- •Курстың мазмұны
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •Күтілетін нәтижелері:
- •Қолданбалы курс тақырыбы «Сиқырлы сөздер сыр шертеді» Категория: 4 сынып
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курстың бағдарламасы
- •4 Сынып
- •Қолданбалы курс бағдарламасы бойынша сағаттарды модульмен бөлу (барлығы 34 сағат)
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді»
- •І модуль, 2 сабақ
- •І модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 4 сабақ
- •II Қызығушыылығын ояту
- •III Мағынаны тану
- •IV Сергіту сәті
- •V Ой толғаныс
- •2 Үлгі: Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
- •Vіі .Жаңа сабақты бекіту:
- •Vііі . Сабақты қорыту: і модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 5 сабақ
- •І модуль, 6 сабақ Конспект
- •1) Тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
- •І модуль, 7 сабақ
- •І модуль, 8 сабақ
- •І модуль, 9 сабақ
- •Түске алданғандар
- •Үй шаруасы
- •Іі модуль, 1 сабақ
- •Іі модуль, 2 сабақ
- •Іі модуль, 3 сабақ
- •Іі модуль, 4 сабақ
- •Іі модуль, 5 сабақ
- •Іі модуль, 6 сабақ
- •Іі модуль, 7 сабақ
- •Ііі модуль, 1 сабақ
- •Дереккөздер[өңдеу]
- •Ііі модуль, 5 сабақ
- •Ііі модуль, 7 сабақ
- •Іү модуль, 2 сабақ
I модуль. Сөз және мағына
Мақсаты: Сөз оның мағыналық түрлерін оқыту
Міндеттері:
-теориялық тұрғыда меңгерту
-қазақ тілінің лексикалық және грамматикалық жүйесі арқылы ойды жеткізу,
-әңгімелесушіге әсер ету, қазақ тілінде мәтінді сипаттау, хабарлау, талқылау үшін пайдалану,
Күтілетін нәтижелері:
- тіл білімі мәселелерін: олардың негізгі лексика-грамматикалық түсініктерін, олардың басқа ғылымдармен байланысын, қазақ тілінің даму мен қазіргі жағдайын, Қазақстандағы тарихи‑мәдени және тарихи‑әдеби үдерісті меңгеруге қабілеттілік.
- қазақ тілінің жүйесін пысықтау, қазақ тіл бірліктерінің құрылымы мен қолданылуы барысында халықтың тарихы мен мәдениетімен байланыстыру, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырғанда берілген жағдаяттарға байланысты іргелі білімдерді қолдану қабілеті
Жабдықталуы: тірек сызбалар, кестелер, Венн диаграммасы
Тірек сөздер: • Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер),мағынасы жуық сөздер ( синонимдер), айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер), орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады, стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Шидем – қойдың жабағы жүнінен тігілген сыртқы киім. Тоқымқағар – жас жігітті ұзақ сапарға шығарып саларда ауыл елінің арнайы ас беру. Нияз – пітір, садақа. Саба – қымыз құятын ыдыс. Бел көтеру – қарияларға арнайы даярланатын тағам, астың ең дәмді, әл беретін ет, айран, құрт, кеспе қосу арқылы дайындалады. Аушадияр – үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең - жыр.
Оқушыға өзіндік жұмыс үшін берілетін тапсырмалар: Жұмбақ шешу, сөз мағыналарын анықтау, табу, талдау, алмастыру; бес жолды өлең құрастыру; Венн диаграммасын құру; рөлге бөліп оқу; топтастыру; салыстыру; дәлелдеу.
Қолдануға ұсынылатын негізгі әдебиеттер: 1. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007; Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы; Б.Тоғысбаев, А.Сужикова «Тарихи тұлғалар» Алматы,2006; Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы,2005; Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008
Қолдануға ұсынылатын қосымша әдебиеттер: Газет, журнал материалдары.
II модуль. Сөз сыры
Мақсаты: қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Білім алушылардың қазақ тіліндегі грамматикалық білімін бекіту және сөйлеу әрекетін дамыту.
Міндеттері:
- Белгілі бір тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алатын дәрежеге жеткізу;
-Мәтінмен жұмыс істеу барысында көлемді мәтінді оқып түсінуге, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге дағдыландыру;
-Естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуге үйрету т.б.
Күтілетін нәтижелері:
кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білу;
проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындай білу;
өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білу;
өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын үнемі дамытып отыру.
Жабдықталуы: Абайдың, Б. Момышұлының суреттері. Интер тақта, постерлар, үнтаспалар, сюжетті суреттер, таратпа материалдар.
Тірек сөздер: ым-ишара(мимика, жест), дауыс ырғағы(интонация), екпін(Акцентуация), логикалық екпін, пауза, логикалық, психологиялық, люфт-пауза, неологизм, архаизмдер, ана тілі, тіл тазалығы, асыл сөз, өтірік сөз, сөз қадірі шешеннің тілі, әділ сөз, өсиет сөз.
Дәріс: Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Халық тілінің сан қабат байлығы басы бiр жерге қосылмайтын бытыраңқы құбылыс емес. Олардың бәрінде әдеби тілге негіз боларлықтай заңдылықтар бар. Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп, халықтың тіл мәдениеті дәрежесі жоғары болу үшін оларды бірізге түсіреді.
Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да сүйенеді. Мәселен, тілдік жүйе бойынша тізгінде, шылбырла, бұзаула, ботала, т.б. қолданылатын сөздер қатары ара-тұра ауытқуға жол береді. Салыстырыңыз: ат тұсады дегенді ат тұсаулады, қой қоздады дегенді қой қозылады деу тілдік жүйеге кереғар болмағанымен, бірақ дағдыға айналып, дәстүрге енген құбылыс емес. Кейбір сөздерді қолдануда тілдік жүйе мен тілдік дағды қайшы келіп жатады. Қозыла деп қолдану тілдік жүйенің қысымы, әсер-ықпалы екенін байқау қиын емес. Ат ертте дегендегі ерттедіні ерле деп қолдану да соған ұқсас: «Көкем атты ерледі, ерлеп жүріп терледі» (Манашыұлы Тұяқбай). Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс (салыстырыңыз: шідер-ле, жыр-ла, түр-ле («текеметке түр басу», т.б.). Кей жағдайда тілдік жүйе мен тілдік дағды айнымас бірлікте болса, кейде өзара қайшылықта болып күреске түседі. Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс сөздің ертте болуы жүйеге қарағанда дағдының басым түсуінен деп түсіну керек.
Оқушыға өзіндік жұмыс сұрақтары: Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті дегеніміз не? Интонация дегеніміз не? Қанатты сөздердің мәні жайлы не білесің?
Оқушыға өзіндік жұмыс үшін берілетін тапсырмалар: Мақал мен мәтіннің айырмашылығын дәлелдеу. Қанатты сөздерді тақырыптар бойынша топтастырып жаз. Ой қозғау, Сын тұрғысынан ойлау элементін пайдалану арқылы 5 шумақ құрастыру.
Тапсырма:
1. Теле жүргізуші болып бір бағдарламаны бақарып көр.
2. Сурет бойынша ым- ишарамен түсіндіріп көрсет.
3. Өзің қалаған мәтінмен жұмыс жаса.
Қолдануға ұсынылатын негізгі әдебиеттер: 1. Мақал – мәтелдер жинағы. 2. Диалектологиялық сөздік. 3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008, 4.Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы т.б. «Қазақтың мақал - мәтелдері», «7777 мақал мен мәтелдер» кітаптары, үлестірмелі кеспелер, Абайдың нақыл сөздері. «Сөз туралы» Ә. Тәжібаев, "Қазақ афоризмдері" кітабынан.
