Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-кредит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218.24 Кб
Скачать

Пестицидтерді гигиеналық бағалау

Санитариялық-токсикологиялық мақсатта төменгідей пестицидтер қауіп туғызады:

  • Жоғары уытты – орташа өлім шақыратын дозасы 1 кг-ға 200 мг-нан кем емес;

  • Сыртқы ортада өте тұрақты және топырақта, суда, азық-түлікте ұзақ сақталатын;

  • Сыртқы ортада ыдырау нәтижесінде жоғары уытты заттектер түзілетін;

  • Тіндер мен жүйелерде жиналатын айқын кумулятивті қасиетінің болуы;

  • Организмде ұзақ болуы;

  • Лактация кезінде жануарлардың, ананың сүті арқылы организмнен шығуы;

  • Төзімді майлы эмульсия түзуі.

Пестицидтерге келесі гигиеналық талаптар қойылады:

  • адам, үй жануарлары мен пайдалы жәндіктер үшін уыттылығы ең аз болуы керек;

  • препараттың кумулятивті қасиетінің болмауы;

  • ауыл шаруашылығында 1 м2 немесе 1 га егістікке аз мөлшерде шығындалуы;

  • дайындау барысында препараттың стандарттылығы;

  • сақтау барысында тұрақтылығы;

  • өңделетін дақылдарға зиянсыз болуы;

  • химиялық заттектердің сыртқы орта факторларына тұрақсыз болуы.

Гигиеналық жағынан ең қолайлы пестицидтерге мақсаты бойынша қолданылғаннан кейін, түрлі сыртқы орта факторларының әсерінен зиянсыз заттектерге ыдырап кететін пестицидтерді жатқызады. Бірақ, өкінішке орай, халық шаруашылығының қажеттілігін осындай пестицидтермен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан азық-түлікте қалдық мөлшері кездесетін пестицидтер қолданылады. Пестицидтің азық-түліктегі қалдық мөлшерін әрбір рұқсат етілген химиялық препаратқа жеке тағайындайды.

Пестицидтердің халық денсаулығына қолайсыз әсері 1) жіті және

2) созылмалы уланулар түрінде байқалуы мүмкін.

Жіті улану – препараттың салыстырмалы үлкен дозасының қысқа уақытта түсуінен, ал созылмалы улану - организмге пестицидтің аз мөлшерінің ұзақ уақыт түсуінен дамиды.

Жіті улану көбінесе пестицидтерді қолдану ережелерін және пестицидтерменөңделген өнімдерді пайдалану ережелерін орындамағанда туындайды.

Созылмалы улану адам организміне ұзақ уақыт шектік бағдарлық концентрациядан (ШБК-допустимая ориентировочная концентрация -ДОК) азғантай асатын дозада түсуінен туындайды.

Пестицидтермен улануға сонымен бірге эмбриотоксикалық, гонадотропты, мутагенді және тератогенді, аллергенді, бластомогенді, канцерогенді әсерлерімен байқалатын жанама және кейінірек, уақыт өте байқалатын салдары туындауы мүмкін.

Гигиеналық тұрғыда «қолайсыз триадамен» сипатталатын пестицидтер аса қауіп төндіреді. «Қолайсыз триадаға» мыналар жатады:

1) сыртқы ортада жоғары тұрақтылығы,

2) айқын кумулятивті қасиеті,

3) лактация кезінде сүтпен бөлінуі.

Осындай қасиеттермен сипатталатын пестицидтер қатарына хлорорганикалық пестицидтерді жатқызуға болады.

Пестицидтердің негізгі топтарының қысқаша сипаттамасы

Хлорорганикалыққосылыстар. Хлорорганикалық пестицидтерге: гексахлорциклогексан (ГХЦГ), гептахлор, кельтан, полихлорпинен, хлортен, пертан, метоксихлор, эфирсульфонат.

Олар орташа және жоғары уыттылығымен, айқын кумулятивті қасиеттерімен, лактация кезінде сүтпен бөліну қабілетімен және сыртқы ортада тұрақтылығымен сипатталады. Құрамы жағынан майларға ұқсас болғандықтан, организмге түскенде майлы тіндерде жиналады.

Токсикологиялыққасиеттері бойынша хлорорганикалық пестицидтер политропты уға жатады. Организмге түскеннен кейін орталық жүйке, эндокринді және жүрек-қантамырлар жүйелерін және паренхиматозды ағзаларды (бауыр, бүйрек) зақымдайды.

ХОҚ организмге асқазан-ішек жолдары арқылы түскенде лоқсу, құсу, іштің жоғарғы бөлігінде ауру сезімі байқалады. Осылармен бірге жалпы әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, қозу процесінің артуы, ұйқының қашуы дамиды. Уланудың ауыр түрінде аяқ-қолдың дірілдеуі, тартылуы, жансыздануы, ентікпе, тері беттері мен сілемейлі қабаттардың көгеруі байқалады. Жітіулану кезінде негізгі симптоматика жүйке жүйесіне, ал созылмалы улануда паренхиматозды ағзаларға (бауыр, бүйрек) қатысты дамиды.

Фосфорорганикалық қосылыстар. Пестицидтердің басқа топтарымен салыстырғанда ФОҚ кеңінен қолданады. ФОҚ тобына құрамында фосфор қышқылының эфирі бар, түрлі химиялық құрылымдағы заттектер жатады. Олар: октаметил, метафос, метилмеркаптофос, фосфамид, карбофос, хлорофос, үшхлорметафос-3 және т.б.

Ауыл шаруашылығында фосфорорганикалық пестицидтерді кеңінен қолдануға - олардың инсектицидті тиімділігінің жоғары болуы мен қоршаған ортада салыстырмалы түрде тезірек ыдырауы негіз болған.

Фосфорорганикалық пестицидтердің негізгі ерекшелігі –уыттылығы төмен, кейбір жағдайда ыдырау барысында уытты қасиеті бар заттектер мүлдем түзілмейді.

Метафос пен карбофос сияқты кең тараған пестицидтердің өзі тезірек ыдырап, өңдегеннен кейін бірнеше күннің ішінде белсенділігін жояды.

Жанасатын фосфорорганикалық препараттар, өсімдіктердің ішіне енбейтіндіктен (карбофос, метафос), сыртқы ортада тұрақсыз және өңделенетін объектіде тез ыдырайтын қасиеттері бар.

Өсімдіктердің ішіне енетін (жүйелік) басқа фосфорорганикалық пестицидтер дақылдың барлық бөлігіне, сонымен бірге жеуге жарамды бөлігіне дейін өте алады. Жүйелік препараттардың сыртқы ортада тұрақтылығы жоғары. Сондықтан осындай препараттарды (фосфамид, октаметил) қатаң регламенттеп, олардың қолданылуын шектейді.

Хлорорганикалық пестицидтермен салыстырғанда фосфорорганикалық пестицидтер сыртқы ортада тұрақсыз. Көбісінің жартылай ыдырау мерзімі 2-5 күнге тең. Кумулятивті қасиеті төмен болғандықтан, адамдар мен жануарлар организмінде жиналмайды. Лактация кезінде сүтпен бөлінбейді.

Осы қасиеттерін ескере отырып, фосфорорганикалық пестицидтерді ңидеалды пестицидң қатарына жатқызуға болады.

Организмдегі әсер ету механизмі холинэстеразаның белсенділігін тежеумен сипатталады. Сонымен бірге каталазаның белсенділігі өзгереді, қан сарысу белоктарындағы кейбір аминқышқылдарының азаюы, қанның белокты фракциясының және басқа да биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруі мүмкін.

ФОҚ асқорыту жолдары арқылы түскенде алғашында құсу, ішінің ауруы, іш өту сияқты клиникалық белгілер дамуы мүмкін. Сосын көзден жастың ағуы және орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері (үрей, қорқыныш сезімі, мазасыздық, бастың айналуы т.б.) дамиды.

Орташа ауырлықтағы улану белгілері жүрістің өзгеруімен, қол мен бастың дірілдеуімен, кеңістікте бағдарлау қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Уланудың ауыр түрінде көру өткірлігі төмендейді, қарашықтар тартылады, құрысулар пайда болады, коллапс, кома дамуы мүмкін.

Карбамин, тио- және дитиокарбамин қышқылдарының туындылары (карбаматтар) ауыл шаруышылығында кеңінен қолданылады. Осы топқа дикрезил, севин, бетанал, карбин, ронит, тиллам, эптам ялан, цирам, поликарбацин, цинеб жатады.

Карбаматтардың әсер ету спектрі кең, инсектицидті белсенділігі жоғары және сыртқы ортада тұрақтылығы орташа. Осымен қатар карбаматтардың организмге қолайсыз әсері де бар. Мысалы, цинебтің канцерогенді және мутагенді қасиеті, севиннің тератогенді қасиеті, кейбір карбаматтардың ұрпақ жаңғырту қызметіне қолайсыз әсері және метгемоглобинтүзуші әсері.

Севин мен басқа да карбаматтардың уытты әсер ету мезанизмі холинэстераза мен басқа да тіршілікке қажетті ферменттер жүйесін тежеуге бағытталған.

ИнтоксикациякезiндеОЖЖменпаренхиматоздыағзаларзақымдалады. Функционалдыөзгерiстерменбiргеморфологиялықөзгерiстердедамиды.

Сынапорганикалық қосылыстар. Гранозан мен меркуранды дәнді дәрілеу үшін қолданады. Сынапорганикалық қосылыстардың уыттылығы өте жоғары, сыртқы ортада тұрақтылығы жоғары, азық-түлікте ұзақ сақталады, кумулятивтік қасиеті айқын.

Осы аталған препараттардың жоғары уыттылығына байланысты олар тек қана тұқым ретінде қолданылатын дақылды дәрілеу үшін қолданылады. Дәріленген дақылды тағамдық мақсатта қолдануға мүлдем тиым салынады.

Пестицидтермен уланудың алдын алу шаралары

  • Сыртқы ортада өте тұрақты және айқын кумуляциялану қасиеті бар пестицидтердің қалдық мөлшерімен ластанған азық-түлікті тұтынуға тиым салу.

  • Азық-түлікте пестицидтің әсер етпейтін қалдық мөлшері рұқсат етіледі.

  • Ауыл шаруашылығында өнімнің жеуге жарамды бөлігі пісіп жетілгенге дейін пестицидтің қалдығынан толық арылуын қамтамасыз ету үшін жартылай ыдырау кезеңі қысқа болатын пестицидтерді қолдану керек.

  • Пестицидтерге арналып қолданған тарада азық-түлікті, суды, малдың жемін сақтауға мүлдем рұқсат етілмейді.

  • Өнімдегі пестицидтің қалдық мөлшерін қадағалау және олардың бекітілген максималды шектік деңгейден (МШД-МДУ) асуын болдыртпау.

  • Ең негізгі алдын алу жолы- пестицидтерді тиімді зерттеу. Азық-түліктің құрамындағы пестицидтің максималды шектік деңгейі (МШД –МДУ-максимально допустимыйуровень) мен шектік бағдарлық концентрациясына(ШБК-ДОК-допустимая ориентировочная концен-трация) санитариялық сараптама жүргізу.