Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-кредит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218.24 Кб
Скачать

Этиологиясы белгісіз тамақтан уланулар

Алиментарлы пароксизмальды-токсикалық миоглобинурия (Гафф ауруы)

Бұл ауру көбінесе өзен-көл жағалауында қоныс тепкен елді мекендерде балықты жиі тұтынудан кейін байқалып отырған.Үй жануарларында да осы аурудың себебі балық жеуімен байланысты.

Алиментарлы пароксизмальды-токсикалық миоглобинурия ауруы алғаш рет 1924ж. Балтық жағалауындағы Фришес-Гафф түбегінде байқалып, Гафф ауруы деп аталып кеткен. Сол кездері 1000-ға жуық адамды қамтып, бірнеше рет ауру дүмпуі қайталанған. Ал 1934-1936 ж. Ленинград облысының Юксов өзені маңында Гафф ауруы тіркеліп, осыдан сол аймақта юксов ауруы деп аталған. 1946-1948 ж. Батыс Сібірдің Сартлан өзені маңында Гафф ауруы тіркеліп, мұнда сартлан ауруы деп аталды. Бұл аурудың басты себебі кейбір балықтарды әсіресе, жабайы балықтар-шортан, алабұға, көксеркені қолданумен байланысты, олар кейбір кездері белгісіз себептерден уытты қасиетке ие болып отырады. Сонымен қатар ұсақ кептірілген балықтар да себепші болуы мүмкін.

Ауру кенеттен басталып, жедел бұлшық еттің ауыру сезімі күшейіп, науқас қозғала алмай қалады.Мұндай ұстамалар тәулігіне 2-7 рет қайталанып отырады. Ұстама кезінде бүйрек қызметінің бұзылып, миоглобинурия түзуден зәрдің түсі қоңыр-қошқыл түске енеді. Ұстама кезінде қабырға аралық және көкет бұлшық етттерінің зақымдалуынан асфиксия дамып, өлімге әкеледі. Гафф ауруында өлім жағдайы 2% құрайды.

Ауру қалыпты температурада, еш қабыну белгісі болмай өтеді. Симптомдар бұлшық еттің дистрофиялық, некротикалық процестері негізінде дамып, бүйрек қызметінің бұзылуы, орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен өтеді. Улы заттың химиялық құрамы белгісіз, тек оның липотропты қасиеті(балық майында жинақталады), термостабильді, сақтауға тұрақтылығы ғана жорамал бойынша белгілі. Балықтың улы қасиетке ие болуы балық қорегі фитопланктондардың сапасы мен сипатының өзгеруімен байланыстырады.

Уров ауруы немесе Кашин-Бек ауруы- Қиыр Шығыста, Шығыс Сібірде Байкал маңында, Корея, Қытай елдерінде яғни шектелген территориялық аймақта кездескен. Алғаш рет 1860 ж. орыс дәрігері Кашин Н.И., 1906 ж. Бек Е.В. Шығыс Сібірдің Уров өзені маңында анықтап, осы ауруды сипаттап жазған. Бұл ауру көбінесе таулы аймақтың балалары мен жасөспірімдерінде байқалған.

Көптеген авторлар Уров ауруын фузариотоксикозға жатқызбайды, кейбір эндемиялық аудандардың ауа, топырағы, суында макро- және микроэлементтер алмасуының бұзылыстарымен байланысты дамитын ауру дейді. Тағамда, топырақта, суда кальций мен мыстың азаюы, ал стронций, молибден, күмістің артуымен байланыстырады. Сондықтан жануарлар арасында кездесетін стронцилі рахиттің көрінісі уров ауруымен ұқсас. Соған байланысты бұл аурудың себебі әлі де толық шешілмеген.

3-тақырып. Пестицидтерге қойылатын гигиеналық талаптар

Қазіргі кезде ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісін арттыру үшін пестицидтерді міндетті түрде қолданады.

Пестицидтер(улыхимикаттар)дегеніміз – ауыл шаруашылы-ғында дақылдарды арамшөптерден, түрлі зиянкестерден (жәндіктер, кеміргіштер, кенелер, бактериялар т.б.) және аурудан қорғау үшін, сонымен қатар дақылдардың өсуін жылдамдату және басқа да арнайы мақсатта қолданылатын түрлі дәрежедегі уыттылығы бар синтетикалық, химиялық заттектерді айтамыз.

Пестицидтердің тіріорганизмдерді жоятын (биологиялық белсенділігі) қабілеті бар. Олар белгілі бір тірі организмнің тіршілігін жоюмен қатар, жылықанды жануарлар мен адамдарға да әсер етуі мүмкін. Бірақ тіршілігін зақымдау жағынан әр организмге әртүрлі әсер етеді, яғни олар таңдамалы әсер ету арқасында белгілі бір организмді зақымдаса, ал басқа организмге зиян келтірмеуі мүмкін.

Пестицидтермен ауқымды аймақтар өңделеді, бұдан аздаған пестицидтердің ұсақ бөлшектері ауаның ағымымен атмосфераның жоғарғы қабаттарына барып, ұзақ сақталып, кейін жаңбыр не қар арқылы қайта түседі. Сондықтан пестицидтердің мынадай ерекшеліктері бар:

  • Биосферадағы айналымын тоқтату мүмкін емес;

  • Зиянкестерді жоя отырып, олар жұмыс істейтін адамдар үшін де қауіпті болуы мүмкін;

  • Пестицидтің азық-түліктегі мөлшері максималды шектік деңгейден (МШД – МДУ максимально допустимый уровень) асқанда, сол азық-түлік тұтынуға жарамсыз болып табылады;

  • Сыртқы ортада кездесуінен және азық-түліктегі қалдық мөлшерінің болуынан тұрғындар олармен жиі байланысып отырады.

Пестицидтердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін әсер етудің төменгі шегі (табалдырықты), өлімге шалдықтырмайтын уытты және өлтіретін уытты дозаларын немесе концентрацияларын ажыратады.

Әсер етудің төменгі шегі(табалдырықты) доза– жануарлардакөзгекөрiнетiнуланубелгiлерi болмайтын, бiрақорганизмдетекқанасезiмталбиохимиялықжәнефизиологиялықтесттердiңкөмегiменанықталатынөзгерiстердi шақыратынпестицидтiңөтеазмөлшерi

Өлімге шалдықтырмайтын уытты доза- өлiмгеәкелмейтiн, бiрақкөзгекөрiнбейтiнуланубелгiлерiншақыратынмөлшерi.

Өлтіретін уытты доза- жануардыуландырып, оныөлiмгеәкелетiндозасы.

Пестицидтердiңадаморганизмiнетүсужолдары:

  • Жанасуарқылы (контактты), - терi қабаттарыарқылы,

  • Iшекарқылы

  • Тынысалужолдарыарқылы.