Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-кредит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218.24 Кб
Скачать

Азық-түліктегі пестицидтің микромөлшерін анықтау әдістері.

Зертханаға зерттеу үшін үлгілерді сол күні жеткізеді. Ондай мүмкіндік болмаса, орташа үлгіні алғаннан бастап 3 тәулікке дейін тоңазытқышта сақтауға болады. Сирек жағдайда әрбір сынамадан кем дегенде 3 үлгі алынып, анықтау әдісіне сәйкес экстракция жасайды. Алынған экстракттарды тоңазытқышта 2-40С сақтайды. Сақтау мерзімі пестицидтің түріне байланысты: фосфорорганикалық – 5 тәулік, хлорорганикалық – 10 тәулік.

Ауыл шаруашылық дақылдар мен азық-түліктегі пестицидті анықтаудың көптеген әдістері бар.

Азық-түліктегі пестицидтің қалдық мөлшерін жұқа қабатты (тонкослойная хроматография) және газды-сұйықтықты хроматография (газожидкостная хроматография) әдістерімен анықтайды. Зерттеудің нәтижесі арнайы журналға тіркейді.

Пестицидтің азық-түліктегі қалдық мөлшерін анықтауғажүргізілген сараптаманың қорытындысын жазу

Сараптама қорытындысында өнімнің органолептикалық зерттеу нәтижелері мен пестицидтің қалдық мөлшерін анықтау мәліметтері толық берілуі керек.

Егер өнімнің сыртқы түрі өзгеріп, бөгде иісі мен дәмі асшеберлік және технологиялық өңдеу барысында жойылмаса, онда сол өнімнің тұтынуғажарамсыздығы туралы қорытынды жасайды. Егер органолептикалық қасиеттері өзгермесе, онда өнімнің тағамдық мақсатта жарамдылығы туралы қорытындыны пестицидтің қалдық мөлшерін анықтау нәтижелерінің негізінде жасайды. Алынған мәліметтерпестицидтің бекітілген МШД- нің нормативтерімен салыстырылады.

Санитариялық дәрігер құрамында МШД асатын пестициді бар азық-түлік партиясын тұтыну мен іске жарату жолдары туралы шешім қабылдағанда мыналарды ескеру қажет:

  1. анықталған пестицидтің уыттылығы, кумуляциялану қасиеті және тұрақтылығы бойынша гигиеналық сипаттамасын;

  2. азық-түліктің пестицидпен ластану деңгейін, яғни шектік нормативтерден асатын дәрежесін;

  3. өнімнің ерекшеліктерін: күнделікті рационда оның алатын үлесі мен тұтыну жиілігін; азық-түліктің қасиеттерін: мысалы, асшеберлік немесе технологиялық өңделу мүмкіндігін;

  4. азық-түлік партиясының көлемі;

  5. тұтынатын тұрғындардың ерекшеліктерін: (балалар, науқастар және т.б.);

  6. жергілікті жағдайларды.

МШД асатын пестициді бар азық-түлікті тұтыну мен іске жарату жолдары әртүрлі.

10.2.2 Пестицидтер тиісті мөлшерден асып кеткен жағдайда азық-түліктерді іске жаратудың жолдары

Фосфорорганикалық пестицидтермен ластанған азық-түліктер Жоғары температураның әсерінен фосфорорганикалық препараттар толық немесе жартылай ыдырайды. Өсімдікті өңдегеннен кейін алғашқы 1-2 сағатта ол сумен шайылып кетуі мүмкін. Жеміс-жидектерді әуелі жуып, сонан кейін мұраппа /варенье/, повидло, джем дайындауға болады.

Жемістерде фосфорорганикалық пестицидтердің мөлшері тиісті концентрациясынан 3-4 есе көбейіп кеткен жағдайда, оны өңдеу алдында қабығын аршиды. Азық-түлік құрамында фозалон кездескен жағдайда міндетті түрде қабығын аршиды.

Пестицидтердің мөлшері тиісті концентрациянан 3-4 есе көбейіп кеткен жеміс пен жидектен мармелад жасауға болмайды, өйткені мармелад алу үшін жылумен қысқа мерзімде өңдейді. Бұл температурада пестицид ыдырап үлгермейді.

Көкөністерді стерильдеп, консервілеуге болады. Метафос, хлорофос, тифоссекілді препараттар қышқыл ортада ұзақ сақталатындықтан, капуста және басқа да көкөністерде аталған препараттар тиісті мөлшерден артып кеткен жағдайда, оларды ашытып және маринадтап пайдалануға болмайды.

Фосфорорганикалық пестицидтер цитрустар қабығында көп мөлшерде жиналатындықтан, оларды қабығынан тазартқаннан кейін өңдеуге болады /қабығы аршылмаған жемістерді мыжуға болмайды/. Жеміс қабығын кондитер өндірісінде /цукаттар, цедра т.б./ пайдалануға болмайды.

Фосфорорганикалық пестицидтердің қалдық мөлшері бар астықтар тиісті нормаға жеткенше мұкият желдетілуі тиіс. Пайдаланар алдында астықты қайтадан тексереді. Астық пен ұннан нан өнімдерін пісіруге болады.

Ет тағамдары көп молшерде фосфорорганикалық пестицидтермен ластанған жағдайда /тиісті мөлшердегі концентрациясының 3-4 есе көбейіп кеткенде/ сауда орны арқылы сатуға тиым салынады. Одан жоғары температурада, пісірілген шұжық дайындауға болады.

Құрамында фосфоры бар сүтті тек қайнатқаннан кейін пайдаланады.

Хлорорганикалық пестицидтермен ластанған азық-түліктер.

Хлорорганикалық пестицидтер жоғары температура әсеріне өте төзімді, суда мүлдем ерімейді, сондықтан тағамдық азық-түліктерден оны жою өте қиын, тіпті кейде мүмкін емес.

Жемістер мен жидектерде хлорорганикалық пестицидтердің қалдық мөлшері шектеулі концентрациядан асып кеткен жағдайда, олардан шырын алуға болады, өйткені хлорорганикалық препараттар түгелдей езінді қалдығанда қалады.

Алма мен алмұрт да повидло мұраппа /варенье/, джем, қақ жасау үшін пайдалануға болады, ол үшін әуелі қабығын аршу қажет, өйткені пестицидтердің көпшілік бөлігі қабығында сақталады.

Сүйекті жемістерден қақ жасауға болмайды, өйткені оның қабығын ажырату мүмкін емес. Бүлінген жемістерді қабығынан ажыратқан кейін повидло, джем жасайды.

Жеміс пен жидектің езіндісін малға беруге болмайды.

Хлорорганикалық пестицидтермен ластанған жапырақты көкөністерді, көк жуаны, ақжелекті (петрушка) тағамға пайдалануға болмайды.

Хлорорганикалық пестицидтермен ластанған картоптан техникалық крахмал, техникалық спирт алуға және себетін тұқым ретінде пайдалануға болады.

Сәбізден балалар мен диеталық тағамдарға арналған шырын мен консерві жасауға болмайды. Оларды стерильденгеннен кейін, консерві жасауға (көкөніс, балық) пайдаланылады.

Астықтан жоғары сортты ұн тартуға болады (хлорорганикалық пестицидтердің көпшілігі кебегінде қалады). Хлорорганикалық пестицидтермен едәуір ластанған астықты тек техникалық мақсатта (техникалық спирт, техникалық крахмал, желім) сондай-ақ тұқым ретінде пайдаланылады.

Сүтті майын алғаннан кейін ірімшік, кефир, құрғақ және қойытылған сүт жасау үшін пайдалануға болады. Кілегей мен сары майдағы хлорорганикалық пестицидтердің қалдық мөлшері тиісті шамадан көбейіп кеткенде, оларды кондитер және басқада тағамдар дайындауға болады, бірақ дайын тағамдағы пестицидтің мөлшері тиісті шамадан аспауы тиіс. Олай болмаған жағдайда оларды техникалық мақсатта ғана пайдаланады.

Хлорорганикалық пестицидтер бар етті сұрыптағаннан кейін, шұжық жасауға пайдаланады.

Хлорорганикалық пестицидтер шектеулі концентрациясынан асып кететін балықтарды балық және көкөніс консервілерін жасауға пайдалануға болады.

Хлорорганикалық пестициді бар жұмыртқаларды кондитер өндірісінде пайдалануға болады.

Карбамин және дитиокарбамин қышқылдарымен ластанған азық-түліктер.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген пестицидтерден ең қауіптісі- севин, цирам, ТМТД /тетраметилтиурамидсульфид/. Олар жоғарғы температурағаөте төзімді, цитогенетикалық белсенділігімен, гонадотоксикалық қасиетімен, кумулятивті (цирам, ТМТД) әсерімен ерекшеленеді. ТМТД- мен және цираммен ластанған азық-түліктерді тағамға пайдалануға болмайды.

Құрамында севин бар алманы сақтауға болмайды, өйткені мұндайда препарат қабығынан ішкі жұмсақ бөлігіне еніп кетеді. Оларды қабығынан тазартқаннан кейін повидло, джем жасауға болады.

Шамалы мөлшерде севин бар алманы қабығынан тазартқаннан кейін, оларды консервіге қолдануға болады. Поликарбацин, купроцин және цинебпен ластанған жеміс-жидектерді қақ, шырын, компот, мұраппа /варенье/, джем жасауға пайдаланған жөн.

Цинебпен ластанған астық пен ұннан ашыған қамыр дайындап, түрлі нан өнімдерін пісіруге болады.

Бромды метилмен, хлорпитинмен, дихлорэтанмен өңделген азық-түліктердің сыртқы түрі мен дәмі өзгергенде - алмада «дат»теңбілі пайда болғанда, қара өріктің жұмсақ еті тығыздалғанда т.б. лабораториялық зерттеулер жүргізіледі.

Мұндайда қабылданған ресми әдістеме бойынша тек бос бромды ғана емес, сондай-ақ байланысқан бромды да анықтау қажет. Соңғы тәсіл шет елде қабылданған, онда әртүрлі азық-түліктерде олардың шектеулі мөлшері анықтайды.

Сынаптың, мышьяктың қалдық мөлшерін анықтау, әдетте, дақылдарды осы препараттармен өңдегенде жүргізіледі.

Мұндай объективті деректер жедел және лабораториялық бақылаудың тиімді көрсеткіш болып саналады, әрі кеңес, қоғам және шаруашылық ұйымдарына тиісті мәселе қоғамға мүмкіндік береді.

Дитиокарбаматтармен-поликарбаттармен, купрацинмен, цинебпен ластанған тағамдық азық-түліктерді іске жаратқанда ескеретін жәйт, пестицидтер қышқыл ортада едәуір тез ыдырайды.

Құрамында мышьяк бар пестицидтермен ластанған азық-түліктер. Көкөністер мен жидектерді консерві ретінде пайдалануға болады, бірақ олардан жасалған дайын өнімдерде мышьяк концентрациясы 1 мг/кг-нан аспауы тиіс.

Етті пісіргеннен кейін шұжық жасауға болады, бірақ ондағы мышьяк мөлшері 1 мг/кг-нан аспауы тиіс. Сорпасын төгіп тастайды. Мышьяк препаратымен уланған малдың ішек-қарны мен сүйектерін пайдалануға болмайды.

Сынап-органикалық пестицидтермен ластанған азық-түліктер.

Сынап – органикалық пестицидтермен ластанған азық-түліктерді тағамдық мақсатта мүлде пайдалануға болмайды.

Тағамдардағы пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтауды жоспарлағанда лабораториялық, нақты өндірістік жағдайын, анализ алудың қиындығын және лабораториялық зерттеудің нақты қажетін ескеру керек. Мұнда әсіресе сыртқы ортаға төзімді пестицидтермен өңделген азық-түліктерді зерттеуге, сондай-ақ кумулятивтік қасиеттеріне /ДДТ, гексахлоран, адрин, гептахлор т.б./ бірінші кезекте көңіл бөлуі қажет.

Фосфорорганикалық қосылыстары бар /тифос, хлорофос/ азық-түліктерді зерттеудің мәні шамалы, өйткені табиғи жағдайда тез бүлінеді, демек, тағамдық азық-түліктерде онша байқалмайды. Алайда бұл препараттар өте улы келетіндіктен онымен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларының сақталуын мұқият бақылап отыру қажет.

Санитариялық дәрігер сарапталған азық-түліктің партиясына қорытынды жасағанда мына мәліметтерді көрсетеді:

  1. өнімнің аталуы және партияның көлемі;

  2. сынама алынған жер және күні;

  3. сынаманы кім алды;

  4. сараптаманы қандай мақсатпен жүргізгені (жоспарлы бақылау, ластануға немесе улануға күдік туғанда);

  5. лабораториялық зерттеу күні мен нәтижелерін;

  6. МШД асатын пестициді бар өнімді тарату жолдарын;

  7. тағамдық мақсатта жарамсыз өнімді техникалық мақсатта, тұқым ретінде қолданылуын, жойылуын;

  8. азық-түліктің пестицидпен ластану себептерін;

  9. азық-түліктің пестицидпен ластануына кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту ұсыныстарын;

  10. күні;

  11. қорытынды жасаған санитариялық дәрігердің аты-жөні.

Санитариялық дәрігердің қорытындысы арнайы журналға тіркеледі. Техникалық мақсатта немесе өнімдерді қайта өңдеген кәсіпорын анықтамалары, азық-түлік партиясын жою туралы акт СЭҚБ сақталып, арнайы журналға тіркейді.