- •Курстың мазмұны
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •Күтілетін нәтижелері:
- •Қолданбалы курс тақырыбы «Сиқырлы сөздер сыр шертеді» Категория: 4 сынып
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курстың бағдарламасы
- •4 Сынып
- •Қолданбалы курс бағдарламасы бойынша сағаттарды модульмен бөлу (барлығы 34 сағат)
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді»
- •І модуль, 2 сабақ
- •І модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 4 сабақ
- •II Қызығушыылығын ояту
- •III Мағынаны тану
- •IV Сергіту сәті
- •V Ой толғаныс
- •2 Үлгі: Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
- •Vіі .Жаңа сабақты бекіту:
- •Vііі . Сабақты қорыту: і модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 5 сабақ
- •І модуль, 6 сабақ Конспект
- •1) Тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
- •І модуль, 7 сабақ
- •І модуль, 8 сабақ
- •І модуль, 9 сабақ
- •Түске алданғандар
- •Үй шаруасы
- •Іі модуль, 1 сабақ
- •Іі модуль, 2 сабақ
- •Іі модуль, 3 сабақ
- •Іі модуль, 4 сабақ
- •Іі модуль, 5 сабақ
- •Іі модуль, 6 сабақ
- •Іі модуль, 7 сабақ
- •Ііі модуль, 1 сабақ
- •Дереккөздер[өңдеу]
- •Ііі модуль, 5 сабақ
- •Ііі модуль, 7 сабақ
- •Іү модуль, 2 сабақ
І модуль, 8 сабақ
Достар, кім қандай ұтымды айтылғанғ мән мағынасы бар, ойланарлық жақсы сөздер біледі?
Достар,қазақ сөзге кенде емес халық. Содан болар жақсы,ойландырарлық сөздер көп кездесіп жатады. Кейде біреулер орынды жерде ұтымды сөз айтып жатады.
Жақсы сұрақ:
- Қызығушылық. Ал қызығушылық - Адам бойындағы ғибратлы мадаққа ие мінездерді қамтиды.
Мағыналы, сауатты жауап - Ол арқылы Сенің, Қолданушы, Білімдарлығың көрінбек.
XX ғасырдың Бастауы және жалғасы - Сендерсіңдер ! Сондықтан да бар жауапкершілік Сендерге жүктелмек.
Қазақ тілі - "тазалық", Қазақ тілі - "нанымыз". Тазалыққа бой ұрмасақ, "ластанады" қанымыз.
Ішімдегім - түрімде, түрімдегім - тілімде.
«Әр қазақ - әр қазақтың жалғызы, асылы»
Қазақ бір-бірін көргенде, Аллалап бауырына басып, құшақтап көріссін.
Светқали Нұржанов
Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң- қосыңнан айырылма; Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де ақылыңнан айырлма;
Білмесіңе пікір айтпау - қарапайым заңдылық:
Бос сөзіңнен үнсіз қалу әлдеқайда таң қылық.
Насыр Хұсырау
Тумай тұрып толдым, жазбай жатып болдым деме!
Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады.
Расул Ғамзатов
Сүюдің сырын көзден көрме, Көңілден ізде. Білгің келсе, сүйер я сүймесін, Ашып қара көңілін күймесін .
БАЛАСАҒҰН
Бардың қадірін білу үшін жоғалту керек, тоқтықтың қадірін білу үшін ашығу керек екен Оралхан Бөкей
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас,
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
Абай Құнанбайұлы
І модуль, 9 сабақ
Сабақ тақырыбы: Шағын мәтіндердегі сөз мағынасы. Жазба жұмысы
Түске алданғандар
Үш аңшы аңға шығыпты. Күн бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты. Аңшылар әбден шаршап, бір өзеннің жағасына келіп түнейді. Үйректі пісіреді. Үйрек піскен соң, бір аңшы:
- Бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз, сондықтан біреуіміз ғана жейік,- депті.
- Үйректі жауып қояйық та, үшеуіміз де жатып ұйықтайық.
- Кім жақсы түс көрсе, үйректі сол жесің,- депті бір қу жігіт.
Түн ортасында қу аңшы тұрып, үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды. Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң:
- Қандай түс көрдіңдер?- деп сұрайды.
- Мен ақ боз атқа мініппін, басыма алтын таж киіппін, патша болыппын,- дейді
- Мен жұмаққа кіріппін, жұмақта қор қыздарымен бірге жүр екенмін, депті.екінші аңшы.
Сонда қу аңшы айтыпты:
- Екеуің де рас айтасыңдар, мен сендерді көріп жаттым. Бірің патша болған соң, енді бірің жұмаққа кіріп кеткен соң, бір үйрекке бола қайтып келмес деп, үйректі мен жеп қойдым,- депті.
1.Тапсырма орындау
1.а) Аңшылар нешеу?
ә) Қандай құс аулады?
б) Түс дегеніміз не?
в) Аңшы қандай қулық жасады?
2. Көнерген сөздерді тап.
3. Топтастыру
Құлын
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны ана ағашқа байлап қойды. Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі - ақ. Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекел еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. «Жануар - ай, шөлдеген екенсің ғой» деп ойладым. Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым. Құлын жасқана басып суға жақындады. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырынып шегінді. Суды азайтып ағыздым. Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады. (“Балдырған”журналынан.) 103 сөз)
1)тапсырма 1. Құлын ненің баласы? (жылқының)
2. Жылқының пірін қалай атайды?
3. Құлын әңгімесінде не суреттеледі?
4.Жалы деген не?
2) Жинақтау. Мәтіндегі тірек сөздермен жұмыс.
Құлын
Бие
Ағаш
Су
Көше
Достасу
3) Сөздік аудармасын жаз.
Ата –
Бие –
Құлын –
Су –
Тәуекел-
Үркіп –
Жасқану-
Ойын
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды. Сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
- Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,- деді Асқар.
- Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін,- деді Ораз.
1) Ой қозғау.
1) Егер сен Ораздың орнында болғанда не істер едің?
2) Өтірік қандай қасиет?
3) Венн диаграммасы
Ораз
Асқар
Аулада бірге ойнады
Ойынды жақсы көреді
Екеуі де жас бала
