Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-кредит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218.24 Кб
Скачать

10.2.1 Пестицидтердің ауыл шаруашылығында қолданылуына санитариялық қадағалауды ұйымдастыру

Бізде пестицидтердің зиянды әсерінен халықты қорғауды қамтамасыз етудің санитариялық-гигиеналық сақтық шаралар жүйесі қабылданған.

Пестицидтерді қолдануда сақтық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру. Сақтық шаралар жүйесіндегі ең маңызды жұмыстардың бірі улы химикаттарды ауыл шаруашылығына енгізудегі сақтық санитариялық қадағалау болып табылады. Бізде улы химикаттарды ауылшаруашылығында қолданудың арнайы санитариялық заңдылықтары бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы рұқсатынсыз пестицидтердің бірде бір түрі қолданылмайды. Оны қолданардан бұрын міндетті түрде гигиеналық, улылық қасиеттері, мутагендік, бластомогендік, канцерогендік, тератогендік, эмбриотоксикалық қасиеттері тексеріледі.

Сақтық шаралар жүйесіндегі басқадай бұкаралық әрі жауапты жұмысының формасы тікелей ауыл шаруашылығында санитариялық бақылауды жүргізу болып табылады.

Пестицидтердің қолданылуын қадағалау жұмыстары арнайы дайындықты қажет етеді. Ол үшін ғылыми зерттеу институттарында денсаулық сақтау басшыларымен семинарлар, курстар өткізіледі, практикалық мекемелерде арнайы жұмыс орны беріледі.

Бұл жұмыстарда міндетті түрде денсаулық сақтау министрлігі бекіткен немесе сонымен келісілген пестицидтердің қалдық мөлшерін бақылау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар қолданылады. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және ауыл шаруашылығына қолдану жөніндегі санитариялық ережелерді т.б. ресми нұсқауларды басшылыққа алу қажет.

Қадағалау барысында денсаулық сақтау орындарының басты міндеті, жергілікті тұрғындарда пестицидтермен өңделген азық-түлікті пайдаланғанда жедел және созылмалы уланулардан сондай-ақ, пестицидтермен жұмыс істейтіндерде кәсіптік уланудың алдын алу болып табылады. Осыған орай жергілікті жерлерде санитариялық дәрігер пестицидтерді пайдалану жоспарының нақтылы орындалуын анықтап, мыналарды айқындайды:

  1. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеген кезде пестицидтердің қолданылу әдістерін: дуст, сулы суспензия, сулы ерітінді, эмульсия, паста әр гектарға қанша кг пестицидтер жұмсалғандығын және концентрация пайызын, өңделу уақытын және дақылдың қандай өсу кезеңінде енгізілгендігін, гүлдегенде өнімді жинардан 20-30 күн бұрын т.б. өңдеудің қай түрі қолданылғандығы анықталады.

  2. Тасымалдау: арнайы көліктің бар жоғы, сақталу жағдайы: арнайы бөлінген қойманың жағдайын, пестицидтердің кірісі және шығыны туралы тіркеу құжаттары тексеріледі.

  3. Пайдаланылмаған немесе жарамсыз болған препараттарды, ыдыстарды, жұмыс киімдерін жою тәртібінің орындалуын, жұмыс киімдерін, бөлмелерін, тасымалдау құралдарын залалсыздандыруды, жұмысшылардың жеке бас қорғаныш құралдарын пайдалануын, олардың медициналық байқаудан өту жиіліктерін анықтайды.

  4. Алғашқы жәрдем көрсету қобдишасының бар – жоғын біледі.

  5. Пестицидтермен жұмыс істейтіндерге сақтану шаралары туралы нұсқау берілгендіктен, тағамдық азық-түліктердің ластануын болдырмау шараларын және алғашқы жәрдем көрсету тәртібін біледі.

Санитариялық қызмет органдары, жергілікті органдарды тексерумен қатар, пестицидтермен пайдалану жағдайын анықтау үшін мыналарды ұйымдастырады:

  • өсімдіктің және малдың тағамдық азық-түліктерін жоспарлы түрде, сондай-ақ жемдік азықтар мен топырақты ішінара қалдық пестицидтер мөлшері бойынша зерттеп, анықтау;

  • пестицидтер анықталған жағдайда (улану, азық-түліктің органолептикалық көрсеткіштерінің өзгеруі, қолдану, сақтау, т.б. жағдайының бұзылуы) әртүрлі азық-түліктерге сараптама жүргізу;

  • пестицидтермен жұмыс істейтіндер, тұрғын халық арасында қауіпсіздік шаралары мен пестицидтердің улылық қасиеттері, дақылдарды өңдеуде қалай пайдаланылуы жайлы санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізу,бұл пункте Республикалық сан-эпид станциясының бас дәрігері бекіткен, пестицидтерді сақтау, тасымалдау, ауыл-шаруашылығында қолдану жөніндегі санитариялық ережелерді, басшылыққа алу.

Пестицидтердің қолданылуына күнделікті санитариялық қадағалауды ұйымдастыру. Пестицидтер үшін, күнделікті санитариялық қадағалаудың жұмыстарын белгілі бір жоспар бойынша нақты жер жағдайын ескере отырып ұйымдастырады. Рейдтік тексеруді жылына 3-4 рет мерзімде жүргізуге болады.

Бірінші рейд – көктемнің басында жүргізіледі. Мұнда мыналар анықталуы тиіс:

  • Облыстың базалық қоймасында қандай пестицидтер бар және қандай пестицидтер осы жылы қолданылады.

  • Әртүрліпестицидтерді қолданудың шамамен алғандағы күнтізбелік жоспары қандай дақылдарға қолданылады.

Осымен қоса қойма ғимаратының жайы, әзірлігі, дербес қолдану құралдары, қобдишалармен қатамасыз етілуі, қызметшілердің санитариялық-техникалық әзірлігі тексеріледі.

Осыдан кейін улы химикаттарды алуға және сақтауға құқы бар паспорт толтырылып, қоймаға жалпы сипаттама беріледі. Актіде дәрігерге жәрдем көрсетілетін қобдишадағы дәрі-дәрмектерді көрсетеді.

Екінші рейд – жазда. Жаздағы рейдте қолданылып жүрген нұсқауға сәйкес пестицидтердің дұрыс қолданылуын тексереді (өңдеу мерзімі, препараттарың жұмсалуы, өңдеу тәсілі, дербес қорғаныш құралдарын пайдалану) өңдеу тіркелетін арнайы кітапша бойынша өңделген азық-түліктерді сипаттайтын құжаттармен танысады.

Сонымен бірге пестицидтердің қолда бар мөлшері мен оның қағазға дұрыс толтырылуы, пестицидтердің кіріс-шығыс есебі, өңделген азық-түліктердің тауарлық жетілген кезеңдегі (жеміс, ерте піскен көкөністер т.б.) алынған сынама үлгісі тексеріледі.

Үшінші рейд – жаздың соңында немесе күздің басында. Бұл рейдте ауыл-шаруашылығы дақылдарының өнімін алар алдында соңғы өңдеу мерзімінің орындалуын мұқият тексеру және лабораторияда тексеру үшін пестицидтердің қалдық мөлшерінің өңделген азық-түліктердегі үлгісін алу мақсатында жүргізіледі.

Төртінші рейд – қыста. Бұл өңдеуді және егістік материалдың сақталуынбақылау, шаруашылықтың парниктеріндегі, теплицаларын-дағыөсірілген тағамдық азық-түліктердегі пестицидтердің қалдық мөлшерін лабораторияда тексеру мақсатында жүргізіледі.

Улы химикаттарды қолданған кезде өсімдіктер мен жануарларды өңдеп дәрілеу тәртібінің дұрыс сақталуын бақылаудың зор маңызы бар. Ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу процесінде нұсқау талаптарының орындалуын бақылауды ұйымдастыру улы химикаттарды қолдану қауіпсіздігінің бірінші алғы шарты болып саналады. Бұл басты міндет ауыл-шаруашылығы дақылдарын пестицидтермен өңдеуді ұйымдастыратын мамандардың (агрономдардың, техниктердің, бригадирлер мен жұмысшылардың) жұмысқа ерекше жауапкершілікпен қарауы арқылы ғана жүзеге асырылады. Улы химикаттармен жұмыс істеген кезде сақтық шараларына ерекше көңіл бөлінуы тиіс, өйткені ол организмге сау тері, тыныс органдары және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Сол себептен де сақтық шаралары жүйесіне улы химикаттармен жұмыс істейтіндердің дербес қорғаныш құралдарына ерекше көңіл бөледі (жұмысқа қатысушылардың барлығы комбинезонмен немесе халатпен, жұмыс аяқ-киімімен, қолғаппен, респиратормен, қорғаныш көзілікдірікпен т.б. қамтамасыз етілуі тиіс).

Адамдардың санитариялық-техникалық сауаттылығына, әсіресе азық-түлік дақылдары мен жануарларды өңдеп-дәрілеу, адамдарға тиісті нұсқауларды дер кезінде, әрі біліктілікпен таныстыру, қолданылатын улы химикаттардың дұрыс тіркелуі, осы заттардың пайдаланылу мерзімі, әдістері және нормасы т.б. ерекше көңіл бөлу қажет. Жоғарыда аталған ережелерді мұқият бақылау санитариялық дәрігерлердің барлығына жүктеледі. Олардың міндетіне сонымен қоса ауыл шаруашылығы жұмыскерлері мен жеке учаскесілерінде улы химикаттарды қолданатын тұрғын халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыру да жатады.