Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-кредит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218.24 Кб
Скачать

Соланин

Картоп құрамындағы соланин қасиеті жағынан сапониндер мен глюкозидтерге жақын болып, гемолитикалық уға жатады. Соланин сау картоп құрамында 0,002-0,01% мөлшерде болып, көп мөлшері (0,03- 0,064%) қабығында кездеседі.

Картоп өніп, көгерген сайын соланин мөлшері көбейе түседі. Өнген картопта 0,42- 0,73%мөлшерге дейін жетеді.Картоп соланинімен улану өнген картопты қабығымен тамаққа қолданудан болады. Соланиннің улылығы салыстырмалы түрде жоғары емес. Адам үшін улану шақыратын соланин дозасы 200-400мг. Соланинмен улануда құсу, лоқсу, ішек дисфункциясы байқалады. Тамаққа соланині көп картопты қолданғанда ащы дәм мен көмейді күйдіретіндей сезім болады.

Жануар текті улы өнімдермен улану

Жануарлардың улы тіндерімен улану жағдайлары сирек кездеседі. Уланулар көбінесе тамаққа балықтар, моллюскалар, сойылған малдардың бездерін қолданудан болады.

Балық тіндерінен улану

Тіршілік ету ортасын ауыстырғандағы балықтардың ұрықтану кезеңінде уылдырығы, сүтені, бауыры улылық қасиетке ие болып, тағамдық мақсатта қолданса, улану шақырады. Шортан, алабұға, лақа балықтың кейбір ұрықтанукезеңінде уылдырығы, сүтені, бауыры улылық қасиетке ие болып уландырады.

Моллюскалармен (мидия) улану.

Мидиялар жаз уақытында тез көбейетін бір клеткалы планктондық микроорганизмдермен қоректеніп, улылық қасиетке ие болады.

Бұл қарапайымдылардың уы өте күшті нейротоксикалық әсер көрсетуімен ерекшеленеді.Өлім жағдайы тыныс орталығының тежелуімен байланысты.

Ара балымен улану.

Улы өсімдіктер саз қазанақ (багульникболотный), меңдуана(белена), сасық меңдуана (дурман), таураушан (рододендрон), азалия т.б. жиналған ара балын қолданудан туындайды.

Улану түрлі улы өсімдіктер нәрі жиналғандықтан симптомдары да түрліше болуы мүмкін. Ауру жедел түрінде өтеді.

Мұндай уланулардың алдын алу мақсатында омарталарды улы өсімдіктер өсетін орындардан алшақ орналастырған жөн.

Азық-түліктердің құрамына түскен түрлі қоспалардан болған жедел уланулар

Қазіргікезде тағам өнеркәсіптерінде азық салуға арналған ыдыстар, құтылар, құрал-жабдықтар, орап-қаптайтын қаптамалардан азық құрамына енетін заттардың маңызы зор. Тағам өнеркәсібінде азықпен жанасатын жүзге жуық синтетикалық материалдардың түрлері бар. Оларға түрлі ыдыс-қалбырлар, азықпен жанасатын қондырғы бетін өңдеп жапсарлауға пайдаланатын лактар, полиамидті, полиацетатты, полиэтиленді пленкалар, полистирол, резина қоспалары, орг.шыны, түрлі маркалы целлофандар, ыдыс пен қондырғы жабындысы эмальдар,шыны, түрлі металдар т.б. жатады. Кез-келген азықпен жанасатын синтетикалық материалдардың қасиеті егжей-тегжейлі зерттеліп, сынақтан өткесін Денсаулық сақтау министрілігінің санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының рұқсат беруінен кейін қолдануға жіберіледі.

Азық-түліктердің құрамына химиялықзаттардыңтүрліқоспаларының түсуінен болған уланулар

Микробтық емес тамақтан уланудың себебіне көп жағдайда пестицидтер, тағамдық үстемелер, түрлі ыдыстан енетін химиялық заттар мен ауыр металл тұздарының қоспалары жатады. Қазіргі кезде тағам өнеркәсіптерінде азық салуға арналған ыдыстар, құтылар, құрал-жабдықтар, орап-қаптайтын қаптамалардан азық құрамына енетін заттардың маңызы зор. Тағам өнеркәсібінде азықпен жанасатын жүзге жуық синтетикалық материалдардың түрлері бар. Оларға түрлі ыдыс-қалбырлар, азықпен жанасатын қондырғы бетін өңдеп жапсарлауға пайдаланатын лактар, полиамидті,полиацетатты,полиэтиленді пленкалар, полистирол, резина қоспалары, орг.шыны, түрлі маркалы целлофандар, ыдыс пен қондырғы жабындысы эмальдар, шыны, түрлі металдар т.б. жатады. Кез-келген азықпен жанасатын синтетикалық материалдардың қасиеті егжей-тегжейлі зерттеліп, сынақтан өткесін Денсаулық сақтау министрілігінің санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының рұқсат беруінен кейін қолдануға жіберіледі.