Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Erezhepov_emtikhan_shpor_2015zh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
405.97 Кб
Скачать

8.Химиялық ыдыстар, олардың классификациясы.

Химиялық ыдыс — химиялық лабораторияларда тәжірибе жасауға керекті, шыныкварцкәрленплатина, т.б. материалдардан жасалатын бұйымдар. Химиялық ыдыс түрлі реагенттер әсеріне, температураның ауытқуына төзімді, оңай жуылатын болуы керек. Сондықтан химиялық ыдыстар шынының арнайы сорттарынан жасалынады. Химиялық шыны ыдыстар өлшеуіш, жалпы және арнайы белгіленген ыдыстар болып бөлінеді. Өлшеуіш химиялық ыдысты қыздыруға болмайды, ол сыйымдылығы, диаметрі, түрі жағынан әр түрлі болады, сұйықтар (0,1 — 100 мл) мен газдарды (100 мл және одан да артық) бөлетін — тамшуыр, титрлеуде, көлемді дәл өлшеуде өлшеуір (микробюретка, көлемдік, салмақтық, поршеньді, газ бюреткалары), өлшейтін және белгілі көлемдегі сұйықтарды сақтайтын — өлшеуіш колбалар (10 — 2000 мл), өлшеуіш мензуркалар, цилиндрлер, жалпы қолданылатын химиялық ыдыс — сынауық (5 — 25 мл), стакан (5 — 1000 мл), колбалар (10 — 1000 мл), реторта (3 л-ге дейін), жай және бөлгіш құйғы, суытқыш, кристалл түзгіш шөлмектер, т.б. Жеке тәжірибелерге арнайы белгіленген химиялық ыдыс: дистилляцияға арналған — колбалар,аллонж — иілген түтікшелер, дефлегматорэксикаторКипп аппараты, тамшылатқыш таяқша, Тищенко сауыты, әр түрлі түтікшелер, т.б. шыны ыдыстар қолданылады, кварцтан жасалынған ыдыс таза заттар алуда, сондай-ақ, 1200C-қа дейін қыздыруға қажет. Платина ыдысы негізінен фторлы сутек қышқылымен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Алтын мен күмістен жасалынған тигель әр түрлі заттарды сілтімен қосып 1200 — 3000C температураға дейін қыздыру үшін отқа берік материалдардан (алунд, корунд, т.б.) жасалған тигель қолданылады. Химиялық өте тұрақты полимер материалдардан полиэтилен, фторпласт, т.б. ыдыстар дайындалады. Мұндай ыдыстар химиялық активті қосылыстармен (мысалы, балқытқыш қышқыл) жұмыс жасағанда қажет.

Пробиркалар жай және калибрленген болады. Пробиркалар түп жағы жабықшыны түтіктер.

Химиялық воронкалар сұйықтықты фильтрлеу үшін бір ыдыстан екіншісіне құюға пайдаланылады.

Химиялық стакандар әр түрлі сыйымдылықта /50,100,200,250,500 және І000 см3, кейде 2000см3/ тұмсығы бар, кейде жоқ болатын жүқа шынылы цилиндр.

Бөлгіш воронкалар араласпайтын сұйықтықтарды бір-бірінен бөлетін, көбінеорганикалық заттарға қолданылатын цилиндрлі және конусты формадаболатын ыдыстар.

Тәбі тегіс колбалар ерітінділерді дайындауға және сақтауға қолданылады.Олар мойыны шлифтен жасалынған болады.

Жуғыш дистилденген су қүйылатын, аузы тығындалған, екі түтікпен жабдықталған колба.Түтіктің біреуі колбаны түбіне тиіп тұрады, ал басқасы — бұрыш жасап майысады.

Екінші түтік колбаның ішіне 3-5см-дей кіріп тұрады ал түтіктің сыртқы бөлігі сүйір бұрыш жасап майысуы керек.

Конусты колбалар — сыйымдылығы 1см 3 — тан 2дмЗ-ге дейінгі аузы тығындалған немесе тығынсыз болып келетін ерітінділерді титрлеуге арналған ьщыстар.

Бунзен колбасы —жоғарғы жағы вакуум насоспен жалғасқан, төменгі қысымда фильтрлеуге арналған қалың шыныдан жасалынған конусты колбалар.

Кристаллизаторлар — жүқа немесе қалың шыныдан жасалынған әртүрлі сыйымдылықта және диаметрде болатын жалпақ цилиндрлі ыдыстар. Бүл ыдыстарда заттарды кристалдайуы және булайды.

Мұздатқыштар — қайнаған немесе қыздырылған әртүрлі заттарды салқындатуға арналған приборлар. Мүздатқыш 2 бөлімнен түрады, әртүрлі формадағы салқыңдатқыш түтіктен (форлитос) және буды салқындатуға су жіберілетін көйлектен (муфта) тұрады. Олар түзу және қайтымды болады.

Шыны аяқ табақ, бюкс және тубусты склянкалар.

Шыны аяқтабақтар химиялық жұмыс жүргізуде кеңінен қолданылады. Шыны аяқтабақтардың келесі түрлері дайындалады; кристаллизацияланған, кристалданған, түбі тегіс, сфералық, ұзын қақпақты биологиялық (Кох шыны аяғы) т.б. шыны аяқтар.

Бюкстер — заттарды өлшеуге және сақтауға арналған, қақпақпен тығындалған үзын және қысқа стакандар.

Тубусты склянкалар — ерітінділері сақтауға қолданылады.Склянкалар ағызғышы бар резеңке тығынды тубустан және ағызғыш конустан және резеңке тығынды тубустан қүралады.

Байланыстырғыш элементтер - өткізгіштер, айналмалмалар, кері,

муфталар,қайтартқыш,саптама және аллонж.

Арнайы қолданылатын ыдыстар.

Эксикаторлар — бул гигроскопиялы заттарды сақтауға және заттарды

жай кептіруге арналған қалың шыныдан жасалынған приборлар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]