Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Erezhepov_emtikhan_shpor_2015zh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
405.97 Кб
Скачать

28. Ареометрлер.

Ареометр - сұйықтың тығыздығы мен сыбағалы салмағын өлшейтін шыны аспап, онымен жұмыс жасау Архимед заңына негізделген. дененің сұйыққа бату тереңдігі бойынша дене мен сұйықтың тығыздықтарын салыстыруға болады. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған қарапайым құрал - ареометрдің әрекеті осы принципке негізделген. Өзіндік ерекше пішіні бар ареометр түбі кішкене металл кесектерімен (2) ауырлатылған шыны құтыдан (1) тұрады. Құтының жоғарғы жағы тығыздықтың градуирленген шкаласы (3) орналасқан жіңішке түтікше пішінді өзекке (1-сурет) жалғасады. Сол түрінде ареометр сұйық ішінде тік қалпында жүзе алады. Ареометр тығыздығын өлшенетін сұйыққа батырған кезде оның шыны құтысы архимед күші ауырлық күшіне теңескенше белгілі бір тереңдікке дейін сұйыққа батады. Сұйық тығыздығы неғұрлым аз болса, соғұрлым ареометр сұйыққа тереңірек батады. Сұйық тығыздығы үлкенірек болса, оған ареометр азырақ батады. Ареометрлер кез келген сұйықтың: майдың, сүттің, керосиннің, бензиннің, т.б. тығыздығын өлшеу үшін қолданылады. Қолдануға ыңғайлы болу үшін ареометрлерді тығыздығы судан аз немесе көп болатын сұйықтардың тығыздықтарын өлшейтін етіп жасайды. Сонымен қатар ареометрлердің көмегімен тұз, қант ерітінділерінің проценттік мөлшерін анықтауға болады. Ондай ареометрлердің шкаласы көлемнің немесе массаның проценттік мөлшері бойынша градуирленеді. Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер - лактометрлер деп аталады. Ондай ареометрлердің көмегімен сүттің сапасын, сондай-ақ оған су қосылғанын немесе қосылмағанын анықтауға болады.

29. Дәлдігі шамалы, дәл және эмпирикалық ерітінділер.

30. Ерітінділерді сұйылту.

Гипертоникалық ерітінді – стандартты ерітіндіге қарағанда осмостық қысымы жоғары ерітінді (10% NaCl және 0,9% NaCl).

Гипотоникалық ерітінді - стандартты ерітіндіге қарағанда осмостық қысымы төмен ерітінді (0,2% NaCl және 0,9% NaCl).

Қан жасушасын (эритроцитті) гипертоникалық ерітіндіге салғанда экзоосмос жүреді және жасушаның бүрісуі байқалады – бұл плазмолиз деп аталады.

Қан жасушасын (эритроцитті) гипотоникалық ерітіндіге салғанда эндоосмос жүреді, созылу байқалады, содан кейін жасуша қабықшасының жыртылады және қанның «лак» тәрізді ерітінді түзіледі, бұл құбылыс гемолиз деп аталады.

Раульдің бірінші заңы: ұшқыш емес заттар ерітінділерінің қаныққан бу қысымының төмендеуі еріген заттың молярлық үлесіне тең. Рауль заңының математикалық өрнегі былай жазылады:

мұндағы, N –еріткіш мөлшері, моль

n – еріген заттың мөлшері, моль.

Егер еріген заттың мөлшері n өте аз болса, (N+n)-де n мәнін ескермеуге болады, онда теңдеу мына түрге келеді:

Рауль заңын заттың молярлық М және салыстырмалы молекулярлық массаны Mr анықтау үшін пайдаланады.

Раульдің екінші және үшінші заңы: ерітіндінің қайнау температурасының артуы және қату температурасының төмендеуі. (Бұл заңдар әдетте Раульдің бірінші заңының салдары ретінде қарастырылады).

Раульдің екінші заңы: бейэлектролиттің сұйытылған ерітіндісінің қайнау температурасының жоғарылау мәні Тқ ертіндінің молялдық концентрациясына тура пропорционал:

Тқайнау = Еּb(x),

мұндағы, Е – эбулиоскопиялық константа (эбулиоскопиялық тұрақты), егер 1 кг еріткіште 1 моль затты еріткенде ерітіндінің қайнау температурасы қанша градусқа жоғарылауын көрсетеді.

Е(Н2О) = 0,520. Е(спирт) = 1,040. Е(бензол) = 2,630

Сулы ерітіндінің қайнау температурасы тең :

Тқай(ер-ді) = Тқай(ер-ш)+Тқай немесе Тқай(ер-ді) = 1000+Тқай

Раульдің үшінші заңы: бейэлектролит ерітіндісінің депрессиясы (яғни қату температурасының төмендеу мәні) Тқату ертіндінің молялдық концентрациясына тура пропорционал:

DТқату = Кּb(x),

мұндағы, К – криоскопиялық константа (криометриялық тұрақты), егер 1 кг еріткіште 1 моль затты еріткенде ерітіндінің қату температурасы қанша градусқа төмендеуін көрсетеді.

К(Н2О) = 1,860. К(бензол) = 5,120. К(камфора) = 39,50.

Сулы ерітіндінің қату температурасы тең:

Тқату(ер-ді) = Тқату(ер-ш)-DТқай немесе Тқату(ер-ді) = 00-DТқай

Эбулиоскопиялық және криоскопиялық константалар еріткіш табиғатына тәуелді,

бірақ еріген зат (бейэлектролит) табиғатына тәуелді емес.

Электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеті.

Электролит ерітінділері коллигативтік қасиеттерді сипаттайтын шама мәнінің жоғарылауын береді. Оларға да бейэлектролиттерді есептеудегі сол формулалар мен заңдар қолданылады, бірақ изотоникалық коэффициент ескеріледі. Электролит диссоциациясы бірдей молярлық концентрацияда ерітіндідегі еріген зат (молекула, ион) бөлшектерінің жалпы саны бейэлектролит ерітіндісімен салыстырғанда жоғарылауына әкеледі. Бірдей молярлық концентрацияда электролит ерітіндісіндегі бөлшек саны бейэлектролит ерітіндісімен салыстырғанда неше есе артқанын изотоникалық коэффициент i көрсетеді. Изотоникалық коэффициент электролиттік диссоциацияға тәуелді:

i =1-(n-1),

где  - электролиттік диссоциация дәрежесі

n –диссоциация нәтижесінде электролит ыдырағандағы ион саны

Электролиттерді есептеу үшін формулалардың математикалық өрнегі:

Раульдің бірінші заңы:

Раульдің екінші заңы: Тқайнау = iּЕּb(x),

Раульдің үшінші заңы: Тқату = iּКּb(x),

Вант-Гофф заңы: (осмостық қысым):  = iСRT,

Бейэлектролит және электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиетін сипаттайтын заңдардан ерітіндінің изотоникалық коэффициентін қатынас ретінде анықтауға болады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]