- •“Тамақтан уланудың” жiктелуi
- •Токсикоинфекцияныңжалпысипаттамасы
- •Тағамдықтоксикоинфекциялар
- •Шартты-патогендi микроорганизмдерменшақырылғантоксикоинфекциялар
- •Iшектаяқшалары-e.Coli
- •Тағамдықтоксикоинфекцияпрофилактикасы
- •Бактериалдытоксикоздар
- •Стафилококкты улануды шақыруға себепші азық-түліктер
- •Кремді кондитерлік бұйымдар
- •Ботулизм
- •Этиологиясыменпатогенезi.
- •Ботулизм ауруының туындауындағы азық-түліктердің ролі.
- •Ботулизмауруыныңпрофилактикасы:
- •Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстындары
- •1. Инфекция қоздырғышының көзін оқшаулау
- •2. Тамақтан улану қоздырғыштарыныңазық-түліктерде тұқымдану жолын үзу
- •Микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзуінің алдын алу
- •4.Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды залалсыздандыру
- •Тағамдық микотоксикоздар
- •Фузариотоксикоздар
- •Эрготизм
- •Табиғатынан улы өсімдік және жануар текті өнімдермен улану
- •Дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арам шөптік токсикоздар).
- •Триходесмотоксикоз (жергілікті энцефалит)
- •Есіртпе үйбидайықпен улану
- •Балықтың улы тіндерімен улану.
- •Ішкі секреция бездерінен улану.
- •Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған өсімдік текті азық-түліктермен улану
- •Амигдалин
- •Соланин
- •Азық-түліктердің құрамына түскен түрлі қоспалардан болған жедел уланулар
- •Азық-түліктердің құрамына химиялықзаттардыңтүрліқоспаларының түсуінен болған уланулар
- •Металл қосылыстарының қоспасы
- •Азық-түліктердің құрамына түскен түрлі қоспалардан болған созылмалы уланулар. Созылмалы алиментарлы нитратты-нитритті метгемоглобинемия.
- •Этиологиясы белгісіз тамақтан уланулар
- •Пестицидтердiңжiктелуi
- •Гигиеналықжiктемесi
- •Пестицидтерді гигиеналық бағалау
- •Пестицидтердің негізгі топтарының қысқаша сипаттамасы
- •10.2.1 Пестицидтердің ауыл шаруашылығында қолданылуына санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
- •Зерттеуге сынама алу
- •Пестицидтің қалдық мөлшерін анықтау үшін алынған сынаманы лабораториялық зерттеу
- •Азық-түліктегі пестицидтің микромөлшерін анықтау әдістері.
- •Пестицидтің азық-түліктегі қалдық мөлшерін анықтауғажүргізілген сараптаманың қорытындысын жазу
- •10.2.2 Пестицидтер тиісті мөлшерден асып кеткен жағдайда азық-түліктерді іске жаратудың жолдары
- •«Тамақтан улануды ескерту бойынша сэқб-ғы ұйымдастыру жұмыстары» Тамақтан улануды санитариялық-эпидемиологиялық тергеу
- •Санитариялық-эпидемиологиялық станция мамандарымен тамақтан улану індетін тергеу алгоритмі
- •Тамақтан улануды тергеу мен медициналық жәрдем көрсету барысындағы емдеу және санитарлық дәрігер істерінің өзара тығыз байланысы
- •Тамақтан улану туралы шұғыл хабарлама
- •Тамақтан улану кезінде зардап шеккендерге сауал қою формасы
- •Сынама үлгілерін алу және лабораторияға жеткізу
- •Тамақтан улануды тергеу актысын құрастыру
- •Тағамдықбояуыштар
- •Тағамдыққышқылдар
- •Технологиялықпроцестi жылдамдатқыштар
- •Консерванттар
- •Металданжасалғаныдыстар
- •Темiрменшойыннанжасалғаныдыстар
- •Полиолефиндер
- •Поливинилхлорид
- •Фторопластар
- •Полистирол
- •Полиакрилаттар
- •Аминопласттар
Сынама үлгілерін алу және лабораторияға жеткізу
Лабораториялық зерттеу үшін сынама үлгілерін санитарлық дәрігер өзі алады немесе лаборатория қызметкерлеріне жүктейді. Жиналған материалдар жергілікті СЭҚБ лабораториясына тез арада жолданады.
Этиологиясы бактериалды тамақтан улануға күдік болса, науқастан құсық массасы, асқазан шайындысы, нәжіс, зәр алады. Серологиялық зерттеуге қанды динамикада алып отырады. Серологиялық зерттеу үшін қан сарысуын аурудың алғашқы сағаттарында, екінші рет 3-7 күннен кейін қайталап алады.
Тамақ дайындаған адамдардан міндетті түрде мұрын-жұтқыншақтарының жағындысы, нәжіс, терінің іріңді зақымдануы болса, оның бөліндісі алынады.
Өлім жағдайы болса, лабораториялық зерттеуге асқазан мен ішектегі болған ас қалдықтары, ащы ішек кесіндісі, паренхиматозды ағзаның тілігі, жүректегі қан, жұлын, мезентериалды лимфа түйіндері, өт алынады.
Нәжіс сынамаларын ішектің жоғарғы бөлігіндегі соңғы түскенінен, егер шырыш, ірің, қан болса міндетті түрде қосып алады. Сынамаларды судно, астау, жаялықтан стерилді шпатель не таяқшамен алады.
Құсық массасы 50-100мл, асқазан шайындысы 100-200мл көлемінде қандай да бір дәрі-дәрмек қолданбай тұрғанда алынады.
Қанды арнайы ортаға сеуіп тексеру үшін, 8-10мл стерилді пробиркаға алады. Егер ботулизм ауруына күдік болса, қанды емдік ботулизмге қарсы қансарысуын енгізбей тұрып алады.
Зәр сынамасын бөгде заттар түспеуін қадағалап, 20-30мл көлемде алады.
12-елі ішек ішіндегі заттар мен өтті емдеу мекемесінде арнайы зонд көмегімен алады. Қабыну ошақтары болса, олардың пунктаттары (ірің, экссудат) стерилді пробиркаға алынады. Зерттеу барысына қажет болса, жұлын сұйықтығы 5-10мл алынады.
Қоршаған орта обьектілерінен алдымен науқас қолданған күмәнді тамақтың қалдығы, бастапқы шикізаттары, тәуліктік дайын ас сынамасы арнайы сақтау жағдайын қадағалап зерттеледі. Сонымен қатар бүкіл құрал-саймандар, ыдыстардың шайындысы, жағындысы зерттеуге алынады. Бактериологиялық зерттеуге алынған сынамаларды аузы кең 200-300мл банкаға салып, пергамент қағазымен жауып, мықты жіппен байлайды.
Консерв қалдықтары болса, сол өзінің ыдысымен жіберіледі. Ал жоқ болса, ашылмаған дәл сондай консервілердің бірнешеуін ашып, ішіндегісін зерттеуге алады. Құтының астындағы, бетіндегі таңбаларын лабораторлық журналға тіркейді.
Бактериологиялық зерттеуге бүліну белгісі бар, сыртқы түрі күмән туғызатын азық-түліктер алдыңғы кезекте зерттеледі. Олардың ішкі беттері мен сыртқы беткейлері мұқият тексеріледі.
Ет 500г. көлемінде ұшаның әр жерінен алынады. Құс еттері болса, бүкіл ұшасымен не қалған бөліктері алынады.
Ұсақ балықтар 2-3 дана, ірі балықтан-2-3 түйір, бөщкедегі тұздалған өнімдер болса, бетінен, ортасынан, бөшкенің түбінен алып, тұздығынан бөлек ыдысқа 200мл алады.
Сұйық тағамдар болса мұқият арараластырып 200мл, сүт өнімдерінен әр қораптан ыдыстағы сүттен 1дана алады.
Қоғамдық тамақтандыру обьектілерінде дайын тағамның 1-2 порциясы, ал үлкен көлемдегі өнім болса мысалы, піскен ет онда 200г мөлшерінде алады. Егер осындай мөлшердегі өнім болмаса қалғанын алады.
Тәуліктік дайын ас сынамалары тоңазытқышта қандай ыдыспен сақталса, сол ыдыспен жіберіледі.
Қолданған ас қалдықтарын табылғандағы ыдысымен немесе стерилді ыдыспен жіберуге болады.
Технологиялық қондырғылар, құрал-саймандар, қызметкерлер киімі қолынан глицеринді-глюзалы ет-пептонды сорпаға батырылған мақта тампондарымен шайынды алады. Ал майлы беткейлер болса, құрғақ ттампонмен алады.
Су сынамасын 1л кем болмайтындай алады. Сынама үлгілерін пломбалап, әр сынама алған ыдыс сыртына сынама алынған адамның аты-жөні, сынама аты, алған күні, сынама номері жазылады. Лабораторияға жолдама құжат толтырылады. Егер материал ауырған не өлген адамнан алынса, жолдама құжатта аты, жөні, жасы, мекен-жайы, жұмыс орны, қызметі, ауырған күні, диагнозы, немесе алу көрсеткіші, материалды алған күні, уақыты, материалды жолдаған адамның аты-жөні, лауазымы көрсетіледі.
Лаборатория сынамаларды қабылдағасын, қабылдаған уақытын көрсетіп, қолхат жазып беруі қажет.
Ботулизмге күдік туғызған науқастан сынама және зерттеуге материал алу
Ботулизмге тән симптомдары байқалған аурулардың бәрінде құсық массасы, асқазан шайындысы, нәжіс, қан, зәркүдікті тамақ қалдығы, бомбажды консервілер алынады.
Биоматериал емдік ботулизмге қарсы сарысу енгізгенге дейін алынады. Қан көктамырдан 15-20мл, асқазан шайындысы 50-100мл, зәр 50-100мл, құсық массасы бар мөлшерін алады.
Өлім жағдайы болса, мәйіттен бауыр тіні-50-60г, ащы ішек кесіндісі, асқазан ішіндегі ас қалдығымен, жүрек қаны, ми мен жұлын бөлігі, ас қалдықтары, қоршаған орта обьектілерін алу керек.
Ботулизм ауруының қоздырғышымен зақымдалған тағамның органолептикалық қасиеті мен сыртқы түрі өзгермеуі де мүмкін, консерв құтысында бомбаж әрдайым бола бермейді.
Зерттеуге алынған материалдар тез арада жеткізілуі тиіс, зерттеуге дейін тоңазытқышта сақталады.
Лабораторияға жеткізілген сынамалар бірмезгілде екі бағытқа: ботулотоксиннің болуына және ботулиндік микроорганизмдердің бөлінуіне тексеріледі.
Алынған мәліметтер мен лабораторлық зерттеу нәтижелері негізінде санитарлық дәрігер санитариялық-эпидемиологиялық тергеу актысын толтырып, тамақтан уланудың сипаты мен себебі туралы қорытындысын береді.
