Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dintanu_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.04 Кб
Скачать

1.Иегова куәгерлерінің рухани әкімшілік орталығы, құрылымдық өзгешелігі.

2.Жаңа Апостол шіркеуінің құрылымы және қызметі.

3.Тотемизм.

1. Иегова куәгерлері» діни бірлестігінің ТМД бойынша аймақтық басқару орталығы Санкт-Петербург қаласында орналасқан. Ал Қазақстан көлеміндегі басшылық орны - Есік қаласында. «Куәгерлер» өздерінің басқосуларын жиі-жні өткізіп тұрады. Оларды да кейде ҚР қолданыстагы заңдылықтарына қайшы жагдайда әрі жергілікті билік және басқару органдарының тыйым салганына қарамастан өткізеді.¥йым қатты науқас болған немесе апатқаұшыраған өз мүшелеріне өзге адамдардын қанын құюға тыйым салады. Осы негізде иегова куәгерлерінің кейбір мүшелелері қан құйгызбау себептен қайтыс болып кеткен.Сондай оқиғалардың бірі Шымкент қаласында орын алды. Иеговашылдардың жас баласы ата-анасының қан қүюға тыйым салуына байланысты дүниеден өтті. Осы негізде баланың әжесі, кемпір кісі немересі үшін өз баласы және келінімен соттасуға мәжбүр болды.Жалпы иеговаға өткен көптеген мүшелердің ата-аналары, туыстары үлкен трагедиялық жағдайларға душар болып жан күйзелісіне ұшыраған. Бүл ұйымға кірсең, одан кері шығу жеңіл шаруа емес. Көп жандар үшін секта құлдығына апарар жол - бір бағытта ғана, кейін қайтар жол болмайды.Өйткені санасы әбден уланып, жүрегі секта деп соққан адамды бұрынғы ортасына, қалыпты дүниетаным үрдісіне қайтару - қиынның қиыны. Ол жандар «біз ғана дұрыспыз, қалғандарыңның бәрің - адасқансыңдар» деген сөзінен танбайды. Ол өзінің таным мүмкіндігінен айырылып, кірген сектасына психологиялық тәуелді болып қалады. Алдымен өзі, сосын отбасы бүзылады. Осы тізбекті әрі жалғай берсек, отбасынан кейін қоғам, одан әрі мемлекеттің түтастығына сызат түсері айдан анық.

2. Жаңа Апостолдық шіркеуінің тарихы 19 ғасыр-дың 30-шы жылдарында Англиядапайда болған «католиктік-апостолдық» деп аталған Римдік католиктік шіркеуі ішіндегі қозғалыстардан бастауалады. Бұл қозғалыстың негізін салушылар Құдайдан «аян» алып, көздерінің тірісінде-ақ қияметтің болатынынайтады-мыс. Олар қиямет-қайымнан аман қалып, «Христоспен бірге патшалық құру үшін таза апостолдықсенім мен христиандық өмір салтын бұрмалаған және бұл «көне апостол шіркеуінің мұраттарына сәйкескелмейтін» қазіргі заманғы діни дәстүрлерден бас тарту керек деп уағыздады. Шіркеу негізін қалаушылар «Аяналуға» сай қауымның жетекшілері ретінде он екі апостолды таңдап, соның біреуін басшылыққа сайлады.Қасиеттілік дәрежелері мен шіркеу лауазымдарының барлық саты­лары таратылды. Олардың орнына ЖаңаӨсиетте айтыла­тын христиандардың діни қызметі қайта жандандырылды. Жаңа апостолдық қозғалысқаАнглия, Германия, Швейца­рия, Австрия елдерінің бірқатар католиктік, ағылшындық және протестанттық дінқызметкерлері қосылды. «Аян алуға» сәйкес сайланған апостолдар қайтыс болып, өздері күткен Христостыңкелмегенін көргенде, қауымда дағдарыс орын алып, олар «Құдайдың шешіміне» бағынып, тарауды жөн көрді.Алайда қозғалысқа қатысушылардың бір бөлігі, атап айтқанда, 1863 жылы ағылшындардан бөлініп шығып,Гамбургте өз қауымдастығын құрған неміс «апос-толдары» өз ісін тоқтатқысы келмеді. Ұзаққа созылған таластартыстардан кейін Жаңа апостол шіркеуі 1867 жылы толық қалыптасып болды. Бірінбірі алмастырған«алғашқы апосталдардың» ұйымдасқан әрекетінің нәтижесінде шіркеу бүгінгі күнге жетіп қана қоймай, кеңқанат жайып әлемнің 180 еліне таралды, ал Германияда ізбасарлары саны жағынан бұл шіркеу Лютеран менРим-католик шіркеуінен кейін үшінші орынды иеленді.

3. Тотемизм Австралия аборигендерінде толық сақталған – тотем болып табылатын белгілі бір жануар не өсімдік түрлері, немесе басқа да заттар мен табиғат құбылыстары аборигендер арасында тығыз байланыс бар екендігіне сену. Туыстың аты оның өзінің тотемінің, мысалы, кенгуру не пияздың атымен аталып, олар өз тотемімен қандас туыспыз деп есептеді. Тотемге сиынған жоқ, бірақ оны басқалардың “әкесі” не “ағасы”, т.б. деп санады. Тотемі бір туыстарға өз тотемін өлтіруге, не оған зияндық жасауға не оны тамаққа пайдалануға тиым салынады. Әрбір туыстың өзінің қасиетті орталығы болды, онда тотемдік әдет-ғұрыптар сақталып, олармен байланысты салт-дәстүрлер орындалды. Жалпы алғанда, тотемизм туыстың табиғи ортамен байланысының идеологиялық көрінісі, бейнесі болды.

Емтихан билеті №9

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]