Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Erezhepov_emtikhan_shpor_2015zh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
405.97 Кб
Скачать

Емтихан сұрақтар 1 АБ.

  1. Зертхана ұйымдастырылатын бөлмелерге қойылатын талаптар.

  2. Зертханаларды ұйымдастырудың негізгі принциптері.

  3. Зертханалардың жабдықтары: жұмыс столдары, орындықтар, шкафтар, әр зерттеушіге қойылатын талаптар мен әрбір зерттеушіге сәйкес келетін зертхананың ауданы, жарық, санитарлық-гигиеналық нормативтер және т.б.

  4. Лабораторияларда өрттен сақтану және еңбекті қорғаудың қауіпсіздік ережелері.

  5. Алғашқы медициналық көмек.

  6. Зертхананың құрал-жабдықтары, ыдыстары, реактивтері.

  7. Зерханалық аспаптар, құрал-жабдықтар, приборлар: қыздыру, кептіру, арнайы және т.б. приборлар.

  8. Химиялық ыдыстар, олардың классификациясы.

  9. Химиялық құрамына байланысты ыдыстардың жіктелуі: шыны, фарфор, пластмасса және темірден жасалған ыдыстар.

  10. Қолданылу салаларына байланысты шыны ыдыстардың жіктелуі: жалпы, арнайы зерттеулер үшін қолданылатын және өлшеуіш ыдыстар.

  11. Химиялық ыдыстардың көлемдерін тексеру (нақты мысал: есеп келтіре отырып).

  12. Химиялық ыдыстарды тазалау, жуу әдістері мен сақтау жолдары.

  13. Жууға арналған арнайы реактив қоспаларының түрлері, құрамы және оларды дайындау.

  14. Химиялық реактивтер, олардың классификациясы.

  15. Құрамының тазалығы бойынша реактивтердің жіктелуі.

  16. Әртүрлі зерттеулер үшін пайдаланылатын химиялық реактивтер (оқу процесі, ғылыми зерттеулер, аналитикалық жұмыстар).

  17. Химиялық реактивтерді тазалау (кристаллизация) әдістері мен сақтау жолдары.

  18. Ерітінділер.

  19. Ерігіштік туралы ұғым.

  20. Оңай және қиын еритін реактивтер.

  21. Ерітінділердің классификациясы.

  22. Ерітінділерді дайындау техникасы.

  23. Ерігіштікке әсер етуші факторлар.

  24. Ерітінді концентрациялары: проценттік, нормальды, молярлы және моляльді ерітінділер.

  25. Тұздардан, сілтілілерден және қышқылдардан ерітінділер дайындау.

  26. Концентрлі қышқылдардан ерітінділер дайындау, оның ережелері мен сақтық жолдары.

  27. Фиксаналдар.

  28. Ареометрлер.

  29. Дәлдігі шамалы, дәл және эмпирикалық ерітінділер.

  30. Ерітінділерді сұйылту.

  31. Буферлік ерітінділер.

  32. Ерітінділерді сақтау.

  33. Ерітінді концентрациялары бойынша есептер.

  34. Ерітінділерді сүзу.

  35. Сүзгі (фильтр) қағаздары, тығыздығы және құрамы бойынша олардың типтері.

  36. Сүзгі ретінде қолданылатын басқа да материалдар.

  37. Сүзу ережелері.

  38. Сүзуді жылдамдату әдістері.

  39. Титрлеу әдісі, оған қажетті құрал-жабдықтар.

  40. Титрлеу әдісін биологиялық зерттеулерде қолдану (мысалдар).

  41. Индикаторлар.

  42. Титриметриялық (көлемдік) анализдер әдісіне сипаттама беріңіз.

  43. Қышқыл-негіздік, тұнбаға түсіру және кешенді қосылыс түзілу және тотығу-тотықсыздану әдістерін түсіндіріңіз.

  44. Тікелей титрлеу, алмастыру және кері титрлеу әдістерін түсіндіріңіз.

  45. Титрленген ерітінділерді дайындаудағы жалпы ережелерді түсіндіріңіз.

  46. Фиксаналдар туралы және олардың қолданылу аспектілерін көрсетіңіз.

  47. Сутектік көрсеткіш деген не?

  48. Зерттеу жұмыстарындағы бұл көрсеткіштің орны қандай?

  49. Ерітіндінің рН-ын анықтау әдісін түсіндіріңіз.

  50. Буферлік ерітінділердің ерекшеліктері неде?

  51. Оларды дайындаудың ерекшеліктерін мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

  52. Титрлеу техникасы.

  53. Титриметриялық анализдің нәтижелерін есептеу принципін мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

  54. Биологиялық объектілерден белоктық заттарды бөліп алу, тазарту жолдарын түсіндіріңіз.

  55. Биологиялық және биотехникалық зерттеулер үшін пайдаланылатын жануарларды өсіру.

  56. Олардың санитарлық-гигиеналық жағдайларына қойылатын талаптарды көрсетіңіз.

  57. Электрофорез әдісі, принципі, жұмысының орындалу барысын, электрофрез әдісінің ғылыми және практикалық маңызын түсіндіріңіз.

  58. Гель-фильтрация әдісі, принципі, түрлері, компоненттері.

  59. Жұмысының орындалу барысын түсіндіріңіз.

  60. Хроматография әдістері: хроматография принциптері, қолдану салалары.

  61. Хроматография түрлеріне қысқаша сипаттама беріңіз.

  62. Колонкадағы хроматография, принципі.

  63. Төменгі қысым жағдайындағы хроматография техникасы.

  64. Жоғары қысым жағдайындағы хроматография техникасы.

  65. Хроматография фракцияларын жинау, оларды талдау жолдарын көрсетіңіз. Гель-фильтрация әдісі.

  66. Әдістің жалпы сипаттамасы: негізгі принципін, таралу коэффициентін, селективтілік графигін, фракциялаудың тиімділігін көрсетіңіз.

  67. Гель-фильтрация әдісі.

  68. Әдісті биологиялық макромолекулаларды тазалау және фракциялау: белоктар мен пептидтерді бөлу үшін қолданылуын түсіндіріңіз.

  69. Бөліп тарату (распределительная) хроматографиясы, принципі, қолданылу салаларын көрсетіңіз.

  70. Адсорбциялы қроматография, принципі, қолданылу салаларын көрсетіңіз.

  71. Ионалмасу хроматографиясы.

  72. Хроматографиялық жүйенің компоненттері: ионалмастырушылар, элюенттер, хроматографияланатын заттар туралы мағлұмат беріңіз.

  73. Аффинді хроматография, принципі.

  74. Аффинді сорбенттердің компоненттері: матрицалар, матрицалардың активациясы, спейсерлер, лиганд түрлері.

  75. Қолданылу салалары мен жұмыс барысын түсіндіріңіз.

  76. Қағаздағы хроматография: принципі.

  77. Хроматография жүргізуге арналған қажетті материалдар.

  78. Хроматографиялық фракцияларды анықтау.

  79. Фракциялардың Rf мәні деген не және оны анықтау.

  80. Әдістің биологиялық және биотехнологиялық зерттеулерде қолданылуын көрсетіңіз.

  81. Зертхана ұйымдастырылатын бөлмелерге қойылатын талаптар.

  82. Зертханаларды ұйымдастырудың негізгі принциптері.

  83. Зертханаларда жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің және өрттен сақтану ережелерін түсіндіріңіз.

  84. Зертханаларда улы және жарақаттандыратын заттармен жұмыс жасаудың ережелерін атап көрсетіңіз және жұмыс жасау кезінде жарақаттанған адамдарға қандай медициналық көмек көрсетуге болатынын көрсетіңіз.

1. Зертхана ұйымдастырылатын бөлмелерге қойылатын талаптар. Химия, биология, ауылшаруашылығы, техникалық және т.с.с. салалардағы ғылыми нәтижелер тәжірибелік жұмыстар (эксперимент) арқылы алынады. Ал мұндай жұмыстар тек арнайы жабдықталған лабораторияларда жасалынатындығы көпшілікке мәлім. Осындай жұмыстардың бір бөлігі химиялық реактивтердің қатысуымен іске асады.

Лабораторияға алғаш келген адамның алдында бірінші күннен бастап әр түрлі қиындықтар туады. Оның үстіне әрбір лабораторияның өзіндік ерекшелігі болады. Сондықтан жас маман лабораториялық жұмыстардың техникасы мен дағдыларын бірденнен игеріп кете алмайды. Оған тек лабораториядағы сақтық және қауіпсіздік ережелерді мүлтіксіз орындай отырып, күнделікті жұмыстарды аса мұқияттылықпен орындау, ізденіс пен талпыныстың арқасында ғана қол жеткізуге болады.

Кез-келген эксперимент бірнеше сатыдан тұратын процесс: ізденушінің, тәжірибені бастамас бұрын, жұмысты оқып, оның мақсаты мен міндеттерімен танысуы және түсінуі; жұмыспен танысып болған соң тәжірибені жүргізуге қажетті материалдар (зерттеу объектісі, химиялық реактивтер) мен құрал-жабдықтар (приборлар) дайындау; қажетті химиялық реактивтердің ерітінділерін дайындап, прибормен алдын-ала жұмыс істеп үйрену; тәжірибе қойып, мәлімет алу; алынған нәтижелерді математикалық жолмен өңдеп, қорытындылау.

Эксперименттің нәтижесіне жұмысты орындау барысында кездесетін әртүрлі факторлар әсер етеді. Химиялық ыдыстардың таза болуы әрбір эксперименттің негізгі шарттарының бірі болса, химиялық заттардың ерітінділерін дайындау тәжірибе жүргізудегі шешуші роль атқаратын процесс болып табылады. Әрбір ізденуші пайдаланылатын химиялық реактивтердің құрамы мен қасиеттерін және олардан экспериментке қажетті ерітінділер дайындаудың есептеу жолдарын жете білуі тиіс.

Мақсатына байланысты лабораториялардың түрлері көп. Алайда жұмыстарды ұйымдастыру, құрал-жабдықтары мен кейбір лабораториялық жұмыстары және т.б. бойынша олардың арасында көптеген ұқсастықтар болатындығын байқауға болады.

Лабораторияда жұмыс жасау кезінде студенттер төменгі ережелерді білуі және орындаулары тиіс:

1. Тәжірибе жүргізер алдында жұмыстың сипаттамасын оқып, түсінгеннен кейін, жұмысқа қажетті жағдайларды жасап, оқытушыдан жұмыстың түсініксіз жерлерін анықтап болғаннан кейін ғана тәжірибелік жұмысты бастауға кірісу керек.

2. Жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстау, жұмыс столын пайдаланылмайтын заттармен (артық ыдыстар, реактивтер, құрал-жабдықтар және т.б.) ыбырсытпау керек.

3. Лабораториялық жұмысты орындау барысында сынық ыдыстарды пайдалануға болмайды.

4. Лабораториялық жұмыстың мазмұны жазылған әдістемелік нұсқауларды, кітаптарды су немесе химиялық реактивтерден сақтау керек.

5. Реактиві бар ыдыстар және құрал жабдықтарды кітаптар мен дәптер үстіне қоюға болмайды.

6. Тәжірибе кезінде ластанған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Пайдаланылған ыдыстарды тәжірибе жұмысы біткеннен кейін бірден, кейінге қалдырмай тазалап жуып қою керек.

7. Лабораторияда әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде ұқыпты және қауіпсіздікті сақтай білу керек, себебі ұқыпсыздық, қолданылатын құралдар мен реактивтердің қасиеттерін терең түсіне білмеушілік қауіпті жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін.

2. Зертханаларды ұйымдастырудың негізгі принциптері.Лабораторияда жұмыс жасау кезінде студенттер төменгі ережелерді білуі және орындаулары тиіс:

  1. Тәжірибе жүргізер алдында жұмыстың сипаттамасын оқып, түсінгеннен кейін, жұмысқа қажетті жағдайларды жасап, оқытушыдан жұмыстың түсініксіз жерлерін анықтап болғаннан кейін ғана тәжірибелік жұмысты бастауға кірісу керек.

  2. Жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстау, жұмыс столын пайдаланылмайтын заттармен (артық ыдыстар, реактивтер, құрал-жабдықтар және т.б.) ыбырсытпау керек.

  3. Лабораториялық жұмысты орындау барысында сынық ыдыстарды пайдалануға болмайды.

  4. Лабораториялық жұмыстың мазмұны жазылған әдістемелік нұсқауларды, кітаптарды су немесе химиялық реактивтерден сақтау керек.

  5. Реактиві бар ыдыстар және құрал жабдықтарды кітаптар мен дәптер үстіне қоюға болмайды.

  6. Тәжірибе кезінде ластанған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Пайдаланылған ыдыстарды тәжірибе жұмысы біткеннен кейін бірден, кейінге қалдырмай тазалап жуып қою керек.

  7. Лабораторияда әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде ұқыпты және қауіпсіздікті сақтай білу керек, себебі ұқыпсыздық, қолданылатын құралдар мен реактивтердің қасиеттерін терең түсіне білмеушілік қауіпті жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін.

Техника қауіпсіздігінің ережелері:

  1. Улы, исі жағымсыз және буланғыш заттармен және де қышқылдарды, олардың ерітінділерін буландыру жұмыстары арнаулы ауа сорғыш шкафтың ішінде жүргізілуі тиіс.

  2. Оңай жанғыш және қопарылғыш химиялық реактивтермен байланысты тәжірибелер оттан (электр плитасы, жанып тұрған газ) алшақ жүргізіледі.

  3. Көзді жарақаттандырмау үшін қайнап жатқан ерітіндісі бар ыдыстың ішіне немесе ыдысқа сұйықты құйып жатқанда оған үңіліп қарауға болмайды.

  4. Көзді сақта! Кез келген тәжірибе кезінде шашырап, атқылайтын, мүмкін жарылыс болатын жұмыстар кезінде міндетті түрде көз бен бетті сақтайтын көз әйнек киген дұрыс.

  5. Ішінде ерітінді құйылған пробирканы қыздырған кезде оның ауыз жағын өзіңнен және жаныңда тұрған адамнан аулақ, теріс қаратып ұстау керек, өйткені ерітінді қайнаған кезде пробиркадан атқылап шашырауы мүмкін. Сондықтан да оны қыздырған кезде тек түбін ғана отқа ұстамай, ыдыстың (пробирканы) жоғарғы жағын да қыздырады, немесе ыдыстың ішіндегі реактивті үнемі араластырып отыру керек.

  6. Тәжірибеге қолданған құралдан газ немесе бу бөлінетін болса олардың шығатын жолында еш бөгет болмауы тиіс. Мұндай құралда газ еркін шығатын жағы болуы керек, ал егер ол тұйық болса қысым көтеріліп, жарылыс болуы мүмкін. Түбі жалпақ ыдыстарды өте қызып тұрған отқа бірденнен қоймайды, олардың астына асбест торын немесе асбест қағазын салу керек.

  7. Жоғары кернеулі электр тогы көзімен (трансформаторлар, индукторлар) жұмыс жасағанда өте сақ болу керек. Құралдар ток көзіне қосылып жұмыс жасап тұрған кезде жоғары кернеу клеммасына немесе оған қосылып тұрған сымдарға қол тигізуге болмайды.

  8. Лабораториядағы химиялық реактивтердің иісін анықтау үшін реактив салынған (құйылған) ыдысқа аса еңкеймей, демді сәл ғана ішке тартады, бу мен газдың иісін байқағанда оларды өзіне қарай жайлап желпиді. Ал өте улы заттарды, айталық фосфорлы сутегі, күшала (мышьяк) қосылыстарын т.б. тіптен иіскеуге болмайды.

  9. Лабораторияда қолданылатын реактивтердің көбісі (шамамен 3/4 бөлігі) улы, сондықтан да олармен тәжірибе жүргізгенде аса сақ болу керек.

  10. Күшті сілтілермен (оларды ұсақтағанда немесе олардан ерітінділер дайындаған кезде) жұмыс жасағанда көз әйнек киген жөн. Сілтілерді пинцетпен немесе арнаулы қысқыштармен ұстайды. Жұмыс орнында сілті қалдықтарын қалдыруға болмайды.

  11. Концентрлі қышқылдардан ерітінді дайындау кезінде (сұйылтқанда) қышқылды, міндетті түрде, аз-аздап суға құйып араластырады.

  12. Сынаппен жасалынатын жұмыстар лабораторияның арнаулы орындарында жүргізіледі.

  13. Ыдыс жуатын раковинаға қағаз, сынған шыны, реактив қалдықтарын және т.б. тастауға болмайды. Оларды арнайы жасалған жәшіктерге немесе бактарға тастайды.

  14. Лабораторияда өрт сөндіруге қолданылатын құрал-саймандар және т.б. материалдар болуы тиіс.

  15. Лабораторияда тамақ ішуге болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]