- •Зертхана ұйымдастырылатын бөлмелерге қойылатын талаптар.
- •Зертханаларды ұйымдастырудың негізгі принциптері.
- •4. Лабораторияларда өрттен сақтану және еңбекті қорғаудың қауіпсіздік ережелері.
- •5. Алғашқы медициналық көмек.
- •8.Химиялық ыдыстар, олардың классификациясы.
- •9)Химиялық құрамына байланысты ыдыстардың жіктелуі: шыны, фарфор, пластмасса және темірден жасалған ыдыстар.
- •10)Қолданылу салаларына байланысты шыны ыдыстардың жіктелуі: жалпы, арнайы зерттеулер үшін қолданылатын және өлшеуіш ыдыстар
- •Химиялық ыдыстардың көлемдерін тексеру (нақты мысал: есеп келтіре отырып).
- •12)Химиялық ыдыстарды тазалау, жуу әдістері мен сақтау жолдары.
- •Жууға арналған арнайы реактив қоспаларының түрлері, құрамы және оларды дайындау.
- •14) Химиялық реактивтер, олардың классификациясы
- •15) Құрамының тазалығы бойынша реактивтердің жіктелуі
- •16. Әртүрлі зерттеулер үшін пайдаланылатын химиялық реактивтер (оқу процесі, ғылыми зерттеулер, аналитикалық жұмыстар).
- •17. Химиялық реактивтерді тазалау (кристаллизация) әдістері мен сақтау жолдары.
- •20. Оңай және қиын еритін реактивтер.
- •21. Ерітінділердің классификациясы
- •22. Ерітінділерді дайындау техникасы
- •23.Ерігіштікке әсер етуші факторлар
- •24. Ерітінді концентрациялары: проценттік, нормальды, молярлы және моляльді ерітінділер.
- •25. Тұздардан, сілтілілерден және қышқылдардан ерітінділер дайындау.
- •26. Концентрлі қышқылдардан ерітінділер дайындау, оның ережелері мен сақтық жолдары.
- •27. Фиксаналдар.
- •28. Ареометрлер.
- •29. Дәлдігі шамалы, дәл және эмпирикалық ерітінділер.
- •30. Ерітінділерді сұйылту.
- •31. Буферлік ерітінділер.
- •39. Титрлеу әдісі, оған қажетті құрал-жабдықтар.
- •40. Титрлеу әдісін биологиялық зерттеулерде қолдану (мысалдар).
- •41. Индикаторлар.
- •42. Титриметриялық (көлемдік) анализдер әдісіне сипаттама беріңіз.
- •43. Қышқыл-негіздік, тұнбаға түсіру және кешенді қосылыс түзілу және тотығу-тотықсыздану әдістерін түсіндіріңіз.
- •44. Тікелей титрлеу, алмастыру және кері титрлеу әдістерін түсіндіріңіз.
- •45. Титрленген ерітінділерді дайындаудағы жалпы ережелерді түсіндіріңіз.
- •46. Фиксаналдар туралы және олардың қолданылу аспектілерін көрсетіңіз.
- •47. Сутектік көрсеткіш деген не?
- •Зерттеу жұмыстарындағы бұл көрсеткіштің орны қандай?
- •Хроматография әдістері: хроматография принциптері, қолдану салалары. Хроматография түрлеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •Колонкадағы хроматография, принципі. Төменгі қысым жағдайындағы хроматография техникасы.
- •67.Гель-фильтрация әдісі.
- •64.Жоғары қысым жағдайындағы хроматография техникасы.
- •70.Адсорбциялы қроматография, принципі, қолданылу салаларын көрсетіңіз
- •71.Ионалмасу хроматографиясы.
- •72.Хроматографиялық жүйенің компоненттері: ионалмастырушылар, элюенттер, хроматографияланатын заттар туралы мағлұмат беріңіз.
- •73.Аффинді хроматография, принципі.
- •74.Аффинді сорбенттердің компоненттері: матрицалар, матрицалардың активациясы, спейсерлер, лиганд түрлері.
- •75.Қолданылу салалары мен жұмыс барысын түсіндіріңіз.
- •76.Қағаздағы хроматография: принципі.
- •77.Хроматография жүргізуге арналған қажетті материалдар.
- •78. Хроматографиялық фракцияларды анықтау.
- •80. Әдістің биологиялық және биотехнологиялық зерттеулерде қолданылуын көрсетіңіз.
- •81. Зертхана ұйымдастырылатын бөлмелерге қойылатын талаптар.
- •82. Зертханаларды ұйымдастырудың негізгі принциптері.
- •83. Зертханаларда жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің және өрттен сақтану ережелерін түсіндіріңіз.
14) Химиялық реактивтер, олардың классификациясы
Химиялық реактивтер дегеніміз лабораториялық тәжірибеде әртүрлі химиялық реакцияларды іске асыру үшін қолданылатын заттар.
Малдәрігерлік тәжірибеде химиялық реактивтер клиникалық, ветеринариялық, санитарлық, гигиеналық, экспертиздік, биохимиялық және басқа да лабораториялық зерттеулерде аналитикалық және диагностикалық мақсатта қолданылады. Мұндай зерттеулердің барлық талаптарын қанағаттандыру үшін химиялық реактивтердің көп ассортиментері қажет етіледі.
Мысалы үшін, тек ферменттерге клиникалық және биохимиялық зерттеулерді ғана жүргізу үшін жоғарғы тазалықтағы субстраттар, ферменттердің өздері, олардың реагенттері қажет. Әртүрлі өндірістерде ветеринариялық-санитарлық бақылаулар жүргізу үшін; санды және сапалы органикалық және бейорганикалық анализдерді анықтау үшін; азықтарды, суды, ауаны ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық анализдерден өткізу үшін өте жоғарғы тазалықтағы әртүрлі химиялық реактивтер қажет етіледі.
Химиялық реактивтер көптеген жағдайларда жеке заттар болып келгенімен, олардың құрылыстарының күрделі болып келуі де жиі кездеседі.
Химиялық реактивтердің жалпылай қабылданған жіктелуі жоқ. Оларды аналитикалық химиялық реактивтер деп және басқа қасиеттеріне қарай жіктейді.
Аналитикалық химиялық реактивтерді типті топтарға бөледі:
Еріткіштер – қышқылдар және олардың коспалары, сілтілер, кешенді заттар түзетін қосылыстар, органикалық еріткіштер және т.б.;
Бөлгіштер – топты немесе арнайы тұнба түзушілер; экстракция, кешенді заттарды түзетін химиялық реактивтер;
Диагноз қою үшін қолданылатын химиялық реактивтер – тұнба беретін немесе зерттелетін заттар мен иондарды бояйтын заттар және титрлік ертінділерді дайындауға қолданылатын химиялық реактивтер;
Көмекші әсер ететін, керекті химиялық реакцияларды жүргізуге қолайлы жағдай тудыратын химиялық реактивтер. Оларға: индикаторлар, тотықтырғыштар, қайтадан қалпына келтірушілер, буферлік қоспаларды дайындауға қажетті реактивтер жатады.
Бұл химиялық реактивтердің бағалылығы мен тәжірибелік маңыздылығы негізінен олардың ерекшеліктері мен сезімталдықтарына байланысты. Химиялық реактивтердің сезімталдығын анықтайтын заттың ең аз мөлшерін немесе концентрациясын белгілі бір реактив арқылы аналитикалық реакция жүргізу арқылы анықтайды. Ал басқа заттардың ішінен керекті затты анықтау үшін қолданылатын химиялық реактивтер арнайы немесе спецификалық реактивтер деп аталады. Таза спецификалық реактивтер өте аз. Себебі олар көп жағдайда тек бір ионмен ғана емес бірнеше иондармен реакцияға түседі.
Химиялық реактивтерге қойылатын негізгі талаптың бірі олардың тазалығы. Оларда бөгде қоспалардың болу мөлшері ГОСТ-пен немесе Техникалық Нұсқауме қатаң шектеледі.
15) Құрамының тазалығы бойынша реактивтердің жіктелуі
Құрамында негізгі заттар мен жіберуге болатын қоспаның мөлшеріне байланысты химиялық реактивтердің жіктелуі:
«таза» - ХТ, онда негізгі заттың мөлшері 99 % - дан жоғары, ал қоспаның мөлшері 0,001 – 0,00001 % болуы керек:
«анализ үшін таза» - АҮТ, негізгі заттың мөлшері 99 % - дан кем болмауы керек;
«таза» - Т, негізгі заттың мөлшері 98 % - дан кем емес;
«эталонды таза – ЭТ;
«ерекше таза» - ЕТ.
Жіктелудің соңғы екі түрі ғылым мен техниканың қазіргі дәуірдегі жетістіктеріне орай радиоэлектронника, жартылай өткізгізтік өндіру, микроэлементтерді анализдеу салаларына байланысты туындаған.
Жоғарғы тазалықтағы заттарға тиісті маркалар тағайындалады. Онда заттың құрамында жіберілуге болатын қоспаның мөлшері, лимит саны және барлық қоспаның жиыны символ және сан арқылы беріледі. Сонымен қатар тазалықты қажет ететін және белгілі бір салада қолдануға болатын жинақты химиялық реактивтер (наборлар) бар. Оларға жататындар: индикаторлар; ультрафильтрацияға, электрофорезге, хромотографияға қажетті наборлар; иондардың алмасуын тудыратын қара майлар; әртүрлі полимерлер және т.б.
