор мән беріп, ата-аналардың ұл-қыздарын атастыру, неке-

лестіру салт-дәстүрін отбасының тұрақтылығын сақгаудың, туыстық қаты-

настарды нығайтудың құралы ретінде сипатгайды. Сонымен қатар қазақ

жұртында сегіз атаға дейін жақындарының бойжеткен қызына үйленбеу

салты әлеуметгік нормаға айналғанын атап көрсетеді.

Ы. Алтынсарин айтып отырған әдет-ғұрып, дәстүр нормалары қоғам-

дық мүдделерден шыға білген.

Ыбырайдың әлеуметтану тұрғысынан қарастырған мәселелері, оның

нәтижелері әлемдік әлеуметтану үшін аса маңызды. Ыбырайдың заман-

дасы ұлы ойшыл Абайдың қазақ қоғамы туралы пайымдауларының да

маңызы зор болды.