Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р. Абсаттаров Дәкенов Әлеуметтану.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.63 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Р. ӘБСАТТАРОВ,

М. ДӘКЕНОВ

ӘЛЕУМЕТТАНУ

Оқу құралы

Толықтырылып, жаңартылган

екінші басылымы

АЛМАТЫ

«ҚАРАСАЙ»

2007

ББК 60.5

Ә 18

Пікір жазғандар:

әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор А.Г. Биекенов,

әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М. Садырова

Әбсаттаров Р, Дәкенов М.

Ә18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт, 2-бас. Алматы: Қара сай, 2007. 384 б.

І8ВК996597889-8

Әлеуметтану жөніндегі бұл оқу құралы осы бағдарлама бойынша сту-

денттерге ана тілінде дәріс беретін алғашқы оқулықтың бірі. Ол білім берудің жаңа мемлекеттік қалыбына, ұсынымына сәйкес жасалды. Оқу құралында әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен өркендеуі, жалпы әлеуметтану теориялары және арнайы теориялардың ңегізгі бағыттары мен даму ерекшеліктері қарастырылады. Әлеуметтану зерттеулерінің методологиясы, әдістемесі мен техникасы сипатталады. Осылардың негізінде курстан өтетіндерге қоғамдық өмірдің күрделі құбылыстары мен үрдістерін ғылыми тұрғыда пайымдауларына, соған өздерін санапы түрде бағыттай алуларына көмек береді.

Студенттердің жан-жақгы меңгеруі үшін оқу құралының материаддары қарапайым және жатық тілмен жазылып отыр. Оқу құрапы Абай атыңдағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде оқылған лекциялар негізіңде жазылды.

Студенттерге, сондай-ақ әлеуметтану мәселелерімен айналысатын

қалың оқырманға арналған.

0302000000

00(05)-07

ISBN 9965-9798-9-8

© Әбсаттаров Р, Дәкенов М., 2007

© «Қарасай» баспасы, 2007

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз

Бірінші тақырып. ӘЛЕУМЕТТАНУ - ҒЫЛЫМ

1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні.

2.Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері.

3. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары.

4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және оның қоғамдық ғылымдар

жүйесінде алатын орны.

Екінші тақырып. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУ

ДАМУЫНДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ

(XIX ғасыр-ХХ ғасырдың басы).

1. Огюст Конт - позитивтік әлеуметтануды негіздеуші.

2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері.

3. Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері.

4. Э. Дюркгейм мен М.Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары.

Үшінші тақырып. ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӨНІНДЕП ОЙДЫҢ

РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ

(ХІХ ғасырдың екінші жартысы-ХХ ғасыр).

1. Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар

(XIX ғасырдың екінші жартысы).

2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы.

Төртінші тақырыа.ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ

ДАМУЫ (XIX ғасыр-ХХ ғасырдың бірінші жартысы).

1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары.

2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары.

3. А6айдың әлеуметтанулық ой-пікірлері.

4. А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі

көзқарастары.

Бесінші тақырып. ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ.

1. XX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтанудағы эмпиризм мен

әлеуметтік теориялар және олардың дамуының негізгі бағыттары.

2. XX ғасырдың 70г. жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі

әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар.

Алтыншы тақырып. ҚОҒАМ-ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

1. Қоғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері.

Қоғамды жүйе ретінде қарастыру тұжырымдамалары.

2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары.

3. Қоғамдық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар.

Қоғамның қызметі.

Жетінші тақырып. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК

ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ.

1. Әлеуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың

негізгі элементтері мен формалары.

2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы

дамуының мәселелері.

Сегізінші тақырып. ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ.

1. Этнос қауымдастығы ұғымы. Этностың негізгі элементтері және даму

кезеңдері.

2. Ұлттық-этникалық қатынастар.

3. Қазіргі жағдайдағы ұлт мәселелері.

Тоғызыншы тақырып. ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ.

4. Отбасы әлеуметтануының пәні мен оның функциялары.

Несенің мотивтері және ажырасудың себептері.

2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері.

Оныншы тақырып. ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ.

1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы.

Тұлға - әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі.

2. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы

тұжырымдамалар.

3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және

түрлері.

Он бірінші тақырып. САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ.

1. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.

Саясат және саяси қызмет.

Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар.

Қоғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері,

функциялары мен формалары.

Он екінші тақырып. МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ.

1. Мәдниет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы, мазмұны және функциялары.

Мәдниеттің негізгі элементтері мен формалары.

Он үшінші тақырып. ҰЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ.

1. Ұйымңың пайда болуы және оның құрылымы.

2. Ұйымңың тыныс-тіршілігі мен типтері.

3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері.

Он төртінші тақырып. БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

1. Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен тісі мен пәні.

2. Оқу социомәдени әрекет ретінде.

3. Орта оқу орнының қалыптасуы.

4. Білім жүйесіні құрылымы.

5. Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері.

Он бесінші тақырып. ӘЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ

МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ.

1. Әлеуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері.

Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы.

2. Әлеуметтік ақпарат жинақ таудың әдістемесі мен техникасы.

АЛҒЫ СӨЗ

Әлеуметтану - теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса

қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні, яғни адамзат қоғамын, оның құрылымы мен даму зандарын, адамдар мен қауымдастықтарда және әлеуметтік топтарда қандай әлеуметтік өзгерістердің жүріп жатқанын, әлеуметтік өмірдің әр түрлі бағытта өзгерістерге ұшырауының мазмұнын және нәтижесін түсіндіреді.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, өзінің кәсіби қызметіне

орай адамдармен, әлеуметтік топтармен жұмыс істейтіндердің бәрі әлеу-

меттану білімін қорытындыламай және ұсыныстар енгізбей қоғамдық

қатынастарға ықпал жасай алмайды

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында әлеуметтану

курсы оқу бағдарламасына енгізілді Білім беру саласындағы реформаға

сәйкес, әлеуметтану пәні сапалы әрі білікті мамандар даярлауға, оқудың

тиімділігін арттыруға, студент жастарға жан-жақты тәрбие беруге, олар-

дың тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп келеді.

Бұл курс бойынша студенттер әлеуметтану ғылымы классиктерінің

теориялары мен қазіргі әлеуметтанушылардың көзқарастарын, қоғамда

орын алып отырған құбылыстар мен процестерді, солардан туындайтын

зандарды және олардың әрекет ету деңгейін, т.б. күрделі мәселелерді оқып

біледі, өмірде оларды басшылыққа альш, жүзеге асыру жолдарын үйренеді.

Аталмыш міндеттерді іске асыруда оқулықтар мен оқу құралдарының

атқаратын рөлі зор. Олар ең алдымен білім берудің көзі саналады. Білім

әлеуметтану мазмұнының басты элементі. Сондықтан әлеуметтану жөнін-

дегі оқу құралдары анық та түсінікті үлгіде жазылуы тиіс. Бұл ретте адам-

зат жинақтаған әлеуметтік тәжірибені, ілімдерді, қолданбалы және басқа

да үрдістерді мақсат етуіміз керек.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында пайдала-

нылып жүрген әлеуметтану оқулықтары мен оқу құралдары негізінен

Ресей ғалымдарының еңбегі еді және оның санын орыс тілінде жазылған

отандық авторлардың оқу құралдары көбейте түсті. Орыс тілінде шыққан

әлеуметтану оқу құралдары көп болғанымен, қазақ тілінде басылған

мұндай оқулықтар саны өте аз және олардың кейбіреулері мемлекет-

тік білім беру қалыбына сәйкес келмейді десек, бұл артық айтқандық

емес. Ол - объективті себептерге байланысты. Осы оқу құралдарының

3

кейбіреуі Қазақстан Республикасында әлеуметтанудың бір үлгідегі курстық бағдарламасы дайындалғанға дейін басылып шықса, екіншілері қара

жат, тағы да басқа тапшылықтарға байланысты баспаханаларда бірнеше

жылдар бойы жатьш қальш, ескі материалдар негізінде аталмыш бағ-

дарламадан кейін шықты. Оқу құралдарының саны неғұрлым көбейген

сайьш, студенттердің өз бетінше оларды таңдап оқуына соғұрлым мүм-

кіндік туады.

Осы себептерге орай бүгінгі талап ана тілімізде әлеуметтану оқу

құралын әлі де болса жазуды, оларды жетілдіруді қажет етеді. Біз осы оқу

құральш жазуда курстық бағдарлама негізінде құрылған жұмыс бағдар-

ламасының 15 тақырыбын таңдадық және ұзақ жылғы лекция мен семи-

нар сабақтарындағы тәжірибені де басшылыққа алдық, атап айтқаңда,

студенттердің ұғынуына ауыр тиетін тақырыптарды, т.б. анықтап, олар-

дың түсінікке жеңіл жолдарын қарастырдық. Соның негізінде студент-

терге теориялық біліммен қатар қолданбалы құралдардың, тәсілдердің

тиімділігін арттыратын, әдет-дағдыларды және іскерлікті қалыптастыра-

тын әдістерді ұсынуды жөн көрдік.

4

Бірінші тақырып әлеуметтану - ғылым

Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып-білу оның зерттеу объек-

тісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылымдар

жүйесіндегі және қоғамдық өмірдегі алатын орны мен рөлін анықтаудан

басталатыны кездейсоқ нәрсе емес. Ғылымның пәндік мазмұны оқу кур-

сын барынша баяндаудың нәтижесінің негізінде толық анықталатьшы

белгілі. Сонымен қатар бұл ғылымның өзіне тән мәнін және ерекшелігін

курстың алғашқы тақырыбында анықгап, оқып-білу аса маңызды. Мұны

жүзеге асырмайынша, оқу курсының әрбір жекелеген тақырыптарын қа-

растыру тіптен мүмкін емес. Сондықтан оқуды «Әлеуметтану ғылым»

деп аталатын тақырыптан бастау қажеттігі туындап отыр. Енді соған тоқ-

талайық.

1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні

Әлеуметгану- қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп,

негізін қалған француз ғылымы Огюст Конт (1798- 1857) еді. Бұған дейін

қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Ба-

тыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының құрамдас

бөлігі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар

бойы өзіндік ерекше, бірегей көзқарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе,

саясат, мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне

грек философтарының, Еуразияның орта ғасырлық және жаңа заман ой-

шылдарының еңбектерінде баяндалған болатын.

Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен, қоғамның біртұтастығын,

оны дамытатын қозғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды қарас-

тырумен шектеліп қалмайды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қарас-

тырады, соның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер,

дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемалар-

ды шешумен айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым

салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.

Алайда, қоғам дамуына байланысты оның жекелеген салалары жөнін-

дегі білімнің жинақталуына орай, әлеуметтану бір ғана қоғамдық әмбе-

бап теория ретіндегі рөлін біртіндеп жоғалтты. Оның құрамынан саясат-

тану, құқықтану, саяси экономия, этика, эстетика, т.б. бірнеше ғылым-

дар жеке бөлініп шықты. Содан, яғни XIX ғасырдың ортасынан бастап

әлеуметтану дербес ғылым болып дами бастады, бұл жағдай, біріншіден,

5

өзінен бөлініп шыққан білім салаларына қатысты болса, екіншіден, бұған

дейінгі әмбебап философиялық жүйелерге де байланысты еді.

Бірте-бірте, уақыт озған сайын қоғам дамуын тұтас әлеуметтік орга-

низм ретінде қарастыру, оның объективті және субъективті жақтарының

өзара әрекеті, тарихи дамудағы материалдық пен руханилықтың диалек-

тикасы, әлеуметтік прогрестің алғышарттары, азаматтық қоғам, гуманизм,

әлеуметтік әділеттілік проблемалары, сайып келгенде, осының бәрі әлеу-

меттанудың назар аударатын және зерттеу пәнінің іргесін қалайтын

бірден-бір жол болды. Соның нәтижесінде XIX ғасырда аталмыш мәсе-

лелерді шешу жолдарын ұсынған бірнеше жалпы әлеуметтану көзқарасы

қалыптасты. Сол көзқарастардан көпшіліктің мойындағаны Георг Виль-

гельм, Фридрих Гегель, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс,

кейіннен Эмиль Дюркгейм, Макс Вебер, Габриель Тард, т.б. әлеуметта-

нушылардың әлеуметтік теориялары болатын.

Осы аталған ойшылдардың әрқайсысы тарихи процесті ғылыми түрде

түсіндіруге аса құнды үлес қосты. Олардың қоғам дамуы жөніндегі тұжы-

рымдамалары өмірдің және ғылымның алға қойған сауалдарына бірегей

және мазмұны терең жауаптар қайтарды, сондықтан да олардың ілімдері

қазіргі әлеуметтік проблемаларды шешуде де өздерінің маңыздылығын

жоғалтқан жоқ.

Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп, жеке ғылым бо-

льш дамығанына қарамастан, өзінің философиялық мазмұнын әлі де толық

жойған емес. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және

барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүм-

кіндік береді. Сонымен қатар, жалпы теориялық әлеуметгану өзінің іргелі

ережелерімен және байыпты қорытындыларымен де, философиялық

ғылым тұрғысында да көзге түсіп келеді.

Сөйтіп, философиялық алғышарттарға сәйкес жалпы теориялық әлеу-

меттану қалыптасты. Кейбір философиялық тұжырымдамаларға, жетекші

рөл атқарып келген белгілі бір дүниетанымға жалпы теориялық әлеумет-

тану арқа сүйейді.

Бұл тұжырымдаманың ұстанымымен мына мәселелер: қоғам дамуы-

ның қозғаушы күштері проблемалары, әлеуметтік процестерді бағыттау

мәселелері, тұлғалардың өзара әрекеті, әлеуметтік топтардың және қоғам-

ның арақатынасы, тарихи дамудағы материалдық және рухани дүниенің

өзара әрекеті, яғни қоғам өмірі мен дамуының аса іргелі проблемалары

шешіледі. Оларды шешу методологиясы, дәлірек айтсақ, басқа да әлеу-

метгану проблемаларын жүзеге асыруды қажет етеді, соның ішінде жал-

пыламалыққа біршама қатысты болғанымен, жеке сипаттағы мөселелерді

шеруді қолға алады.

6

Әлеуметтанушының осы саланы зерттеу кезінде басшылыққа алатын

дүниетанымы мен методологиясы философия мен әлеуметтанудың

әрдайым органикалық байланыста болатынын көрсету. Сонымен қатар,

бұл ғылым салалары өз дербестіктерін де сақтап келеді. Әлеуметтанудың

дербестігін кезінде француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм атап

көрсеткен еді. Ол өзінің «Әлеуметтану әдісі» деген еңбегінде «Әлеумет-

тану ерекше және жеке-дара ғылым» екенін жазьш, оның әлеуметтік фак-

тілерді объективті зерттеуге бағытталғанын түсіндірді. Әлеуметтанудың

ғылыми сипаты мен мазмұны жөніндегі осындай байыпты пікірді қазіргі

көптеген белгілі әлеуметтанушылар ұстанып отыр, солардың арасында

П. Лазарсфельд, Р. Мертон, Т. Парсонс, т.б. бар. Олар әлеуметтануды

Философиялық ғылым деп сыңаржақгы пікір білдірген емес. Алайда, олар

кептеген әлеуметтік құбылыстарды түсіндіруде философиялық дәлелде-

мелерге жүгінеді, соның ішінде позитивизм, прагматизм, интуитизм,

т.б. солар сияқты ағымдарға сілтеме жасайды. Ол орынды нәрсе. Өйткені

қайсыбір қоғамдық құбылысты әлеуеттік терең зерттеу логикасының

өзі сол талдау мен сараптаудан туындайтын қорытындыларды филосо-

фиялық ой елегінен өткізуге әкеліп соқтырады.

Түптеп келгенде, қазіргі әлеуметтану тұтас әлеуметтік жүйе күйін-

дегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген

элементтері туралы өз алдына дербес ғылым. Кез келген қоғамдық құбы-

лыс қоғамның әлеуметтік жүйесінің элементі болып саналады. Осы

жүйенің шеңберінде бүкіл әлеуметтік құбылыстар мен процестер, олар-

дың өзара бір-бірімен әрекеті ғылыми сараптаудан өтеді

Қоғам жүйесі түзілім ретінде өзінің элементтерімен және сол эле-

менттердің кез келген жиынтығымен салыстырғанда ғана ерекше сапаға

ие болады. Ежелгі ойшылдардың пайымдауынша, тұтастық өзі қамтитын

бөліктердің жиынтығынан әлдеқайда үлкен. Оның элементтері интегра-

тивтік тиімділікке жетіп, тұтастық жаңа сапаға ие болады. Бұл жаңа сапа-

лар қоғамның жүйесі ретінде белгіленеді.

Қоғам осы сапаларға байланысты езін қалыптастыратын субъекті-

лерден, әлеуметтік институттардан, қоғамдық өмір салаларынан, т.б. сол

сияқтылардан дербестігін сақгап қалады. Ең алдымен қоғамның өмір сүру

механизмдерін зерттейтін, түрлі субъектілердің өзара әрекетін зерделей-

тін, ұйымдар мен әлеуметтік институттарды қарастыратын әлеуметтану

ғылымы баяндалған жағдайды ерекше белгілеп, дәлелдейді. Әлеуметтану

--------------------

Социология / Под ред. В. Н. Лавриненко. М.: Культура и спорт, ЮНИТИ,

1998. С. 8.

2. ОсиповГ.. В. и др. Социология. М.: Наука, 1990. С. 52.

7

сондай-ақ, қоғам дамуының зандарын да ашады және оларды зерттейді.

Осыған орай, әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен даму-

ының зандары жөніндегі, сол заңдардың субъектілерінің, яғни әлеуметтік

үлкен және кіші топтардың, адамдар қауымдастықгарының, сонымен бірге

жекелеген тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде си-

паттауға болады. Сайып келгенде, мұның бәрі әлеуметтанудың өзіндік

мәнін және ерекшеліктерін сипаттайды, оның зерттеу объектілерін де

көрсетіп береді. Әлеуметтану - қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақ-

тарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам

факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым.

Бірақ қоғамды бұл ғылымнан басқа да бірнеше қоғамдық ғылымдар:

тарих, саясаттану, құқық, психология, т.б. өз ағымына сәйкес зерделеп,

зерттейді. Бұдан: сонда әлеуметтану қоғамның несін зерттейді? деген

заңды сауалдың тууы ықгимал. Бұған жауап беретін болсақ, оның пәнін,

яғни зерттеу тақырыптарын анықгайтын дәлел ретінде әр түрлі ой-пікір-

лерді ұсынар едік.

Ғалымдардың өз ішінде осы мәселе жөнінде әлі күнге дейін тұрақгал-

ған пікір жоқ. Бұл мәселеде әркім өз көзқарасын жөн санайды. Деген-

мен, әлеуметтану пәні туралы негізгі ұстанымдарына сәйкес ғалымдарды

екі топ пен бағытқа бөліп қарастыруға болады: 1) әлеуметтанудың зерттеу

тақырыбын өз зерттеу қорытындыларымен байланыстырған оқымысты-

лар; 2) әлеуметтану пәнінен осығылымның ең басты ұғымын тауып, сол

пәнге айналуы тиіс деп санайтын ғалымдар.

Демек, әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз - қоғам мен адамның

беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынас-

тар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік

институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары,

мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқа-

луы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың

нәтижелері.

Әлеуметтанудың объектісі мен пәні оның білімдік құрылымы мен

деңгейлерін анықтайды.