- •“Тамақтан уланудың” жiктелуi
- •Токсикоинфекцияныңжалпысипаттамасы
- •Тағамдықтоксикоинфекциялар
- •Шартты-патогендi микроорганизмдерменшақырылғантоксикоинфекциялар
- •Iшектаяқшалары-e.Coli
- •Тағамдықтоксикоинфекцияпрофилактикасы
- •Бактериалдытоксикоздар
- •Стафилококкты улануды шақыруға себепші азық-түліктер
- •Кремді кондитерлік бұйымдар
- •Ботулизм
- •Этиологиясыменпатогенезi.
- •Ботулизм ауруының туындауындағы азық-түліктердің ролі.
- •Ботулизмауруыныңпрофилактикасы:
- •Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстындары
- •1. Инфекция қоздырғышының көзін оқшаулау
- •2. Тамақтан улану қоздырғыштарыныңазық-түліктерде тұқымдану жолын үзу
- •Микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзуінің алдын алу
- •4.Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды залалсыздандыру
- •Тағамдық микотоксикоздар
- •Фузариотоксикоздар
- •Эрготизм
- •Табиғатынан улы өсімдік және жануар текті өнімдермен улану
- •Дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арам шөптік токсикоздар).
- •Триходесмотоксикоз (жергілікті энцефалит)
- •Есіртпе үйбидайықпен улану
- •Балықтың улы тіндерімен улану.
- •Ішкі секреция бездерінен улану.
- •Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған өсімдік текті азық-түліктермен улану
- •Амигдалин
- •Соланин
- •Азық-түліктердің құрамына түскен түрлі қоспалардан болған жедел уланулар
- •Азық-түліктердің құрамына химиялықзаттардыңтүрліқоспаларының түсуінен болған уланулар
- •Металл қосылыстарының қоспасы
- •Азық-түліктердің құрамына түскен түрлі қоспалардан болған созылмалы уланулар. Созылмалы алиментарлы нитратты-нитритті метгемоглобинемия.
- •Этиологиясы белгісіз тамақтан уланулар
- •Пестицидтердiңжiктелуi
- •Гигиеналықжiктемесi
- •Пестицидтерді гигиеналық бағалау
- •Пестицидтердің негізгі топтарының қысқаша сипаттамасы
- •10.2.1 Пестицидтердің ауыл шаруашылығында қолданылуына санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
- •Зерттеуге сынама алу
- •Пестицидтің қалдық мөлшерін анықтау үшін алынған сынаманы лабораториялық зерттеу
- •Азық-түліктегі пестицидтің микромөлшерін анықтау әдістері.
- •Пестицидтің азық-түліктегі қалдық мөлшерін анықтауғажүргізілген сараптаманың қорытындысын жазу
- •10.2.2 Пестицидтер тиісті мөлшерден асып кеткен жағдайда азық-түліктерді іске жаратудың жолдары
- •«Тамақтан улануды ескерту бойынша сэқб-ғы ұйымдастыру жұмыстары» Тамақтан улануды санитариялық-эпидемиологиялық тергеу
- •Санитариялық-эпидемиологиялық станция мамандарымен тамақтан улану індетін тергеу алгоритмі
- •Тамақтан улануды тергеу мен медициналық жәрдем көрсету барысындағы емдеу және санитарлық дәрігер істерінің өзара тығыз байланысы
- •Тамақтан улану туралы шұғыл хабарлама
- •Тамақтан улану кезінде зардап шеккендерге сауал қою формасы
- •Сынама үлгілерін алу және лабораторияға жеткізу
- •Тамақтан улануды тергеу актысын құрастыру
- •Тағамдықбояуыштар
- •Тағамдыққышқылдар
- •Технологиялықпроцестi жылдамдатқыштар
- •Консерванттар
- •Металданжасалғаныдыстар
- •Темiрменшойыннанжасалғаныдыстар
- •Полиолефиндер
- •Поливинилхлорид
- •Фторопластар
- •Полистирол
- •Полиакрилаттар
- •Аминопласттар
Триходесмотоксикоз (жергілікті энцефалит)
Триходесмотоксикоз триходесма тұқымымен ластанған дәндерді тағамдық мақсатта қолдану нәтижесінде туындайды. Триходесма (Trichodesma incanum)- Орталық Азияның таулы аймақтарында кездесетін көпжылдық өсімдік. Триходесма құрамында инканин, триходесмин, инканин оксидінен тұратын алкалоидтары бар.
Триходесмотоксикозға орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен энцефалит немесе менингоэнцефалит симптомдарының болуы тән. Бұл алиметарлық токсикозды жергілікті энцефалит қатарына жатқызуға мүмкіндік береді.
Триходесма алкалоидының нейротроптық әсері, тағамдық мақсатта қолданған дән құрамында тұқымның аздаған мөлшері нен де байқалады. Уланудың ауыр түрлерінде өлім жағдайы 35% құрайды.
Триходесмотоксикоз профилактикасы дәндерді осы өсімдік тұқымдарынан тазартып, дән бетіне сіңген триходесма сөлін суды жиі ауыстыра отырып, ластанған дәндерді жуу болып табылады.
Есіртпе үйбидайықпен улану
Есіртпе үйбидайық (Lolium temilentum) –дәнді дақылды, астықты (егіндік бидай, қара бидай, сұлы т.б.) ластайтын арам шөптерге жатады.
Улылық қасиеті оның тұқымындағы алкалоид темулиннің 0,06%-ға дейінгі мөлшерде кездесуімен байланысты. Есіртпе үйбидайық араласқан дәндерден тартылған ұннан жасалған нанда жағымсыз дәм болады.
Қазіргі кездері есіртпе үйбидайықпен улану жағдайы сирек кезжесетін жағдай.Сондықтан тамақтан улану құрылымында аса маңызы жоқ.
Балықтың улы тіндерімен улану.
Шармай балықпен(маринка) улану жағдайлары Орта Азиядағы Балқаш көлі мен Ыстықкөлдерде кездескені белгілі. Шармай балық еті зиянсыз, тек уылдырығы мен сүтені, кейде ішпердесі улылық қасиет көрсетеді. Бұдан басқа севандық хромуль, сүген балық(усач), иглобрюх балықтарының да уылдырығы мен сүтені улы болады. Уылдырық пен сүтеннің улылық қасиет көрсететін затының химиялық табиғаты толық зерттелмеген.
Ішкі секреция бездерінен улану.
Сойылған малдардың ішкі секреция бездері- бүйрек үсті безі, асқазан асты безінен дайындалған тағамдар құрамында жоғары биологиялық белсенді заттарының болуымен қауіптілік туғызады. Басқа да эндокриндік бездері жеуге жарамды.
Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған өсімдік текті азық-түліктермен улану
Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған тамақтан улану жағдайлары сирек кездеседі. Бұл топқа шикі үрмебұршақ (фасоль) фазині, сүйекті жемістер дәні құрамындағы амигдалині, бук жаңғағының фагині, өніп кеткен картоптың құрамындағы соланині арқылы болатын уланулар жатады.
Фазин
Шикі үрмебұршақтың фазині токсальбумин- гемаглюти-нациялық затқа жатады. Фазин ұзақ уақыт қыздыру кезінде ғана құрамы бұзылып, улы қасиетін жояды.Улану жағдайлары тағамдық мақсатта үрмебұршақ ұнын қолдану мен тағамдық концентраттарды жеткіліксіз термиялық өңдеу кезінде туындауы мүмкін. Улану түрлі диспепсиялық көріністермен өтеді.
Фазинменулану профилактикасында үрмебұршақ концентрат-тарындайындаудың технологиялық процесіне фазин белсенділігін жоятын сенімді термиялық өңдеу жолын енгізу болып табылады.
Амигдалин
Сүйекті жемістердің ащы дәнектері құрамында амигдалин глюкозиді бар, олар гидролизге ұшырау барысында синиль қышқылын ыдыратады. Дәнектекездесетін амигдалин мөлшері2-8% құрайды.. Амигдалиннің жоғары мөлшері әсіресе сары өрік пен шабдалыда(4-6%) кездеседі.
Жеңіл дәрежедегі улануларда бас ауыру, лоқсу байқалса, ауыр дәрежесінде көгеру(цианоз), құрыспа, есінен тану байқалады. Сары өріктің аршылған ащы дәнінің аздаған мөлшері (60-80г) өлім жағдайын шақыруы мүмкін.
Сүйекті жемістердің дәнегін мұраппа дайындауға қолдануға қауіпті емес, қайнау кезінде фермент белсенділігін жойып, синиль қышқылы түзілмейді.
Сары өрік пен шабдалы дәндерін сатуға жібермеу керек. Оларды май алуға жіберген дұрыс.
Фагин
Фагин бук жаңғағының улы заты болып табылады. Улануды тек жетілмеген шикі жаңғақтар шақырады. Бук жаңғағының улы затының химиялық табиғаты белгісіз. Шикі бук жаңғақтарымен уланғанда көңіл-күйдің бұзылуы, бас ауыру, лоқсу, диспепсия байқалады. Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес бук жаңғағы кондитер өндірісінде ғана, 120-1300С температурада30мин.кем емес жағдайда термиялық өңдеумен қолдануға жіберіледі.
