Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р. Абсаттаров Дәкенов Әлеуметтану.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.63 Mб
Скачать

Төртінші тақырып қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (XIX ғасыр—XX ғасырдың бірінші жартысы)

XIX ғасырдың 60-шы жылдарында патшалық Ресей қазақ даласын

толығымен отарлауды ісқе асырған еді. Ол жүргізілген отарлау саясаты

қазақ халқының әлеуметтіқ-эқономиқалық, мәдени-құқықгық және тағы

да басқа өмір салаларына айтарлықтай ықпал етті. Сол тұста қазақ дала-

сьша демоқратиялық қөзқарастағы орыс ойшылдары әр түрлі себептер-

мен келе бастаған еді. Олардың көзқарастары белгілі бір деңгейде қазақ-

тың алдыңғы қатарлы азаматтарының әлеуметтанымдық көзқарастарына

әсер етті. Солардың қатарында Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнан-

баев және т.б. болды. Қазақ ағартушылары өздері өмір сүрген тұстағы

қоғамның тыныс-тіршілігін зерттеп, оның әлеуметтік мән-мазмұнын

ашып тағы да басқа мәселелерін терең пайымдаулардан өткізді. Енді сол

пайымдауларға тоқталамыз.

1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары

Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айт-

қанда, «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы», «Сот реформасы жайлы

жазбалар», «Баянауыл округі туралы», «Өлкенің үкімет басқару жүйесі

мен саяси жағдайы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б. шы-

ғармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерт-

теледі.

Қазақтардың өмір сүрген патриархалды-феодалдық қоғамы барлық

халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап

көрсетеді. Қазақ қоғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқгы

елді өркендеудің биік сатысына көтереді деп түсіндірді. Оның әлеуметтік-

экономикалық негіздері бар екенін дәлелдеді. Ол Ресей державасының

«құрамына еніп отырған барлық бұратана тайпалардың ішінде халқының

санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше,

алдағы өркендеу де біздің — қазақтардың үлесіне тиеді»', — деген қоры-

тындыға келеді.

Қазақ қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың

мотиві болғанын, қоғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқ-

татқанын сынай отырып, қазақ елінің өркендеу болашағын реформамен

------------------------------------------------------

' Уалиханов Ш. Тандамалы. 2-басылымы. Алматы, 1985. 129-6.

76

тығыз байланыстырады, реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу

қажеттігі жөнінде аса құнды ой-піқірлер тұжырымдады. Оның пікірінше,

реформаға ғылыми тұрғыдан келу керек, нақгы тарихи жағдайды есепке

алу қажет. Сонда ғана реформа сәтті орындалады, соның негізінде қоғам-

дық организмнің дамуы іске асады. Мұндай реформаны аяғына дейін

жеткізуді маңызды процесс деп санайды.

Егер де қоғам мұқтаждығы мен құралдары белгілі болса, қоғамның әл-

ауқатын жақсарту мақсатын көздеген кез келген реформа алға қойған

мақсатына сол уақытта ғана жетеді'.

Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемісті жүргізу үшін өзгерістердің

ішкі қайнар көздерін көре білу кажет болды. Сонымен қатар Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау қажеттілігі қоғамның даму деңгейінен

және бұқара халықгың өмір салтынан туындауы тиіс деп түйді. Ал бұның

өзі дифференциялау принципі тұрғысынан қаралуы керек. Қазақ қо-

ғамында жүргізілетін реформалардың ішінде адамның тұрмысын жақсар-

туға ықпал етегін реформа ғана пайдалы, ал бұл мақсатқа жетуге кедергі

келтіретін реформа «зиянды». Сондықтан ол бұл мақсатқа жете алмай-

тын кез келген реформаторлықты жоққа шығарды. Қазақ еліне қоғам-

дық өмірдің экономикалық және әлеуметтік» жақтарын қамтитын ре-

форма қажет деп санады. Ш. Уәлихановтың тұжырымдауынша, қоғамда

жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономи-

калық және әлеуметтік реформа, олар «халықгың маңызды мұқгажда-

рына тікелей қатысы бар реформа деп саналады, ал саяси реформалар

қажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретінде

қолданылуы тиіс, өйткені жеке алынған әрбір адам және барлық адам-

зат ұжымдаса отырып өзінің дамуында бір ғана түпкі мақсатқа — өзінің

материалдық әл-ауқатын оңалтуға ұмтылады және осының өзі прогресс

болып саналады».

Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық және әлеуметгік рефор-

малар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал қоғам-

дық прогресс өз кезегінде халықгың материалдық халін жақсартуға қыз-

мет етуі тиіс. Саяси реформа белгіленген экономикалық мақсатқа жетудің

құралы қызметін атқарып, соған бағындырылады. Сол халықгың пайда-

сы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер «материалдық қажетті-

лігіне» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды

қанағатгандыруы керек. Оның аталмыш мұқгаждықгар мен сипатгар деп

-----------------------------------------------------

' Валиханов Ч. Ч. Собр. соч.: В 5 т. Т. 4. Алма-Ата: Ғлавная редакция Казахской советской энциклопедии, 1984. С. 78.

77

отырғаны қазақтың ауылдық-рулық қауымдастығының жерді ұжымдасып

пайдалануы, еңбекші жұрттың әлеуметтік қауымдастығы сияқты жақсы

жақтары еді. Сонымен қатар оның өзара көмек, тұрмыста бір-біріне қол

ұшын беру және өзін-өзі басқару белгілерін де назардан тыс қалдырмай,

олардың маңызды жақтарын ашып көрсетті. Шоқанның пікірі бойынша,

бұлар «оқыған еуропалықтардың еліктеуіне» тұрарлық құбылыстар.

Ғұлама ғалымның бұл пікірінің бүгінгі таңда біздің елімізде жүріп

жатқан реформа үшін практикалық маңызы зор. Бірақ осы құнды пікірдің

ескерілмеуі қоғамды келеңсіз жағдайларға да соқгыруда. Қоғамның күйін

және халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын есепке алмай, өзге елдің

тәжірибесін көзсіз енгізе салуды республика өз басынан кешірді. Бұның

бәрі жүргізіліп жатқан реформаның барысына әсерін тигізбей қоймады.

Шоқан реформаны халыққа таңуға да қарсы болды. Оның көзқарасы

бойынша, «еріксіз, күштеп іске асырылған реформа қазіргі таңға дейін

адамзатты ауыр зардапқа соқтырып келеді». Ол қазақ елін басқарудың

мұндай әдістерінен сақтандырды, өйткені олар халықты толқытуы мүмкін

деп санады. Ойшылдың пікірі бойынша, реформа қайсыбір қоғамға тән

терең қажеттіліктерден туындауы керек. Бұдан кері жағдайда қолданыл-

ған шаралар іске аспайды, тіптен қоғамдағы өзгертулерге жағымсыз ықпал

ететін процестерді тудыруы мүмкін.'

Оның пікірінше, мұндай апаттарды «жөнсіз теорияларға сүйенген не-

месе басқа халықгың өмірінен алынған» реформа қалыптастыруы мүмкін.

Шоқан өлкеде жүргізілуге дайындалып жатқан сот реформасын осындай

реформаның қатарына жатқызды. Үкімет шенеуніктерінің реформа

жөнінде еңбекші халықтың пікірімен санаспай, «танымал қырғыздардың»

пікірін білуге ұмтылуын қателікке есептеді. «... танымал және бай адам-

дардың мүдделері, тіптен жоғары өркениетті қоғамдардың өзінде, көбіне-

көп бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне қарсы болады»'.

Реформалардың сәтгі жүзеге асуын Шоқан олардың дұрыстығымен

байланыстырып қарастырады. Олар прогресс зандарына негізделсе ғана

дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғам-

дық организмнің дамуы дұрыс, орынды жүреді. Осыдан келіп халықтар:

өзін-өзі дамыту, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өзін-өзі жазғыру

іспетті саяси прерогативтерді жүзеге асыруы тиіс.

Шоқан қазақ коғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретін-

де қарастыра отырып, оның әлеуметтік-таптық құрамының қоғам дамуы-

на сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Оның тұжы-

' Валиханов Ч. Ч. Собр. соч.: В 5 т. Т. 4. Алма-Ата: Главная редакция Казахс

кой советской энциклопедии, 1984. С. 77-78.

78

рымдамаларында қазақ қоғамының ақ сүйек және қара сүйек деп атала-

тын екі топқа бөлінуі феодалдық қоғам кезінде орын алғандығы тұжы-

рымдалады. Қоғамның мұндай екі ірі әлеуметтік топқа бөлінуінің себебін

ол адамның шыққан ата-тегінен, мал-мүлкінен, билік ету деңгейінен кө-

реді. Ақ сүйектер түрлі жеңілдіктерге ие болған иңдивидтердің жабық

сословиесі еді. Бұған төрелер, яғни хан тұқымынан шыққандар енді.

Шоқан қожаларды ақ сүйектердің қатарына жатқызбаған. Бірақ" халық

оларды білімі үшін құрметтейтін еді, деген ой айтады. Қара сүйектер қазақ-

тың билері, байлары, батырлары, тархандары, ақсақалдарынан тұрды.

Қоғамдық өмірдің әлеуметтік иерархиясының ең төменгі сатысының

негізгі бөлігін шаруалар құраса, қапған бөлігін төрелердің әр түрлі тапсыр-

маларын атқарған төлеңгіттері толтырды. Шоқан осы жікті құлға балайды.

Өмірде олардың статусы құлдардан жоғары еді. Қазақстанның Ресейғе бо-

дан болуы, хандық институтгың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің

енгізілуі және т.б. себептер қазақ қоғамының әлеуметгік құрылымына жаңа

өзгерістер енгізді. Қоғамды ақ сүйек пен қара сүйекке бөлу бірте-бірте

бәсендеп, тоқгады. Ендігі жерде қазақ халқының әлеуметгік-таптық құры-

лымының бай және кедейге бөлінгенін, кедейлердің «сахара пролетариа-

ты» болғанын, олардың ауыр жағдайын ашып жазды. Бұл екі таптың әлеу-

метгік мүдделерінің тіптен үйлеспейтнін, соның салдарынан олардың ара-

сында шиеленістік жағдайлардың болу мүмкіндігін ашады'. Орыс қазақта-

рының қазақ жеріне қоныстандырылуы қоғамның әлеуметгік құрылымы-

на өзгеше сипат беріп, ұлтаралық қарым-қатынастарды қалыптастырды.

Шоқан өз еңбектеріңде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздікгің

мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін стату-

сының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленіс-

тердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.

Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз

жерінен ығыстырылып, матералдық жағдайының құрт құлдырауынан,

керісінше, орыс казактардының қазақтардан тартып алынған құнарлы

жерлерге орналасуынан, олардың тұрмыстық жағдайларының тез көтері-

луінен деп есептейді. «Қазақгардың өрісі мен қонысы туралы» деғен ма-

қаласыңда Шоқан: «Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңісгігін иеленгенімен,

қазіргі уақытта тек шың шамалы ғана бөілігін пайдаланып отырса да жерге

әрдайым зәру» — деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады.

Жерді ұлтаралық қарым-қатынастағы негізгі мәселе егіп қояды.

----------------------------------------------------------

УалихановШ. Тандамалы. 2-басылымы. 127-6.

Валиханов Ч. Ч. Собр. соч.: В 5 т. Т. 4. Алма-Ата: Главная редакция Казахс-

кой советской энциклопедии, 1984. С. 107.

79

Шоқан орыс казактарының станицасына қазақтардың байырғы ата-

қонысы Баянауылдың өту салдары мал жайып, мал қыстататын жерлерінен

айрылуына, малдарының қырғынға ұшырауына, қазақтардың материал-

дық жағдайының нашарлауына соқтырғанын жазды. Өздері астық өндіру-

мен шұғылданбаған казактар станица жерін жергілікті халыққа жалға

таратып, одан түскен өнімнен салық жинап отырған. Бұл жағдайлар қазақ-

тар мен орыс казактарының арасын шиеленістіре бастады. Қалыптасқан

жағдайдан шығу жолын іздеген Шоқан 1864 жылы 26 наурызда Батыс Сібір

әкімшілігіне хат жазып, бұл мәселе бойынша пікірін білдіреді.

Онда Баянауыл станицасының жерлерін қайта бөлуді ұсынып, ең ал-

дымен қыстақтық мекендер мен орманды алқаптар қазақтарға, олардан

артылса ғана казактарға жер таратып беруге болады деп есептейді.

Шоқан өркендеудің қай сатысында тұрғанына карамастан кез келген

халықтың өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі қорғауын, өзін-өзі басқаруын және

өзін-өзі жазғыруын қоғамдық даму зандылықгары ретінде қарастырып,

олардың қазақ қоғамындағы әрекет ету көріністеріне тоқталады.

Ресей елемдік сот тәжірибесін қабылдап, оны шеткі аймақгарға, соның

ішінде қазақ еліне таратпақшы болды. Шоқан патша үкіметінің осы

әрекетіне қарсы шығып, оның негізсіздігін сынға алды. Оның пікірінше,

«рулық тұрмыс пен рулық қатынастар үстем етіп тұрған шақга, халықгың

бұрынғы өмірінен туындап, оның даму жолдарынан және елінің ерек-

шеліктерінің ықпалынан қалыптасқан қазіргі әрекет етуші билер соты

қазақтардың дамуың барынша қанағаттандырады»'.

Билер институты — қазақ қоғамындағы ерекше құбылыс. Оларды

ешкім сайламайтын және тағайындамайтын. Ш. Уәлиханов талантымен

көпшіліктің көзіне түсіп, сыннан сүрінбегені ғана осы құрметті би атағы-

на ие болатынын айтып келіп, патша өкіметінің қазақгың билер институ-

тын жоюға ұстаған бағытының жөнсіз екенін сынайды. Билер институты

ғасырлар бойы жетілдірілді. Соның негізінде қара қылды қақ жарып әділ

де өткір шешім айтатын әйгілі билер шықты. Шоқан мұндай билердің би

атағы балаларына мұрагершілікпен беріліп, әке жолын қуушылар да бол-

ғанын жазады. Орта жүздің қаракесек руынан шыққан әйгілі Қазыбек

бидің құрметті би атағын Бекболат, Тіленші, Алшынбай сынды үш ұрпағы

жалғастырған. Әрине, бұған қарап би болу бірыңғай тұқым қуалайтын

мұрагерлік құбылыс екен деген ой тумауы керек. Өзінің талантымен халық

арасынан талай белгілі билер шықты. Орта жүздегі қалың қаржас ішінен

шыққан Шорман 13 жасында, Есет Көтібарұлы 20 жасында халықгы аузына

Валиханов Ч. Ч. Собр. соч.: В 5 т. Т. 4. Алма-Ата: Главная редакция Казахс-

кой советской энциклопедии, 1984. С. 95.

80

каратқан би атанған. Жоғарыда аталған объективтік себептер билер со-

тының қазақ қоғамында одан әрі өз функцияларын атқаруға тиістігін

тұжырымдайды.

Билер сотының сақгалуын Шоқан халықтың өзін-өзі басқаруының

маңызды буыны деп қарай отырып, патша өкіметі XIX ғасырдың 60-жыл-

дарында қазақтардың мүддесіне сәйкестендірілген өлкені басқару жүйесін

орнатады деп күткен еді. Алайда, оның үміті орындалмады. Бюрократия-

лық басқару жүйесі қалыптасып, елдің жағдайын ауырлатып жіберді.

Осыған байланысты Шоқан өзінің төл еңбектерінде бюрократиялық бас-

қарудың алуан түрлі жымысқы әдістерін қолданып, қазақ халқын ауыр

зардаптарға соқтырған патша әкімшілігінен қазақгардың өзін-өзі басқа-

руын талап етеді'. Халықтың өзін-өзі басқаруын Шоқан елді демокра-

тияландырудың маңызды принципі ретінде зерделеді. Басқарудың осы

жүйіесіне өтудің жолдарын да қарастырды. Алайда, бұратана халықгарды

билеп-төстеп тұрған патша үкіметі үшін Шоканның ұсыныстары тиімсіз

еді. Сондықтан оларды мойындағысы келмеді.

Шоқанның әлеуметтанулық көзқарастары О. Конт Г. Спенсер, т.б.

Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікірлерімен ұқсас. Шокан олардың

тұжырымдамаларыньщ төңірегінде қалып қоймады. Коғамның кейбір

әлеуметгік мәселелері жөнінде олардан ілгері кетгі. Сондықган да Шо-

қанньщ әлеуметгану саласындағы пайымдаулары қоғамдық ғылымдарға

қосылған зор үлес.

Шоқан сияқгы қазақ қоғамына назар аударып, оны тұңғыш зертте-

гендердің бірі Ы. Алтынсарин болды.