- •“Тамақтан уланудың” жiктелуi
- •Токсикоинфекцияныңжалпысипаттамасы
- •Тағамдықтоксикоинфекциялар
- •Шартты-патогендi микроорганизмдерменшақырылғантоксикоинфекциялар
- •Iшектаяқшалары-e.Coli
- •Тағамдықтоксикоинфекцияпрофилактикасы
- •Бактериалдытоксикоздар
- •Стафилококкты улануды шақыруға себепші азық-түліктер
- •Кремді кондитерлік бұйымдар
- •Ботулизм
- •Этиологиясыменпатогенезi.
- •Ботулизм ауруының туындауындағы азық-түліктердің ролі.
- •Ботулизмауруыныңпрофилактикасы:
- •Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстындары
- •1. Инфекция қоздырғышының көзін оқшаулау
- •2. Тамақтан улану қоздырғыштарыныңазық-түліктерде тұқымдану жолын үзу
- •Микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзуінің алдын алу
- •4.Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды залалсыздандыру
- •Тағамдық микотоксикоздар
- •Фузариотоксикоздар
- •Эрготизм
- •Табиғатынан улы өсімдік және жануар текті өнімдермен улану
- •Дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арам шөптік токсикоздар).
- •Триходесмотоксикоз (жергілікті энцефалит)
- •Есіртпе үйбидайықпен улану
- •Балықтың улы тіндерімен улану.
- •Ішкі секреция бездерінен улану.
- •Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған өсімдік текті азық-түліктермен улану
- •Амигдалин
- •Соланин
- •Азық-түліктердің құрамына түскен түрлі қоспалардан болған жедел уланулар
- •Азық-түліктердің құрамына химиялықзаттардыңтүрліқоспаларының түсуінен болған уланулар
- •Металл қосылыстарының қоспасы
- •Азық-түліктердің құрамына түскен түрлі қоспалардан болған созылмалы уланулар. Созылмалы алиментарлы нитратты-нитритті метгемоглобинемия.
- •Этиологиясы белгісіз тамақтан уланулар
- •Пестицидтердiңжiктелуi
- •Гигиеналықжiктемесi
- •Пестицидтерді гигиеналық бағалау
- •Пестицидтердің негізгі топтарының қысқаша сипаттамасы
- •10.2.1 Пестицидтердің ауыл шаруашылығында қолданылуына санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
- •Зерттеуге сынама алу
- •Пестицидтің қалдық мөлшерін анықтау үшін алынған сынаманы лабораториялық зерттеу
- •Азық-түліктегі пестицидтің микромөлшерін анықтау әдістері.
- •Пестицидтің азық-түліктегі қалдық мөлшерін анықтауғажүргізілген сараптаманың қорытындысын жазу
- •10.2.2 Пестицидтер тиісті мөлшерден асып кеткен жағдайда азық-түліктерді іске жаратудың жолдары
- •«Тамақтан улануды ескерту бойынша сэқб-ғы ұйымдастыру жұмыстары» Тамақтан улануды санитариялық-эпидемиологиялық тергеу
- •Санитариялық-эпидемиологиялық станция мамандарымен тамақтан улану індетін тергеу алгоритмі
- •Тамақтан улануды тергеу мен медициналық жәрдем көрсету барысындағы емдеу және санитарлық дәрігер істерінің өзара тығыз байланысы
- •Тамақтан улану туралы шұғыл хабарлама
- •Тамақтан улану кезінде зардап шеккендерге сауал қою формасы
- •Сынама үлгілерін алу және лабораторияға жеткізу
- •Тамақтан улануды тергеу актысын құрастыру
- •Тағамдықбояуыштар
- •Тағамдыққышқылдар
- •Технологиялықпроцестi жылдамдатқыштар
- •Консерванттар
- •Металданжасалғаныдыстар
- •Темiрменшойыннанжасалғаныдыстар
- •Полиолефиндер
- •Поливинилхлорид
- •Фторопластар
- •Полистирол
- •Полиакрилаттар
- •Аминопласттар
Зерттеуге сынама алу
Сынама алу тәсілі сынама алынатын жеріне (егістік, қойма, көлік), сынама алынатын материалдың түріне (сусымалы, даналы, таралы т.б.) және зерттеудің мақсатына (жоспарлы қадағалау, апат болу т.б.) байланысты.
Сынама алудың келесі әдістері бар:
Диагональ бойынша сынама алу – егістікте өсіп тұрған өсімдіктер арасына оңай жүретіндей жол болған жағдайда қолданылатын әдіс.
Егістіктің түйісетін екі жиегінен сынама алу – егістікте өсіп тұрған өсімдіктердің ортасына ену мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылатын әдіс.
Конверт әдісі – сусымалы немесе даналы өнімдерден сынама алу әдісі.Үлгінің, қойманың көлеміне байланысты бірреттік, екіреттік немесе үшреттік конверт әдісі қолданылады.
Сынама алғыш арқылы сынама алу әдісі – арнайы аспап арқылы сусымалы, сұйық, тығыз, май тәрізді өнімдерден сынама алу әдісі.
Даналап сынама алу – жәшікте, бумада немесе басқа да тарада тасымалданатын өнімдерден сынама алу әдісі.
Буып-түйілген өнімдерден сынама алу – жабылған ұсақ немесе үлкен тарамен буылған өнімдерден сынама алу әдісі.
Орташа сынаманың көлемі зерттеуге алынатын материалға және сынама алу тәсіліне байланысты. Лабораториялық зерттеуге жіберілетін орташа үлгінің болжамдық мөлшері мынадай: өсімдік текті өнімдер (дәнді-дақылдар, көкөністер, жемістер, жидектер) – 0,25-0,5 кг, сойылған малдың еті мен ішкі ағзалары – 0,2-0,3 кг, үй құсының еті – 0,1-0,3 кг, жұмыртқа – 20 дана, сүт – 0,5 л, балық – 0,5 кг, уылдырық – 0,1 кг, қоймалардан, көліктен алынатын сынаманың мөлшері – 0,2-0,5 кг.
Пестицидтің қалдық мөлшерін анықтау үшін ауыл шаруашылық өнімдерінен, азық-түліктен үлгі алған жерде екі данада акт толтырылады.
Пестицидтің қалдық мөлшерін анықтау үшін алынған сынаманы лабораториялық зерттеу
Органолептикалық зерттеу жүргізгенде өнімнің сыртқы түрін (сыртынан, кесіп қарағандағы түрі), иісі мен дәмін анықтайды. Сынаманың дәмін тек дегустатордың денсаулығына зиян келтірмейтін жағдайда ғана анықтайды. Өнімді тағамға қандай түрінде қолданылуына байланысты, сол түріне органолептикалық зерттеулер жүргізеді.
Азық-түліктегі пестицидтің қалдық мөлшері:
пестицидтің қасиетіне,
қолданылған препараттың формасы мен концентрациясына,
шығындалу мөлшеріне,
соңғы өңделген мерзімі мен өнімдерді жинау мерзіміне,
дақылдың түріне байланысты.
Азық-түлікті химиялық зерттеу нәтижелері санитариялық дәрігерге келесі мәселелерді:
Дақылдарды, жануарларды, құстарды өңдеу барысында пестицидті қолдану ережелерінің қаншалықты сақталғанын бағалауға;
пестицидпен ластанған азық-түлікті тарату мүмкіндігі мен іске жарату жолын шешуге мүмкіндік береді.
Өсімдік текті өнімдердегі пестицидтің қалдық мөлшерін пісіп жетілген уақытында анықтайды. Егер өнім шикі түрімен бірге, асшеберлік өңдеуден кейін қолданылатын болса, онда шикізат пен дайын өнімде де зерттейді.
Азық-түліктің сынамасын зерттеуге дайындағанда оған аса көңіл бөледі.Орташа үлгіден зерттеуге үлгі (навеска) дайындалады. Сондықтан үлгі алар кезде сұйық, тұтқыр, сусымалы өнімдерді барынша араластыру керек, ал тығыз өнімді алдын ала үгітіп, ұнтақтау керек. Азық-түлікті зерттеу үшін оның тек жеуге жарамды бөлігі ғана алынады.
Егер өнім қандай пестицидпен ластанғаны белгісіз болса, онда топтық зерттеу әдістері қолданылады (жалпы хлордың мөлшерін, жалпы фосфордың мөлшерін анықтау)
