- •Курстың мазмұны
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •Күтілетін нәтижелері:
- •Қолданбалы курс тақырыбы «Сиқырлы сөздер сыр шертеді» Категория: 4 сынып
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курстың бағдарламасы
- •4 Сынып
- •Қолданбалы курс бағдарламасы бойынша сағаттарды модульмен бөлу (барлығы 34 сағат)
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді»
- •І модуль, 2 сабақ
- •І модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 4 сабақ
- •II Қызығушыылығын ояту
- •III Мағынаны тану
- •IV Сергіту сәті
- •V Ой толғаныс
- •2 Үлгі: Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
- •Vіі .Жаңа сабақты бекіту:
- •Vііі . Сабақты қорыту: і модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 5 сабақ
- •І модуль, 6 сабақ Конспект
- •1) Тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
- •І модуль, 7 сабақ
- •І модуль, 8 сабақ
- •І модуль, 9 сабақ
- •Түске алданғандар
- •Үй шаруасы
- •Іі модуль, 1 сабақ
- •Іі модуль, 2 сабақ
- •Іі модуль, 3 сабақ
- •Іі модуль, 4 сабақ
- •Іі модуль, 5 сабақ
- •Іі модуль, 6 сабақ
- •Іі модуль, 7 сабақ
- •Ііі модуль, 1 сабақ
- •Дереккөздер[өңдеу]
- •Ііі модуль, 5 сабақ
- •Ііі модуль, 7 сабақ
- •Іү модуль, 2 сабақ
Козыбаева Гульнур Жумабековна
Курстың мазмұны
«Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курсы халқымыздың дүниетанымы, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін тұтастай қамтиды. Көркем сөздің шеберлері, қазақтың би-шешендерінің шешендік сөздері, көсем сөздің мәнін терең ұғындырарлық курс болып саналады. Әсем де әсерлі сөйлеуге тырысқан халқымыздың сан ғасырлық тарихында сөздің небір дүлдүлдерін өмірге әкеліп, есімдерін жаңғырта атап, би-шешендердің ұлы тұлғалары жан-жақты сан қырынан танытады. Сонымен қатар сөз мағыналарын тілдік норма негізінде салыстыра отырып, оны кең көлемде оқытады.
«Сөзді - киелі, қасиетті» деп таныған халқымыздың дүниетанымы, мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі осы сөз құдіретінде жатыр. Сондықтан да сөздің айтылу мәнеріне бей-жай қарамай, оны көркемдікпен айтуды ірі дәстүрге айналдырған десек, артық айтпаспын. Әдемі, әсерлі сөйлеуге тырысқан халқымыз сан ғасырлық тарихында сөздің небір дүлдүлдерін өмірге әкеліп, олардың есімін жаңғырта атаған. Мұның анық дәлелі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және Сырым шешен тұлғаларынан көрінеді.
Бүгінгі таңда әрбір саналы, білімді қазақ азаматы халқымыздың жүріп өткен сара жолынан, олардың сөз саптауларын терең түсініп, өздері де ойлы, әдемі, сауатты сөйлеулері қажет екені даусыз. «Сиқырлы сөздер сыр шертеді» қолданбалы курсы 4 сыныпқа арналып құрылған. Курс 4 модулге бөлініп оқытылады.
I модуль. Сөз және мағына
Бұл модульде оқушылар сөз және оның түрлерін теориялық тұрғыда оқып үйренеді.Сөз өнері дегеніміз не? Ұтымды сөз белгілері. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не? Сөз және оның мағыналары. Көп мағыналы, тура және ауыспалы мағынадағы сөздердің қолданылуы жайлы білімдерін жетілдіреді.
II модуль. Сөз сыры
Оқушылар меңгеруі тиіс білік-дағдылар: Дикция, артикуляция, тембр, сөйлеу жылдамдығы. Ұтымды, ықпалды сөз қасиеттері (дұрыс, дәл, таза құрылған, бейнелі, нақтылы тұлғаға бағытталған сөз). Сөз саздылығы, оған жету жолдары. Мәнерлі оқу мен сөйлеуді үйренеді. Сөздердің тектері мен түрлері. Қарым-қатынас мәдениеті және сөйлеу. әдеби тіл нормалары. Мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қолдануды үйренеді.
III модуль. Сөз маржаны
Сөз өрнектері (метафора, кейіптеу, эпитет). Сөздегі әзіл, оның орны. Сөз мақсаты мен авторлық көзқарасты айқындау сөйлеуге даярлық кезеңдері ретінде. Сөйлеуге қажетті материал жинақтап, оны өңдеу. Этикет, оның сөйлеу үшін маңызы. Мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді көрнекі құралдар арқылы көрсету, олардың мағыналары, туындауы. Көркем шығарма үзінділерін талдау. Соларға ұқсас мәтіндер құруды жетілдіреді.
IV модуль. Сөз құдіреті
Сөз сөйлеудің түрлі әдістері: оқу, ішінара оқу, жатталған сөзді сөйлеу. Сөйлеуші мінез-құлқын бағалау. Тұрақты тіркестердің тізбегі. Өзіндік сөз мәтінін даярлау. Өз бетімен дайындалып, сөйлеу секілді тақырыптармен танысып, практикалық жұмыстар орындайды.
Кіріспе
Сөз қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интеллектуалдық деңгейін биіктетеді. «Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курсында практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі сөздің мағынасын түсініп, сауатты жазып, орынды қолдана білуі мен өздігінен жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді жетік түсінбеген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты - оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасап, сөздердің мағынасын жетік аша білуге дағдыландырып, оқушыларды қалалық олимпиадаға дайындау.
«Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курсының мақсаты - ана тіліндегі сөздердің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:
-оқушылардың дыбыстық талдау (фонетикалық),сөз құрамына (морфологиялық), сөз мағынасын (лексикалық) және сөз тіркесі мен сөйлем мүшелеріне (синтаксистік) машықтары мен дағдыларын дамыту, жүйелеу;
-теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген, сөз маржанын ұға білетін ұлтжанды тұлға қалыптастыру;
Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 4 сағаты жазба жұмысына, 1 сағаты кіріспеге, 1 сағаты қорытындыға арналған.
Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С.Кеңесбаевтың, Ғ.Мұсабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /лексика, фонетика/, С.Мырзабековтың "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі", А. Ысқақовтың "Қазіргі қазақ тілі" /морфология/, М.Балақаев пен Т. Қордабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /синтаксис/ атты еңбектері пайдаланылды.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу мен қазақ тілі
Қолданбалы курсында жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:
1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану, сөздердің маңызын айқындау;
2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде сөз мағыналары, сөйлем, мәтіндермен жұмыс істеу;
3. Сөздердің дұрыс жазылып, мағыналарын танып, бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;
4. Деңгейлік тапсырмалар орындау;
Қорытындылау: оқушылардың білімі әр модулді өткен сайын тест, жазба жұмыстары арқылы бағаланады.
Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Оқушылар нені білу керек:
-сөз және олардың мағыналарын;
- қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді;
- білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;
- талдау машығының жоғары болуы
- орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;
- салыстыра алу қабілетінің басым болуы;
Оқушылар нені үйрену керек:
- тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;
- грамматикалық ережелер негізінде сөз және мәтіндермен жұмыс істеу;
- сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру
- деңгейлік тапсырмаларды орындай алу;
ББД деңгейін тексеру:
1. Өзіндік жұмыс
2. Тест жұмыстары
3. Талдау жұмыстары
4. Жазба жұмысы
Оқу-әдістемелік кешендер:
1. Дидактикалық материалдар
2. Фразеологиялық сөздік, мақал-мәтелдер жинағы, қанатты сөздер жинағы.
3. Электронды оқулықтар
